Технологиялық карта №15
Күні:12.04.2016
Білім салалары: «Шығармашылық» Іс- әрекет тақырыбы: «Түлкі бикеш» Кіріктірілген білім салалары: «Таным» Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Аппликация
Мақсаты: жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейту , апликацияда бірнеше бөліктерден бейнелерді суреттеуге баулу, түстерді тану білімін тексеру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру . Жануарларды қорғауға тәрбиелеу
Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: жабайы аңдар және олардың төлдерінің суреттері, түлкінің бейнесі салынған сурет,жұмсақ ойыншықтан жасалған Түлкі , желім, сулық, үлестірмелі материалдар.
Алдын ала орындалатын жұмыс: аңдар туралы әңгімелесу
Сөздік жұмыс: орман тұрғындары
Билингвальді компонент: түлкі – лиса, қасқы –волк, аю- медведь, қоян- заяц, кірпі -еж
| Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
| Мотивациялық -қозғаушылық
| Ойын жағдаят Балаларды орманға серуенге шақыады. Ұшақпен ұшып баруға ұсыныс жасайды.
Балалар міне, біз ормандағы алаңдаймыз. Мына жерде нелердің суреті бейнеленген? (Жабайы аңдар және олардың төлдерінің суреттері) Қандай орман тұрғындарының білесіңдер?
Сөздік жұмыс: орман тұрғындары
Билингвальді компонент: түлкі-лиса, қасқыр –волк, аю- медведь, қоян - заяц, кірпі - еж
Қараңдаршы суретте қандай хайуан артық? Суретте неге ол артық?
«Енелері мен төлдері» ойыны Жабайы аңдар бейнеленген карточкалары көрсетеді. Оларды төлдері қалай аталатынын сұрайды. Мысалы: қоян, көжек
Жұмбақ жасырады: Озі ширақ , өзі қу Жұрген жері айқай –шу
Балалар, бүгінбіз түлкінің жапсыруын жасаймыз
Балабақшаға қайту қажеттігін еске түсіру | Бірінің артына бірі тұрып, қолдарын жайып, ұшақтың ұшуын бейнелеп көрсетеді.
Суреттерді қарап, жауап береді
Жабайы аңдар
Қасқыр, аю, түлкі,қоян, кірпі
Қайталайды: орман тұрғындары Қайталайды: түлкі- лиса, қасқыр – волк, аю-медведь, қоян-заяц, кірпі- еж,
Мысық Себебі мысық- үйде өмір сүреді
Балалар жабайы аңдардың төлдерін атайды, аю-қонжық, түлкі- жаутаң, қоян- көжек, қасқыр –бөлтірік , жұмбақ шешеді
Шешуі түлкі
Түлкінің аппликациясын жасауға ынта білдірді.
Бірінің артына бірі тұрып,қолдарын жайып, ұшақтың ұшуын бейнелеп көрсету |
| Ұйымдастыру-шылық ізденістік | Үлестірмелі материалға назарларын аударады, суретті көрсетеді.
- Түлкінің денесі, түсі қандай?
Жұмыстың жасалу ретін түсіндіреді. Үлкен үшбұрыштан шаршыдан қиып аламыз. Үлкен үшбұрыштан денесін жасаймыз, бұдан кішірек үшбұрышты алып, түлкінің басын жасаймыз. Енді құлақтарын желімдейміз. Түлкіміз қандай болып шықты!
Сергіту сәті Қыстың күні ызғарлы Жел соғады, қар жауып, Қоян ағаш еңбегінде Отырады бүрісіп Қу түлкі де ықтайды Жасырынып бораннан Боранның ашуы басылып Шуақтарын шашты күн Қоян да жүр секектеп Шықты ортаға түлкі де Бізде енді жүрейік Орманымызға кетейік
Қауіпсіздік техникасын еске түіреді. Жұмысқа кірісуге ұсыныс жасайды. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
| Үлестірмелі материалды қарап, сұрақтарға жауап береді
Қызғылт сары түсті әртүрлі пшінді ұшбұрыштар
Жұмыстың жасалу ретімен танысады, тыңдайды
Оңға бұрылады, солға бүрылады, қолдарыын артқа ұстайды
Секіреді Қолдарын қанат қаққандай қозғалтада.ы Отырады, оңға қарайды Тұрады, қолдарын жоғары көтереді Қауіпсіздік техникасын айтады Жұмысқа кіріседі, тапсырманы орындайды |
| Рефлексиялық түзетушілік | Балаларды мадақтайды Түлкі туралы қандай ертегі білесіңдер? Мен сендерге ертегілерден үзінді оқимын сендер қандай ертегі екенін еске түсіріп, айтыңдар. 1.Бір қасқыр мен бір түлкі жолдас болыпты. Қасқыр түлкіге айтыпты: «Менің басым ауырып барады, тамырымды ұстап берші»,- дейді. Сонда түлкі тамырын ұстап тұрып айтады. «Басын жазылуы үшін олай-бұлай»жүгіріп, құйрығыңды ойықтағы мұлға сала ғой»-дейді 2. Түлкі жолбарыстың алдына түсіп таңдана жүріп отырады. Жолбарысты көрген аңдар мен құстардың зәресі ұшып, тым-тырақай қашады. Ұялары мен індеріне тығылады , аспанға ұшады 3. Бір күні түлкі тырнаны қонаққа шақырыпты Маған қонаққа кел, мен дәмді амақ пісіріп қоямын 4. «Менің құлағым естімеуші еді, әніңді менің мұрныма отырып,қайталап шырқашы» Тамаша! Қандай неніертегі білесіңдер? |
Бір-бірінің жұмыстарын қарайды, қуаныштарын білдіреді Ойынға кіріседі, ертегілердің атын айтады
«Қасқыр мен түлкі»
«Қу түлкі»
«Түлкі мен тырна»
«Бауырсақ»
Ертегілерде түлкі қу болады. Оны қу түлкі деп атайды. |
Күтілетін нәтиже:
біледі: қайшыны дұрыс ұстап, қиялы, қағаз бетінде заттардың суретін дұрыс орналастырады, ұшбұрыштардан түлкінің денесін құрастырады.
игереді: жабайы аңдар орманда мекендейтін , ертегілерде түлкі қу болатынын
меңгереді: жұмбақтарлы шешеді0 оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды

Түлкі бикеш (аппликация) (15.74 KB)

