сабақтың № _______
№ урока__________
күні _________
дата _________
__________тобы
группа ________
Сабақтың тақырыбы: Қаныққан көмірсутектер. Алкандар.
Сабақтың мақсаттары
Білімділік: Студенттерге қаныққан көмірсутектердің жалпы формуласы, анықтамасы, гомологтық қатары, алкандардың құрылысы жіне қасиеттері, алынуы мен қолданылуы туралы толық мағлұмат беру.
Дамытушылық: Студенттердің өз бетімен, ұжыммен жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту; әр оқушының білімін, ұжымдық қабілетін ояту; еске сақтауын, ой-өрісін дамыту; оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдаландыру, танымдылық белсенділігін арттыру.
Тәрбиелілік: көпшіл, ұйымшыл болуға баулу; ынтымақтастыққа, өзін-өзі басқаруға, бақылауға, байқағыштыққа жетелеу; білім деңгейіне қарамай серігін, көршісін қадірлей білуге; әр оқушының қабілетін дамытып; еңбек етуге баулу; кәсіптік бағдар беру.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру.
Оқу құралдары:оқулық, интерактивті тақта, бор, слайдтық презентация, Д.И. Менделеев кестесі, кестелер.
Сабақтың мазмұны
Ұйымдастыру кезеңі-2 мин
Студенттерді 4 топқа бөлу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер .
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.
Жастықтың оты қайдасың,
Жүректі түртіп қозғамай.
Ғылымның біліп пайдасын,
Дүниенің көркін болжамай,-деген ұлы Абай атамыз!!!
Білімдерінің жан-жақты тексерісі -5 мин
Көмірсутектердің жіктелуі. (қаныққан, қанықпаған, ароматты)
Қаныққан көмірсутектерге нелер жатады? (алкандар)
Қанықпаған көмірсутерлерге нелер жатады? (алкендер, алкадиендер)
Алкандар дегеніміз не? Оның жалпы формуласы қандай? (қанықпаған көмірсутектер)
Алкандардың бірінші мүшесін атаңыз? (метан)
Алкандар табиғатта қалай түзіледі және қайда кездеседі? (мұнай өндіргенде, газ құрамында)
Алкандардың физикалық қасиеттерін сипаттаңдар? (газдар, сұйық және қатты заттар)
Алкандардың жеке өкілдері және олардың қолданылуы? (метан, этан, пропан, бутан, пентан)
Оқушылардың жаңа материалды белсенді және саналы түрде игеруіне дайындығы- 5 м
«Білім ағашы» әдісі арқылы студенттерден сабақтан не күтетіндерін анықтау, студенттер білім ағашына бүгінгі сабақтан не күтетіндерін жазады.
Жоспар:
Қаныққан көмірсутектердің жалпы формуласы, анықтамасы.
Гомологтар, гомологтық қатар, гомологтық айырылым.
Изомерлері мен атаулары.
Алкандар, құрылысы, қасиеттері.
Алкандардың табиғатта кездесуі мен алынуы.
Алкандардың жеке өкілдері және олардың қолданылуы.
Жаңа білімдерді игеру
Көміртегі мен сутегіден тұратын және әр көміртегі атомы көрші көміртегі атомымен тек бір валенттілік көрсетіп байланысатын қосылыстарды қаныққан көмірсутектер деп атайды.
Қаныққан көмірсутектер СnH2n+2 жалпы формуласына сәйкес гомолог қатарын түзеді.
| СН4 - метан | С2Н6 - этан | С3Н8 - пропан |
| С4Н10 - бутан | С5Н12 - пентан | С6Н14 – гексан |
| С7Н16 - гептан | С8Н18 - октан | С9Н20 – нонан |
| С10Н22 - декан |
|
|
Бутаннан бастап структуралық изомерия басталады. С4Н10 – 2 изомер; С5Н12 – 3 изомер; С6Н14 – 5 изомер; С7Н16 – 9 изомер болса, ары қарай изомер саны тез өседі.
Изомерлер – құрамы бірдей, құрылысы әр түрлі, сондықтан қасиеттері әр түрлі заттар. Структуралық изомерияда молекуладағы атомдар арасындағы байланыс валенттіліктеріне сәйкес болады.

- Физикалық қасиеттері
Алкандардың гомологтық қатарында салыстырмалы молекулалық массаларының өсуіне байланысты балқу және қайнау температуралары мен тығыздықтары біртіндеп артады.
Гомологтық қатардағы заттардың қасиеттері ұқсас болады және белгілі бір заңдылықпен өзгереді. Гомологтық қатардың бір мүшесінің қасиеті белгілі болса, сол арқылы басқа мүшелерінің қасиеттерін болжауға болады. Сонымен қатар гомологтық қатарларда диалектиканың сан өзгерісінің сапа өзгерісіне ауысу заңы айқын байқалады. Молекула құрамы келесі әр СН2 тобына өскен сайын зат қасиетінің біртіндеп өзгеретінін көреміз. Сан өзгерісінің сапа өзгерісіне ауысуы химияда жиі кездеседі.
Алкандардың бастапқы төрт мүшесі — газдар, пентаннан бастап пентадеканға (С15Н32) дейін — сұйық заттар, ал құрамында С16және одан да көп көміртек атомдары бар жоғары молекулалы алкандар — қатты заттар болады. Қалыпты жағдайда қысымды жоғарылатқанда, пропан мен бутан сұйыққа айналады. Метан мен этанның және үлкен молекулалы алкандардың иістері жоқ, ал кейбір ортаңғы мүшелерінің өздеріне тән иістері болады.
Алкандар — жанғыш заттар.
Химиялық қасиеттеріАлкандар орынбасу, айырылу изомерлену және тотығу реакцияларына түседі. Алкандардың басқа көмірсутектермен салыстырғандағы бір ерекшелігі — олардың құрамындағы көміртек атомдарының валенттіктері толығымен сутек атомдарымен қаныққан. Сондықтан алкандар қосылу реакцияларына түспейді.
Орынбасу реакциялары Қаныққан көмірсутектерге тән реакциялар. Бұл кезде С—Н байланысы үзіліп, сутек атомы басқа атомға немесе атом топтарына алмасады. Сутек атомдарының алмасулары үшіншілік көміртек атомдарында ең оңай, екіншілік көміртек атомдарында қиындау, ал біріншілік көміртектерде қиын жүреді. Қаныққан көмірсутектердің орынбасу реакияларының бірінші сатысын жалпы түрде былай жазуға болады:
RH + ХҮ → RX + НҮ
1. Галогендену реакциялары — алкандардың практикалық маңызды реакцияларының бірі, жарықтың немесе жоғары температураның әсерінен іске асады. Жарықтыңәсерінен жүретін реакциялар фотохимиялық реакциялар деп аталады. Реакция метанның хлортуындылары мен хлорсутек түзе жүреді:
СН4 + Сl2 → СН3Сl +HCl
CH3Cl + Cl2 → CH2Cl2+ HCl
CH2Cl2 + Cl2 → CHCl3 +HCl
СНСl3 + Сl2 → ССl4 + HCl
2. Нитрлеу реакциясы. Бұл реакцияны орыс ғалымы М. И. Коновалов (1888 ж.) ашқандықтан, Коновалов реакциясы деп аталады. Қысым мен температураны аздап жоғарылатқанда, алкандар сұйылтылған азот қышқылымен орынбасу реакциясына түседі:
C2H5 + HNO3C2H5NO2 + H2O
Айырылу (ыдырау)реакциялары қыздырғанда жүреді. 3. Қыздырғанда алкандар термиялық айырылады. Метанды жоғары температурада (1000°С шамасында) ауа қатыстырмай қыздырғанда жай заттарға айырылады:
СН4 → С + 2Н2
Тотығу реакциялары
Жану—алкандар түсетін ең маңызды реакциялардың бірі болып табылады. Көмірсутектердің қолданылуының негізгі бір саласы жану реакциясының нәтижесінде энергия бөлінуіне байланысты. Ауада қыздырғанда, алкандар тұтанып жанады. Оттек жеткілікті болса, реакция нәтижесінде көміртек (IV) оксиді мен су түзіледі және жылу бөлінеді:
СН4 + 2O2 → СO2 + 2Н2O ΔН =-890 кДж/моль
- Алкандардың табиғатта кездесуі мен алынуы
Метан — табиғатта көп тараған көмірсутек. Метан өсімдіктер мен жануарлар организмдерінің ауа қатыспай ыдырауы нәтижесінде түзіледі. Батпақты суларда, тас көмір шахталарында кездеседі. Табиғи газ, негізінен, метаннан тұрады (80 — 97%). Мұнай өндіргенде бөлінетін газдың құрамында да метан көп болады. Көмірдің кен орындарында кездесетін метанның мөлшері табиғи газ құрамындағы метанмен салыстырғанда едәуір артық деп болжануда.
Шахталардағы қопарылыстың көбі метанның кесірінен болатындықтан, бұл газ ерте кезден "шахтерлердің қас жауы" деп аталады. Ағашты, шымтезекті, тас көмірді құрғақ айдаған кезде, мұнайды крекингілегенде метан түзіледі.
Алкандар, негізінен, табиғатта кездеседі. Газ тәрізді алкандарды табиғи газ бен мұнайға серіктес газдардан алады. Сұйық алкандар мұнайдың, қатты алкандар мұнай мен озокериттің құрамында болады.
Сонымен қатар алкандарды синтездеп алудың бірнеше жолдары бар.
1. Алкандарды лабораторияда қанықпаған көмірсутектерді Ni, Pt, Pd өршіткілері қатысында гидрлеп алады:
H2C = CH2 + H2 → H3C - CH3
2. Вюрц реакциясы бойынша, алкандардың галогентуындыларына металл натриймен әсер етіп алады:
2СН3СІ + 2Na → С2Н6 + 2NaCI
Егер Вюрц реакциясын әр түрлі алкандардың галогентуындыларының қатысында жүргізсе, алкандардың қоспасы түзіледі. Мысалы, йодметан мен йодэтанның қатысуында Вюрц реакциясы нәтижесінде этан, пропан және бутанның қоспасы түзілуі мүмкін:
2СН3І + 2Na → СН3 - СН3 + 2Nal
СН3І + 2Nа + С2H5I → CH3 - С2Н5 + 2Nal
2С2Н5I + 2Na → С2Н5 — С2Н5 + 2Nal
- Алкандардың жеке өкілдері және олардың қолданылуда[өңдеу]
Алкандар жанған кезде көп жылу бөлінетіндіктен, отын ретінде кең түрде қолданылады.
Метан СН4— түссіз, иіссіз, ауадан екі еседей жеңіл, жанғыш газ. Суда нашар ериді.
Табиғи газ құрамындағы метан тұрмыста және өндірісте отын ретінде кеңінен пайдаланылады. Оттекпен немесе ауамен қоспасы қопарылғыш келеді. Газдың бөлінгенін байқау үшін оған (газ баллоны, т.б.) иісті заттар қосады. Метанды айыру арқылы алынған күйенің, сутектің, ацетиленнің қолданылу аялары да үлкен (3-сызбанүеқа). Күйе каучук пен резеңке өндірісінде, типографиялық бояу ретінде қолданылады. Түзілген сутек экологиялық таза отын ретінде, аммиак және азотты тыңайтқыштар алуға қолданылады. Метан — химия өнеркәсібінің бағалы шикізаты. Одан галогентуындылар, метанол, формальдегид, синтез-газ, т.б. көптеген заттар алынады.
Этан С2Н6, пропан С3Н8, бутан С4Н10, пеншан С5Н12— сәйкес қанықпаған көмірсутектерді алуға қолданылады. Пропан мен бутанның қоспасын баллондарға құйып, отын ретінде тұрмыста пайдаланады.
Изооктпан (2,2,4- триметилпентан) — жоғары сапалы іштен жанатын қозғалтқыштардың жанармайларының (бензиннің) негізгі құрамды бөлігі.
Автокөліктердің іштен жанатын қозғалтқыштарында бензин буы жанған кезде жоғарғы температурада қызған газдардың көп мөлшері түзіледі. Бұл газдар цилиндрдің поршенін итеріл, айналмалы біліктерді қозғап жұмыс істеткізеді. Жану энергиясын толық пайдалану үшін бензиннің ауамен қоспасын тұтату алдында сығады. Осы кезде қозғалтқыштағы жанатын қоспа өздігінен тұтанып кетпейтін, яғни жанармайлар детонацияға тұрақты болулары керек. Қоспа өздігінен тұтанып, детонация болса, цилиндрде қысым күрт көбейеді де, поршеньге соққы беріліп, мотор сартылдап, қозғалтқыштың дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Тармақты көмірсутектер детонацияға тұрақты болады. Детонацияға тұрақтылық стандарты ретінде изооктанның (2,2,4-триметилпентанның) тұрақтылығы 100-ге тең деп қабылданған, ал өте оңай детонацияланатын н-гептанның СН3СН2СН2СН2СН2СН2СН3 октан саны нөлге тең деп есептеледі. Бензиннің сапасы "октан санымен— изооктанның проценттік үлесімен сипатталады. Мысалы, бензиннің құрамында 76% изооктан мен 24% гептан болса, ондай бензиннің октан саны 76-ға тең деп есептеледі. Бензиннің 72, 76, 80, 85, 91, 93, 96, т.б. маркалары болады. Организмде қорғасынның аз мөлшерінің өзі адамды депрессияға ұшыратып, көңіл күйін төмендетеді.
Қоршаған орта мен адам организміне қорғасынның қосылыстары зиянды болғандықтан, тармақты көмірсутектерден тұұатын бензин өндірудің маңызы зор.
Алкандардың гомологтық қатарының ортаңғы мүшелері (С7—С16), негізінен, еріткіштер ретінде қолданылады.
Қасиеттері ұксас заттар бір-бірінде жақсы еритіні белгілі. Сұйық алкандардың молекулалары әлсіз полюсті. Майлар, табиғи шайырлар, каучук сияқты әлсіз полюсті заттар сұйық алкандар мен олардың қоспаларында (бензин, керосин, т.б.) жақсы ериді.
Сонымен қатар сұйық алкандар мотор отыны ретінде қолданылады.
Жоғарғы алкандардан (С17-ден жоғары) спирттер, карбон қышкылдары, синтетикалық майлар, сабын, жағармайлар, қанықпаған қосылыстар, т.б. заттар алынады.
Жаңа білімдерді бекіту
Тапсырма №1 (3 ұпай)
Формулалары келтірілген көмірсутектердің ішінен алкандардың формулаларын теріп жазып, аттарын атаңдар.
топ- CH4, C2H4, C2H6 , C3H6, C3H8
2 топ – C4H8, C4H10, C5H12, C5H10, C6H14
3 топ – C6H12, C7H16, C7H14, C10H22, C8H16
топ – C8H18, C9H18, C9H20, C10H22, C15H32
Тапсырма №2 (3 ұпай)
Мына алкандардың құрылымдық формулаларын жазыңдар:
1 топ- CH4, C7H16, C10H22,
2 топ – C3H8 C5H12, C15H32,
топ – C4H10, C6H14 C20H42,
топ – C8H18, C9H20, C2H6 ,
Тапсырма №3 (7 ұпай)
Кроссворд шешу:
|
| п | р | о | п | а | н |
| ||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
| а | л | к | а | н |
| |||||
|
| в | ю | р | ц |
| ||||||
|
| т | е | т | р | а | э | д | р | |||
| х | л | о | р | о | ф | о | р | м | |||
|
| э | т | и | л |
| ||||||
|
| д | е | к | а | н |
| |||||
Горизонталь бойынша:
1. Алкандарға жататын, молекулалық формуласы С3Н8 болатын.
2. Қаныққан көмірсутектердің ең қарапайым өкілі.
3. Француз химигі, осы аталған ғалымның реакциясы бойынша алкандардың галогентуындыларына
металл натриймен әсер етіп алады:
4. Метан молекуласының кеңістік пішіні қандай тәрізді болады?
5. Үшхлорметан.
6. С2Н5–. Радикалының аталуы.
7. Алкандарға жататын, молекулалық формуласы С10Н22 болатын.
Тапсырма №4 (2 ұпай)
Химиялық реакция теңдеулерін аяқтап, реакция типін анықтау:
1 топ:
А) 2СН3Сl + 2Na → C2H6 + 2NaCl (Вюрц реакциясы)
Б) CH2Cl2 + Cl2 → CHCl3 + HCl (Галогендену реакциялары)
2 топ:
А) СН4 → С + 2Н2 (Айырылу реацциясы)
Б) СН4 + 2О2 → СО2 + 2H2O (Тотығу реакциялары)
3 топ:
А) СН4 + Cl2 → CH3Cl + HCl (Галогендену реакциялары)
Б) СH3―CH3 → CH2 = CH2 + H2 (Дегидрлену реакциясы)
4 топ:
А) C2H6 + HNO3 → C2H5NO2 + H2O (Нитрлеу реакциясы)
Б) CH3Cl + Cl2 → CCl4 + HCl (Галогендену реакциялары)
Тапсырма №5 (5 ұпай)
Топтық жобалау: Алкандар бойынша берілген тапсырмаларды толық проектімен бейнелеп,
қорғап шығу
1 топ: Алкандардың құрылысы.
2 топ: Алкандардың табиғатта кездесуі мен алынуы.
3 топ: Алкандардың физикалық және химиялық қасиеттері.
4 топ: Алкандардың жеке өкілдері және олардың қолданылуы.
Рефлексия: Алма ағашын көрсетілген түстер бойынша әшекейлеу.
Қызыл алма – сабақ өте қызықты, маған барлығы ұнады;
Сары алма – маған сабақ ұнады, бірақ мен барлығына үлгере алмадым;
Жасыл алма – сабақ қызықсыз болды, сондықтан да мен ештеңе істеген жоқпын;
Бағалау:
5-10 ұпай «3»
11-17 ұпай «4»
18-20 ұпай «5»
Үй тапсырмасы :§2.2-2.4 тақырыптарды мазмұндау. Алкандар тақырыбына топ бойынша презентация дайындау.


Открытый урок по химии (313.5 KB)

