«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп Шахтинск қаласы №5 гимназия
Мерзiм 26.04.2017
Мұғалiм Хайрат Перизат
Сынып 6 «А»
Сабақ 30
Оқушылар саны 23
Тақырып Жаныңда жүр жақсы адам
Құндылық дұрыс әрекет
Қасиеттер жауапкершілік, сүйіспеншілік, шынайлық, мейірімді болу, кешіре білу т.б.
| Мақсаты: оқушыларға адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттер мен әрбір жақсы істердің шапағаты жайлы түсініктерін кеңейте отырып дұрыс әрекет құндылығын дамыту. Міндеттері: Білімділік: оқушыларды шынайылыққа, жауапкершілікке, сүйіспеншілікке, мейірімділікке бейімдей отырып, білімдерін кеңейту. Дамытушылық: оқушылар қоршаған ортаға, айналасындағы адамдарға мейрімді қатынас жасай білуге және жақсылықты түсіне білу дағдыларын әрі қарай дамыту Тәрбиелік: оқушыларды сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, сыпайлыққа, жақсыны сезіне білуге тәрбиелеу | Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
|
| Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi - Сәлеметсіздер ме балалар. Оқушылардың көңіл - күйіне назар аудару. Топқа бөлу (Адамның бойындағы жақсы қасиеттерге байланысты 4 топқа бөліп отырғызу). 1 топ- Мейірімділер 2 топ- Әділдідер 3 топ- Сыпайылар 4 топ- Қарапайымдылар «Нұрға бөлену» тыныштық сәтi Ыңғайланып отырыңыздар, денелерінізді түзу ұстаңыздар. Аяқ–қолыңызды айқастырмаңыз. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмып, елестетіңіз. Күн нұры сіздің төбеңізден – өтіп кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызбен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің көзін ашады. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Еңді, нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шыңдықты айтады. Нұр одан әрі құлағымызға тарады. Біз құлағымызбен жақсы сөзбен әсем әуенді ғана естиміз. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте күшейе бастайды, сіздің денеңізден тарап, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға таныстарыңызға таратыңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Іштей «Мен нұрлымын…Жүрегім нұрға толы...»-деңіз. Осындай тыныштық күйінде отыра тұрыңыз.... Жайлап көзіңізді ашуға болады. Сұрақтар: 1. Жаттығу барысында не сезіндіңіздер? 2. Қандай көңіл күйде болдыңыздар? 3. Ішкі тыныштыққа жете алдыңыздар ма? Түйін: Олай болса бойымыздағы жақсы қасиеттерді нұрландырып, бар жақсылықтарды жүрегімізде сақтай отырып сабағымызды бастайық! 2.Үй тапсырмасын тексеру Менің әкем («Қайдасың қасқа құлыным» повесінен үзінді) О.Бөкей 108-109 бет оқу, мазмұндау. Сұрақтар: 1.Әңгімеден қандай ой түйдіңіздер? 2.Баланың әкеге деген махаббаты туралы не айтар едіңіздер? 3.Бұл бұл баланың әрекетін дұрыс әрекет деп атауға бола ма? Неліктен? 4. Ұрпақ жалғастығы дегенді қалай түсінесіздер? 5.Сіздер осы баланың орынында болсаңыз қандай әрекет жасайтын едіңіздер? Түйін: Әрбір перзент ата-анасын құрметтей білу керек. Үлкендердің ақылына тыңдай білу керек. Ниетіміз түзу болу керек, әрбір істі ойланып, ой елегінен өткізе отырып әрекет жасайтын болсақ, сонда ғана біз дұрыс әрекет жасаймыз! | Ескерту |
| 3. Дәйексөз. Жақсы деген кісінің Алды-арты бірдей жарық болар, Жақсы деген ісіңнің Бас-аяғы бірдей анық болар... Бөлтірік би Мұғалімнің түсіндіруі: «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»- демекші жақсы ниетпен бір ауыз сөз жүректі тебірентіп, жаныңды жадыратады. Әр адамның бойында жақсы қасиеттер бар, сол жақсы қасиеттерді көре білуіміз керек. Қоршаған ортаға, айналаңдағы адамдарға мейірімділікпен қарап, қолыңнан келгенше көмек көрсете білу адамгершіліктің белгісі. Оқушыларға дәйек сөзді жаттатып, бірнеше рет жатқа айтқызу. Сұрақтар: 1. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер? 2. Не себептен жақсы адамның ісі алға басады? 3. Жақсы адам қандай болады деп ойлайсыздар? 4. Бір адамға жақсылық жасап, көмектескен кездерің болды ма? Қандай сезімде боласыздар? Түйін: Адал еңбек етсек ешкімге қиянат жасамаймыз, барлық адамдарға жақсылық ойласақ біздің барлық іс-әрекетіміз дұрыс болады.Конец формы | |
| 4.Оқиға айту «Жан жарасы жазылмайды» Ертеде бір кісі баласын әбден есіртіп, еркелетеді. Өсе келе тілі удай ащы, есерсоқ, қатігез атанады. Сұрақтар:1. Бұл әңгімеден қандай ой түйдіңіздер? 2. Әкесінің баласына талап қоюына не себеп болды? 3. Ата-анасының баласын еркелеткені дұрыс па? 4. Бұл оқиғада дұрыс әрекет жасаған деп кімді атауға болады? 5. Cіздер осы баланың орынында болсаңыздар не істер едіңіздер? Түйін: Олай болса балалар жамандық пен жақсылықты ажырата білейік. Жақсылық жасау әр адамның өз қолында. Жақсылық жасалған жерде ешкімге де қиянат жасалмайды, біздің барлық әрекетіміз дұрыс болады. | |
| 5.Шығармашылық іс-әрекет. Топтық жұмыс.
І топ - Жақсылық жасау деген не? ІІ топ - Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады? ІІІ топ –«Жақсы адам-елдің ырысы, Жақсы сөз – жанның тынысы» ІV топ – Тақырыпқа байланысты сурет салу | Бейне жазба, плакат, маркерлер, суреттер |
| 6.Топпен ән айту. Авторы:Мархаба Сәби Орындаған:Қарақат Әбілдина «Асыл әжем» Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған Сұрақ: Бұл әннен қандай әсер алдыңыздар? Түйін:Барлығымыздың жанымызға жақын адамдарымыз бар, ендеше жақындарымызды сыйлап, қадірлей білейік. | |
| 7.Үй тапсырмасы. 31-сабақ. Бабаларым, рахмет сендерге! М.Мақатаев 113-114 бет мәнерлеп оқу және дәптермен жұмыс. Өлеңіндегі қасиеттерді теріп жазып талдау жасау. «Атамұра-асыл қазынам» атты тақырыбында шығарма жазу. | |
| 8.Сабақты қорытындылау кезеңі
Бейне жазба көру Сұрақ: бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыздар? Түйін: Болмасаң да ұқсап бақ, Абай атамыз айтқандай, бойыңыздағы талантыңызды әрдайым көрсете біліңіздер. Сіздерді талай биік асулар күтіп тұр. Сол асуларға жетуге талпыныңыздар. Қанаттарың талмасын. Жанымызда жүрген жақсы адамдарды қадірлей білейік! Сабақ аяқталды, қоңырауға шығып дем алуға болады, сау болыңдар! | |
Тапсырма: Бұл тапсырманы оқушы карточкаға орындайды. Балалар төмендегі сөйлемдерді өз ойларынша әрі қарай жалғастырады.
АТЫ-ЖӨНІ ...........................................................................................................
ТАПСЫРМА.
Өз ойынды жалғастыр:
Менің ойымша, жақсы адам болу үшін......................................................................................
Менің досым..................................................................................................................................
Бәріненде менің жақсы көретінім, адамның бойында..............................................................
Менің сыныптасым.......................................................................................................................
Мен сабақта жақсы нәтиже көрсетер едім, егер...................................................................
Маған саяхатта жақсы болар еді, егер.....................................................................................
Менің ойымша әр адам өзі жақсы болса, онда.........................................................................
Бәрінен де маған мұғалімнің........................................................................................................
Тапсырма: Бұл тапсырманы оқушы карточкаға орындайды. Балалар төмендегі сөйлемдерді өз ойларынша әрі қарай жалғастырады.
АТЫ-ЖӨНІ ...........................................................................................................
ТАПСЫРМА.
Өз ойынды жалғастыр:
Менің ойымша, жақсы адам болу үшін......................................................................................
Менің досым..................................................................................................................................
Бәріненде менің жақсы көретінім, адамның бойында..............................................................
Менің сыныптасым.......................................................................................................................
Мен сабақта жақсы нәтиже көрсетер едім, егер...................................................................
Маған саяхатта жақсы болар еді, егер.....................................................................................
Менің ойымша әр адам өзі жақсы болса, онда.........................................................................
Бәрінен де маған мұғалімнің........................................................................................................


Жаныңда жүр - жақсы адам (32.1 KB)

