Сабақ жоспары
Пәні: «Өзін -өзі тану»
Тақырыбы: «Өмірің өз қолында»
Сынып: 6 «А»
Күні: 9.12.2017 ж
Уақыты: 11:05-11.50
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға адам өмірінің маңыздылығы туралы түсінік беру;
Дамытушылық :Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету;
Тәрбиелік: Оқушыларға еліне , халқына абыройлы қызмет етуге тәрбиелеу.
Түрі: Дәстүрлі сабақ
Көрнекілігі: бейнематериалдар, музыка әуендері, слайдтар.
Құрал-жабдықтар: компьютер, флешка.
№ | Сабақтың кезеңдері | Жұмыс мазмұны | Бөлінетін уақыт |
1 | Ұйымдастыру кезеңі | -Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! -Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын. -Көңіл-күйлеріңіз жақсы деп ойлаймын,себебі мен сендердің бет әлпеттерінен жылулық байқап тұрмын. - Сыныптағы оқушыларды түгендеп алайық. -Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Өмірің өз қолында» деп аталады,құрметті балалар. | 1 минут |
2 | Тыныштық сәті | - Сабағымызды ең алдымен тынығудан бастайық.Ол үшін жайғасып отырайық,сендерге ыңғайлы болсын. (музыка әуені қойылады)
Балалар, мен қазір сендерге тамаша музыка әунін қойып мәтін оқимын.Сендер тыңдап, көз алдарыңа жағдайларды елестетіндер. Ал көздеріңді жұмып отыруларыңызға болады. Бірнеше рет терең демалып, дем шығарыңызда босаңсыңыз. Өсіп тұрған бір түп роза гүлін көзіңізге елестетіңіз. Бұл түпте гүлдер мен бүршік жармаған қауыздар өте көп. Енді зейініңізді ашылмаған бір қауызға аударыңыз. Ол әлі түкте ашылмаған, айналасында жасыл құрсау секілді жапырақтары бар, алайда ең үстінде қызғылт ұшы көрініп тұр. Осы бейнеге бар назарыңызды бағыттаңыз да санаңызға ұстаңыз. Енді айналасындағы жасыл құрсау жайлап, бірте – бірте ашыла бастады, төменге қарай бұралып, қызғылт гүл жапырақшалары көріне бастады. Сіз толық ашылып келе жатқан раушан гүлін бақылап отырсыз...... Енді гүлдің жапырақшалары да ашыла бастады, оның өзіне ғана тән иісін сезініңіз. Ендігі кезекте раушан гүліне күн сәулесінің келіп тұрақтағанын байқаңыз. Ол гүлге жылулығы мен жарығын сыйлап тұр... Біршама уақыт назарыңызды гүлге шомылған раушан гүліндей ұстаңыз. Гүлдің дәл жүрегіне үңіліңіз. Сіз ол жерден бір дана тіршілік иесінің пайда болғанын сезінесіз. Ол сізге сондай бір сүйіспеншілік пен түсіністікке толы көзбен қарайды. Сіз онымен осы сәттің сіз үшін сондай маңызды екендігі туралы сөйлесіңіз. Ұялмай одан сізді толғантқан сұрақ туралы сұраңыз. Осы сәтте сол қиын мәселеңізді шешу үшін пайдаланып қалуға тырысыңыз. Енді өзіңізді раушан гүлімін деп елестетіңіз. Сіз осы гүлге айналып кеттім деп ойлаңыз... Раушан гүлі мен ондағы дана тіршілік иесі сізбен бір екенін түсініңіз, олардың жақсы қасиеттерінің сізге де қонып жатқанын сезініңіз. Символикалық тұрғыдан алғанда сіз осы раушан гүлісіз, Осы гүлге нәр беріп, тіршілік беріп тұрған құдірет сізге де сондай нәр беріп, барлық мүмкіндіктерің мен ойларыңды дамытатын іс керек.
| 2 минут |
3 | Үй тапсырмасын тексеру
| «Армысың кең дүние» тақырыбына жұптасып коллаж жасау. Оқушылар өздері жасаған коллаждарды қорғайды. | 5 минут
|
4 | Дәйексөз
| Балалар, тақтаға назар аударыңдар. Не жазылып тұр?Дұрыс,дайек сөз . Енді әркім іштей өздерің оқып шығындар,енді мені тыңдаңыздар «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығына басым болатын-адал еңбек,мінсіз ақыл,таза жүрек» С. Торайғыров - Осы дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер? - Иә, өте дұрыс айтасыздар .
Қанеки, оқушылар осы дәйексөзді хормен үш рет айтайық,есте сақтайық.
| 5 минут |
5 | Әңгімелеу | Балалар, мен қазір сіздерге бір тамаша, сіздер ешқашан естімеген өсиет-әңгіме айтып беремін. Тыңдаңыздар! Мен оқып болғаннан кейін сіздер бірнеше сұрақтарға жауап бересіздер. «Өміріміздегі 1 мен 0 дер» өсиет- әңгіме Физмат факультетінің бір профессоры бір күні студенттеріне өмірлік бір сабақ үйрету ниетімен тақтаға үлкен 1 санын сызады да, студентеріне қарап “бұл адамгершілігіңіз. Өмірлеріңізде болуы керек ең маңызды қасиет” деп түсіндіреді. Сосын 1-дің қасына 0 санын жазады да: “ал бұл болса жетістіктеріңіз. Бойыңыздағы адамгершілікке табыс қосылса адам 1-ден 10 бола қалады. Тағы бір 0 – тәжірибеңіз. Тәжірибесі болса адам 10 емес, енді 100 болады” деп кезек-кезек 0-дерді қоса береді: зеректік.. тәртіптілік.. сүйіспеншілік.. Қосылап тұрған әрбір 0 саны адамды 10 есе баитатынын түсіндіреді ұстаз. Бір кезде профессор сандар тізбегінің ең басында тұрған 1 санын өшіреді. Сонда тақтада тек 0 сандар қалады. Профессор былай дейді студенттеріне: “Адамгершілігіңіз жоқ болса, қалғанның бәрі түк те тұрмайды”.
Тамаша, балалар, бұл өсиет-әңгімені өте жақсы түсініпсіздер. Мен сіздердің пікірлеріңізбен келісемін. Расында ... |
|
6 | Шығармашылық жұмыс | Қанеки, оқушылар ең алдымен мына үйлерге әр топ өмір неден тұратынын жазып берсеңіздер.
Оқушылардың жауаптары сұралады.
Иә, балалар, бейнефильмнен көргендей қиын жағдайдаларда адамдар бір-біріне көмектескені қажет. Себебі адамның өмірі, денсаулығы сақталады.
Ал, балалар тағы бір жұмыс түрін ұсынғым келіп отыр. Ең алдымен шағын 3 топқа бөлініп алайық. Бұл жерде өздеріңіздің әдеби шығармашылықтарыңызды іске асырып , сөздік қорын пайдаланып тапсырманы орындайсыздар. Жұмыс түрі ой-толғау. Ой-толғаудың тақырыбы «Барлығы да адам үшін,бар игілік адамға қызмет етеді» деп аталады. Одан кейін сол топтарда жазған ой-толғауларымызды өзара оқып талдап ,одан өте жақсы дегенін басқа топтар арасында оқып,солардың ішінен үздігін «Автор орындығына» отырады .
Балалардың жауаптары тыңдалады.
| 7-10 минут |
7 | «Хормен ән айту» | Қанеки, енді барлығымыз бірге ән айтайық. Әннің аты : «Өміріңе немқұрайлы қарама»
Тыңда досым, мен айтайын от тілек, Дүниеден кетті бай да, өтті бек. Өміріңе немқұрайлы қарама, Дәулетіңмен тұрсаң дағы көк тіреп.
Әр күн сайын тек сен үшін атып таң, Зерлі шапан киінсең де жақұттан. Өміріңе немқұрайлы қарама, Шақша басың айналса да бақыттан
Қайырмасы: Бақ құсыңды қонған кезде бағала. Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала. Кенелсең де досым қанша шаттыққа Өміріңе немқұрайлы қарама, 2
Тұсау салып бастатқызбай көш дара, Етсе дағы дұшпан күлкі,дос таба. Өміріңе немқұрайлы қарама, Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.
Сын сағатта сақтау үшін өз басын, Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың. Өміріңе немқұрайлы қарама, Айдын көлге айналса да көз жасың.
| 3 минут |
8
9
10
11 | Үй тапсырмасын беру
Бағалау
«Сонғы тыныштық сәті»
«Қоштасу» | Оқушылар, қане, барлығымыз күнделігімізді ашып үй тапсырмасын жазып алайық. Оқулықтың беттердегі 90 бетінде берілген «Елдің иесі сендерсіңдер,қарақтарым» Қ.Қайсеновтың мәтінін оқып келіңіздер.
Балалар сіздер бүгін сабаққа өте белсене қатыстыңыздар. Сол үшін мен сіздерге алғыс айтамын. Осы беттеріңізден қайтпаңыздар. Ал қатыспаған оқушыларға келесі сабаққа осы оқушылар сияқты белсене қатысуларыңызды сұраймын. Ал, енді, бәріміз тынышталып отырайық. Барлықтарыныз көздеріңді жұмып өздеріңіздің істеген іс-әрекеттерінді еске алыңдар , егер де дұрыс істемеген жағдайлар болса. Келесі жолы олай істемеуге тырысыңыздар. Жандарыңызда жүрген адамдарды бағалаңыздар. Сонымен қатар қоршаған ортадағы адамдарға жақсылық жасаудан жалықпаңыздар. Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды,келесі кездескенше сау болыңыздар! | 1 минут
1 минут
1 минут
1 минут |