Қазақ әдебиеті 6 - сынып
Сабақтың тақырыбы: С.Бегалин «Бала Шоқан» повесі .
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Жазушы туралы қысқаша мағлұмат беру, шығарманың мазмұнын , идеясын ашу, кейіпкерлерге мінездеме беру, салыстыру, балалардың білімдерін жүйелеу.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын,тіл байлығын,ой-өрісін дамыту, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.
б) Тәрбиелік:. Балаларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау
Сабақтың көрнекілігі: Шоқан Уалиханов, Сапарғали Бегалиннің портреттері.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу
Сабаққа әзірлеу
ІІ Тілек білдіру сәті: Өзара шеңбер құрып, тілек тілейді.
ІІІ Үй тапсырмасы: қайталау
ІV. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабақта біз ұлы тұлға Шоқан Уалихановтың балалық шағы жайлы жазылған С. Бегалиннің шығармасымен таныс боламыз.
С. Бегалин (1895 - 1983) Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы Дегелең ауылында дүниеге келген. Шығармалары «Сәтжан», «Қыран туралы аңыз», «Ермектің алмасы» Ол қазақ балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі.
1. Повеспен жұмыс
1.Оқу
2.Аудару
3. Сұрақтарға-жауап беру
2.Семантикалық кестені толтыру ( қай кейіпкердің сөзі?)
|
| кейіпкерлер | |||||
|
|
| Шоқан | Шыңғыс | Мысық | Сары бәйбіше |
|
|
-Ей, Мысық, аман ба? Мына ойыншықты кім істеді? -Не бересің, бауырсақ бересің бе,қант бересің бе? |
| + |
|
+ |
|
|
| -Өзімдікі өзім істедім |
|
|
|
|
|
|
| -Әй, жарайды,бара ғой екі айтпаған жақсы |
|
| + |
|
|
|
| -Мына Мысыққа менің ана қоңыр шапанымды, жеңіл етігімді беріңізші, кисін |
| + |
|
|
|
|
| -Біздің ауыл қыстауға көшеді. Сен осында қаласың ғой,енді аман бол! |
| + |
|
|
|
|
| -Жоқ мен құс істеймін |
|
|
| + |
|
|
| -Жолын болсын, көп жаса, Шоқан, қош . |
|
|
| + |
|
|
-Әй, Қанипа, ана балаға бауырсақ
әперші, қымыз бер. +
-Иә, иә, істе, тіпті жақсы +
3. Шоқан мен Мысыққа кластер құрастыру (Венн диаграммасы).
Шоқан Мысық
Кедейдің баласы, жасқаншақ, өнерлі, шебер, қорқақ, мүсінші
Достасқысы келеді, жүректері таза балалар.
Төренің баласы, ақылды, жомарт, сезімтал, зерек, ақкөңіл, қарапайым
4. Синквейін әдісі
Шоқан
Ақылды, мейірімді
Достасты, ойнады, апарды
Мейірімді Шоқан Мысықты үйіне қонаққа апарды.
Бала
VІ Қорытынды: Есте сақтағандарын айтады
VІІ Үйге тапсырма: Ұнаған сәтті суреттеп, әңгімелеу.
VІІІ Сабақтың аяқталуы: Бағалау.

С.Бегалин «Бала Шоқан» повесі . (14.65 KB)

