Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Уроки  /  6 класс  /  Конспект открытый урок

Конспект открытый урок

открытый урок доступен молодым специалистам, разработан новые технологий, методы

26.04.2017

Содержимое разработки

Бекітемін:________________

Күні, айы, жылы: 25.11.16

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 6 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Сан есім туралы түсінік беру, дара және күрделі сан есімдерді ажырата білуге үйрету; сөйлем мәнерлеріне жете көңіл бөлу;

Дамытушылық:Ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту, ой қорытып нақты шешім жасата білу, шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау;

Тәрбиелік: Өмір құбылыстарын танып білуге, ұлттық өнегені бойына сіңіріп, туған халқының өнерін сүйіп өсуге баулу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

Сабақтың әдіс-тәсілі: «миға шабуыл»,

Сабақтың көрнекілігі: слайд, үлестірме парақтар, оқулық

Пәнаралық байланыс: математика, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен амандасу.

2.Сыныптың сабаққа қатысы.

II. Үй тапсырмасын тексеру. (Сұрақтармен қорытындылау.)

«Миға шабуыл» әдісі

1.Сын есім дегеніміз не?

2.Сын есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? Дара сын есім дегеніміз не?

3. Күрделі сан есімдер қалай жасалады?

4.Сын есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

5.Сапалық сын дегеніміз не?

6. Қатыстық сын есімдерге мысал келтір.

III. Жаңа сабақ. Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер.

«Жаңа сабақтың құпиясы» (жаңа сабақты меңгерту)

- Балалар, бүгін қарашаның нешінші жұлдызы?

- Сендер неше жастасыңдар?

- Нешінші сыныпта оқисыңдар?

- Сыныпта қанша оқушы бар?

(14,11,6,17.)

Бұл сандар заттардың қандай мағыналық белгілерін анықтап тұр?

(ретін, мөлшерін, санын)

Бұл сандар зат есімдермен тіркесіп сан есім болып табылады.

(Кесте бойынша сабақ түсіндіру.)

-Ендеше, балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер

Ә) Топқа бөлу. Оқушылар өздері қалаған сандарды таңдап, 4топқа бөлінеді. Өз ішінен топ басшысын сайлайды. Бағалау парағы беріледі.

Білімді бекіту. Оқушылар әр топқа орналасып болғасын топптық жұмыс жасайды.

I топ- Дара сан есім

II топ- Күрделі сан есім

III топ-Негізгі сан есім

Ivтоп-Туынды сан есім

Әр топ өздеріне берілген тапсырманы түсінгені бойынша А 3 форматына жазып, тақырыбын қорғайды.

Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы 108 беттегі 1тапсырма. Тақтаға екі оқушы шығып, дара сан есімдерді бір бөлек, күрделі сан есімдерді бір бөлек жазып шығады.

Сертіту сәті. 2мин жаттығу жұмысын жасау

«Ең жақсы ойыншы»

-Балалар,ауыз әдебиеті дегеніміз не? Қандай түрлерін білеміз?

(-Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, батырлар жыры, ертегілер, т.б)

-Ендеше, ауыз әдебиетіміздің бай мұралары мақал-мәтелдерде, жаңылтпаштарда және жұмбақтарда да сан есімдер бар екен.

Мысалы:

1) Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар, тағы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?

2) Ер жігіттің екі сөйлегені-өлгені

3) Жеті атасын білген ер,

Жеті жұрттың қамын жер.

4) Алтау ала болса,ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса,төбедегі келеді.

5) Жеті атасын білмеген жетесіз.

-Келесі жұмбақтарға кезекті берейік.Мен сіздерге бірнеше жұмбақтар оқимын,сіздер шешуін тауып,сан есімдерді анықтаңдар.

Жұмбақтар:

1)Қос қазық,екі желі,сегіз ноқта,

Сөйлейді шежіредей адам соқса. (домбыра)

2)Көлемді,үлкен,алып аузын ашып,

Жүреді он екі аяқ қадам басып.

Әр бірінде отыздан бармағы бар,

Құтылмас ешбір адам одан қашып. (жыл,он екі ай)

3)Екі тышқан бірлесіп кесіп-пішіп береді,

Екеуі бірге жүрмесе, жоқ қой бізге керегі. (қайшы)

4)Таңертең төрт аяқты,

Түсте екі аяқты.

Кешке үш аяқты. (адамның сәбилік,жастық,кәрілік шағы)

5)Он көзі бар өзінде,

Он саны бар көзінде.

Көзіне саусақ саласың,

Жырақтан хабар аласың. (телефон)

Балалар, бүгінгі сабағымызда алған білімдерімізді қорытындылау үшін тапсырмалар беріледі.
1.Суретке қарап, сан есімдерді қатыстырып, бір-екі сөйлем жазыңдар.

-Қарға тамырлы қазақтың ұрпақ тәрбиесінде сандардың алатын орны ерекше. Мысалы, Бұқарға көңілін сұрап келген Қазыбектің 10-ға дейінгі санның мағынасын ашуы, естеріңде бар ма? 
Енді алдын ала өздеріңе арнап санамақ дайындау тапсырылған болатын, қане айтайық:
Бір дегенім – білім алу
Екі дегенім - елін сүю
Үш дегенім – үлгілі болу
Төрт дегенім – төзімді болу
Бес дегенім – бірлікте болу
Алты дегенім – ақылды болу
Жеті дегенім – жетістікке жету
Сегіз дегенім – сезімді болу
Тоғыз дегенім – толғану
Он дегенім – осының бәрін ойға алу
- Олай болса, балалар, осындай қасиеттерге ие болып, қазақ деген қасиетті елдің перзенті болу үшін, Қазыбектей, Төле бидей, Әйтекедей тұлғалары бар халықтың ізін жалғастырушы «Біз кімбіз?» деген сұраққа 
Кеше Бүгін Ертең
Бүлдіршін Оқушы Ел елеулісі,халық қалаулысы 
деп мүдірмей жауап бере аламыз. Алар асуларың биік болсын, сансыз сәттіліктерге жетіңдер дей отырып бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

Бағалау.

Үйге тапсырма:

Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Сан есімнен алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.
 
1. 109 - жаттығу. Сан есімдерді қатыстырып, «Біздің сынып» деген тақырыпта шағын шығарма құрастырып жазу.







-75%
Курсы повышения квалификации

Организация и сопровождение олимпиадной деятельности учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Конспект открытый урок (17.51 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт