Меню
Разработки
Разработки  /  Информатика  /  Уроки  /  Ана тілі-ата-баба мұрасы

Ана тілі-ата-баба мұрасы

Сабақтың мақсаты:
   Ана тілінің қадыр-қасиетін ұрпақ бойына дарыту. Ана тілі туралы өлең, тақпақ , нақыл сөздерді оқыту арқылы оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлықтарын дамыту. Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтауға, туған тілді құрметтеуге баулу. (вся разработка на казахском языке)
04.01.2013

Описание разработки

Вся разработка на казахском языке

Сабақтың   мақсаты: 

Ана  тілінің қадыр-қасиетін   ұрпақ бойына  дарыту. Ана тілі  туралы  өлең, тақпақ , нақыл сөздерді оқыту арқылы  оқушының сөздік  қорын  молайтып,  тіл байлықтарын дамыту.  Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтауға, туған тілді  құрметтеуге  баулу.

Көрнекілікте : Қанатты  сөздер , қазақ халқының  ұлы  ғұламаларына  арналған

   буклеттер, шарлар

Кіріспе  сөз :  Інжү

          Құрметті  қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

          Қазіргі  таңда еліміз  өз Тәуелсіздігіне  қол жеткізгеннен  кейін мемлекеттік  тіліміз – қазақ тілі  болып бекітілді, Қазақстан Республикасы «Тіл туралы Заңы»  күшіне  енді.  Болашағымызды  баянды етер басты  қаруымыз -  тіліміз. «Адамға  екі  нәрсе  тірек тегі, бірі – тіл, бірі  діннің жүректегі,»- деп Ж.Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің  ең  негізгі  рәмізі  деп , ұраныда,  тіршілігі  де сол елдің  ана тіл  болмақ. Тіл кез-келген халықтың бай  мұрасын әлемге  паш ететін  табиғи  құбылыс.

Көп тіл белсең  көкжиегің кең  болар,

Құрметтейді  кісі  екен деп  төрге  озар.

Қай  елде  жүрсеңде  бұл дұрысы,

Мемлекеттік тілді  құрметтеуің жөн болар.

Жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік    тілі – қазақ тілі . Әр Қазақстан азаматы  өз ана тілінде  таза  сөйлеуі тиіс. Осы міндетті  жас шәкірттер де  сезініп , ана тілінде  қадір – қасиетіне,  болашағына  қамқор болып, дамыту  үшін  өз үлестерін қосу әр бірінің  санасында  болу  тиіс.

          Жарық дүниеге жар сала келген  сәби  ана сүтін ауызданып нәр алатын,  ана тілінің  бүршік атар , көктеп  өсер   ортасы  мектеп екенін білеміз. Ендеше  құрметті  ұстаздар,  оқушылар тілдер мерекесіне  арналған «Ана  тіл- ата –баба мұрасы»  атты  тәрбие сағатымызды  бастауға  рұқсат  етіңіздер.

1- Ардақ : Армысың ардақты анам- қазақ тілім,

                    Бір өзіңнен  тараған өнер білім.

                    Құтты  болсын  бүгінгі  тіл мейрам,

                    Жарқын болсын әр қашан  келер күн

                    Сен менен еш бір  күш айырмасын,

                    Қанаттарын  жастардың  қайырмасын,

                    Ана тіл тұрғанда сондай  ғажап,

                    Басқа тілге  балар бой  ұрмасын.

                   Ана тіл мен шықсын ба жастар тілі,

                    Келешекке  сол болсын бастар тілі,

                    Алдыменен  өз тіліңде  жақсы сөйлеп,

                    Содан кейін басқа  тілді.

2-Рүстем

          Уілдеп  күлген  бөбегім,

          Белеске талай шығарсын.

          Әз тілің- тұнған өсиет,

          Өзің – ақ сырын ұғасың.

          Дуалы  ауыз бабалар,

          Қалдырған бізге мұрасын,

          «Аманат атаң  еткен»- деп

          Ақ анам таққан тұмарсың.

3-Асель: Көзінде көріп баланың ,

          Бас иіп саған табынам.

          Бой тұмар болған , ана  тіл,

          Жоқ өзге  сенен  қазынанам.

          Тарихи терең  теңізден,

          Қастерлі  тілің – шежірем.

          Баршаға  аян, белгілі ,

          Тағдырым бірге  өзіңнен

          Тұмарын таққан анасы,

          Қорған әрбір баласы.

          Қол үзсе надан болмайма?

          Жазылмас  мәңгі  жарасы?!

4-Бақтынұр : Ана тілім – ұраным,

                    Ана тілім – құралым.

                    Ана тілім болмаса,

                    Болмас еді жыр - әнім.

                    Ана тілім елдігім,

                    Ана тілім ерлігім.

                    Ана тілім болмаса,

                    Бүтінделмес  кемдігім.

                    Ана тілін ақтаңдар,

                    Ана тілін сақтаңдар!

                    Ана тілмен  безеніп ,

                    Ата  берсін ақтаңдар.

5-Алмат     Мәртебесі тілімнің

                    Асқақтату  парызым.

                    Өткір , сұлу тілімді,

                    Сүйеп өту  парызым .

                    Ата- баба қалдырған,

                    Ана тілім  ардақтым.

                    Үстем болды  мерейе,

                    Мәртебесі асқақ тым.

6- Баян       Пір  тұтамын өзіңді, ана тілім,

                    Тақандайсың  жүрекке ана гүлін

                    Отырғандай дүниеге  қайта келіп,

                    Еске түсті  сағынған бала күнім.

                    Ана тілім бесігімді  тербеген,

                    Ана сүті құйттай жанға  дем берген.

                    Ана тілі жанарыма  нұр төгіп,

                    Өміріме сен арқылы сән келген.

7-Ақниет    Ана тілім – ардағым, мәртебелім,

                    Сен ғайып боп кеткенде қайтер едім?

                    Қадірінде  халқымның біле алмай ,

                    Қалар  ма еді айтылмай айтар әнім.

                    Ана тілім , паш еткен ана даңқын,

                    Ана тілде  шешен –ақ  дана халқым .

                    Шарласамда  шарқ ұрып шартарапты,

                    Ана тілде сақтаған баба салтын.

8-Шынар   Жүрегімде болса намыс  жойқын ары,

                    Ана тілім арым деген ой туады.

                    Ана тілім  ұлт тірегі ұйтқысы,

                    Алла берген  қазағымға  бой  тұмар.

Ән: ______________  «Алтын бесігім»

9 –Ақерке . Тіл болмаса не білем

                    Тілде  өмірдің  бар мәні,

                    Тілде  жатыр  қазақтың

                    Ар-намысы ағайын.

                    Тілім үшін мың  өліп,

                    Мың тірілді  қазағым,

                    Тілді қорғау парызым.

                    Ана тілін  сүйіңдер.

10-Ақжарқын : Сүйемін туған  тілді , ана тілін,

                     Бесікте  жатқанымда – ақ  берген білім.

                    Шыр етіп  жерге  түскен минутымнан,

                    Құлағыма сіңірген таныс үнім.

                    Сол тілмен шешем мені әлдилеген,

                    Еркелеткен құлыным, жаным деген,

                    Сол тілмен  үйрендім нәрсе  аттарын,

                    Сол тілмен  ұғынып әдетті  мен жаттадым.

                    Ең  бірінші сол тілмен  сыртқа  шықты,

                    Сүйемін ,  жек көргенім  ұнатқаным.

11-Бауыржан .  Ана тілім – балашағым, өркенім,

                    Ана тілім – болашағым , ертеңім,

                    Ана тілім –сайын далам жер көгім,

                    Ана тілім- арман ойым өрнегім.

                    Ана тілді белмесем,

                    Шат – шадымнан  күлмес ем,

                    Жер бітінде  сайрандап ,

                   Қазақ  болып  жүрмесем.

12- Гулфия . Жанымды  жадыратқан бала тілім,

                    Жыр ертек  жаттаттырған сана тілім.

                    Жаралып  жермен  бірге ,күн көзімен 

Жасасқан  қазақ тілі – ана тілім –ана тілім

13-Гүлім . Ана тілім дін мықты  тірлігім,

                    Әсіресе күңіренер жүрегім

                    Тіл арқылы айналамен тансып,

                    Дүниенің ақ – қарасын білемін.

                    Тілімменен  айқындалар  қуатым,

                    Орындалып ойымдағы мұратым.

                    Қуамын дәрежесі үшін де , 

                    Өзге тілден дараланып тұратын.

                    Ана тілім – қазынала  байлығым,

                    Асыратын  қазақтықтың  айбыным.

                    Ең ардақты , ең  қыматты асылым,

                    Биік  тұрсын  секілденіп  ай -күнім

14- Даулет :  Жырлатқан қазақтардың  қазақтығын,

                    Жырлатқан  елдік, ерлік азаттығын.

                    Жұлдызды  құдіреттің туы  болған

Жауынгер  ана тілім- қазақ тілім.

15-Торғын . Менің  тілім мол байлыққа  кенелген,

                    Тілге  баймын  дүниеде көп елдің

                    Ұлы  тілім  саған деген сезімді,

                    Білдіремін  жүрекжарды  өлеңмен.

                    Бар дүние кетті  бүгін  жаңарып,

                    Жаса  дейміз  қазақ тілі  мәңгілі.

                    Ән ұраны қуат беріп  бойыма

                    Тұрғандаймын  болашақты  нақ ұғып.

Би  қыздар тобы.

16- Назар. Тілім менің ,  өмірдегі  бір бақыт,

                    Жырла жүрек , осындайда  тіл қатып.

                    Абай айтқан «Өнер алды-қызыл тіл»

                    Ардақты  тіл Мағжан өткен жырлатып.

                    Тілім менің қыран құстай  самғаған

                    Құзар  шыңды  шарлап өтсе  талмаған

                    Мен қазақпын  өр кеудей өренмін

                    Өз  өлеңін туған тілге арнаған.

17- Нұрым. Өз тілімді дүниеге танытқан,

                    Тәуелсіздік  боларында  нақ ұққан

                    Бабаларым Ахмет,Сәкен,Мағжандай

                    Тілім үшін жанын беріп  алысқан

                    Дана тілім, бабам тілім  нақ  бүгін

                    Мемлекет тілінде  тұр бақ тілім

                    Байлығыммен  дүниені  тамсатқан

                    Қазақ тілі – қуанышым шаттығым.

18- Саят. Ежелден  тіл – елдің  мәдениеті, әдебиеті, өсіп - өніп  отбасындағы тіршілігінен  бастап, қоғам, халық , ел - жұрттың  жалпы  мәдениеттің  арнаулы  құралы екендігі даусыз.

19- Мақсат: Жарысқан  жыл құсымен үнді  тілім ,

Жарысқан  дала, малмен сырлы  тілім.

Жиһанкез  желмаялы  Асан қайғы

Жер-жерге  баға берген  сынды тілім.

20-Мағжан : Төл тілінде сөйлеуден  безу ақ сүтін беріп  асыраған  анаңды  ұмытуымен бірдей. Ана тілі – ар өлшемі. Олай болса, тілді  шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл  тұнығын  лайлау. Ақын ағамыз Қ.Мырзалиевтің:

          Ана тілің– арың бұл,

          Ұятың боп  тұр бетте .

          Өзге тілдің  бәрін біл

          Өз тіліңді  құрметте ,- деген  тұжырымын  мәңгі есте сақтауымыз қажет.

21-Еспер: Ана  тілін білмеген,-

          Ақылы жоқ желке  бас,

          Ана тілін сүймеген-

          Халқын сүйіп  жарытпас.

22-Ақпейіл: Қазақ тілім-өз тілім , ана тілім, Абай ,Мұқтар сөйлеген дана тілім, - деп ақын жырлағандай әрбір  ұлттың  өз тілі  бар. Әрбір ұлт  үшін  ана тілі ананың сүтімен ана әлдиімен қаңға сыңып  қалыптасады. Ана тілде  бесік жырын  естіп, ана тілде ертегі естіп өскен  ұрпақ  тілінде, дінінде  ерекше қастерліп, қасиетін  сақтап қалады.

23-Досым: Туған тілім – тірлігімнің айғағы , 

Тілім  бар да айтылар сыр ойдағы,

Өссе  тілім  мен де  бірге  өсемін

Өшсе  тілім менде  бірге өсемін.

Ән : «Анашым»   Ақпейіл.

Жүргізуші: Біз Тәуелсіздігімізді алып , өз алдында  жеке  туы , елтаңбасы  бар мемлекет болдық . Қазақстан Республикасының  Ата Заңының  жетінші бабында  «Қазақстанның  мемлекеттік тілі-қазақ тілі» дедінген және тіл туралы заңында  бекітілген. Ана тіліміз арқылы  ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз. Сондықтан да  тілді сақтау – біздің  міндетіміз.

24- Наргиз: Жүзімнің  нәрлі,  нәзік сабағындай,

                    Тіліңді  мәпелей  біл, ала қалмай,

                    Аямай арам шөбін  отап отыр,

                    Таза сақтап көзіңнің  жанарындай.

25-Сая : Қалғандай  қиюлап  үй  тастарын,

          Балталап бұза алмайсың  ұйқастарын.

          Тілімнің  білгің келсе  құдіретін.

          Жұрттыңның  оқы өлеңін, жыр  дастанын

26-Самал: Өз тілін  жетік  біліп  үйренсе  кім,

                    Ең  жақыны  ұрпағы сол Жиреншенің 

                    Замандас  сергіт  ойды заман туды,

                    Қолына  тіл тағдығы тиген сенің .

27- Меруерт: Тілім менің !

                    Тұтастығым елімдегі  үйім менің

                    Ел қорғаған ерлерге рух берген

                    Осы  тілде  талғамым  биік менің

                    Тілім менің !

                    Ұлы Абай , Мұқтардай пірім менің

                    Тұтастығым  рухани  жан азығым,

                    Ол бүлінсе  менің де бүлінгенім.

28-Абзал: Ана тілін бәрін  сөйлер шежірем,

                    Тілсіз  нені  білдіре алам не білем?

                    Тілім барда ғана  мынау ғаламның ,

                    Кілтін  табар  саналысы сезінемін.

                    О, адамдар  қадыр не жетіңдер ,

                    Ана тілің -  анаң , сыйлап өтіңдер.

Жүргізуші: Ана тілі – бұл  туралы  қаншама  айтылып келеді. Ал ана тіліңнің  құдіретін  қанша  айтсақ  та тауысу мүмкінм емес .Ендеше  құрметі  ұстаздар оқушылар , тәрбие сағатымыздың  ІІ бөлімі «Ұлылардың ұлағаты»- деп аталады.  Яғни , ұлы адамдардың  тілге  байланысты айтқан  нақыл сөздерінің  өз өмірімізде  пайдаланып, үлгі тұтамыз.

Меруерт : Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге  пәндерді  түсінуі мүмкін емес. (Ж.Айтмаутов)

Диана : Қазақ тілі аса  бай тіл , икемді тіл. Қалай исен, солай  иелі береді. Орамын , бұрамын  тауып,  қисынын, орайын  келтіріп пайдаланса, бұл тілмен  сурет салуға , тас қашап, ағаш , текемет  оюға  болады. Осындай  майда , сұлу тілді  қалай  өгейсіттуге болады. (Н.Оңдасынов)

Самал : Әр кімнің  туған тілі – туған шеше,

   Оған  бала міндетті , сан мың есе.

(С.Мұқанов) 

Айгерім: Қазақ тілі  түркі тілдерінің ішіндегі  ең таза , әрі бай  тілге  жатады. Әдебиеті  аса бай , әрі  жан-жақты (Т.М.Меллиоранский)

Ақжарқын : Ойласаң  мың бір пәле тілден  туған,

                            Шешендер топ  ішінде  тілді буған

                                                                                             Шал ақын

Жүргізуші: Тағдырыңды  тұларсыздық індетінен   қалқала,

                    Әр адамды өз анасынан  басқада ,

                    Жебеп тұрар ,демеп тұрар  арқада,

                    Болу керек қасиетті  төрт ана:

                Туған жері – түп қазығы, айбыны,

                 Туған тілі – сатылмайтын байлығы,

                 Туған дәстүр, салт – санасы тірегі ,

                 Қадамыңа  шуақ шашар  үнемі.

                 «Мақал сөздің мәйегі»  демекші  тілге байланысты мақал – мәтелге де кезек береміз. Оқушылар  тілге  байланысты  жаттаған мақал-мәтілдерін айтады.

Жүргізуші: Ең  жақсы  бала ана тілін  құрметтеген  ұл мен қыз . Бұл тіл  сенің  басқа тілді  меңгеруіңе  бүгіт болмайды, қайта  сені  адамгершілікке  жетелейді.  Ана тілін терең  меңгеріп , бойымызға сіңіру  бұл әр адамның  бойындағы  бірінші. Ол туған жерді,  елді, Отанды, ата – мекенді сүйе білу деген сөз .

                 Әр бір тілде сөйле адамды таңғалдырып,

                 Ана тілін  білмеу  қандай заңдылық!

                 Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,

                 Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

-75%
Курсы повышения квалификации

Система работы с высокомотивированными и одаренными учащимися по учебному предмету

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ана тілі-ата-баба мұрасы (17.3 КB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт