Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Уроки  /  6 класс  /  Сабақ тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.

Сабақ тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.

Саба? та?ырыбы: С?йлемні? біры??ай м?шелері. Саба? ма?саты: С?йлемні? біры??ай м?шелері туралы т?сіндіру. С?йлем м?шелерінен ал?ан білімдерін ?штау, тіл байлы?тарын жетілдіру. Алын?ан, о?ы?ан к?ркем шы?армадан кейін ту?ан жер, ?о?ам туралы ?зіндік пікір ?алыптастыру?а т?рбиелеу. Саба??а ?осымша: Ту?ан жер та?ырыбына арнал?ан плакаттар С?йлемні? біры??ай м?шелеріне схемалар ?лестірме ?а?аздар Пайдаланыл?ан ?дебиеттер: «?аза? тілі» о?улы?ы 6 - сынып ?. Исабаев «?аза? тілін о?ытуды? дидактикалы? негіздері»

12.04.2017

Содержимое разработки

Сабақ тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.

Сабақ мақсаты: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы түсіндіру.
Сөйлем мүшелерінен алған білімдерін ұштау, тіл байлықтарын жетілдіру.
Алынған, оқыған көркем шығармадан кейін туған жер, қоғам туралы өзіндік пікір қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабаққа қосымша:
Туған жер тақырыбына арналған плакаттар
Сөйлемнің бірыңғай мүшелеріне схемалар
Үлестірме қағаздар
Пайдаланылған әдебиеттер: «Қазақ тілі» оқулығы 8 - сынып
Ә. Исабаев «Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері»

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру
(психологиялық дайындық)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
Бастауыш дегеніміз не?
Баяндауыш дегеніміз қандай мүше?
Толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш дегеніміз не?
Шығармаларын оқу
Мысал келтіру. Сөйлем талдау

ХV ғасырда Күлтегін ескерткішіне мынадай жолдар жазылған екен.
Қызыл қанымды ағыздым,
Қара терімді төктім.
Түн ұйықтамадым,
Күндіз отырмадым.
Тізеліні бүктірдім
Бастыны еңкейттім
Түрік болғаным үшін
Бұл жай сөйлем құрамында сөйлем мүшелері бір - бірден болса, сөйлемде бір мүше сан жағынан біреу ғана емес, екі я одан да көп болып, бірыңғайласып айтылуы мүмкін.

ІІІ. Жаңа сабақ
Бірыңғай мүшелер:
Өзара салаласа байланысып, біркелкі сарындағы дауыс ырғағымен айтылатын.
Ортақ бір сұрауға жауап беретін, яғни, бір сөз табынан жасалатын, кейде жалғаулықсыз, кейде жалғаулық шылаулар арқылы байланысатын көп мүшелер

Қазақтың ақын - жазушылары Қазақстанды сай - бұлақ, тау - қыраттарына шейін жырлап өткен, жырлайды да.
Тәуелсіздік алғалы Асан қайғы мен Қорқыт баба, Кенесары мен Сырым, Абай мен Ахмет, Ербол мен Ләззат сынды тұлғаларымыз әлемге танылды.
Мен туған жердің түнін, күнін, өзенін, тауын, гүлін сүйемін.

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін.

Қазақстанның әрбір азатының өз елінің бақыты үшін, абыройы үшін, даңқы үшін, бостандығы үшін күресетіндігін мақтан тұтамын.

Оқулықпен жұмыс:
Қосымша материалдар
Шарты: Бірыңғай мүшені көрсет.
Көрген, білген әңгімелерді кітап қылып тартамын. Барлық өмір, тіршілік - жастан оқуға, білімге талпынып оқығандық. Рақмет әрбір сөйлемді ерінбестен, жалықпастан аударып отырды. Таңертең аудандық баспасөз қоғамының бір қызметкері осы үстелдің үстін неше түрлі жаңа кітаптармен, газет - журналдармен, қалам қарындаштармен, блокнот - дәптерлермен толтырып кетті.

Жаттығулар жұмысы (мұғалім дайындаған бірнеше тапсырманы өз бетінше орындату)
Кім тез сөйлем құрай алады:
Қызыл, сары, ақ...
Кітап, газет, журнал...
Қой, сиыр, жылқы..
Қобыланды, Алпамыс, Қамбар...
Бұл жұмыс...,...,... керек етеді.

Бірыңғай мүшелер қай сөз табынан жасалған? Қай мүшенің қызметін атқарады?
ІV. Сабақты бекіту:
Бірыңғай мүше дегеніміз не?
Бірыңғай мүшенің басты белгілерін ата
Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері
Бірыңғай мүшеге мысал
Бірыңғай мүшелердің сұраулары.

V. Үйге тапсырма:
§34 Бірыңғай сөйлем мүшелері
«Менің Қазақстаным» атты бірыңғай мүшелерді кірістіре отырып шығарма жазу.
VІ. Бағалау





-75%
Курсы повышения квалификации

Педагог дополнительного профессионального образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Сабақ тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. (14.97 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт