Меню
Разработки
Разработки  /  Биология  /  Планирование  /  7 класс  /  Қарапайымдылар - біржасушалы жәндіктер

Қарапайымдылар - біржасушалы жәндіктер

?арапайымдылар - біржасушалы ж?ндіктер саба?ыгда ж?ндіктерді? мекендейтін ортасын, ??рылысын, ж?не т.б. танысасыздар

04.03.2017

Содержимое разработки

Келісемін:__________ Бекітемін:__________

Оқу ісінің меңгерушісі: Мектеп директоры:

А.М. Есжанова«_»____2017ж Н.М.Жылқыбай «_»____2017ж











Ашық сабақ


Биология 7- сынып


Қарапайымдылар - біржасушалы жәндіктер.













Пән мұғалімі: Уакаева Г. К







2016-2017 оқу жылы

Күні: 25 .01.2017 ж. биология 7- сынып. 39- сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Қарапайымдылар - біржасушалы жәндіктер.

Сабақтың мақсаты: Қарапайымдылардың тіршілік ету ортасы мен өзіндік ерекшеліктеріне жалпы сипаттама беру, олардың кейбір өкілдеріне тоқталып, бір-бірінің ұқсас және ерекше қасиеттерін атап көрсету; түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасына жағымды өзгерістерге жету; пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын арттыру. Тамыраяқтылар типтерінің маңызын біле отырып, оларды қорғауға тәрбиеленсе, және ауру тудырушы түрлерімен таныса отырып, тазалық сақтай отырып, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиеленеді.
Сабақтың әдісі: СТО элементтері.

І. Қызығушылығын ояту.

Психологиялық дайындық.

Ой қозғау.

1.Жүйелеу дегеніміз не?

2. Жіктеу дегеніміз не?

3.Түр дегеніміз не?

4. К.Линнейдің Жануарларды жіктеудің сызбанұсқасын көрсет.

5. Жануарларды жіктеу барысында ең жоғарғы денгей мен ең төменгі денгей қалай аталады?

ІІ. Мағынаны тану.

Миға шабуыл.

Қарапайымдылардың табиғатта 70 мыңға жуық түрі бар.
Қарапайымдылардың типтері: саркодиналар немесе тамыраяқтылар, талшықтылар, кірпікшелілер , споралылар.

Жануарлар дүниесі біржасушалы және көпжасушалы болып екі тармаққа жіктеледі.Біржасушалы жәндіктер – денесі бір ғана жасушадан (клеткадан) тұратын, көпшілігі микроскоп арқылы ғана көрінетін ағзалар. Оларды қарапайымдар деп те атайды.Құрылысы қарапайым сияқты болғанымен, бір жасушаның ішінде асқорыту, тынысалу, заталмасу, қозғалу, көбею, сыртқы әсерлерге жауап беру сияқты кез келген тіршілік иесіне тән тіршілік белгілері үздіксіз жүріп жатады. Қарапайымдардың көптеген түрлері жаңбырдан пайда болатын іркінді су, шалшықтан бастап, көл, теңіз, мұхитқа дейінгі су қоймаларында кездеседі. Топырақта мекендейтіндері де аз емес. Жануарлар мен адамның ішкі мүшелерінде (қанда, ішекте, бауырда және т. б.) паразиттік тіршілік ететіндері де бар.

Органикалық шіріндісі мол кішкентай жыралар мен шағын тұщы суқоймалардың түбінде еркін тіршілік ететін амебалар біржасушалылар ішіндегі құрылысы жағынан ең қарапайым жәндіктер.

Амеба протей– амебалардың ірі түрінің бірі. Қозғалып жүргенде дене тұрқы 0,5 миллиметрдей, жай көзге майда тамшыдай болып көрінеді. Микроскоппен қарағанда дененің (жасушаның) әр жерінде бірде пайда болып, бірде жоғалып тұратын өсінділер көзге түседі. Амеба денесін плазмолемма деп аталатын өте жұқа, серпімді жарғақша қабық (мембрана) қаптап тұрады. Жасуша ішіндегі цитоплазма үнемі қозғалыста болады. Цитоплазманың қозғалысы әсерінен жәндік денесінде ең алдымен іркілдек бүртік пайда болады. Ол бірте-бірте созылып, ұшы тұйық өскінге айналады. Бұл өскін жасушаның бір жерінде тұрақтамайды; ол жерден жоғалып, дененің басқа бір жерінде түзіліп, үнемі осылай өзгереді. Осымен байланысты амеба денесінің пішіні тұрақты болмайды, өзгеріп тұрады. Денесінде бақалшақ болатын амебаның бірі – арцелла. Арцелланың да төңкерілген тостағанша тәрізді бақалшағынан сыртқа шығатын дене бөлігі амеба тәрізді үнемі өзгереді. Біресе түзіліп, біресе жоғалып тұратын осы өсінділерді жалғанаяқтар дейді. Бұл аяқтардың пішіні өсімдік тамырына ұқсас болғандықтан, амеба мен арцелла тамыраяқтылар тобына біріктіріледі. Амеба мен арцелла жасушасының әр жерінде уақытша пайда болатын жалғанаяқтары да осы жәндіктердің қозғалу мүшелері болып табылады.

Бекіту:

Ортадағы қаламсап стратегиясы.

1.Қарапайымдылардың қозғалыс қызметін атқаратын мүшелері.

2. Қолайсыз жағдайда қарапайымдыларда не түзіледі?

3. Саркодиналар типіне жататын дене пішіні тұрақсыз жәндіктер .

4. Саркодиналар типіне жататын дене пішіні тұрақты жәндіктер.

5. Грекше “ Саркос”не деген мағына береді.

6. Тамыраятылардың паразитік түрлері.

Сұрақ жауаптары 1. Тамыраяқтар, талшықтар, кірпікшелер. 2. Циста

3. Талшықты амеба, Кәдімгі амеба, Қантышқақ тудыратын амеба.

4. Сәулелі күнқұлақ, Қошқармүйіз көпірме, Сәулелі өрмекаяқ,Сәулелі күншар, бақалшақты амеба, шұрықденелі бунақай.

5. Плазма ,яғни плазмалық жарғақшалы дегенді білдіреді.

6. Қантышқақ тудыратын амеба.

Ой толғаныс:
Біз бүгін нені білдік ? Қарапайымдылар олардың түрлері .Дене пішіні тұрақты және тұрақсыз тамыраяқтылар түрлері Саркодина деген не ол неліктен қарапайым деп аталады? Қарапайымдыларды зерттеуде ғалымдардың ашқан жаңалықтары

Кері байланыс. «Чемодан, ет тартқыш, қоқыс жәшігі»


Бағалау:

Үй тапсырмасы:  §39. Біржасушалы жәндіктер туралы қосымша материалдар


















.


Тест

  1. Дене пішіні тұрақсыз қарапайым:

а) Бақалшақты амеба; ә) Кәдімгі амеба; б) Сәулелі күншар.

  1. Дене пішіні тұрақсыз қарапайым организм:

а) Бақалшақты амеба; ә) Кәдімгі амеба; б)Талшықты амеба.

3.Бақаның тоқ ішегінде болатын паразит:

а) Бодо; ә) Құмыты; б) Опалина.

  1. Кірпікшелілерде үлкен ядроның атқаратын қызметі:

а) Қоректену, тыныс алу, қозғалу, зат алмасу;

ә) Жыныстық көбею; б) Суда жүзу.

5. Безгек ауруын қоздырушы организм:

а) Құртамыш; ә) Қантұрғын; б)кірпікшелі кебісше.


Тест жауаптары: 1-ә; 2-а; 3- б; 4- а; 5- ә



-75%
Курсы повышения квалификации

Система работы с высокомотивированными и одаренными учащимися по учебному предмету

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қарапайымдылар - біржасушалы жәндіктер (19.41 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт