Бекітемін:
Күні: 19.01.2015 ж.
Сынып: 2 «Б»
Сабақтың тақырыбы: «Натюрморт»
Сабақтың мақсаты:
а)білімділігі: оқушыларға натюрморт жанры туралы мағлұмат бере отырып, олардың әрбір затты кеңістікте дұрыс көруге, түс-реңін ажыратуға, форма арқылы көлемін бейнелеуге, бояу түстерін бір-біріне үйлесімді байланыстыруға жаттықтыру. Затқа қарап сурет салуды және түстің шешімін ажыратуды түсіндіру.
б)дамытушылығы: оқушылардың ой-өрісін түстің түсінуін, түстің бейнелеу мүмкіндіктеріне қатысты түсінігін тереңдете түсу. Оқушылардың бойындағы шығармашылыққа деген сұранысты арттыру, дамыту.
в)тәрбиелігі: оқушыларды рухани адамгершілікке, инабаттылыққа, түстерді көңіл-күйді бейнелеу құралы ретінде қабылдай білуге баулу, тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: салынған суреттер, қойылым, слайд
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, достарым!
Амансыз ба, қонақтар!
Амансыз ба, ұстазым!
Сіздерді көріп қуанам.
Сендерді көргенімізге бізде қуанамыз, балалар, көңіл - күйлерің қалай? – Жақсы.
Онда сабағымызды бастайық. Бүгінгі сабағымызды жақсы өткіземіз деп сендерге сенемін. Сәттілік тілеймін!
II.Өткен сабақты пысықтау
Балалар, өткен сабақта біз ою – өрнек туралы біраз мағлұмат алдық. Олай болса сендер менің сұрақтарыма жауап беріп көріңдерші.
1.Ою – өрнек дегеніміз не?
Ою - өрнек, орнамент (лат. ornamentum – әсемдеу, сәндеу) – әр түрлі заттарды (үй - іші мүліктері, тоқыма бұйымдар, еңбек құралдары, қару - жарақ), архитектуралық ғимараттарды әшекейлеуге арналған, жүйелі ырғақпен қайталанып отыратын әрі үйлесімділікке құрылған өрнек - нақыштар.
2.Ою - өрнектің неше түрін білесіңдер?
Қошқармүйіз, құсқанат, мүйіз, арқармүйіз, сынықмүйіз, тағы сол сияқты түрлері өте көп. Ою-өрнек туралы білімдеріңді жоғарғы сыныптарда дамытатын боласыңдар.
3.Үйде, тұрмыста ою-өрнектің қандай түрлерін көресіңдер?
Өте жақсы балалар, енді бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз – Натюрморт.
ІIІ.Жаңа сабақ. Тақырыпты хабарлау, негізгі мақсатын түсіндіру.
Натюрморт-француз сөзі, өлі табиғат деген ұғымды білдіреді. Адамды қоршаған ортаны бейнелейтін суретті натюрморт дейді. Натюрморт негізінде ХVII ғасырда Голландияда кеңінен дамыды, ол кездерде мыс заттардан құралған натюрморттық композициялар болды. Натюрморт екі топқа күрделі және қарапайым болып бөлінеді. Қарапайым натюрмортқа бір немесе үш заттан қойылған қойылымды жатқызады, ал күрделі натюрмортқа бес заттан жоғары қойылған композицияны жатқызады. Натюрморт кездейсоқ таңдалған заттардан құралмайды. Олар бір-біріне ұқсайтын, туыс заттар болуы қажет. Натюрморт композициясы таңдап алынған заттар тобы табиғи әсер бергенде ғана әдемі шығады.
Натюрморттың композициялық орталығы болуы шарт. Топтың ішінде мағыналық жағынан, көлемі, пішіні, түсі жағынан негіз бола алатындай зат болуы қажет. Қалған қосалқы заттар осы басты дүниеге бағынуы тиіс. Алдыңғы қатарға бет-бедері мен түсі жағынан өзге заттардан ерекшеленіп тұратын кішігірім затты қоюға болады, ал артқы планға көлемі жағынан үлкен заттарды қойған дұрыс. Жалпы натюрмортта түс үйлесімділігі де маңызды. Натюрмортта түстері біріңғай реңдік пен түске бағынуы тиіс.
Ал енді балалар, бір сергіп алайық
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық
Қылқаламды қояйық
Қолымызды созайық
Оңға қарай иіліп,
Белімізді жазайық.
Айналаға қарайық
Отырайық, тұрайық
Бір тынығып алайық.
Тынығып біз болған соң
Әсем сурет салайық
IV.Сарамандық жұмыс
Қанеки балалар, сурет салуға құралдарымыз дайын ба? Қаламдарымыздың ұшын тексерейік. Өте жақсы, онда жұмысты бастаймыз.
Ал балалар, енді біз сендермен натюрморт салып көрейік. Қанеки барлығымыз тақтадағы натюрмортқа қараймыз. Кім айтады, бұл қандай жеміс? Әрина алма. Қазір мен сендердің барлықтарына натюрмортты таратып беремін. Қарап отырып, сол натюрмортты саламыз.
Қорытынды: Бүгінгі өткен сабағымызды қорыта келіп , 5 сұрақтан тұратын тест таптырмасын орындаймыз.
1) Натюрморт қандай ұғымды білдіреді?
а) пейзаж б) өлі табиғат в) портрет
2) Натюрморт бейнелеу өнерінің жанры ма немесе түріне жатады ма?
а) түріне б) графика б) жанры
3) Қай елде натюрморт жанры кеңінен дамыды?
а) Голландияда ә) Францияда б) Германия
4) Натюрморт қанша топқа бөлінеді?
а) 5 б) 3 в) 2
5) Күрделі натюрмортқа қандай қойылым жатады?
а) 1-3 б) 4-5 в) 5-тен жоғары
Үйге тапсырма: Натюрмортты аяқтау.
Оқушыларды бағалау:
Оқушылардың жұмысын талдап, бағалау. Жұмыс орындарын жинастыру.
1) Натюрморт қандай ұғымды білдіреді?
а) пейзаж б) өлі табиғат в) портрет
2) Натюрморт бейнелеу өнерінің жанры ма немесе түріне жатады ма?
а) түріне б) графика в) жанры
3) Қай елде натюрморт жанры кеңінен дамыды?
а) Голландияда б) Францияда в) Германия
4) Натюрморт қанша топқа бөлінеді?
а) 5 б) 3 в) 2
5) Күрделі натюрмортқа қандай қойылым жатады?
а) 1-3 б) 4-5 в) 5-тен жоғары
6) Табиғатты бейнелейтін кескіндеме жанрының түрін ата?
а) Портрет б) Пейзаж в) Натюрморт
7) Портрет дегеніміз не?
а) Табиғатты бейнелеу. б) жансыз заттарды бейнелеу. в) адамды бейнелеу
8) Портрет нешеге бөлінеді, түрлерін ата?
а) 1-ге б) 2-ге в) 3-ке
9) Қандай бояуды біз майлы бояу дейміз?
а) пастель б) гуашь в) акварель
10) Суға тез еритін бояудың түрін ата?
а) пастель б) гуашь в) акварель
1) Натюрморт қандай ұғымды білдіреді?
а) пейзаж б) өлі табиғат в) портрет
2) Натюрморт бейнелеу өнерінің жанры ма немесе түріне жатады ма?
а) түріне б) графика в) жанры
3) Қай елде натюрморт жанры кеңінен дамыды?
а) Голландияда б) Францияда в) Германия
4) Натюрморт қанша топқа бөлінеді?
а) 5 б) 3 в) 2
5) Күрделі натюрмортқа қандай қойылым жатады?
а) 1-3 б) 4-5 в) 5-тен жоғары
6) Табиғатты бейнелейтін кескіндеме жанрының түрін ата?
а) Портрет б) Пейзаж в) Натюрморт
7) Портрет дегеніміз не?
а) Табиғатты бейнелеу. б) жансыз заттарды бейнелеу. в) адамды бейнелеу
8) Портрет нешеге бөлінеді, түрлерін ата?
а) 1-ге б) 2-ге в) 3-ке
9) Қандай бояуды біз майлы бояу дейміз?
а) пастель б) гуашь в) акварель
10) Суға тез еритін бояудың түрін ата?
а) пастель б) гуашь в) акварель
1) Натюрморт қандай ұғымды білдіреді?
а) пейзаж б) өлі табиғат в) портрет
2) Натюрморт бейнелеу өнерінің жанры ма немесе түріне жатады ма?
а) түріне б) графика в) жанры
3) Қай елде натюрморт жанры кеңінен дамыды?
а) Голландияда б) Францияда в) Германия
4) Натюрморт қанша топқа бөлінеді?
а) 5 б) 3 в) 2
5) Күрделі натюрмортқа қандай қойылым жатады?
а) 1-3 б) 4-5 в) 5-тен жоғары
6) Табиғатты бейнелейтін кескіндеме жанрының түрін ата?
а) Портрет б) Пейзаж в) Натюрморт
7) Портрет дегеніміз не?
а) Табиғатты бейнелеу. б) жансыз заттарды бейнелеу. в) адамды бейнелеу
8) Портрет нешеге бөлінеді, түрлерін ата?
а) 1-ге б) 2-ге в) 3-ке
9) Қандай бояуды біз майлы бояу дейміз?
а) пастель б) гуашь в) акварель
10) Суға тез еритін бояудың түрін ата?
а) пастель б) гуашь в) акварель
Бастауыш сыныптарға арналған тест сұрақтары
1) Натюрморт қандай ұғымды білдіреді?
а) пейзаж б) өлі табиғат в) портрет
2) Натюрморт бейнелеу өнерінің жанры ма немесе түріне жатады ма?
а) түріне б) графика в) жанры
3) Қай елде натюрморт жанры кеңінен дамыды?
а) Голландияда б) Францияда в) Германия
4) Натюрморт қанша топқа бөлінеді?
а) 5 б) 3 в) 2
5) Күрделі натюрмортқа қандай қойылым жатады?
а) 1-3 б) 4-5 в) 5-тен жоғары
6) Табиғатты бейнелейтін кескіндеме жанрының түрін ата?
а) Портрет б) Пейзаж в) Натюрморт
7) Портрет дегеніміз не?
а) Табиғатты бейнелеу. б) жансыз заттарды бейнелеу. в) адамды бейнелеу
8) Портрет нешеге бөлінеді, түрлерін ата?
а) 1-ге б) 2-ге в) 3-ке
9) Қандай бояуды біз майлы бояу дейміз?
а) пастель б) гуашь в) акварель
10) Суға тез еритін бояудың түрін ата?
а) пастель б) гуашь в) акварель