Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  Открытый урок "Ертегіні тауып айт"

Открытый урок "Ертегіні тауып айт"

Открытый урок на тему "Ертегіні тауып айт".

07.02.2018

Содержимое разработки

«Құлыншақ» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Күні 06.11.2017

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Әжемнің ауылына қонаққа бару»

Мақсаты: Үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету.Үй    жануарларының төлдерін ажыратып айтуға, қалай дыбыстайтынын меңгерту, олардан  алынатын өнімдер туралы білімдерін кеңейту. Ойлау қабілеттерін,тілдерін дамыту. Сөздік қорларын байыту.

Үй жануарларын күтуге ,қамқор болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: Үй жануарлары, төлдер, қамқор болу,жабайы жануарлар,

 жайлау.

Билингвальді компонент : Сиыр-корова,жылқы- лошадь,

                                          қой- овца, ешкі-коза.


Іс- әрекеті

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық







Ұйымдастыру – шылық-ізденістік


































Рефлексиялық-түзетушілік

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң, балалар,

Қайырлы таң, қонақтар!

Тәрбиеші: Балалар бүгін біздің сабағымызға көп қонақтар келіпті. Алдымен қонақтармен амандасып алайық.

Біз әдепті баламыз,

 Біз ерекше боламыз.

 Қонақтарды көргенде:

 Сәлеметсіздер ме!-деп,

 Сәлемдесіп аламыз.

Балалар, сендер қонаққа барғанды ұнатасыңдар ма?

Олай болса біз бүгін әжеміздің ауылына қонаққа барамыз. Әженің ауылына бармас бұрын үй жануарларымен танысып алайық. Суреттерді тақтаға бір - бірлеп іліп, жеке-жеке таныстыра отырып, түсіндіру. (мысық, ит, тауық, әтеш, сиыр, жылқы, түйе, қой, ешкі)

Жолда қызықты шаршамай бару үшін ән айтайық.

Ән: «Қошақаным» әні орындалып тұрады.

Тәрбиеші: Балалар айналамызға қарайықшы, Біздер бүгін әженің ауылына қонаққа келіп қалыппыз. Әжемізбен амандасып алайық.

Әже: Менің құлыншақтарым келіп қалыпты ғой. Сәлеметсіңдер ме ,балалар!

Әже: Өте жақсы маған сендердің көмектерің қажет.

Тәрбиеші: Балалар қане еске түсірейікші. Қазір қандай жыл мезгілі? Күзде ауа райы қандай болады? Үй жануарларына нелер жатады? Жарайсыңдар!

Әже: Балалар сендер барлығын біледі екенсіңдер. 1. Ендеше маған адасып араласып кеткен үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажыратып беріңдер.

(үй жанурларын шарбаққа, жабайы жануарларды орман ішіне орналастырады.)

Тәрбиеші: Әже біздің балалар үй жануарларының төлдерін де өте жақсы таниды.

Әже: Міне керемет!

Тәрбиеші: 2. Олай болса «Төлдерін тап» ойынын ойнаймыз.

Әже:   Кішкене ғана бойы бар,

           Айналдырып киген тоны бар.

                                                                  (Қой)

   Кезікті бір жануар,

   Үстінде екі тауы бар.

                                                             (Түйе)

   Өзі сұлу ,өзі жүйрік,

   Жарысады желменен.

                                                            (Жылқы)

   Басында екі таяғы бар,

   Төрт аяғы бар,

   Бірақ сақалы тағы бар.

                                                                (Ешкі)

    Өріске ерте кетеді,

    Бізге сүт береді.

                                                      (Сиыр)

Тәрбиеші: Әже біздің балалар үй жануарларының пайдасы туралы біледі. Әже: Қане айта қойыңдар, мен тыңдайын.

Әже: Үй жануарлары туралы көп біледі екенсіңдер. Үй жануарларына күтіммен қарап, қамқор болу керек.


Тәрбиеші: Балалар сендерге әженің ауылына  қонаққа келген ұнады ма? Әженің ауылында қандай қызық көрдік? Әжеге қалай көмектестік?

Әже: Келгендеріңе рахмет, мынау сендерге сыйлық

Тәрбиеші: Рахмет әже! Біздің де топқа оралатын кезіміз келді. Ал балалар барлығымен қоштасайық. Сау болыңыздар!


Балалар қимылдарды қайталады.




Қайталайды.







-иә








Балалар әнді бірге қайталап айтады.




Балалар: Сәлеметсіз бе,әже! Әже біз бүгін сізге қонаққа келдік. Үй жануарларын қарауға, сізге үй шаруасына көмектесуге келдік.



-Күз мезгілі

-Күн суытып аспанда бұлт болады.Жаңбыр жауады.

-сиыр,жылқы,қой ешкі,мысық, ит т.б жатады.

























Дамир  Сиыр сүт, айран, ірімшік береді.

Жалгас: Койдың жүнінен киім тоқиды.

Жанерке: Түйе шұбат береді, жүнінен көрпе жасайды.

Толғанай: Жылқы көлік болады, қымыз береді,ол өте пайдалы.

Анель: Ешкі жүнінен биялай тоқиды.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Үй жануарларын.

Игерді: Үй жануарларының атауларын, күтіп баптауды, қамқорлық жасауды.

Меңгерді: Қамқорлық, сүйіспеншілік.



























 




-80%
Курсы дополнительного образования

Основы правильного питания

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Открытый урок "Ертегіні тауып айт" (18.92 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт