Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Разное  /  Дошкольникам  /  "Акробатика" бағдарламасы

"Акробатика" бағдарламасы

Павлодар 2007 жыл

Бағдарламада автор 5-7 жас аралықтардағы балалардың дене бітімінің дамуындағы акробатиканың бала өміріндегі алатын орны мен маңызын көрсете отыра сабақты жүргізу жолдары, сүйенетін принциптер мен қолданатын әдіс-тәсілдерді ұсынып отыр.

Мазмұны

  1. Түсiнiк хат………………………………………………………….1-3 бет
  1. Бағдарламаның мақсат, мiндеттерi………………………….4-5 бет
  1. 5 жастағы балаларға арналған бағдарламалық

материалдың мазмұны………………………….…….………….6 бет

  1. 5 жастағы балаларға арналған материал………….…………7-8 бет
  1. 6 жастағы балаларға арналған бағдарламалық

материалдың мазмұны………………………………….………….9 бет

  1. 6 жастағы балаларға арналған материал………….………. 10-12 бет
  1. Қолданылған әдебиеттер……………………………………….13 бет

Түсінік хат

Қазіргі уақытта Қазақстанда балалар денсаулығының деңгейі едәуір төмендеді. Тыныс алу, ас қорыту мүшелері мен жүрек- қан тамырлары және қимылдатқыш жүйелерінің аурулары көп кездесуде. Осыған байланысты, денсаулық деңгейін жоғарылату және гиподинамия зардабын төмендету мен жалпақ табанды түзету мақсатында дене жаттығуларының әр түрлерін қолдану мәселесі шиеленісуде. Балабақшада дене жаттығуларымен шұғылдану өте маңызды орын алады. Оқу бағдарламасымен алдын-ала қарастырылған дәстүрлі құралдардың пайдалануымен бірге жаттығулардың дәстүрлі емес нысандары мен түрлерін пайдалануға болады. Оның біреуі – акробатика. Акробатика бала ағзасының барлық мүшелері мен жүйесіне әсер ететін әмбебап құрал болып табылады. Ол барлық бұлшық ет топтарына, тіреу- қозғалтқыш вестибулярлық аппарат пен жүйке жүйесіне пайдалы әсерін тигізеді. Акробатикамен шұғылдану барлық дене қабілеттері мен қасиеттерін дамытып, баланың эмоционалдық ортасына оң әсерін тигізеді.

Осы бағдарлама 5 және 6 жастағы балаларға арналған. Практикалық материал әр жас үшін саралап баяндалған. Сабақтар аптасына 3 рет 30 минуттан жүргізіледі.

Акробатикамен шұғылдану балабақшада баланың дене және рухани күштерінің дамуына табысты әсер ететін, балаларда бастапқы білім, дағды-біліктерді қалыптастыратын және дамытатын, оны тәрбиенің басқа түрлерінен ерекшелейтін дене тәрбиесінің жетекші пәндерінің бірі болып табылады.

Бала жасы – дене қалыптасуы мен өсуінің, ағза және психиканың барлық жүйелері функцияларының дамуын, жеке тұлғаның қалыптасу ерекшеліктерін ашатын кезең. Бұл бала дамуына дене тәрбиесі құралдарымен оң әсер тигізетін қолайлы кезең. Атап айтқанда, балабақшада жан-жақты үйлесімді даму, білім, тәрбиелеу мен сауықтырудың барлық жағдайлары бар.

Акробаттың дене дайындығы – акробатиканың әртүрлі жаттығуларын (элементтерін, олардың қосындылары мен бірлескен қиыстыруларын) ойдағыдай меңгеру үшін қажет дене қасиеттерін тәрбиелеу процесі.

Акробаттың жан-жақты және арнайы дене дамуының процесі болып табылатын дене дайындығы осы қасиеттерді белгілі деңгейге дейін тәрбиелеуге (дамытуға) бағытталуы тиіс.

Жан-жақты дене тәрбиесінің міндеттерін шешуде маңызды рөл жалпы дайындық жаттығуларына (акробатикалық және спорттың басқа түрлеріне) аударылады. Бұл жүру пен жүгірудің әр алуан түрлері, секіру мен лақтыру, салмақ салу жаттығулары (гантелдер, гірлер, штанга), сымбат кемістіктерін түзетуге арналған жаттығулар және т.б.

Жалпы дене дайындығы жаттығуларының белсенді демалыс құралы ретіндегі маңызы да үлкен. Оларды сабақтар әртүрлілігі, күн сайынғы мамандандырылған дайындықтар кезінде пайда болатын психикалық шиеленіс пен жалығу құбылыстарынан арылу үшін енгізіледі.

Әр сабақ жалпы дамытатын жаттығулар кешенінен тұратын денені шынықтырудан басталады. Жалпы дамытатын жаттығулар спорттың көпшілік түрлерінде кең пайданылады, олар балалармен жаттығулар жасау, әртүрлі құраммен сауықтыру бағыттындағы жаттығулар мазмұнының негізін құрайды.

Жалпы дамытатын жаттығуларды әр сабаққа енгізу қажет. Кешенге қол, иық бойы бел, аяқ, дене және мойын жаттығулары енуі керек.

Балаларды дұрыс, терең тыныс алуға үйретуде және үйлесімді сымбатты қалыптастыруда жалпы дамытатын жаттығулар өте қажет. Жалпы дамытатын жаттығулардың ерекше өзгешелігі – олардың жалпы ағзаға және бұлшық еттер мен дене буындарына айқын, бағытталған әсер етуі. Олар басқа жаттығулардан гөрі, әсіресе оқушылардың көкірек қуысында, омыртқасында, аяқтарында және т.б. ауытқулар пайда болған жағдайларда, алдын алу жаттығулары ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Жалпы дамытатын жаттығулардың үлкен білім беру мәні бар. Олардың орындау барысында балалар әр алуын қозғалыстармен танысып, қозғалыс күші, жылдамдығы, ырғағы, қарқыны және теңселу шегі жайлы біртіндеп дұрыс түсінік алуға көмектеседі. Тіпті ең қарапайым, тым күрделі жаттығулар қозғалыстар үйлесімдерінің жетілуіне, қозғалыс дағдыларын саналы меңгеруіне әсер етеді. Топтың жалпы дамытатын жаттығулардың келісімді орындауы ұжымшылдық сезімдерді тәрбиелеуге көмектеседі, ал музыка сүйемелдеуімен орындалатын жаттығулардың эстетикалық маңызы бар.

Күшейтілген бұлшық еттер қызметінің әсерінен бала ағзасында елеулі өзгерістер болады: қан тамырларының рефлективтік кеңеюі, жұмыс ағзасының, біріншіден, бұлшық еттерінің, одан соң, сол маңдағы мүшелердің, әсіресе сүйек пен оның компоненттерінің, қоректенуі жақсарады.

Спорт жаттығуларының әсерінен қаңқада болатын өзгерістер сүйектердің химиялық құрамына және олардың ішкі құрылысына және өсу және сүйектену процестеріне қатысты болады. Үлкен жүк-көтергіш сүйектер аз жүк-көтергіштегі сүйектерден гөрі, кальций тұздары мен минералдық тұздарға бай.

Акробат қазіргі заманғы жаттығуларды меңгеру үшін негізгі дене қасиеттері: күш, шапшаңдық, төзімділік, иілгіштік, ептілік, дамуының жоғары деңгейіне ие болуы тиіс.

Ептілік жаңа қозғалыстарды меңгеру қабілеті, кенеттен пайда болған жағдайға орай жылдам және дұрыс әрекет ету болып табылады. Акробаттық жаттығулар техникасын меңгеру процесі ептіліктің үздіксіз көрінуін талап етеді. Оны жетілдірудің үздік құралы акробатиканың өзі болып табылатындығы сөзсіз. Спорттың әр алуан түрлері сабақтарында ептілікті дамыту үшін акробатикалық жаттығуларды қолдану кездейсоқ нәрсе емес.

Иілгіштік – дене буындары мен сүйек қосылыстарында мүмкіндікті анатомиялық қозғалмалықты пайдалану қабілеті. Акробаттардың дене буындарында үлкен қозғалмалық бар. Оған бұлар жүйелі машықтану, бір қатар арнайы жаттығулардың орындау барысында жетеді.

Иілгіштікті балалық және жасөспірімдік шақта дамыту керек. Акробаттардың иықтың, ортан жіліктің ұршық басының, жіліншік-табан буындарының және омыртқа жотасы мүшеленуінің қозғалмалығын дамытуы аса маңызды болып келеді. Иілгіштік жаттығуларын бастамас бұрын, тиісті бұлшық еттер топтарын жақсылап дайындау қажет екендігін ескеру керек. Қозғалыстың теңселу шегін біртіндеп көбейту керек.

Кіші мектеп жасы - қабілеттерді (шапшаң және үйлестіру қабілеттері, біркелкі және үлкен қарқындылық тәртібінде ұзақ уақыт бойы циклдік әрекеттерді орындау қабілеті) дамыту үшін ең қолайлы шақ.

Бағдарлама мақсаттары:

Ұсынылатын бағдарламаның жалпы мақсаты – мектепке дейінгі балалық шақтың барлық кезеңдерінде бала дамуының жеке мүмкіншіліктерін есепке ала отырып дене тәрбиесінің сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру бағытын оңтайлы іске асыру.

Бала дене тәрбиесінің тиісті жетістігі

Міндеттері

сауықтыру

білімдік

тәрбиелік

[endif]->

дене қабілеттерін

дамыту

[endif]->

мүсін

[endif]->

дене тәрбиесі

[endif]->

дағды

[endif]->

білік

[endif]->

білім

[endif]->

тәртіп

[endif]->

өзара көмек

[endif]->

эстетика

Міндеттері:

Білімдік: Дене тәрбиесі және дене мәдениеті туралы бастапқы білім беру; қарапайым акробатикалық жаттығуларды орындаумен білім, білік-дағдыларын алуға ынталану; өзінің жеке даралығын қалыптастыруға, интелектуалдық және дене дамуына ынталандыру.

Білімдік міндеттің іске асуы үш компонентті шешу кезінде ғана мүмкін:

а) дене дайындығы;

ә) қозғалтқыш тәжірибе (бұрын алған қозғалмалы әрекеттердің, қозғалмалы білік-дағдылардың көлемі);

б) психикалық дайындық (әрекетке бастамашылық дайындығы және тәртіп мінезін анықтау).

Сауықтыру: Негізгі дене қабілеттерінің тиісті деңгейі; балалар денсаулығының гигиенасын нығайтату, дене тәрбиесі саласындағы білімдерін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Жүргізілетін жаттығулардың сипаттамалық ерекшеліктері:

а) мүсінді қалыптастыру үшін (олар арқылы омыртқа мен табанның дұрыс орналасуына әсер ететін бұлшық еттер нығаяды);

ә) тыныс алу мүшелерін дамыту үшін (әр кешен құрамына кіреді, негізгі тыныс алу бұлшық еттері, қабырғааралық бұлшық еттері, қарын бұлшық еті);

б) жеке дене мүшелеріне дамыту үшін (қол және иықтық, бел, дене және мойын, аяқ);

в) жеке қасиеттер мен қабілеттерді дамыту үшін (күш, иілгіштік, үйлестік, ептілік, шыдамдылық);

г) психиканың дамуына (назар аудару, тапқырлық, кеңістікте және уақытта бағдарлау);

Тәрбиелік: баланың жеке тұлғасының әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз ету, қозғалтқыш сала арқылы шығармашылық күштер мен қабілеттерді дамыту:

а) сабақ барысында тәртіптілікке, ұйымдастырушылыққа тәрбиелеу;

ә) балаларды әдептілікке, өнегелілікке, достарына ықыласпен қарауға баулу;

б) өз бетімен жұмыс жасауға, бастамашылыққа тәрбиелеу;

в) жігерлік қабілеттерін: қорқынышты жеңіп шығуды талап ететін әрекетте – батылдықты; шешім қабылданған соң, дереу әрекетті талап ететін жағдайларда – табандылықты; өз-өзін ұстай білу, сабырлыққа және т.б. қасиеттерді қалыптастыру;

г) жекешелікпен, өзімшілдікпен, әділетсіздікпен күрес жүргізу;

д) әсемдік қасиеттің қалыптасуына әсер тигізу, дененің үйлесімді, пропорционалды дамуына, қозғалыста мүсіннің, көркемдіктің, ептіліктің, әсемділіктің қалыптасуына мүмкіндік туғызу;

е) жағымды сезімдердің көрінуі үшін жағдай жасау.

5 жастағы балаларға арналған

бағдарламалық материалдың мазмұны

5 жасы – баланың белсенді өсуі және бала ағзасының даму кезеңі. Осы кезеңде мына ерекшеліктер еспке алынады:

1. Балаларға ұнайтын ойын жаттығуларын пайдалануға тырысу;

2. Практикалық материалға тыныс алу жаттығулары, жүріс, жүгіріс, аяқ, қол, дененің бұлшық еттерін дамытуға арналған жаттығулар, назар аударушылық және қозғалыстың үйлесім жаттығулары жатады.

3. Үлкен мән тыныс алу қабілеттерінің дамуына беріледі. Олар: қозғалыс жылдамдығы, ептілік, күш, шыдамдылық. Үйлесімді дамыған қозғалыс қабілеттері белсенділік, дербестілік, сенімділіктің көрінуіне мүмкіндік береді.

4. Дене жаттығуларын орындау кезінде балаларда ережелерге бағынуды, тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауды, тапқырлықты дамытуды тәрбиелеу.

Сауықтыру бағытты

< >Тәжiрибелiк материал сауықтыруға және дененiң толық құнды дамуына жағымды әсер ете отыра орындаушының психологиялық жағдайына бағытталған болуы қажет. Баланың тыныс алу және қимылды, орталық нерв жүйесiне мақсатты бағытталған әрекет етушi дене жаттығуларын қолдану. Мүсін мен жалпақ табанды түзететін жаттығулар Балалар жағдайына дәрігерлік-педагогикалық бақылау жасау.

Тәрбиелік бағыты

< >Сабақтарда балаларға ұнайтын ойын жаттығуларды қолдануБілімдік бағыты

1. Қоғалыстарға тұтас түрде ғана оқытпай, бөліктердің жеке құрамдарына, қалып пен күйлеріне үйрету

2. Балалардың дамып келе жатқан мүмкіншіліктерімен және үлгімен сәйкес жаттығулар орындалуының нақтылығы мен дұрыстығына жету, өз әрекеттерінің тізбектілігі мен сапасын қабылдау, елестету, талдау және бағалау.

3. Балаларды оқытушылармен арнайы ұйымдастырылған әртүрлі жағдайларда қозғалыстың әртүрлі тәсілдерін айырықшалауға, есте сақтауға және қолдануға үйрету.

4. Балаларды сабақтарда өз қозғалыстары мен достарының әрекеттерін бағалауға әдеттендіру.

5 жастағы балаларға арналған бағдарламалық материал

Жаттығулар түрлері:

< >Сапқа тұру және сапты түзеу Аяқ жаттығулары Дене жаттығулары Қол мен иық, белге арналған жаттығулар.

Жүру жаттығулары

< >Әртүрлі бағытта жүру 2. Аяқтың ұшымен, өкшемен, табанның ішкі және сыртқы қырымен жүру

3.«Жыланша» жүру

4. Қолды түрлі қалыпта ұстап жүру: белде, жанында, жоғары, желке тұсында т.б.

< >Қосалқы адыммен жанымен, алға, артқа жүру.

Жүгіріс және оның түрлері

< >Әртүрлі бағытта жүгіру Тізені жоғары көтеріп жүгіру Оң және сол қырымен жүгіру («Шоқырақ») Алға, артқа жүгіру Артқа, алға еңкейіп жүгіру.

Секіру жаттығулары

< >екі аяқпенсекіріп алға, артқа жылжу жоғары қарғи отыра алға, артқа жылжу Бір аяқта секіру Жүресінен отырып секіру Аяқтарды алшақтап қойып,алдына еңкейіп, алға, артқа секіру.

Еңбектеу, өрмелеу жаттығулары

< >«Тарақан»- шалқасынан аяқ, қолдың көмегімен алға,артқа еңбектеу Аяқтың көмегінсіз жатып қолымен жылжу Жазықтықта еңбектеп өту.Акробатикалық жаттығулар

< >Тоңқалаң асу (алға, артқа, оңға, солға) Алға, артқа тоңқалаң асу Жауырынға тұру Аяқты алшақ және бірге қойып еңкею Шатқа отыру (бойлай және көлденең) Дене қабілеттерін дамытуға арналған жаттығулар:а) шалқасынан жатып денені көтеру;

б) етбетінен жатып денені көтеру

в) шалқасынан жатып аяқтарын көтеру

г) етбетінен жатып аяқтарын көтеру

д) тізесіне отырып кеудені жерден көтеру

е) отырғышқа тіреліп шалқасынан жатып кеудені жерден көтеру.

Күтілетін нәтиже

< >Оқушылардың акробатика сабағына деген бастапқы қызығушылығы Денсаулық пен дене дамуының тиісті деңгейі Қалыптасқан сымбат және дамыған тіреу-қозғалтқыш аппараты Бағдарламалық материалдарды меңгеру (акробатикалық жаттығулар) 5. Сабақтағы тәртіптің қалыптасқан біліктері, жеке тұлғаның этикалық және эстетикалық қасиеттері.

6 жастағы балаларға арналған

бағдарламалық материалдың мазмұны

6 жас шыдамдылықтың, шапшандықтың жоғарылауымен, қозғалыстар үйлесімінің жақсаруымен сипатталады. Балалар оңай, ырғақты жүгіреді, жақсы секіріп, жаттығуларды үйлесімді дұрыс орындайды.

Сауықтыру бағыты

1. Баланың тыныс алу және қимылды, орталық нерв жүйесiне мақсатты бағытталған әрекет етушi дене жаттығуларын қолдану.

< >Мүсін мен жалпақ табанды түзететін жаттығулар Балаларды акробатикалық жаттығуларды орындау кезінде өз-өздерін сақтауға үйрету Балалар жағдайына дәрігерлік-педагогикалық бақылау жасау.

Тәрбиелік бағыты

1. Білімдер мен әдіс-тәсілдердің қолдануына және сабақтарда балалар қызметінің ұйымдастыруына үлкен мән беру

2. Белгілі нормаларға бағынған балардың тәртібін қалыптастыру үшін жағдай жасау

3. Жинақтаған білік-дағдыларын қолданып дене жаттығуларын саналы орындауға үйрету

4. Балаларды қозғалыстың әр түрлерін меңгеруде, ептілік, шыдамдылық, батылдық, тапқырлықтың көрінуде өз жетістіктерін көрсетуге құмарландыру; достарының сәтсіздіктеріне жан ашу, өзара көмек көрсету.

Білімдік бағыты

1. Қозғалыстың әртүрлі тәсілдері туралы, олардың күштегі, жылдамдықтағы, бағыттағы, сипаттамадағы, күрделіліктегі қолдануы, ұқсастығы және айырмашылығы туралы түсінік беру

2. Сұрақтарға жауап беруге, қарапайым қозғалыстарды талдауға, олардың сапасын бағалауға, қателерді түзетуге үйрету

3. Қозғалыс қабілеттердің, әсіресе жылдамдық-күшті мен ептілік, үйлесімдік қабілеттердің дамуына, шапшандықтың дамуына үлкен мән беріледі.

4. Бала қозғалысының сапалық және сандық нәтижесін табуға бағытталған жарыс әдісін пайдалану.

6 жастағы балаларға арналған бағдарламалық материал

Жаттығулар түрлері:

< >Сапқа тұру, сапты түзеуа) тізбекке, қатарға, екі тізбекке, жұппен сапқа тұру

ә) аяқтарын кезек-кезек көтеріп, адымдап солға және оңға бұрылу

б) сызық бойынша тізбекке, желкеге, қатарға түзелу

в) қолдарын алға созып тізбектік арақашықты ажырату

г) қолдарын жанына созу арқылы қатар арақашықтығын ажырату

< >Аяқ жаттығулары Дене жаттығулары Қол мен иық, белге арналған жаттығулар.

Жүру жаттығулары

< >Аяқтың ұшымен, өкшемен, табанның ішкі және сыртқықырымен жүру Жүріс және оның түрлері:а) жартылай отырып

ә) отырып

б) өкшеден табанға ауыстыра жүру

в) қолдарды жоғары, алға және жаққа ауыстыра отырып жүру.

Жүгіріс және оның түрлері

< >Әртүрлі бағытта «жыланша»жүгіру Алға және бағытты өзгертіп кейін қарай жүгіру Оң және сол жақпен «Шоқырақ» жүгірісі Арқасымен алға «Қайшы»: а) алға аяқтарын түзу ұстап сермеп жүгіру

ә) артқа аяқтарын түзу ұстап сермеп жүгіру

б) аяқтарын түзу ұстап екі жаққа, қолдарын екі жаққа сермеп жүгіру

в) арқасымен алға аяқтарын түзу ұстап сермеп жүгіру

< >Тірелуімен алға, артқа еңкейіп жүгіру.

Секіру жаттығулары

< >екі аяқтпенсекіріп алға, артқа жылжу Жоғары қарғи отыра алға жылжу Бір аяқта секіру Алға, артқа секіре отыра жылжу Аяқтарды алшақ қойып, алға еңкейтіп секіру Оң және сол жақпен екі аяқта секіріп жылжу Биіктікке секіру Биік емес заттардан екі аяқпен секіру Еңбектеу, өрмелеу жаттығулары

< > Жатып аяқтың көмегісізқолыменалға жылжу Гимнастикалық тордан өрмелеп өтуАкробатикалық жаттығулар

< >Алға, артқа, солға, оңға тоңқалаң асу Алға, артқа тоңқалаң асу Аяқтарын бүгіп баста тұру Оң, сол жағына тоңқалаң асу Аяқтарын алшақ қойып еңкею Шатқа отыру (бойлай және көлденең) Дене қабілеттерінің дамытуға арналған жаттығулара) шалқасынан жатып денені көтеру;

ә) етбетінен жатып денені көтеру

б) шалқасынан жатып аяқтарын көтеру

в) етбетінен жатып аяқтарын көтеру

г) тізесіне отырып кеудені жерден көтеру

д) отырғышқа тіреліп шалқасынан жатып кеудені жерден көтеру

е) гимнастикалық тордан өрмелеп өту

Күтілетін нәтиже

1. Дене жаттығулары сабақтарына, әсіресе акробатикаға, көтеріңкі дәлелденген қызығушылық

2. Акробатикалық жатығулар мен салауатты өмір салты туралы біілімдерінің қалыптасқан бастапқы деңгейі

3. Денсаулығы, дененің жұмыс қабілеті мен дене дамуының жоғарылатқан деңгейі

4. Қалыптасқан сымбат және дамыған тіреу-қозғалтқыш аппараты

5. Қарапайы акробатикалық жаттығуларды меңгеру

6. Жеке тұлғаның қалыптасқан этикалық, эстетикалық және тәртіптік қасиеттер. Жарқын жүзді және елгезек болу.

Акробатика үйірмесі

Тақырыбы: Доңғалақ жасау және алға домалану

Мақсаты: Балаларды доңғалақ жасауға және алға домалануға үйрету

Міндетті: Балалардың денсаулығын шынықтыру, тәртіптілікке, әдептілікке үйрету: Өз бетімен жаттығулар жасауға, басшылыққа тәрбиелеу. Жеке дене мүшелерін және тыныс алу мүшелерін дамыту.

Сабақ барысы:

< >Сапқа тұру

Жүгіру 30 сек Орта жылдамдықпен жүгіру

Белгі бойынша бағытты

өзгертіп жүгіру

«Жыланша» жүгіру

Оң /сол/ қырымен жүгіру

Жүру Тыныстарын қалыпқа келтіру

< >Жалпы дамыту жаттығулар /артқа/ енбектеу 1 жол

«Бақа» қимылымен жартылай

отыра алға / артқа/ секіру 1 жол

«Жылан» қимылымен алға

қолымен жүру 1 жол

Аяқтарын алшақтап қойып

алға /артқа/ секіру 1 жол тізелерін бүкпей

секіру керек

< >Аяқтарын біріктіріп еңкею 20 рет төменірек еңкею

керек

Аяқтарын алшақтап еңкею 20 рет

«Көбелек» жаттығуы 10 рет қолдарын созуға

тырмысу керек

«Көпір» жасау 5 рет жаттығуды жатқан

қалыпта бастау керек,

қолдарын түзу ұстау керек

< >Негізгі бөлімі- Аударылу 10 рет жаттығуды жасаған кезде

тығыз топталану керек

- Алға қарай домалану 10 рет

- Доңғалақ жасау 10 рет аяқты түзу ұстау,

қолмен аяқты дұрыс

қою керек

< >Сапқа түру қортынды жасау

14.03.2018

Содержимое разработки



Павлодар қаласының әкімдігі

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің

Павлодар қаласы №122 мектепке дейінгі гимназиясы

Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны























Павлодар 2007 жыл


















Автор құрастырушы: Сутбаева Ә.М












Бағдарламада автор 5-7 жас аралықтардағы балалардың дене бітімінің дамуындағы акробатиканың бала өміріндегі алатын орны мен маңызын көрсете отыра сабақты жүргізу жолдары, сүйенетін принциптер мен қолданатын әдіс-тәсілдерді ұсынып отыр.


















Мазмұны





  1. Түсiнiк хат…………………………………………………………..1-3 бет


  1. Бағдарламаның мақсат, мiндеттерi…………………………..4-5 бет


  1. 5 жастағы балаларға арналған бағдарламалық

материалдың мазмұны………………………….…….…………..6 бет


  1. 5 жастағы балаларға арналған материал………….…………7-8 бет


  1. 6 жастағы балаларға арналған бағдарламалық

материалдың мазмұны………………………………….…………..9 бет


  1. 6 жастағы балаларға арналған материал…………..……….. 10-12 бет


  1. Қолданылған әдебиеттер……………………………………….13 бет

















Түсінік хат


Қазіргі уақытта Қазақстанда балалар денсаулығының деңгейі едәуір төмендеді. Тыныс алу, ас қорыту мүшелері мен жүрек- қан тамырлары және қимылдатқыш жүйелерінің аурулары көп кездесуде. Осыған байланысты, денсаулық деңгейін жоғарылату және гиподинамия зардабын төмендету мен жалпақ табанды түзету мақсатында дене жаттығуларының әр түрлерін қолдану мәселесі шиеленісуде. Балабақшада дене жаттығуларымен шұғылдану өте маңызды орын алады. Оқу бағдарламасымен алдын-ала қарастырылған дәстүрлі құралдардың пайдалануымен бірге жаттығулардың дәстүрлі емес нысандары мен түрлерін пайдалануға болады. Оның біреуі – акробатика. Акробатика бала ағзасының барлық мүшелері мен жүйесіне әсер ететін әмбебап құрал болып табылады. Ол барлық бұлшық ет топтарына, тіреу- қозғалтқыш вестибулярлық аппарат пен жүйке жүйесіне пайдалы әсерін тигізеді. Акробатикамен шұғылдану барлық дене қабілеттері мен қасиеттерін дамытып, баланың эмоционалдық ортасына оң әсерін тигізеді.

Осы бағдарлама 5 және 6 жастағы балаларға арналған. Практикалық материал әр жас үшін саралап баяндалған. Сабақтар аптасына 3 рет 30 минуттан жүргізіледі.

Акробатикамен шұғылдану балабақшада баланың дене және рухани күштерінің дамуына табысты әсер ететін, балаларда бастапқы білім, дағды-біліктерді қалыптастыратын және дамытатын, оны тәрбиенің басқа түрлерінен ерекшелейтін дене тәрбиесінің жетекші пәндерінің бірі болып табылады.

Бала жасы – дене қалыптасуы мен өсуінің, ағза және психиканың барлық жүйелері функцияларының дамуын, жеке тұлғаның қалыптасу ерекшеліктерін ашатын кезең. Бұл бала дамуына дене тәрбиесі құралдарымен оң әсер тигізетін қолайлы кезең. Атап айтқанда, балабақшада жан-жақты үйлесімді даму, білім, тәрбиелеу мен сауықтырудың барлық жағдайлары бар.

Акробаттың дене дайындығы – акробатиканың әртүрлі жаттығуларын (элементтерін, олардың қосындылары мен бірлескен қиыстыруларын) ойдағыдай меңгеру үшін қажет дене қасиеттерін тәрбиелеу процесі.

Акробаттың жан-жақты және арнайы дене дамуының процесі болып табылатын дене дайындығы осы қасиеттерді белгілі деңгейге дейін тәрбиелеуге (дамытуға) бағытталуы тиіс.

Жан-жақты дене тәрбиесінің міндеттерін шешуде маңызды рөл жалпы дайындық жаттығуларына (акробатикалық және спорттың басқа түрлеріне) аударылады. Бұл жүру пен жүгірудің әр алуан түрлері, секіру мен лақтыру, салмақ салу жаттығулары (гантелдер, гірлер, штанга), сымбат кемістіктерін түзетуге арналған жаттығулар және т.б.

Жалпы дене дайындығы жаттығуларының белсенді демалыс құралы ретіндегі маңызы да үлкен. Оларды сабақтар әртүрлілігі, күн сайынғы мамандандырылған дайындықтар кезінде пайда болатын психикалық шиеленіс пен жалығу құбылыстарынан арылу үшін енгізіледі.

Әр сабақ жалпы дамытатын жаттығулар кешенінен тұратын денені шынықтырудан басталады. Жалпы дамытатын жаттығулар спорттың көпшілік түрлерінде кең пайданылады, олар балалармен жаттығулар жасау, әртүрлі құраммен сауықтыру бағыттындағы жаттығулар мазмұнының негізін құрайды.

Жалпы дамытатын жаттығуларды әр сабаққа енгізу қажет. Кешенге қол, иық бойы бел, аяқ, дене және мойын жаттығулары енуі керек.

Балаларды дұрыс, терең тыныс алуға үйретуде және үйлесімді сымбатты қалыптастыруда жалпы дамытатын жаттығулар өте қажет. Жалпы дамытатын жаттығулардың ерекше өзгешелігі – олардың жалпы ағзаға және бұлшық еттер мен дене буындарына айқын, бағытталған әсер етуі. Олар басқа жаттығулардан гөрі, әсіресе оқушылардың көкірек қуысында, омыртқасында, аяқтарында және т.б. ауытқулар пайда болған жағдайларда, алдын алу жаттығулары ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Жалпы дамытатын жаттығулардың үлкен білім беру мәні бар. Олардың орындау барысында балалар әр алуын қозғалыстармен танысып, қозғалыс күші, жылдамдығы, ырғағы, қарқыны және теңселу шегі жайлы біртіндеп дұрыс түсінік алуға көмектеседі. Тіпті ең қарапайым, тым күрделі жаттығулар қозғалыстар үйлесімдерінің жетілуіне, қозғалыс дағдыларын саналы меңгеруіне әсер етеді. Топтың жалпы дамытатын жаттығулардың келісімді орындауы ұжымшылдық сезімдерді тәрбиелеуге көмектеседі, ал музыка сүйемелдеуімен орындалатын жаттығулардың эстетикалық маңызы бар.

Күшейтілген бұлшық еттер қызметінің әсерінен бала ағзасында елеулі өзгерістер болады: қан тамырларының рефлективтік кеңеюі, жұмыс ағзасының, біріншіден, бұлшық еттерінің, одан соң, сол маңдағы мүшелердің, әсіресе сүйек пен оның компоненттерінің, қоректенуі жақсарады.

Спорт жаттығуларының әсерінен қаңқада болатын өзгерістер сүйектердің химиялық құрамына және олардың ішкі құрылысына және өсу және сүйектену процестеріне қатысты болады. Үлкен жүк-көтергіш сүйектер аз жүк-көтергіштегі сүйектерден гөрі, кальций тұздары мен минералдық тұздарға бай.

Акробат қазіргі заманғы жаттығуларды меңгеру үшін негізгі дене қасиеттері: күш, шапшаңдық, төзімділік, иілгіштік, ептілік, дамуының жоғары деңгейіне ие болуы тиіс.

Ептілік жаңа қозғалыстарды меңгеру қабілеті, кенеттен пайда болған жағдайға орай жылдам және дұрыс әрекет ету болып табылады. Акробаттық жаттығулар техникасын меңгеру процесі ептіліктің үздіксіз көрінуін талап етеді. Оны жетілдірудің үздік құралы акробатиканың өзі болып табылатындығы сөзсіз. Спорттың әр алуан түрлері сабақтарында ептілікті дамыту үшін акробатикалық жаттығуларды қолдану кездейсоқ нәрсе емес.

Иілгіштік – дене буындары мен сүйек қосылыстарында мүмкіндікті анатомиялық қозғалмалықты пайдалану қабілеті. Акробаттардың дене буындарында үлкен қозғалмалық бар. Оған бұлар жүйелі машықтану, бір қатар арнайы жаттығулардың орындау барысында жетеді.

Иілгіштікті балалық және жасөспірімдік шақта дамыту керек. Акробаттардың иықтың, ортан жіліктің ұршық басының, жіліншік-табан буындарының және омыртқа жотасы мүшеленуінің қозғалмалығын дамытуы аса маңызды болып келеді. Иілгіштік жаттығуларын бастамас бұрын, тиісті бұлшық еттер топтарын жақсылап дайындау қажет екендігін ескеру керек. Қозғалыстың теңселу шегін біртіндеп көбейту керек.

Кіші мектеп жасы - қабілеттерді (шапшаң және үйлестіру қабілеттері, біркелкі және үлкен қарқындылық тәртібінде ұзақ уақыт бойы циклдік әрекеттерді орындау қабілеті) дамыту үшін ең қолайлы шақ.

Бағдарлама мақсаттары:

Ұсынылатын бағдарламаның жалпы мақсаты – мектепке дейінгі балалық шақтың барлық кезеңдерінде бала дамуының жеке мүмкіншіліктерін есепке ала отырып дене тәрбиесінің сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру бағытын оңтайлы іске асыру.

Бала дене тәрбиесінің тиісті жетістігі

Міндеттері:

Білімдік: Дене тәрбиесі және дене мәдениеті туралы бастапқы білім беру; қарапайым акробатикалық жаттығуларды орындаумен білім, білік-дағдыларын алуға ынталану; өзінің жеке даралығын қалыптастыруға, интелектуалдық және дене дамуына ынталандыру.

Білімдік міндеттің іске асуы үш компонентті шешу кезінде ғана мүмкін:

а) дене дайындығы;

ә) қозғалтқыш тәжірибе (бұрын алған қозғалмалы әрекеттердің, қозғалмалы білік-дағдылардың көлемі);

б) психикалық дайындық (әрекетке бастамашылық дайындығы және тәртіп мінезін анықтау).

Сауықтыру: Негізгі дене қабілеттерінің тиісті деңгейі; балалар денсаулығының гигиенасын нығайтату, дене тәрбиесі саласындағы білімдерін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Жүргізілетін жаттығулардың сипаттамалық ерекшеліктері:

а) мүсінді қалыптастыру үшін (олар арқылы омыртқа мен табанның дұрыс орналасуына әсер ететін бұлшық еттер нығаяды);

ә) тыныс алу мүшелерін дамыту үшін (әр кешен құрамына кіреді, негізгі тыныс алу бұлшық еттері, қабырғааралық бұлшық еттері, қарын бұлшық еті);

б) жеке дене мүшелеріне дамыту үшін (қол және иықтық, бел, дене және мойын, аяқ);

в) жеке қасиеттер мен қабілеттерді дамыту үшін (күш, иілгіштік, үйлестік, ептілік, шыдамдылық);

г) психиканың дамуына (назар аудару, тапқырлық, кеңістікте және уақытта бағдарлау);

Тәрбиелік: баланың жеке тұлғасының әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз ету, қозғалтқыш сала арқылы шығармашылық күштер мен қабілеттерді дамыту:

а) сабақ барысында тәртіптілікке, ұйымдастырушылыққа тәрбиелеу;

ә) балаларды әдептілікке, өнегелілікке, достарына ықыласпен қарауға баулу;

б) өз бетімен жұмыс жасауға, бастамашылыққа тәрбиелеу;

в) жігерлік қабілеттерін: қорқынышты жеңіп шығуды талап ететін әрекетте – батылдықты; шешім қабылданған соң, дереу әрекетті талап ететін жағдайларда – табандылықты; өз-өзін ұстай білу, сабырлыққа және т.б. қасиеттерді қалыптастыру;

г) жекешелікпен, өзімшілдікпен, әділетсіздікпен күрес жүргізу;

д) әсемдік қасиеттің қалыптасуына әсер тигізу, дененің үйлесімді, пропорционалды дамуына, қозғалыста мүсіннің, көркемдіктің, ептіліктің, әсемділіктің қалыптасуына мүмкіндік туғызу;

е) жағымды сезімдердің көрінуі үшін жағдай жасау.



5 жастағы балаларға арналған

бағдарламалық материалдың мазмұны


5 жасы – баланың белсенді өсуі және бала ағзасының даму кезеңі. Осы кезеңде мына ерекшеліктер еспке алынады:

1. Балаларға ұнайтын ойын жаттығуларын пайдалануға тырысу;

2. Практикалық материалға тыныс алу жаттығулары, жүріс, жүгіріс, аяқ, қол, дененің бұлшық еттерін дамытуға арналған жаттығулар, назар аударушылық және қозғалыстың үйлесім жаттығулары жатады.

3. Үлкен мән тыныс алу қабілеттерінің дамуына беріледі. Олар: қозғалыс жылдамдығы, ептілік, күш, шыдамдылық. Үйлесімді дамыған қозғалыс қабілеттері белсенділік, дербестілік, сенімділіктің көрінуіне мүмкіндік береді.

4. Дене жаттығуларын орындау кезінде балаларда ережелерге бағынуды, тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауды, тапқырлықты дамытуды тәрбиелеу.

Сауықтыру бағытты

  1. Тәжiрибелiк материал сауықтыруға және дененiң толық құнды дамуына жағымды әсер ете отыра орындаушының психологиялық жағдайына бағытталған болуы қажет.

  2. Баланың тыныс алу және қимылды, орталық нерв жүйесiне мақсатты бағытталған әрекет етушi дене жаттығуларын қолдану.

  3. Мүсін мен жалпақ табанды түзететін жаттығулар

4. Жаттығуларды орындау қарқыны балардың дене күйіне сәйкес болуы

тиіс.

  1. Балалар жағдайына дәрігерлік-педагогикалық бақылау жасау.


Тәрбиелік бағыты

  1. Сабақтарда балаларға ұнайтын ойын жаттығуларды қолдану

2. Қозғалыс қабілеттерін: қозғалыс жылдамдығы, ептілік, күш, шыдамдылық, белсенділік, дербестілік, сенімділікті дамыту;

Балаларда ережелерге бағыну, өз бастамашылығымен қозғалыс әрекеттерін жауапты орындау біліктерін тәрбиелеу.

Білімдік бағыты

1. Қоғалыстарға тұтас түрде ғана оқытпай, бөліктердің жеке құрамдарына, қалып пен күйлеріне үйрету

2. Балалардың дамып келе жатқан мүмкіншіліктерімен және үлгімен сәйкес жаттығулар орындалуының нақтылығы мен дұрыстығына жету, өз әрекеттерінің тізбектілігі мен сапасын қабылдау, елестету, талдау және бағалау.

3. Балаларды оқытушылармен арнайы ұйымдастырылған әртүрлі жағдайларда қозғалыстың әртүрлі тәсілдерін айырықшалауға, есте сақтауға және қолдануға үйрету.

4. Балаларды сабақтарда өз қозғалыстары мен достарының әрекеттерін бағалауға әдеттендіру.


5 жастағы балаларға арналған бағдарламалық материал


Жаттығулар түрлері:

  1. Сапқа тұру және сапты түзеу

  2. Аяқ жаттығулары

  3. Дене жаттығулары

  4. Қол мен иық, белге арналған жаттығулар.


Жүру жаттығулары

  1. Әртүрлі бағытта жүру

2. Аяқтың ұшымен, өкшемен, табанның ішкі және сыртқы қырымен жүру

3.«Жыланша» жүру

4. Қолды түрлі қалыпта ұстап жүру: белде, жанында, жоғары, желке тұсында т.б.

  1. Қосалқы адыммен жанымен , алға, артқа жүру.


Жүгіріс және оның түрлері

  1. Әртүрлі бағытта жүгіру

  2. Тізені жоғары көтеріп жүгіру

  3. Оң және сол қырымен жүгіру («Шоқырақ»)

  4. Алға, артқа жүгіру

  5. Артқа, алға еңкейіп жүгіру.


Секіру жаттығулары

  1. екі аяқпен секіріп алға, артқа жылжу

  2. жоғары қарғи отыра алға, артқа жылжу

  3. Бір аяқта секіру

  4. Жүресінен отырып секіру

  5. Аяқтарды алшақтап қойып, алдына еңкейіп, алға, артқа секіру.


Еңбектеу, өрмелеу жаттығулары

  1. «Тарақан»- шалқасынан аяқ, қолдың көмегімен алға,артқа еңбектеу

  2. Аяқтың көмегінсіз жатып қолымен жылжу

  3. Жазықтықта еңбектеп өту.


Акробатикалық жаттығулар

  1. Тоңқалаң асу (алға, артқа, оңға, солға)

  2. Алға, артқа тоңқалаң асу

  3. Жауырынға тұру

  4. «Кәрзеңке»

  5. Аяқты алшақ және бірге қойып еңкею

  6. Шатқа отыру (бойлай және көлденең)

  7. «Көбелек»

  8. Көпірлер

  9. Дене қабілеттерін дамытуға арналған жаттығулар:

а) шалқасынан жатып денені көтеру;

б) етбетінен жатып денені көтеру

в) шалқасынан жатып аяқтарын көтеру

г) етбетінен жатып аяқтарын көтеру

д) тізесіне отырып кеудені жерден көтеру

е) отырғышқа тіреліп шалқасынан жатып кеудені жерден көтеру.


Күтілетін нәтиже

  1. Оқушылардың акробатика сабағына деген бастапқы қызығушылығы

  2. Денсаулық пен дене дамуының тиісті деңгейі

  3. Қалыптасқан сымбат және дамыған тіреу-қозғалтқыш аппараты

  4. Бағдарламалық материалдарды меңгеру (акробатикалық жаттығулар)

5. Сабақтағы тәртіптің қалыптасқан біліктері, жеке тұлғаның этикалық және эстетикалық қасиеттері.

6 жастағы балаларға арналған

бағдарламалық материалдың мазмұны

6 жас шыдамдылықтың, шапшандықтың жоғарылауымен, қозғалыстар үйлесімінің жақсаруымен сипатталады. Балалар оңай, ырғақты жүгіреді, жақсы секіріп, жаттығуларды үйлесімді дұрыс орындайды.


Сауықтыру бағыты

1. Баланың тыныс алу және қимылды, орталық нерв жүйесiне мақсатты бағытталған әрекет етушi дене жаттығуларын қолдану.

  1. Мүсін мен жалпақ табанды түзететін жаттығулар

  2. Балаларды акробатикалық жаттығуларды орындау кезінде өз-өздерін сақтауға үйрету

  3. Балалар жағдайына дәрігерлік-педагогикалық бақылау жасау.


Тәрбиелік бағыты

1. Білімдер мен әдіс-тәсілдердің қолдануына және сабақтарда балалар қызметінің ұйымдастыруына үлкен мән беру

2. Белгілі нормаларға бағынған балардың тәртібін қалыптастыру үшін жағдай жасау

3. Жинақтаған білік-дағдыларын қолданып дене жаттығуларын саналы орындауға үйрету

4. Балаларды қозғалыстың әр түрлерін меңгеруде, ептілік, шыдамдылық, батылдық, тапқырлықтың көрінуде өз жетістіктерін көрсетуге құмарландыру; достарының сәтсіздіктеріне жан ашу, өзара көмек көрсету.


Білімдік бағыты

1. Қозғалыстың әртүрлі тәсілдері туралы, олардың күштегі, жылдамдықтағы, бағыттағы, сипаттамадағы, күрделіліктегі қолдануы, ұқсастығы және айырмашылығы туралы түсінік беру

2. Сұрақтарға жауап беруге, қарапайым қозғалыстарды талдауға, олардың сапасын бағалауға, қателерді түзетуге үйрету

3. Қозғалыс қабілеттердің, әсіресе жылдамдық-күшті мен ептілік, үйлесімдік қабілеттердің дамуына, шапшандықтың дамуына үлкен мән беріледі.

4. Бала қозғалысының сапалық және сандық нәтижесін табуға бағытталған жарыс әдісін пайдалану.


6 жастағы балаларға арналған бағдарламалық материал

Жаттығулар түрлері:

  1. Сапқа тұру, сапты түзеу

а) тізбекке, қатарға, екі тізбекке, жұппен сапқа тұру

ә) аяқтарын кезек-кезек көтеріп, адымдап солға және оңға бұрылу

б) сызық бойынша тізбекке, желкеге, қатарға түзелу

в) қолдарын алға созып тізбектік арақашықты ажырату

г) қолдарын жанына созу арқылы қатар арақашықтығын ажырату

  1. Аяқ жаттығулары

  2. Дене жаттығулары

  3. Қол мен иық, белге арналған жаттығулар.


Жүру жаттығулары

  1. Аяқтың ұшымен, өкшемен, табанның ішкі және сыртқы қырымен жүру

  2. Жүріс және оның түрлері:

а) жартылай отырып

ә) отырып

б) өкшеден табанға ауыстыра жүру

в) қолдарды жоғары, алға және жаққа ауыстыра отырып жүру.


Жүгіріс және оның түрлері

  1. Әртүрлі бағытта «жыланша»жүгіру

  2. Алға және бағытты өзгертіп кейін қарай жүгіру

  3. Оң және сол жақпен «Шоқырақ» жүгірісі

  4. Арқасымен алға

  5. «Қайшы»:

а) алға аяқтарын түзу ұстап сермеп жүгіру

ә) артқа аяқтарын түзу ұстап сермеп жүгіру

б) аяқтарын түзу ұстап екі жаққа, қолдарын екі жаққа сермеп жүгіру

в) арқасымен алға аяқтарын түзу ұстап сермеп жүгіру

  1. Тірелуімен алға, артқа еңкейіп жүгіру.


Секіру жаттығулары

  1. екі аяқтпен секіріп алға, артқа жылжу

  2. Жоғары қарғи отыра алға жылжу

  3. Бір аяқта секіру

  4. Алға, артқа секіре отыра жылжу

  5. Аяқтарды алшақ қойып, алға еңкейтіп секіру

  6. Оң және сол жақпен екі аяқта секіріп жылжу

  7. Биіктікке секіру

  8. Биік емес заттардан екі аяқпен секіру


Еңбектеу, өрмелеу жаттығулары

  1. «Тарақан» -шалқасынан жатып қол мен аяқтың көмегімен алға, артқа еңбектеу

  2. Жатып аяқтың көмегісіз қолымен алға жылжу

  3. Гимнастикалық тордан өрмелеп өту


Акробатикалық жаттығулар

  1. Алға, артқа, солға, оңға тоңқалаң асу

  2. Алға, артқа тоңқалаң асу

  3. Аяқтарын бүгіп баста тұру

  4. Оң, сол жағына тоңқалаң асу

  5. Аяқтарын алшақ қойып еңкею

  6. «Көбелек»

  7. Шатқа отыру (бойлай және көлденең)

  8. Көпірлер

  9. Дене қабілеттерінің дамытуға арналған жаттығулар

а) шалқасынан жатып денені көтеру;

ә) етбетінен жатып денені көтеру

б) шалқасынан жатып аяқтарын көтеру

в) етбетінен жатып аяқтарын көтеру

г) тізесіне отырып кеудені жерден көтеру

д) отырғышқа тіреліп шалқасынан жатып кеудені жерден көтеру

е) гимнастикалық тордан өрмелеп өту















Күтілетін нәтиже


1. Дене жаттығулары сабақтарына, әсіресе акробатикаға, көтеріңкі дәлелденген қызығушылық

2. Акробатикалық жатығулар мен салауатты өмір салты туралы біілімдерінің қалыптасқан бастапқы деңгейі

3. Денсаулығы, дененің жұмыс қабілеті мен дене дамуының жоғарылатқан деңгейі

4. Қалыптасқан сымбат және дамыған тіреу-қозғалтқыш аппараты

5. Қарапайы акробатикалық жаттығуларды меңгеру

6. Жеке тұлғаның қалыптасқан этикалық, эстетикалық және тәртіптік қасиеттер. Жарқын жүзді және елгезек болу.

















Акробатика үйірмесі


Тақырыбы: Доңғалақ жасау және алға домалану

Мақсаты: Балаларды доңғалақ жасауға және алға домалануға үйрету

Міндетті: Балалардың денсаулығын шынықтыру, тәртіптілікке, әдептілікке үйрету: Өз бетімен жаттығулар жасауға, басшылыққа тәрбиелеу. Жеке дене мүшелерін және тыныс алу мүшелерін дамыту.


Сабақ барысы:

  1. Кіріспе

Сапқа тұру

Жүгіру 30 сек Орта жылдамдықпен жүгіру

Белгі бойынша бағытты

өзгертіп жүгіру

«Жыланша» жүгіру

Оң /сол/ қырымен жүгіру

Жүру Тыныстарын қалыпқа келтіру

  1. Жалпы дамыту жаттығулар

Екі аяқпен алға /артқа/ секіру 1 жол биік секіру керек

Оң /сол/ аяқпен секіру 1 жол

«Ит» қимылымен алға /артқа/ жүгіру 1 жол тез жүгіру керек

«Тарақандар» қимылымен алға

/артқа/ енбектеу 1 жол

«Бақа» қимылымен жартылай

отыра алға / артқа/ секіру 1 жол


«Жылан» қимылымен алға

қолымен жүру 1 жол


Аяқтарын алшақтап қойып

алға /артқа/ секіру 1 жол тізелерін бүкпей

секіру керек


  1. Керілу

Аяқтарын біріктіріп еңкею 20 рет төменірек еңкею

керек

Аяқтарын алшақтап еңкею 20 рет

«Көбелек» жаттығуы 10 рет қолдарын созуға

тырмысу керек

«Көпір» жасау 5 рет жаттығуды жатқан

қалыпта бастау керек,

қолдарын түзу ұстау керек



  1. Негізгі бөлімі

- Аударылу 10 рет жаттығуды жасаған кезде

тығыз топталану керек

- Алға қарай домалану 10 рет

- Доңғалақ жасау 10 рет аяқты түзу ұстау,

қолмен аяқты дұрыс

қою керек

  1. Сапқа түру қортынды жасау














-80%
Курсы повышения квалификации

Педагог дополнительного профессионального образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Акробатика" бағдарламасы (125 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт