Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  Жол тәртібін білейік

Жол тәртібін білейік

Жол тәртібін сақтайық

Мақсаты :Жол туралы түсіндіру

19.01.2019

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: «Жол тәртібін сақтайық»

Мақсаты: балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру.Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру, көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, көшедегі мінез – құлығын, өзін – өзі ұстауы, жол ережесіне байланысты сана – сезімін дамыту.

Көрнекіліктері: бағдаршам, жол белгілерінің макеттері, теледидар.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгіме құрастыру.

Қостілдік компонент: бағдаршам – светафор, қызыл-красный, сары – желтый, жасыл – зеленый.

Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбер:

Арайлап таң атты

Алтын сәуле тараты

Жарқырайды қаламыз

Жайнай түсті даламыз

Жол тәртібін білеміз

Біз білімді балармыз

Қайырлы күн қонақтар!

Қайырлы күн достарым!

Құрметті ұстаздар бүгінгі «Жол тәртібін сақтайық» атты тәрбие сағатымызға хош келдіңіздер!

Шуақты күндеріміз күндей күліп

Жүректі бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес,

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

-Балалар сендер балапан телеарнасын көресіңдерма,мультфилым көрген ұнайды ма, олай болса балалар теледидарға назар аударыңдар сендердің сүйікті мультфилыимдерің «Балапан және оның достары»

- Ал балалар мультфилым ұнадыма не жайында болды .Балапан және оның достарымен жарысып келе жатып жол ережесін бұзды, өз ара дауласып қалды,оларға көмеке ұстаздары келіп жол ережесін түсіндіреді. Балалар көрдіңдерме жол ережесін сақтау қажет.

- Жол заңы дұрыс жүріп абай болуды талап етеді.Жол тәртібін бұзса,ол қатер туғызады жолдың қалыпты қозғалысын көбнесе балалар жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтын, жүріп бара жатқан машинаға жабысып, сол себептерден жол қауыпсіздігі бұзылады

-Телефон шырылдайды (Бағдаршам ата хабарласады)

Сұтақтар:

-Жиек жол дегеніміз не?

Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегң тар жол

-Жайау адамға қай жермен жүруге болмайды?

Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.

Көшеде доп теуіп жүгіріп ойнауға болмайды.

-Балалар жол ережелерін сақтау үшін бізде көптеген жол белгілері бар,олар бізге көмек береді.

- Бағдаршам дегеніміз не?

Бағдаршам- жол ережесін реттеуші

- Олар қандай қызымет атқарады?

Ол жол қиылысынан өтуге көмектеседі,жаяу жүргіншілерді жол апатынан сақтайды.

- Бағдаршамда түстер нені білдіреі?

Ол жол көліктерін реттеп отырады

-Бұл белгі жаяу жүргіншілерге арналған белгі?

Жаяу жүргіншілерге арналған белгілердің барлығы көгілдір түс болады, жаяу адамдар көшеден тек сондай белгілер бар жерден өтуі тиіс.

-Бұл автобустын белгісі?

Егер көгілдір түсте белгіде болса, онда бұл автобус аялдамасының белгісі.

-Бұл белгі қызыл түсте болса ол тыйым салынған белгі?

Ойын «Не артық»

Ойының шарты: белгілердің ішінен артығын табу.

Ғажайып сәт: Бағдаршам ата қонаққа келеді.

Балалар амандасады.

Ал балалар амансыңдарма мені таныдыңдарма?

Мен туралы не білесіңдер,сенднрді жол ережесі туралы көп біледі деп естідім.

-Ал маған жол ережесі туралы айтып беріңдерші?

Балалар жол ережесі туралы білгендерін айтады.

-Ал балалар мен жұмбақ жасырайын?

Көліктің қаншасын үстінен өткізген

Іргеден басталып,алысқа жеткізген (Жол)

Көзін ашып жұмады

Бағыт сілтеп тұрады (Бағдаршам)

Жыламасын аналар Аяулым:

Жас ұландар өсе бер

Сақ болыңдар балалар

Сақ жүріңдер, көшеде

Жолға шықсаң далаға Мадина:

Жол оңай деп санама

Ережесін әрқашан

Қатаң ұста санаңа


Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға!

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма жасқанба!

Жасын көзін ашқанда,

Өте бергін жасқанба! Арсен







Суретпен жұмыс:

Ойының шарты: Балалар әрқайсыңыздың алдарыңда бағдаршамның суреті жатыр.Бірінші қатар «Дайындал!», екінші қатар «Жүр!», үшінші қатар «Тоқта!» көздерін бояп шығады.Болғандарымыз суретті көтеріп қойыңдар.Өте жақсы, балалар бүгін біз сендермен бағдаршам туралы көп мәлімет алдық,солай емеспе балалар.

-Бағдаршамның неше түсі бар?

Үш түсі бар олар қызыл, сары, жасыл.Олардың қызыметері қызыл түс тоқта,сары түс дайындал, жасыл түс жүреміз.

Қостілдік ком: бағдаршам- светафор, қызыл түс- красный свет,сары түс-жолтый свет,жасыл түс-зеленый свет.

Балалар біз салған суретімізді бағдаршам атаға сыйлайық

Ал балалар менің қайтатын уақытым болды сендер жол тәртібі туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер, сендердің сыйлықтарыңа көп-көп рахмет сау болыңдар.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Біздер жолға шығайық.

Ұзын қысқа жолдарды,

Біліп біздер алайық.

Оң аяқ, сол аяқ,

Жолдан өту оңай-ақ

Қортынды:

-Балалар балапан теле арнасынан қандай мультфилим көрдіңде?

Балапан және оның достары.

-Балапан және оның достары неге дауласты?

Жолға таласып дауласты.

-Оларға көмеке кім келді және не үйретті?

Оларға ұстаз келіп жол ережесін үйретті.

Ал балалар сабақты қорыта келе,бүгін біз жол тәртібімен таныстырдық, жол ережелерді бұзбау керке, жолда абай болумыз керек, жолда ойнамаймыз, жүгірмейміз. Жол ережелерін сақтасақ, сонда аман есен жүреміз.















-75%
Курсы повышения квалификации

Формирование положительной Я-концепции учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Жол тәртібін білейік (22.39 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт