Вся разработка на казахском языке
Сабақтың тақырыбы: Кестемен жұмыс, формула енгізу. Диаграмма құру
Сабақтың мақсаты: Мәтіндік редакторда жұмыс істеу, кесте құруды
диаграммаларды қолдануды формулалар енгізу тәсіліндерін меңгерту, сабақ барысында тұрмыста қолдануға дағдыландыру
Міндеттер:
- Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдануға дағдыландыру, логикалық ойлау қабілеттерін топтастыру жұмыстары арқылы дамыту, компьютерлік сауаттылықтарын арттыру.
- Ұқыптылыққа, іскерлікке тәрбиелеу, болашақта қызметтерінде қажеттілігін жеткізу.
Сабақтың түрі: Тәжірибелік
Сабақтың әдісі: Баяндау, топтық жұмыс, зерделеу жұмысы
Көрнекі – құралдар: Компьютер, проектор, электронды оқулық
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, ағылшын тілі, математика пәні
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
- Ұйымдастыру кезеңі:
Студенттермен амандасу, түгендеу, сабаққа даярлығын қадағалау.
Жұмыс түрі
- Ойын : «Алтын қақпа» ойыны.
Мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша білуге тиісті сұрақтар қарастырылады.
Шарты: Әр қақпада 5 сұрақтан беріледі. Экранда жабық ұяшықтар бойынша 15 сұрақ беріледі.
Берілген сұрақтарға толық жауап берген студенттер балдық жүйемен бағаланады.
«Тас қақпа» сұрақтары
- MS Word Кестесінің соңғы ұяшығына қатар қосу үшін қолданылатын перне? Tab
- Мәтінің оң, сол жақ шекарасын және азат жолды бірінші жол шегінісін көрсету үшін қолданылатын құрал ? Сызғыш
- Word кұжатында кестені жою үшін не істеу керек? Кестені белгілеп, Backspace пернесін басу.
- Word редакторында буферден деректерді ағымдағы құжатқа кірістіру пернелер комбинациясын атаңыз? Shift+Ins
- Word редакторында <Стильдер және пішімдеу> командасы орналасқан мәзір атауы? Пішім (Формат)
«Күміс қақпа» сұрақтары
- Word редакторында <Тізім> сұхбаттық терезесінде нені өзгертуге болмайды? Тізім элементтерінің мазмұнын
- Word редакторында деректерді буферге қиып алу пернелер комбинациясы? Shift+Del;
- Word редакторында саймандар панелінің санын анықтайтын команданы атаңыз? Түр
- Кестеде алфавит бойынша тізімді сорттау қалай іске асады? Таблица – Сортировка
- Word мәтіндік редакторінің қандай командаларының көмегімен құралдар тақтасына қажет пернелерді шығаруға болады? Сервис – Настройка - вкладка Команды
«Алтын қақпа » сұрақтары
- Word редакторында ерекшеленген мәтін фрагментін баспаға шығару жолы? Файл – Баспа – Ерекшеленген фрагмент
- Word редакторында терілген мәтін қандай кеңейтілумен (типпен) жазылады? . DОС
- Word Шрифт өлшемі қалай өзгереді? 1 – ден 1638 – ге дейін
- Word, Excel, Access, PowerPoint бағдарламалары басты менюдің қандай категориясында орналасқан? Бағдарламалар (Все программы) .
- Microsoft Word бағдарламасында формула редакторының атауы: Microsoft Equation
№ ІІ жұмыс.
Студенттер үй тапсырмасын презентация арқылы 2 студент қорғайды. Өткен сабақты толық меңгергенін байқатады.
- Студент : «Құжатты безендіру» түрі
- Студент: «Суретке әртүрлі объектілерді орналастыру және мәтін енгізу»
- Жаңа сабақ:
Студенттерге қойылатын мақсат:
Кесте, диаграмма құрып, формулалар енгізу әдістерін меңгеру
Өткен сабақпен бүгінгі сабақтың байланысы: Біз өткен сабақта фигуралардан кесте құрып мәтін енгізсек, бүгінгі сабақта әр түрлі кесте құрып, кесте жолына формула енгізіп, диаграмма құру болып табылады.
Жоспар:
- Кесте құру жолы;
- Диаграмма түрлерімен жұмыс;
- Формулалар енгізу
Нығайту:
Кесте – бағандар мен жолдарда реттелген информация. Кесте жолдар мен бағандардың қандай бір санынан тұрады. Жолдар мен бағандар қиылысып ұяшық құрайды.
Word процессорында кестені екі түрлі әдіспен қоюға болады.
Бірінші: Таблица-Добавить таблицу командасы көмегімен
Екінші: аспаптар тақтасындағы Добавить таблицу батырмасын пайдаланып.
Бірінші жолмен кесте қою үшін Таблица-Добавить таблицу командасын орындаған соң экранға Вставка таблицы терезесі шығады. Число столбцов өрісінде баған санын, число строк өрісінде жол санын енгізіп, ОК батырмасын шертеді. Сонымен қатар оңай жолын таңдасақ төменгі командаларды орындаймыз.
- Вставка----- Таблица----- керектіні белгілеу;
- Вставка-------Вставить таблицу-----баған немесе жол -------ОК батырмасы;
- Вставка----Таблица------Нарисовать таблицу;
- Таблица Excel түрінде енгізуге болады
Диаграммалар деректерді графикалық түрде көрсетуге арналған. Диаграмманың бірнеше түрлері бар. Диаграмма элементтері: Тор, Тақырып, Аңыздан тұрады. Тақырып- диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру үшін қолданылады. Аңыз- диаграммаларда берілген деректердің қатарын ажыратуға көмектеседі. Диаграмма қою үшін Вставка-Рисунок-Диаграмма командасын орындау керек. Алдымен берілгендер кестесін толтырсақ, соған сәйкес диаграмма пайда болады. Содан соң қосымша безендірулерді орындаймыз. Қосымша өзгертулер орында үшін диаграмма белгіленген соң Word-тың меню командалары диаграммамен жұмыс жасауға арнайы өзгертіледі.
- Сабақты қорытындылау үшін: «Ақпараттық диктант» орындаймыз.
- Кестені даярлау үшін.... Кесте > Кесте қосу
- Ұяшықтарды біріктіру үшін...... Кесте > Біріктіру
- Кесте құру батырмасы қай қатарда орналасқан? Стандартты
- Ұяшық дегеніміз не?....... Баған мен қатардың қиылысуы
- Кестеге жақтау орналастыру үшін........ Формат> Шекара және Құю > Шекара
- Жаңа жол қосу үшін қолданатын перне....... Enter
- Ұяшықтарды бөлу командасы........... Бөлу
- Жолдарды кірістіру...............Кесте > Кірістіру > Жол қосу
8 .Үйге тапсырма: Жаңа ақпараттық технологиялар, информатикадан 30 сабақ оқулығы 185 бет. Қазақстанның халқы жөніндегі мәліметтен диаграмма құрастырып келу.
9.Студенттерді бағалау: Сабаққа белсене қатысқан, жұмысты толық орындаған студенттерді бағалау. Бағаны оқу журналына қою
Сіздердің столдарыңызда күннің суреті жатыр, оның бетіне қараңыз, сол және оң жақ беті әртүрлі: сол жақ қуаныштың белгісі, оң жақ көңілсіз. Егер сіздерде сабақтан кейін жақсы көңіл-күйлеріңіз қалса, онда сол жақ бетіне қосу белгісін қойыңыз.