«Желден жүйрік, таудан алып»
атты көңілді сайыс
Мақсаты: - дене шынықтыру пәнін мектепте жандандыру.
- оқушылардың денсаулығын арттыру.
- оқушылардың спорттық шеберлігін дамыту.
- мектеп құрамасын іріктеу.
- достыққа, сыпайылыққа тәрбиелеу.
I. Жарыс басқарушылары:
- Дене шынықтыру пән мұғалімдері, сынып жетекшілері және мектеп дәрігері мен медбикесі.
II. Жарыстың өткізілетін уақыты мен күні:
пән мұғалімі:
өткізілетін күні:
уақыты:
- өтілетін орны: спорт зал
қатысатын сыныптар: 8 «А», «Б», «В», «Г»
III. Жарысқа қатысушылардың міндеттері:
сынып жетекшілері оқушылардың жарысқа қатысуын қамтамасыз етуге;
жарысқа қатысушылар медициналық сараптамадан өткендер: оқушылардың денсаулығы жақсы деген, дәрігердің қолы қойылған қатынас қағазын тапсыруы тиіс.
біркелкі немесе бір түсті спорт киімін және аяғына резеңке аяқ киім кию керек.
жарысқа әр сыныптан 7 оқушы қатысуы тиіс. (ұлдар)
IV. Әділ қазылар алқасымен таныстыру:
1.
2.
3.
V.Сайыстың бағдарламасы:
Спортқа сенімменен біз сенеміз
Спортты жанға пайда деп білеміз
Айналыссақ спорттың әр түрімен
Белгілі ғой шынығады денеміз
Доп болар әлде басқа керме болар
Шынықсаң спортпенен көңілім толар
Спортпен денің де сау жанға жайлы
Алдағы асқақ арман орындалар
Спортта жүлдеменен жүрсек жанып
Алтын, күміс, қоладан елде танып
Даналар да бұрынғы айтқан екен
Болсақ дейміз желден жүйрік таудан алып
1. Эмблема жасау және девиз (әділ қазыларға тапсыру).
2. Желаяқ
Эстафеталық таяқшамен жүгіріп келіп гимнастикалық
төсеніштен алға қарай домалай өтіп, обручтардың ортасынан өтіп, келесі гимнастикалық төсеніштен алға қарай домалай өтіп, берілген белгіден айнала сол жаттығуларды кейін қарай қайталайды.
3. Жүйрік доп
Баскетбол добын аяқтың арасымен домалатып соңғы
тұрған оқушыға беріп, ол оқушы алға қарай жүгіріп, барьерлердің арасымен жыланша өтіп, берілген белгіден айналып, кейін қарай тура оқущыларды айналып алдына тұрып соңғы оқушыға допты аяқтың арасымен домалатып береді.
4. Білімділер
Әр командаға спорт түрінен тест сұрақтары беріледі. Барлық команда 3 минуттан кейін сұрақтың жауабын айтулары тиіс. (сұрақтары: олимпиадалық жарыстар, қазақтың ұлттық ойындары, атақты спортшылар туралы.)
5. Секіргіштер
Бұл сайыста оқушылар қапшықтың ішіне аяғымен кіріп қапшықтың аузын екі қолымен ұстап берілген белгіге дейін секіріп барып, белгіні айналып кейін секіріп қайтады.
6. Кімдер үй шаруашылығына мығым.
Оқушылар берілген ыдыстағы кортошкалардың қабығын жылдам аршуы қажет.
7. Капитандар сайысы.
Кермеге тартылу (турник). Бұл сайыстың ережелері:
қол иық көлемінде тұруы қажет.
иектің кермеден толық жоғары болуы тиіс.
аяқтың бүгілмей, түзу ұсталуы қажет.
сілкінбей тартылу қажет.
VI. Марапаттау:
I, II, III орын алған командалар мақтау қағазымен марапатталады.