Бекітілді:
Күні:25.12.15
Сабақтың тақырыбы: Шегіртке мен құмырсқа.
Сабақтың мақсаты:мысал мазмұнын түсіну, идеялық ұстанымындағы автордың ойына өзінше ой қосу арқылы пікір білдіруге мүмкіндік жасау
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже: мысалдағы жәндіктердің мінез-құлықтары арқылы адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді танып, баға беруді үйрену. Автор туралы мағлұмат беру.
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: мысалды талдау арқылы мазмұнын әсерлі жеткізе білу дағдыларын дамыту. Оқушылардың шығармашылық қуатын шыңдау.
Тұлғалық нәтиже: еңбексүйгіштікке, еңбекті бағалай білуге, жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: басты кейіпкерлердің суреттері, осы мысалдың негізінде түсірілген анимациялық фильм немесе осы мысалдың кітабы,авторлардың портреттері,тақырыпқа сай құрылған слайдтар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
-Үй тапсырмасын тиянақтап өту.
«Саңырауқұлақ жинау» ойыны арқылы ойналады.
1.Жазушы қысқы Нұра өзенін қалай суреттеген?
2.Эдуард қандай бала?
3.Эдуарттың ұлты кім?
4.Достық туралы мақал айт.
5.Досын құтқару кезінде оның қандай қасиеттері байқалды?
6.Қауіпті жағдайда Эдуард жылап қашса немесе қорқақтық жасаса,баланың жағдайы не болар еді?
7.Эдуардтың анасытуралы не айтуғаболады?
8.Балалардыңбастықатесіне болдыдепойлайсың?
---Балаларға қандай ескерту ереже айтар едіңдер?
---Әңгімеден не түйдіңдер?
ІI.Қызығушылығын ояту.
Жұмбақ шешу:
1.Қылдай белі бүгілген,
Өзіненде жүгі үлкен.
( Құмырсқа)
2.Өзі қара, шекілдеп,
секіреді, селкілдеп.
( Шегіртке)
Ал бүгінгі сабағымыз не туралы болатынын аңғара алдыңдарма?
Мысал деген көбінесе өлең түрінде жазылатын шағын шығарма, онда міндетті түрде ақыл-кеңес айтылады (нені істеп, нені істемеу керектігі жөнінде) немесе біреудің ақмақтығы ажуа етіледі. Мысал сәл-пәл ертегіге ұқсайды: әдетте онда адамдар емес, жан-жануар, кейде тіпті жансыз заттар әрекет етіп жатады.
Мысал арқылы бойымыздағы жаман қасиеттерден арылуға, жақсылыққа ұмтылуымыз керек.
Мысал
Кейіпкерлері Мағынасы
Жануарлар жаман әдеттен аулақ
Өсімдіктер жақсы мінез-құлыққа тәрбиелейді
заттар
ІІІ.Мағынаны тану
Бүгінгі күннің жадын және сабақ тақырыбын жазамыз.

Балалар мына суретке қарай қояйық кім екенін білемізбе?
Қане кім айтады Абай кім болған? Ақын, кемеңгер, данышпан,сазгер,Абай Құнанбаев жиырма екінші тамызда,мың сегіз жүз қырық бесінші жылы қазіргі Семей облысы, Абай ауданында дүниеге келген – мың тоғыз жүз төртінші жылы бесінші шілдеде 59 жасын-да қайтыс болған.
Абай - Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы сазгер, аудармашы. Ол орыс жазушыларының шығармаларын аударған.
Оқушылар,біз бүгінгі сабағымызда Абай Құнанбаевтың аудармашылығына тоқталамыз «Шегіртке мен құмырсқа»мысал өлеңімен танысамыз .Бұл өлеңді ақын орыс жазушысы Иван Крыловтан аударған.

Иван Андреевич Крылов – белгілі орыс жазушысы, мысалшы, журналист, академик .
И. А. Крылов 13 ақпанда 1769 жылы Мәскеуде офицердің отбасында дүниеге келген.
Қрыловтың мысалдары әрқашан да халықтың мұң-мүддесін қорғады. Сонымен қоса ұлы мысалшы жатып ішер жалқауларды, қорқақтарды, жақсылық білмейтін көпірме мақтаншақтарды әбден ажуа қылады.
Крыловтың мысалдары өте түсінікті әрі жатық, қалай жаттап алғаныңды білмей де қаласың. Сол мысалдардың бірнешеуін Абай Құнанбаев аударған.
Өлеңмен таныспас бұрын құмырсқа мен шегіртке туралы не білесіңдер.Соны ауызша айта қойыңдар.
ІV. Биологиялық анықтама
Құмырсқаның адам денсаулығына пайдасы: Аяғы ауыратындар кей жағдайларда құмырсқа илеуіне аяғын салып құмырсқаға шақтырған. Құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады. Оңтүстік Азия елдері, Мексика тұрғындары құмырсқаны тамақ ретінде де пайдаланады. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар.
Ауыл шаруашылығына өте қауіпті бунақденелілердің бірі - шегірткелер. Өзге жәндіктерден айырмашылығы - бір немесе екі жұп қанаттары бар. Сондықтан ұша алады.
«Шегірткеден қорыққан егін екпес»- демекші, жұмысшылар олардан қорғану шаралары жасайды. (видео)
« Шегірткелер егін жер, екпей- сеппей тегін жер» -деген мәтелді халық бекер айтпаған.. Ал олардың жаушоғылдары мен үйірлері 1-2сағаттта жүздеген гектарды жеп қояды.
V.Сөздік жұмысы:
Сабан-орылып алынған бидайдың сабағы
Илеу-құмырсқаның үйі
Гөлайттап-қыдыру
Сауықшыл-тойшыл, сауыққұмар
Асырау-бағу, қағу
Жарайсыңдар балалар, енді «Шегіртке мен құмырсқа» мультфильмін тамашалап отырып, аудиоөлеңмен танысайық. Мұқият тыңдаймыз.
VІ. Оқулықпен жұмыс
Сұрақ жауап арқылы талдау жүмысы
1.Шегіртке жазды қалай өткізді?
2.Шегірткенің жазды күні жағдайы қалай болды?
3.Ол құмырсқаға неге келді?
Шегірткені ақын қандай адамға теңейді?
Өмірде шегірткеге ұқсас адамдар бола ма? Өзің шегірткеге ұқсап қиналып қалмас үшін не істер едің?
Сергіту сәті.
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатты жұмысқа
Допты қойдым алдына
Оң жағына қарады
Солжағына қарады
Тау екен деп ойлады
VІІ. Топтық жұмыс
1-топ.1. Құмырсқа мен шегірткеге мінездеме бер
жалқау
Құмырсқа әділ
ақылды
жұмыссыз
Шегіртке еңбекқор
сауықшыл
шыншыл
бас пайдасын білмейді
2.Құмырсқаға бес жолды өлең
Не? құмырсқа
Қандай? қара,кішкентай
Не істейді? еңбектенеді,қозғалады,тістейді
Сөйлем Құмырсқа- дірі жасайтын жәндік.
Синоним жәндік
2-топ. 1.Венн диограммасын толтыру
құмырсқа шегіртке
Жәндік тірі табиғат
Секіреді
Ұшады
Зиян келтіреді
Еңбекқор
Кішкентай
Пайдалы
2.Шегірткеге бес жолды өлең
Не? шегіртке
Қандай? зиянды,жасыл,
Не істейді? секіреді,ұшады,қозғалады
Сөйлем Шегіртке- өте қауіпті жәндік.
Синоним жәндік
3-топ. 1.Өлең аяқтау
______________ еңбекті
_______________ терлепті
_______________ сайрандап
________________ келмепті
2.Оқиға мазмұнын суреттер бойынша ретімен орналастыр

VІІІ.Ұжымдық жұмыс
Эссе жазу
Шегірткеге айтар ақылым
ІХ.Қорытынды. «Ойымды аяқта» ойыны
1.Күз келді ------------------------------------------------------------Күн суытты
2.Шегіртке жаз бойы-------------------------------------------------Гөлайттап жүріп ән салды
3.Құмырсқа жаз бойы -----------------------------------------------Илеуіне азығын тасып алды
4.Сауықшыл сорлы бүкшиіп, селкілдеп келіп жығылды----Құмырсқаның аяғына бас ұрды
5.Ала жаздай ән салсақ----------------------------------------------Селкілде де билей бер
6.Мысалды жазған----------------------------------------------------И. Крылов
7.Мысалды аударған--------------------------------------------------Абай
---Балалар, осы мысал бізді неге үйретеді?
(Еңбекқор болу, біреуге тілембеу, бекер, босқа уақыт өткізбеу.)
Еңбек туралы қандай мақал білесіңдер?
Еңбектің наны тәтті
Жалқаудың жаны тәтті» мақалының мағынасын сұрау. Олай болса Абай атамыз айтқандай, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп еңбекті сүю керек екен.
Х.Бағалау.
ХІ.Үйге тапсырма беру 1.Мысалды жаттап алу
2.Құмырсқа мен шегірткенің суретін салу
3.Еңбек,жалқаулық туралы мақалдар жаз

Шегіртке мен құмырсқа (1.66 MB)

