Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін тексеру,дамыту; ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу,өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып,негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру; Шәкәрім лирикасы мен Абай өлеңдерінің үндестігін тануда оқушыларды өзіндік ой қорытуға бағыттау.
Тәрбиелік: Шәкәрімнің өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын , адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу,адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік,ішкі рухани тазалыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін,нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын шыңдау, өзін-өзі дамыту,коммуникативтік,оқу-танымдық құзіреттіліктерін дамыту.
Сабақтың барысы :
1.Ұйымдастыру кезеңі : а)Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу;
ә)Сабақ мақсатымен, барысымен таныстыру.
Мұғалім сөзі:
Балалар, біз бүгін Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығарма-
шылығы бойынша оқып білгендерімізді ортаға салып, жинақтап,қорытындылауға тырысамыз.
Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан тұлғаларымыздың бірі- Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім-қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген , қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен кемеңгер ақын еді. Қытымыр, қилы заманда оққа ұшқан ақын есімі халық санасынан аласталмақ болды. Бірақ...өзі өлсе де аты өшпейді. Осы ретте Абай атамыздың «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»,-деген өлең жолдары ойымызға оралады. Ұлы ақын өлсе де ,ұрпағына ғибрат етіп қалдырған мұрасы бар.Ол мұраны сақтау, одан тәрбие алу біздің міндетіміз.
2. «Ой қозғау». «Шәкәрім кім?» Интерактивті тақтадан Шәкәрім туралы слайд көрсетіледі, әр топ оқушылары Шәкәрім бойынша өз білімдерін ортаға салады.
3. «Ассоциациялық аймақ» кестесі. Оқушылар тақтадағы кестеге ақын туралы білетіндерін жазады.
Өмір сүрген кезеңі
Шыққан тегі
Шәкәрім
Несімен атақты?
Кім?
4.«Шәкәрім -Абайдың талантты шәкірті ».Шәкәрім мен Абайдың ұстанған жолдарындағы ұқсастық пен айырмашылықты байқайық. (Венн диаграммасын жасату )
Абай ұқсастығы Шәкәрім
5. Абай мен Шәкәрім шығармаларын салыстыру
Қазақ поэзиясының асқар шыңы Абай қалдырған шығармашылық дәстүрді жалғастыра отырып, өз жаңалықтарымен байытып өрнектеген Шәкәрім Құдайбердіұлының көркем мұрасы-әдебиетіміздің асыл қазынасы. «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа үңілдім» деген Абай мектебінен тағылым алып, оның жолын жалғастырған Шәкәрім өлеңдері ақын өлеңдерімен үндесіп жатады.
Оқушылар ақындардың өлеңдеріндегі ұқсастыққа тоқталады. Мысалы:
Шәкәрім: Адам үшін еңбегім,
Өмірден барлық тергенім.
Қалағанын қарап ал,
Мұрам сол ,жастар бергенім.
Абай: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды ертегіні термек үшін,
Көкірегі сезімді,тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Шәкәрім: Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек
Бұған ұйқасты өлең сөз керек,
Өзіне орайлы,
Ән-өлшеуіш
Өлең – күміс
Қоспаңыз мыс аралас.
Абай: Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
6. Сергіту сәті.
Мұғалім сөзі: Шәкәрім Абайдың сазгерлік дәстүрін ары қарай жалғастырушы.Шәкәрім жастайынан домбыра тарту, гармонда ойнау,ән айту сияқты өнер түрлеріне ден қойған. Оның әсем сазға толы «Жастық» , «Шын сырым», «Анамнан алғаш туғанымда», «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» т.б. әндері бар.
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй»,-деп ұлы Абай атамыз жыр еткендей, ендігі кезекті әсем әнге берейік. ( Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әні тыңдалады).
7.Мағынаны ашу «Ойлан,тап».Мұғалім сөзі: Шәкәрім өлеңдерінің тақырып ауқымы өте кең.Соның ішінде ойып орын алар тақырып-рухани –адамгершілік мәселесіне қатысты ойлары.Шәкәрім ар-ұятты жоғары қояды.Тақтаға назар аударыңдар.Санда жасырынған сұрақтарға жауап беріңдер .
6
5
4
3
2
1
Сұрақтары:
Қазақ халқы- қонақжай , бауырмал халық.Айналаңды дос тұту,бауырыңа тарту-бұл да адамгершітіктің жоғары түрі.Бұл мәселе Шәкәрім өлеңдерінде қалай көрініс тапқан?
Адам өмірінің мәні неде? Адам баласының борышы не?
Шәкәрімнің уағыз,ақыл-кеңес,насихат түрінде жазған қандай өлеңдері бар? Мәнерлеп ,жатқа айтыңдар.
Шәкәрім лирикасының көркемдік тіл ерекшелігі. Ақын өлеңдерін қуаттандырып ,нұрландырып тұрған қандай көркемдегіш құралдардың түрлері кездеседі?
Өзгеге жақсылық жасау, мейірімді болу идеясы Шәкәрім поэзиясында қалайша орын алған?
Ынсап,рахым,ар-ұят.сабыр,сақтық туралы ақын не дейді?
8.Оқушылар сұрақтарға жауап бергеннен кейін тақтамен жұмыс басталады. Интерактивті тақтада ақынның өлеңдерінен бір шумақтан шығады,әр топтан оқушы шығып,өлеңді құрылысына,тіліне қарай талдайды
І топ
Кел,жастар,біз бір түрлі жол табалық ,
Арам айла,зорлықсыз мал табалық .
Өшпес өмір,таусылмас мал берерлік ,
Бір білімді данышпан жан табалық.
ІІ топ
Біреу жүр алдап алып қайта малын,
Жалындай тысқа жаққан күнде шалқып.
Көпке пайда тигізіп біреу жүрсе
Ғылым іздеп жап-жатық майдай балқып.
ІІІ топ
Жібектей қап-қара таралған шашың бар,
Бұлдырсыз тап-таза жаралған басың бар.
Қардай аппақ әжімсіз маңдайың кең,
Қынаптан суырған қанжардай қасың бар.
( «Шын сырым»)
9. «Шәкәрім шыңы». Сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты қорытындылап,бекіту.
А) Шәкәрім-лирик. (өлеңдерінің тақырыбы)
Ә) Шәкәрім-аудармашы (кімнің қандай шығармаларын аударған?)
Б) Шәкәрім-эпик (поэмалары)
В) Шәкәрім –сазгер (әндері)
Г) Шәкәрім –жазушы (әңгімелері.романы)
Д) Шәкәрім-тарихшы,ойшыл (зерттеулері,философиялық
Жазбалары).
Үйге тапсырма: Шәкәрім дастандарының тақырыбы мен идеясын зерттеу. «Дана сөздің дарасы» ой толғау .
Оқушыларды бағалау.