Сабақтың тақырыбы: Сыныбы: Сабақтың мақсаты:
Міндеттері: Білімділік:
Дамытушылық:
Тәрбиелік:
Көрнекіліктер:
Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдері:
Пән аралық байланыс:
Сабақтың типі:
Сабақтың түрі:
Сабақ жоспары:
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Қызығушылықты ояту:
Пікірлесу сұрақтары:
Жаңа ақпарат:
Шығармашылық жұмыс:
Назар аударайық:
Мәтінмен жұмыс:
Тапсырма:
Үй тапсырмасы:
Рефлексия:
Қорытынды:
| Отбасы – өмір аясы
«Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету;
алдағы өмірге даярлау.
Бейне материал, тақырыпқа байланысты суреттер. Қызығушылықты ояту, пікірлесу сұрақтары, жаңа ақпарат беру, ойын, тренинг, мәтінмен жұмыс, үй тапсырмасы, қорытынды, рефлексия. Әдебиет
Жаңа білім, білік, дағдыны қалыптастыру сабағы
Аралас сабақ
1. Ұйымдастыру кезеңі 2. Қызығушылықты ояту 3. Пікірлесу сұрақтары 4. Жаңа ақпарат 5. Шығармашылық жұмыс 6. Назар аударайық 7. Мәтінмен жұмыс 8. Тапсырма 9. Үй тапсырмасы 10. Рефлексия 11. Қорытындылау
Сәлеметсіздерме ме, балалар? Көңіл – күйлерің қалай?
Балалар, барлығымыз бірге «Ақ босаға» әнін бірігіп тыңдайық. «Ақ босаға» Сөзі: С.Желдербаеванікі Әні: М.Рүстемовтікі
Балалар, бүгінгі тақырыбымыз «Отбасы – өмір аясы». Осы тақырып төңірегінде әңгімелесейік. • «Отбасы», «отау», «отағасы», «отау иесі» деген ұғымдарды қалай түсінесіз? • Отбасы негізі неде деп ойлайсыз? Отбасы: -Ата-ана -бала -туған-туыс -сыйластық, -сүйіспеншілік орнаған орта.т.с.с.(кластер құру) Отау- Отағасы - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Отбасы - сыйластық , жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. « Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын , ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз. «Өз үйім өлең төсегім» деген қазақ даналығында айтылғандай өз отбасың, өз үйің әрқашан жылу тартып, жанға жақын болады. Сол себепті де әр адам өз отбасын сыйлап, құрметтей білуі шарт.Себебі қазіргі кезде көп жастар шет елдерде оқып, сол елдерде қалып қояды.Бұдан Отанға деген ешқандай ізгі ниетті байқамаймыз, сондықтан да отбасын қалай қадірлейміз, дәл солай Отанды да қадірлеп, қолдан келгенше аялауымыз керек!Не болса да Отанның бір бөлшегі – отбасыңа ештеңе де жетпейді! Өйткені отбасы – табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы! Соны мәңгі есте сақтап, ұмытпаған жөн!
Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі. «Үйлену оңай – үй болу қиын» дейді халық мақалы. Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның ақ неке қиып, отау тігуінен құралады. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата-бабасының салт-дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата-ананың ең маңызды міндеті. «Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпыадамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.
«Беркесіздіктен құлаған үйді қайта тұрғызу.» Сурет салып, ішіне сөздер жазу.
Қ. Толыбаевтың шығармасынан үзінді оқыту және оқушының есінде қалатын негізгі ұғымдарды анықтатып, тақтаға жазғызу. Отбасы- тәрбие бесігі. Ұрпақтың жақсылығы мен жамандығы отбасында қалыптасады. Әр тұлғаның болашағына аттанар тұғыры.
Ш. Айтматовтың «Мұрап» әңгімесінен үзінді оқу.
• Қаратайдың отбасына қандай сипаттама берер едіңіздер? Қаратайдың баласын жұмыстан келе сала іздеуі, сүйсіне алдына алып, аттың тізгінін беруі, оған жұрттың қызыға қарап, айтатын қоштау сөзі. Қанымгүлдің отбасының тату – тәтті тіршілігіне ризашылығы. Олардың бірін-бірі сүюі ең басты құндылық. • Отбасының берекелі болуы кімге байланысты деп ойлаймыз? Әр күнді мерекедей қылып өткізу әр отбасы мүшелерінің өздеріне байланысты. Отбасы жарастығы беки түсу үшін әр отбасы мүшесі өз үлесін қосуы керек.
Балалар, өздеріңді әке, ана рөлінде елестетіп көріңдер. Елестетіп көрдіңдер ме, олай болса берекелі отбасы болу үшін ата – аналарға ақыл кеңестеріңді жазп көріңдер. Осы сендердің ойларыңды біріктіре келіп, «бақытты отбасы» формуласын шығарып көрейік. БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ= ЖҰБАЙЛАР АРАСЫНДАҒЫ СЫЙЛАСТЫҚ+АТА – АНАЛАР ЖӘНЕ БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ СҮЙІСПЕНШІЛІК + МАТЕРИАЛЬНОЕ БЛАГОПОЛУЧИЕ
Балалар, үйден отбасы туралы өнегелі сөздер қарастырып әкеліңдер.
Балалар, «SMS» рефлексиясын орындайды. Қағаз ұялы телефондар таратылады. Телефонға бүгінгі сабақтан алған әсерлерін немесе бір – біріне тілектерін жазып, оқиды.
«Отбасы құндылықтары» бейнематериалын көру.
Сабақ аяқталды, сау болыңдар, балалар. |
|