Түймелік. Киімнің сәніне қарай түймелік киімнің алдыңғы не артқы бойына, бүйір не иық тігісіне, сәнді тігіс бойына, юбка тігісінің қосылған жерінде, жең манжеттерінде орналасады. Түймелікті түймелі, сыртылдақты, сыдырмалы етіп жасауға болады. Түймелікті өңдеуге қажетті фурнитураларды жапсырып, ілгек дайындау ғана емес, сонымен бірге түймеленетін детальдар мен түймелікті тігу, торлау да жатады.
Түйме түймелігі.Түйме қадалатын жерлерді белгілеу үшін киімнің ілгегі бар шетін екінші шетіне салып, яғни алдыңғы бойдың (не артқы бойдың) бір жағының ортасын екіншісімен беттестіріп ілгектің басталар жеріне түйреуішті түйреп қою керек. Ілгектің басына дейінгі арақашықтық түймеленген түйме өңірдің шетіне шығып кетпейтіндей болуы керек. Түймені мата түсіне сәйкес жіппен тігеді. Ілгектерді алдыңғы бойдың ортасынан белгілі бір арақашықтықта (0,2—0,3 см) белгілейтін болғандықтан түймені алдыңғы бойдың тура орта сызығына қадайды. Егер түймелік үшін вертикаль ілгектер жасалған болса, алдыңғы бойлар бір-бірінен артылып, асып тұрмауы үшін жоғарғы түймені ілгектің жоғарғы шетіне, төменгіні төменгі шетіне қадау керек. Ортадағы түймелерді жоғарыдан төмен қарай бірқалыпты етіп қадап шығады. Түймені әдетте матаның қос қабатына, кейде (мысалы астарсыз пальтода) жалаң қабатына қалайды. Мұндай жағдайда іш жағынан матаның кішкентай қиық салып тігеді немесе кішірек түймелі қолданады. Ортасы тесілмеген, дөңес түймелерді қадағанда оған айналдыра жіп ораудың қажеті жоқ. Тесігі үлкен түймелерді төменгі жиектен 0,7 см қашықтықта тігу керек. Астар мен алдыңғы бойды ұзынынан алдыңғы бойдың белгіленген ортасы бойынша ішіне қарай қайырып, көктеп, үтіктейді. Сыдырманы ажыратып, әр бөлікті жеке-жеке астыңғы бетімен жоғары жағында шетіне 1,5 см-дей жетпейтіндей етіп астарға салу керек. Осы қалпында сыдырманың тістері мен астардың тістерін тегістей отырып көктеп шығады. Астарлы сыдырма көктелген жермен бірге алдыңғы бойдың іш жағына бүктеп қырын тегістеген соң көктеп, алдыңғы бой жағынан бүктелген жерден таспа баудың еніндей орын қалдырып машинамен тігіп шығады.
Спорттық үлгідегі киімдерге сыртылдақты түймелік жасау кең тараған. Сыртылдақ түсіп қалмау үшін оны матаның бірнеше қабатына бекітеді. Егер сыртылдақты жүн матадан тігілген бұйымдарға бекітетін болса, оның астына мақта-матадан астар салу қажет. Сыртылдақ бекітілетін жерлерді белгілеу үшін киімнің алдыңғы бойларын астар жағымен беттестіріп, оның орта сызығын түйреуішпен түйреп қою керек. Сыртылдақтардың қаншасы қажет екенін анықтап, белгіленген арақашықты түйреуішпен келесі жаққа аударады. Сыртылдақтар мен түймелердің орналасуын белгілей отырып негізгі сыртылдатар мен түймелер міндетті түрде кеуде, бел, мықын сызығына, қалғандары — солардың арасына орналасуы қажеттігін үмытпау керек.
2.
3.
4. 5.
6.
7. 8.
9.
10. 11.
12.
13. 14.
15.
16. 17.
18.