Меню
Разработки
Разработки  /  Музыка  /  Разное  /  Прочее  /  Ән айтудың адам ағзасына пайдасы

Ән айтудың адам ағзасына пайдасы

в статье рассматривается вопрос о пользе пения
24.12.2019

Содержимое разработки

Ән айтудың адам ағзасына пайдасы


Ғаламның үздіксіз дамуы, ғаламтордың адам денсаулығына кері әсерін тигізбей қоймасы мәлім. Қазіргі өркениеттің негізі, дені сау және рухани дамыған адам. Әр азаматтың негізгі құқықтарының бірі тәрбие және білім алу құқығы, денсаулығын қорғау және медициналық көмек алу болып табылады. Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі.  Атамыз қазақтың «Бірінші байлық - денсаулық», яки болмаса «Денсаулық – терең байлық» деген даналық мәтелдері тіршіліктің нағыз өзегінен алынған.

Қазіргі білім беру жүйесіндегі білім беру мазмұнының өзгеруімен, жаңа педагогикалық, оның ішінде денсаулық сақтау технологияларын және тағы да басқа инновациялық технологияларды қолданумен байланысты бірқатар өзгерістер жүргізілуде. Білім беру технологияларының жіктелуінде «денсаулық сақтау технологиялары» деген ұғым жоқ, себебі, ол нақты бір технология түрінде болмайды. Десек те, «денсаулық сақтау технологиясы» ұғымы - оқушы денсаулығын қалыптастыру, сақтау және нығайту бойынша жүргізілетін жұмыстың басын біріктіреді.

Денсаулық сақтау технологиясы денсаулықты қорғауға, өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған педагогикалық, психологиялық және медициналық қызметтердің бірлігін қалыптастырады.

Денсаулық сақтау технологияларының мақсаты – білім беру мекемесіндегі оқушының денсаулығын сақтау, оқушының өз денсаулығын сақтау туралы білімі мен дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін қолдана білуге үйрету. Барлық денсаулық сақтау технологияларының негізгі ерекшеліктері - оқушылар денсаулығын үнемі экспресс - диагностикадан өткізіп, бақылап отыру және ағзаның қалыпты дамуын бақылап, оқушы денсаулығы туралы қажетті қорытындылар жасау. Денсаулық сақтау технологияларының негізгі міндеті - оқушының еңбегі мен демалыс режимін ұйымдастыру, оқушының бүкіл оқу үрдісі барысында денсаулығына залал келтірмеу және аурудың алдын алу үшін жағдай жасау.

Осы ретті сапалы, әрі мәнді өмір сүру үшін адам өзін бақыттың бесігінен ғана көруі тиіс. Бақытты сезінудің бір әдісі - өз көңіл - күйіңде реттей білу, өзімізді қоршаған әлемнен, табиғаттан ләззат ала білуге тәрбиелеу.

Көңіліңіздің көтеріңкі болуына септігін тигізетін тәсілдердің қатарына музыка тыңдауды жатқызуға болады. Мәселен, Ежелгі грек философы Пифагор музыканың адам ағзасына, көңіл-күйіне қалай әсер ететіні туралы ғылыми анықтама берген.

Музыка – адамның жан дүниесін тыныштандырып, жүйке жүйесінің қызметін арттыра түседі. Ән айтудың пайдасын адам денсаулығына оң әсер ететінін медицина қызметкерлері ежелден дәлелдеген.

Жалпы ән салу:

  • есте сақтауды дамытады, яғни әннің мәтінін, ритмді, әннің әуенін және кідірісті есте сақтау керек;

  • суырып салмалық өнерге баулыйды;

  • сөйлеу белсенділігін дамытады, себебі ән салу барысында әннің әр сөзін анық айту керек;

  • тыныс алуды ретке келтіреді, бұл дұрыс тыныс алу арқылы респираторлық аурулардың алдын алуға септігін тигізеді, себебі, ән салу кезінде кідіріспен демді дұрыс алу маңызды.

Сондықтан, бүгінде музыкатерапия, вокалотерапия сынды ұғымдар пайдаланылуда. Яғни, ән айту «бақыт гармонының» (эндорфин) көптеп бөлінуіне себепкер болып, адамның көңіл – күйі көтеріліп, күш – қуаты артып, күнделікті өмірде болатын күйзеліске қарсы төтеп бере алады. Сондай-ақ, ән айту арқылы адам өкпесінің қызметі артып, бет терісі жақсарып, сымбаты келісе түседі. Ғалымдар адамның көмейін екінші жүрек дейді, себебі, ән айтып, көмеймен жұмыс жасау арқылы адамның ішкі ағза мүшелері өз қызметін толыққанды атқара бастайды. Дауыс ырғағының өзгеруі қан айналымының жақсаруына септігін тигізеді, атап айтар болсақ, төменгі дыбыстарда (низкие частоты) ән айту арқылы көктамыр мен күретамырдың қан айналымын жақсартсақ, ал жоғары дыбыстарды (высокие частоты) ән салу жіңішке қан тамырларының қызметін жақсартады және көмейдегі дауыс дірілі арқылы мидың тербелуін тудырады, нәтижесінде адам ағзасында қорғаныш күші пайда болады. Ән айту салдарынан бауырда діріл пайда болып, ішкі ағзаларға «өзіндік массаж» жасалады. Дауыс әсерінен болған дірілдің көп мөлшері дененің ішкі бөлігінде болғандықтан, диафрагма белсенді жұмыс атқарып, бауыр мен өт жолында болған тастар қозғалып, өт жолының жұмысы жақсарып, ішкі секреция бездерінің, ас қорыту ағзаларының жұмысын ретке келтіреді. Сонымен қатар, ән салу адамның өкпесіне өте пайдалы, себебі, ән айту кезінде адам демін тез алып, тыныс алуды бәсеңдетіп, баяу ауаны шығару арқылы өкпемізге оттегі қабылданып, сыртқа көмірқышқыл газын шығару арқылы қанды «пайдалы ауамен» қоректендіреді. Сол себепті, бронхит, пневмония сияқты аурудан жылдам айығып, демікпе, неврозбен науқастанған адамдарға ауруының асқынуының алдын алуға көмектеседі. Бүгінде ән сабақтарына дәрігердің жолдамасымен демікпеге шалдыққан балалар жиі келеді, себебі ән салу бронх мен кеңірдектегі ауа айналымын жақсартып, өкпе көлемін ұлғайтады. Сонымен қатар, балалар арасында жиі кездесетін, алдын-алу мен емдеу шараларын талап ететін - тұтықпа дертін емдеуде ән айту сабақтары міндетті деп саналады. Тұтықпаның пайда болу фактілерінің бірі - тұқым қуалаушылық болғандықтан, әсіресе туыс-тумасында осы ауру белгілері бар ата-аналар балаларын ән салу сабақтарына бергенді жөн көреді. Себебі, ән салу барысында бала дұрыс тыныс алуды және өз қорқынышын жеңуді үйренеді, ал тыныс алу - тұтықпасы бар балалар үшін өте қажетті жаттығу түрі. Оны күнделікті үзбей қолданып жүрсе үлкен нәтижеге қол жеткізуге болады. Тыныс алу – адам тәнінің аса маңызды қызметтерінің бірі болып табылады. Тыныс алу жаттығуының балалар денсаулығы үшін пайдасы өте зор, дұрыс тыныс ала отырып баланың сөйлеу тілі де дұрыс қалыптасады. Өз сөздерін еркін айта алатын бала, өзінің сөйлеуінен рахат алады, ол өз пікірін білдірген кезде дауыс ырғағын, мимикалық жесттерді кеңінен пайдаланады.

Сонымен қатар, ән айтудың зор пайдасы - есту қабілеті мен есте сақтау қабілетін жақсартып, адамның бет терісінің уақытынан бұрын қартаймай, ұсақ әжімдер жазылып, бет пішіні айқындалып, «екінші иектің» пайда болу жолдары жойылады және іш бұлшықеттері қатайып, дене мүсіні сымбатталып, басын тік ұстауға дағдыланады.

Ән айтудың пайдасы ұшан теңіз екені белгілі, сонымен қатар әнді немесе музыканы тыңдаудың өзі адамға, одан қала берсе тірі және өлі табиғатқа әсері көп.

Музыканы қабылдау үрдісі туралы орыс ғалымы О.Апраксина: «... кез келген қабылдау күрделі үрдіс, оған түрлі сезім мүшелері қатысады, нәтижесінде күрделі шартты рефлекторлық байланыстар жиынтығы түзіледі. Музыканы қабылдау - оның мәні шындықтың көркем бейнесін музыкалық шығармадан ести алу және оның мазмұнын көркемдік бірлік ретінде сезіне отырып бастан кешіре білу қаблеті» - деп атап көрсетті.

Музыканы тыңдау арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің негізгі мақсаттары жүзеге асады. Сонымен бірге музыканы тыңдаумен қатар, оны қабылдау арқылы ғылымның басқа салаларын да жетік меңгеруге болады. Музыканы сезіне білген бала, ол математика пәнін жетік меңгеріп, жоғары көрсеткіш көрсететіні баршаға аян. Музыканы сезініп қана қоймай, оны көз алдына елестете білген оқушы тілдік және әдеби пәндерді жетік меңгеретін болады. Кейбір балалар музыканы жай ғана тыңдап, ешқандай әсер, сезіну, қобалжу, эмоциялық әсер ала алмаса, ол оқушы музыкадан басқа, жалпы пәндерден білім көрсеткіші төмен болады. Музыканы дұрыс түсініп, тыңдап білуге тәрбиелеу арқылы оқушылардың ой - өрісін, сезімін, санасын, қиялын, талғамын - жалпы өнерге деген сүйіспеншілігі мен мәдениеттілігін дамытамыз.

Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы Елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады. “Дені сау адам  - табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған. Қысқаша айтқанда, музыканы өмірімізде атқаратын мәні ерекше. Сондықтан жүрген ортамыз айналамыз, тұрмысымыз, өміріміз сезімді қозғайтын, жүректі тербейтін жақсы сазды әнге, бойымызды жадырататын көңілді толқытып, шалқытатын әсем жырға толы болсын.

-80%
Курсы дополнительного образования

Авторская песня: жанровые особенности

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ән айтудың адам ағзасына пайдасы (47.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт