Меню
Разработки
Разработки  /  Английский язык  /  Уроки  /  9 класс  /  Music keeps me happy!

Music keeps me happy!

"Музыка мені шаттандырады!" тақырыбында 9-сыныптарға арналған сабақ жоспары

02.03.2018

Содержимое разработки

Бекітемін:

Мектеп директоры Ж.Ө.Ермекбаева


Сабақ жоспары

Сабақ: Ағылшын тілі

Мектеп: Жамбыл ОМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жетписбай Ж.Ш.

Сынып: 9

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Музыка мені шаттандырады!

Music keeps me happy!

Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты

Оқушылардың шығармашылық ойлау, топтық, жұптық, ұжымдық жұмыстар кезінде ой - пікірін еркін жеткізу, сыни тұрғыдан ойлау, жүйелі сөйлеу, талдау, дәлелдеу дағдылары дамиды. Оқушыларды белсенділікке, ұйымшылдыққа, мәдениеттілікке, өнерді сүюге тәрбиелеу.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып «MUSIC KEEPS ME HAPPY!» тақырыбы бойынша білімді енгізу. Оқушылар музыка жайлы мәтінмен жұмыс жасап, жаңа сөздерді меңгереді. Оқу, сөйлеу дағдылары жетіледі.

Оқушылардың басым бөлігі

Өз ойларын жеткізе алады; Сұрақтарға ашық жауап бере алады; Есте сақтай алады

Кейбір оқушылар

Ерекшеленеді; көшбасшы бола алады; барлық мәліметтерді толық айта алады; Саралап, мағынасын түсінуге машықтанады.

Жетістік критерийлері

Мәтінді оқып, сұрақтарға ағылшын тілінде жауап бере алады.

Тілдік мақсат:


Оқушылар:

a Walkman - плеер
top ten - үздік ондық
turn on - қосу (радионы қосу)
driving me mad - жүйкемді тоздырады
worry, worried – мазасыздану

classical - классикалық
pop music- танымал қазіргі заманғы музыка
folk music-фольклор,халық әндері
dance music – би музыкасы
jazz –джаз

Тіл жаттықтыру:

Диалог және оқылым бойынша

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, музыка

АКТ ны қолдану дағдылары

Интернет ресурстары арқылы қажетті қосымша ақпаратты табады;

Бастапқы білім

Белгілі актерлар мен актрисалар

Сабақ барысы


Жоспарланған кезеңдері:

Сабақтағы жоспарланған іс –әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(3 мин)


І. Ұйымдастыру

1.Амандасу

2. Атмосфералық ахуал «Good morning...»

Оқушыларға ән айтқыза отырып, атмосфералық ахуал орнату, смайликтермен екі топқа бөлу

Түрлі-түсті стикерлер,

интербелсенді тақта,

фонетикалық аудио жаттығу,

маркерлер,

тақырыптық

мәтіндер,

музыка туралы нақыл сөздер,

жаңа ақпараттар, суреттер,

слайд,

кеспе қағаздар.


Үй тапсырмасын сұрау (7 минут)

Интербелсенді тақта бойынша «Ия/жоқ» әдіс-тәсілін қолдана отырып, оқушылардан үй тапсырмасын сұрау. 13-жаттығу

Сабақтың ортасы


(25 мин)

Сабақ тақырыбын білдіретін мәселелерді анықтау

Ой қозғау. Сұрақ - жауап

Фонетикалық жаттығу. 3мин Музыканы табу

Сергіту Ән айту 2 мин

Жұптық жұмыс

1-жаттығу Диалогты оқыту, түсіндіру.

2-жаттығу Сөйлемдерді толықтырады

Сөздікпен жұмыс

Жаңа сөздерді үш тілде аударады.

3-жаттығу

«1,2,3» әдіс-тәсілін қолдану

1-мәтін, 2- түрлі пікір, 3 - сұрақ-жауап

1-топ Шуэ туралы

2-топ Әжесі туралы оқып, өз ойларын жеткізеді, топпен түсініп, аударады.

Жеке жұмыс. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

Топтық жұмыс. «Неліктен?» әдіс-тәсілі бойынша сұрақтарға жауап іздей отырып, мәтін құрап, постер қорғайды

Аяқталуы

(5 мин)

Үй тапсырмасы:

Бағалау

Кері байланыс Сауалнама алу

6-жаттығу «Музыка мені шаттандырады» тақырыбында кішігірім шығарма жазу

стикерлер

Қосымша ақпарат


Саралау:

Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс, Құндылықтағы байланыс

Қорытынды бағалау

Сабақта қандай екі нәрсе табысты болды?

1:

2:


Қандай екі нәрсе Сабағыңызды жақсарта алады?

1:

2:


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?


Рефлексия

Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзеулер енгіздім және неліктен?




































Жамбыл атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ











Тақырыбы:

«Музыка мені шаттандырады!»

«Music keeps me happy»

(АШЫҚ САБАҚ)











Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Ж.Ш.Жетписбай







Жамбыл ауылы

Сабақты талдау

Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ал қоғамдағы жаңа өзгерістер ұстаздардың кәсіби біліміндегі жаңашылдықты талап етеді. Қазіргі кезде үш тілді білім беру заман талабы болғандықтан, оқушыларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы.

Өзімнің мектептегі тәжірибие сабағыма бірінші «Lesson Study» оқып-үйренген бағдарлама бойынша, таңдалынып алынған 3 әдіс-тәсілдерді ықпалдастыра қолдануым дәстүрлі сабақтағы үдерісіме өзгерістер енгізді. Атап айсам, сабақты оқушылар арасында ынтымықтастықты қалыптастырудан бастау, топқа бөлу, үй тапсырмасын «Ия/жоқ» әдіс-тәсілімен тексеру, «1,2,3» әдіс-тәсілімен қажетті білімді өздігінен ізденіп, пікірлерді таразылап, оның ішінен керегін таңдап алуға үйрету, «Неліктен?» әдіс-тәсілі бойынша сұрақтарға жауап іздей отырып, мәтін құрап, постер қорғау, «Сауалнама» алу арқылы оқушылардан рефлексия алу.

Осы өз сабағымда қолданған 3 әдіс-тәсілдерге жеке тоқталып өтсем:

  1. «Ия/жоқ» әдіс-тәсілі: Үй тапсырмасын тексергенге өте ыңғайлы, уақытты үнемді пайдалануға тиімді. Барлық оқушылардың сабаққа қалай дайындықпен келгенін тез арада анықтап алуға болады. Бірақ, әр оқушыға жеке қағаздар шығаруға тура келеді екен. Сабақ ағылшын тілі болғандықтан, бұл әдісте уақытты үнемдеу тиімді болғанмен, оқушылардан нақты жауап алғанға тиімсіз деп шештім. Оқушылар өздерінің дайындалып келген үй тапсырмаларын ауызша айтып, оқып бергісі келді.

  2. «1,2,3» әдіс-тәсілі: 1-мәтін, 2-түрлі пікір, 3-сұрақ-жауап деп 2-топтағы оқушыларға тапсырма бердім. 1-топ Sue туралы оқып, аударса, 2-топ Әжесі туралы оқып, өз ойларын жеткізу. Оқушылар топпен түсініп, ұжымдаса мәтінмен жұмыс істеп, аударды. Жекелей сұрақтарға жауап бере алды. Бұл әдіс-тәсіл тиімді болып, жақсы нәтиже көрсетті. «С» оқушысы берілген тапсырманы аса қызығушылықпен орындады.

  3. «Неліктен?» әдіс-тәсілін постер қорғау кезінде пайдаландым. Бұл әдіс оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытты. Оқушылардың өз бетінше терең ойлануына, өз бетінше әрекет етуіне әсер етті деп есептеймін.

  4. Сабақ соңында әр оқушыдан «Сауалнама» алу арқылы рефлексия алдым.

Бұл сауалнаманы алу арқылы оқушылардың сабақ туралы ой-пікірлерін нақты білдім. Оқушылар тақырып бойынша «Музыка» туралы жаңа дүниелерді кең ауқымда меңгерді. «А», «В», «С» оқушыларының бағалары нақты қойылатынына сабаққа қатысқан мұғалімдер келісті. Барлық оқушыларға ағылшынша ән айту қатты ұнаған. Мәтінді аударып, өз беттерінше жұмыс жасай алатындарына көздері жетті. Оқушылар берілген уақыт ішінде тапсырмаларды орындап үлгерді.


Сабақтан кейін бақылаудағы оқушыларға қоюға ұсынылатын сұрақтар

Саған сабақтан бәрінен де не ұнады?


Сен нені үйрендің?



Бұрын істей алмағандарыңнан қазір нені істей аласың?



Нені жақсырақ істей аласың?




Қаншалықты жақсы?


Оқытудың қай бөлігі сен үшін барынша тиімді болды?



Егер дәл осы сабақты басқа күні өткізетін болса, нені өзгертер едің?

Неліктен бұл бөлігін өзгертер едің?


Топпен жұмыс жасаған, ән айту, музыка түрлері, жаттығу орындаған, сұрақтарға жауап берген, постер құру ұнаған.

Музыка түрлерін, слайдпен жұмыс жасауды, жұлдыздар туралы мәліметтер алуды, сұрақтарға жауап беруді, жаңа сөздерді, сөйлем құрауды үйренген.

Сұрақтарға толық жауап беруді, бұрынғыдан да көп сөйлем құрауды, көп мұғалімдер алдында ағылшын тілінде сөйлеуді, музыка түрлерін ажыратуды, аударуды, постер құруды істей алады.

Тапсырма орындау, аудару, сөйлем құрау, сұраққа жауап беру, оқу, әншілерді таныстыру, топпен жұмыс істеу, кейбір оқушылар бәрін жақсы істей аламын деп жазған.

Керемет, жақсы, өте жақсы, орташа, өзіме болады, өте тез ұғасың, 60, 80, 90, 95, 99, 100 пайыз деп жазған

Топпен жұмыс, слайдпен тапсырма орындау, ән айту, сұрақтарға жауап беру, постер құру, бірігіп жұмыс жасау, үй тапсырмасын тексеру, кейбір оқушыларға барлық бөлігі тиімді болды деген.

Ештеңе, өзгертпеймін, көбірек дайындалып келер едім, музыкалық аспаптар әкелер едім, бағалауды, тағы да өлең айтуды қосар едім, көбірек уақыт болса деген.

Оқуға тиімді, жақсы, күшті болады, барлығы ұнады ештеңе өзгертпес едім, дәл осылай өткізетін едім, ештеңені деп жазған.


  1. Сабағым өз оқу мақсатына жетті.

  2. Оқушылардан алынған сауалнамалардың жауаптарын талдау нәтижесінде барлық оқушылар музыканың түрлерін ажырата білуді, қойылған сұрақтарға жауап бере алуды, адамға әр музыка әр-түрлі әсер беретінін және оларды ағылшынша айтуды біліп, үйренді.

  3. Оқушылар сабаққа өте белсенді, аса қызығушылықпен қатысты.

  4. Жоспарланған стратегиялардың екеуі тиімді болды. Берілген уақыт ішінде сабақ өтіп үлгердім.

  5. Оқушылар музыканың түрлерін және олардың түрлерін ажырата біледі, сөйлемдер құрайды, сұрақтарға толық жауап бере алады, музыка туралы постер құрай алады, бірнеше жаңа сөздерді айта алады. Атақты әншілер туралы жаңа мәліметтерді АКТ-ны қолдана отырып, мәліметтер таба алады.

  6. Барлық оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығы арта түсті.



-75%
Курсы повышения квалификации

Активные и интерактивные методы и формы организации учебной деятельности на уроке иностранного языка

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Music keeps me happy! (41.47 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели