Меню
Разработки
Разработки  /  Психологу  /  Уроки  /  7 класс  /  "Менің тұлғалық ерекшеліктерім"

"Менің тұлғалық ерекшеліктерім"

Мені? т?л?алы? ерекшеліктерім ?андай, мен ?зімді ?алай танимын, ?алай тану?а болады деген м?селе барысында психологиялы? дамыту саба?ы

11.05.2017

Содержимое разработки

Күні:

Тақырыбы: Мен және менің ерекшеліктерім

Мақсаты: оқушылардың психологиялық танымын дамыта отырып, өзін-өзі тануға, өз ерекшелігін білуге бағыттау

Міндеттер:

Білім берушілік:

  • «индивид», «жеке тұлға», « тұлғалық ерекшеліктер» түсінігімен таныстыру

  • «Мен» тұлғасының даму бейнесін қалыптастыру

Дамытушылық:

  • тұлға ретінде өз «менін» және өзіндік ерекшеліктерін қабылдауға үйрету

  • өзіндік талдау жасауға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзгені тануға үйрету

  • өзін-өзіне сенімділікті дамыту

Тәрбие берушілік:

  • қоғамдағы адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу

  • өзіндік сана сезімді құрметтеуге тәрбиелеу

Жұмыс түрі: психологиялық дамыту сабағы

Пайдаланылатын әдістер: арт-терапиялық, релаксациялық әдістер, тренингтік жаттығулар, медитация

тәсілдер: жеке, ұжымдық

Материалдар: қарындаштар,фломастерлер, А4 форматты қағазадар, релаксацияға арналған музыка

Техникалық құралдар: мультимедиялық құрал

Қатысушы аудитория: 7-сыныптар, 12 оқушы

Уақыт: 45 минут

Жұмыс барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Жаттығу: «Жаңғақтар».

Кіріспе сөз. Психолог:

Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Бүгінгі сабаққа қош келдіңіздер! Көңіл-күйлеріңіз қалай? ... Қазір мен сіздерге мына жаңғақ толы ыдысты ұсынғалы тұрмын. Сіздер бір жаңғақтан таңдап алсаңыздар және барынша жаңғаққа мұқият қарауды сұраймын. Енді жаңғақтарды қайтадан ыдысқа салып, араластырамыз. Ал енді әркім өз жаңғағын таба ала ма? Көрелік... Бір қарағанда барлығы ұқсас тәрізді, бірақ егер анықтап қарасақ жаңғақтар әртүрлі, олардың өзіндік ерекшеліктері бар, солай емес пе?! Иә, сол сияқты бізде бір сыныпта оқимыз, құрдаспыз және т.б. көптеген ұқсастықтарымыз бар және біз бір-бірімізден ерекшеміз!

Мен кіммін? Бұл сұрақ барлығын ойландыратыны сөзсіз. Және ол кездейсоқтық емес. «Өзіңді -өзің таны!» деген екен әйгілі грек ойшылы Сократ. Біз адамдар айналадағы заттың мәнін іздеуге құмармыз.Сол сияқты ерте ме кеш пе өзің туралы білуге деген қызығушылық та да болады.

Өзіңді білу не үшін керек? Оны білудің қажеті бар ма? Бірақ кейде басқалар жасаған істі мен неге жасамадым, мен неге өзгемін деген сұрақ бізді бәрібір де ойландырады емес пе?

Әр адам өзінше жұмбақ, күрделі сырға толы. Сондықтан, әр адам алдымен өзін, өзінің ерекшеліктерін білуі тиіс деп ойлаймын. Олай болса біз бүгін «Мен және менің ерекшелігім» тақырыбында сабақ өте отырып, өзіміздің жаңа қырларымыз бен ерекшеліктерімізді тануға үйренеміз. Олай болса сабағымызды басталық!



  1. Сәлемдесу. Жаттығу: «Менің есімімнің бейнесі...»

Психолог:

Барлық елде үйге келген қонақ сөзді сәлемнен бастайды, «Сәлем –сөздің анасы» дейді дана халық, демек бізде сол сәлем беру рәсімімен бірге өзімізді таныстыра отыралық. Ол үшін мен сіздерге «Менің есімімнің бейнесі...» атты жаттығуды ұсынамын.

Шарты: Әр оқушы сәлемдесіп, өз есімін атап және сол есімін қандай да бір затқа теңеп, қимылмен көрсету керек. Мысалы: -Сәлем, менің есімім –Айгүл, мен өз есімімді...



  1. Жаттығу. « Мен барлығы сияқтымын және мен барлығынан өзгемін...»

Психолог:

Міне, біз бір-бірімізбен сәлемдесіп, жаңаша танысып алдық. Ал енді әрқайсымыз өзіміз туралы айталық. Ол үшін « Мен барлығы сияқтымын және мен барлығынан өзгемін...» атты жаттығуды орындауға шақырамын.

Шарты: әр оқушы өзінің басқаға ұқсамайтын ерекшелігін және ұқсастығын айтады. Мысалы: Мен барлығы сияқтымын, себебі мен қазақпын, мен барлығынан өзгемін, себебі мен әділдікті ұнатамын.



  1. Танмыдық ақпарат. «Түсініктер мен ұғымдар әлемі...»

Психолог:

Балалар, біз әрқайсымыз өз ерекшелігімізді түсіну үшін мына ақпараттық ұғымдарға назар аударайық!

Индивид – жекелей табиғи тіршілік иесі. Homo sapiens өкілі. Адам индивид ретінде өмірге келеді және белгілі бір табиғи ерекшеліктері болады.Адам өзге адамдардан индивид ретінде мынадай ерекшеліктерімен бөлінеді: бойы, шаш, көзінің түсі,дене бітімі, жүйке жүйесінің типі, эмоциясы арқылы.

Тұлға – дербес әрекет ететін жеке адамның қайталанбас болмысы. Ол сыртқы орта әсері мен дамып, өзгеріске түсе алады.

Тұлғалық ерекшелік – жан дүниесі және тұлғасы қайталанбайтын ерекшелік.Ол темперамент, мінез-құлық, қызығушылық, қажеттілік, көзқарас, қабілет және ақыл-оймен сипатталады.

  1. Релаксациялық жаттығу. «Менің ішкі әлемім...!»

Психолог:

Демек, біз жеке тұлғамыз десек біздің жаңа жоғарыда айтқандай өз ерекшеліктерміз бар екен. Ал енді сол ерекшеліктерді өзіміздің ішкі әлемімізден іздеп, танылық. Орындыққа жайғасып отырамыз, көзімізді жұмып, өзіңнің ішкі әлеміңді керемет, ғажайып баққа теңеп көз алдыңа елестетуге тырыс...

  • Сенің ішкі әлеміңнің бағы қандай? Ол үлкен бе, кіші ме?

  • Сол бақтың жұпар иісін, әсем әуенін сезінуге тырыс.

  • Қалай ойлайсың, сенің бағың үлкен қамалмен қоршалған ба, әлде ол ашық кез келген адам кіре алатын бақ па?

  • Сенің бағыңда адамдар серуендей ме? Бақта серуенде, айналаңа тамашалап қара...

  • Сол бақта серуендей жүріп, қандай сезімде болдың? Сезіміңді суретпен іштей өрнектеуге тырыс...

  • Ал енді бақпен қоштасалық, Жаймен сабағымызға ораламыз!

  1. Арт-терапиялық жаттығу: «Менің ішкі әлемімнің сырлы бояуы...»

Психолог:

Әр адамның ішкі әлемі шын мәнінде кремет болуы үшін адам оған күш сала «еңбек етуі» керек. Қалай ойлайсыңдар, біздің ішкі әлемімізге ненің дәнін егеміз. Иә,дұрыс айтасыңдар. Біздің ойымызды, тілегімізді, сезімдерімізді, іс-әрекетімізді, жағымды мінез-құлықты, білім дәнін арнайы отырғызуымыз керек. Ал егер осының бәрі біздің ішкі әлемімізде болмаса не болмақ? Иә, дұрыс айтасыңдар....Сондықтан, біз әрқашан өзімізді тани отырып, тәрбиелеу керек екенбіз.

  • Ал енді біз елестеткен сол ішкі әлем бағын қағаз бетіне суреттейік.

  • Онда не өседі, қандай өнім ала аламыз...

Адам сыртқы әлем сияқты өзгеріп отырады. Ол өседі, ержетеді, сол сияқты оның ішкі әлемі де өзгереді. Ерекшеліктерге толы сырлы әлем әр адамды бір-бірінен өзге етеді.

  1. Психологиялық таным. «Өзіңді таны!» Психогеометриялық тест.

  2. Медитациялық жаттығу: «Мен – бұл мен!»

  3. Рефлексия: «Өзім туралы өлең»

Мен қандаймын...

- Мен (екі жағымды қасиет)

- Мен қалаймын(тілек )

- Мен түсінемін (өзі сенімді нәрсе)

- Мен армандаймын (шынайы арманы)

- Мен ұнаттым (бүгінгі ұнаған нәрсе)





  1. Қоштасу. Қимылмен, ым-ишарамен қоштасу.







-80%
Курсы повышения квалификации

Арт-терапия в индивидуальной и групповой психологической работе

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Менің тұлғалық ерекшеліктерім" (53.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт