Меню
Разработки
Разработки  /  Информатика  /  Уроки  /  Программалау жүйелері

Программалау жүйелері

Разработка на казахском языке. Оқушылардың жалпы қабілетін дамыту
    2. Оқушылардың білім дағдыларын қалыптастыру
    3. Оқуышлардың тапсырмалар беру арқылы
    алған білімін бағалау.
05.01.2013

Описание разработки

Разработка на казахском языке.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың жалпы қабілетін дамыту

                                          2. Оқушылардың білім дағдыларын қалыптастыру

                                         3. Оқуышлардың тапсырмалар беру арқылы

                                              алған білімін бағалау.

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, сабақтың дайындығғын

                                        тексеру, назарын сабаққа аудары

Үй тапсырмасы:  Компьютердің программалақ жабдықтама

Үй тапсырмасын қорыту:

Үй тапсырмасынан сұрақтар қою арқылы қорытамын.

  1. Қандай программалық жабдықтама қолданбалы деп аталады?
  2. Желілік программалық жабдықтамаға не жатады?

Жаңа сабақ 

      Программалау жүйелері деп компьютердегі есептерді программалауды автаматтандыруға арналған программалар жиынтығы аталады.

      Кіріспе немесе бастапқы деп аталатын осындай тілдердің әрқайсысы үшін, программалау жүйесінің, программа мәтінін кіру тілін машина тіліне автоматты тұрде аударатын (трансляция) программасы бар.

Әдетте программалау жүйесінде:

  • Қолданатын программалау тілдерінің сипаттамалары
  • Тілді жүзеге  асыру құралдарын сипаттау – бұл осы тілдерден  аударғыш программалар
  • Стандартты бағыныңғы программалар кітапханасы бар

      Программалау тілі – бұл программаны құрайтын жазбалар жүйесін пайдаланатын  графикалық құрылыс синтаксисі мен семантикасын анықтайтын ережелер жинағы.

      Тілді жүзеге асыру құралы – бұл жоғары дәрежелі тілдердегі  жазбаларды машиналық командалар  тізбегіне  айналдыратын жүйелік программа.

Құрамы, кірістік тілдің формальдау дәрежесі және мақсаттық арнаулы бойынша келесі программалау жүйелерін ажыратады:

  • Машиналық – бағытталған.
  • Машиналық – тәуелсіз

       Машиналық – бағытталған жүйелер машиналық – тәуелді тілдердің барлық мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін пайдалануға мүмкіндік береді:

  • Жасалынатын прогрпммалардың жоғары сапалылығы
  • Белгілі бір аппараттық ресурстарды пайдалану мүмкіндігі
  • Объектік код пен жад тапсырмаларының болжаулылығы

Мұнымен қатар бұл жүйелердің бірқатар жетіспеушіліктері де бар:

  • Тиімді программалар жасау үшін берілген компьютердің командалар жүйесі мен қызмет ету ерекшеліктерін білу қажет
  • Қателер пайда болуынан аз қорғалған программалар құру процесінің қиындығы (әсіресе машиналық тілдер де және символдық кодтау тілдерінде)
  • Программалау жылдамдығының төмендігі
  • Бұл тілдерде типтерінде пайдалану мүмкіндігінің жоқтығы

      Машиналық-бағытталған программалау жүйелерінің операторлар жиынтығы және бейнелеу құралдары компьютердің ерекшеліктерінен (ішкі тіл, жад құрылымы және т.б.)едәуір тәуелді ішкі тілі бар

Машиналы тәуелсіз программалау жүйелері – бұл компьютердің ұйымдастыру мен қызмет ету ерекшеліктерін білуді қажет етпейтін, есептерді шешу алгоритмдері мен өңделетін информацияны жүзеге асыру мен сипаттау жүйесі.

      Қазіргі программалау жүйелерінің негізгі тізімі және олардың қызметтік арналуы:

  1. объекті – бағытталған визуалды программалау жүйелері. Олар графикалық интерфейсті пайдалану арқылы программалардың күрделі жинағын жасау процесін тиімдірек етуге мүмкіндік береді.
  2. логикалық прогрпммалау жүйелері. Программист фактілер мен ережелер көмегімен мәселені тек қана тұжырымдайды және логикалық қорытынды механизімінің көмегімен барлық мүмкін нәтижелерді алады, яғни мәселенің  шешуін іздеген кезде білім үсынудің мәлімдеу әдісін іске асырады.
  3. Деректер базасын басқару жүйелері деректер базасын жасауға, редакциялауға және түрлендіруге арналған.
  4. Компьютерлік графика жүйелері бейнелерді жасауға және редакциялауға, сонымен қатар анимация жасауға мүмкіндік береді.
  5. Автоматтандырылған жобалау жүйелері жасауға және әр түрлі объектілердің (машиналар мен тетіктердің, ғимараттардың, электрондық схемалардың және т.б.)
  6. HTML (Hyper Text  Markup Language) негізінде Web- беттер жасаудың құралдарын көптеген кәсіпқойлар мен жай желіні пайдаланушылар Web - бетті жасау үшін пайдаланады.

Сабақты бекіту:  1. Программалау жүйесі дегенді қалай түсінесіңдер?

                           2. Машиналық-бағытталған программалау жүйесінің

                              арақашықтықтары мен кемшіліктері қандай?

                         3.Программалау жүйесінің құрамында не болуы керек?

Үй тапсырмасы: Программалау жүйелерін  оқу

Бағалау:

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлердің программалық жабдықтамасы

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың қауіпсіздік ережесімен таныстыру

                                      2. Оқушылардың ой - өрісін дамыту

                                      3. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын

                                          арттыру

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, сабақтың дайындығғын тексеру,   назарын сабаққа аудары

Үй тапсырмасын тексеру:

Үй тапсырмасынан сұрақтар қою арқылы қорытамын.

1. Техника қауіпсіздік ережесін сұрау.

2. Көзге жаттығу ережелерін сұрау.

Жаңа сабақ 

      Компьютерге арналған программалардың жиынтығы программалық жабдықтаманы құрады. Қызмет ету қасиеттері бойынша программалық жабдықтаманың келесі түрлерін ажыратады.:

  • Жүйелік
  • Қолданбалық

Жүйелік жабдықтама деп өзіне:

  • Операциялық жүйелер
  • Желілік программалық жабдықтама
  • Сервистік программаларды
  • Программаларды жасау құралдарын (трансляторлар, байланыс редакторлары, жөндеуіштер және басқалары) қосатын программалық жабдықтама түсініледі.

Операциялық жүйелердің негізгі қызметі (ОЖ)

  • Физикалық
  • Логикалық
  • Есептеуш жүйелердің процестері ресурстарын басқару болып табылады.

      Физикалық ресурстарға: процессор, манитор, магниттік және оптикалық дискілер жатады.

      Логикалық ресурстарға: программаларды, файлдарды, оқиғаларды және т.б. жатқызуға болады.

Желілік программалық жабдықтамаға:

  • Желілік ОЖ
  • Желілік емес ОЖ-лерде  бар кейбір желілік программаларды жатқызады

      Қолданбалы деп белгілі бір қызметтер саласының белгілі бір мақсаттық мәселелерін  шешуге  арналған программалық жабдықтама аталады. Көбінесе мұндай программаларды қосымшалар деп атайды.

      Утилиттер пайдаланушыларға компьютермен оның жабдықтамасына қызмет көрсету құралдарын ұсынады.

Олар келесі әрекеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

  • Магниттік дискілерге қызмет көрсету
  • Файлдар мен каталогтарға қызмет көрсету
  • Компьютер ресурстары жайлы ақпарат ұсыну
  • Ақпаратты шифрлеу
  • Компьютерлік вирустардан қорғау
  • Файлдарды архивтеу және басқалары

      Типтік қолданбалы программалық жабдықтамаға  келесі программаларды жатқызады:

  • Мәтіндік процессорларды
  • Кестелік процессорларды
  • Безендіру және іс қағаз графика жүйелері (графикалық процессорлар)
  • Деректер базасын басқару жүйелері
  • Сараптау жүйелері
  • Математикалық есептеулер, эксперименттік деректерді молельдеу және талдау программалары жатады.

Сабақты бекіту:  1.  Қандай программалар типтік қолданбалы программалық

                                     жабдықтамаға жатады  ?

                          2.  Утилиттер қандай операцияларға арналғын?

                         3. Жүйелік программалық жабдықтамаға не жатады?

Үй тапсырмасы: Операциялық жүйе

Бағалау:

Сабақтың тақырыбы: Рower Рoint  құжаттарының құрылымы

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды салыстыра білу қабілетін дамыту

                                  2. Оқушылардың оқу материалдарын, ең бастысын

                                      таба білу

                                      3. Оқушылардың ой - өрісін дамыту

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, сабақтың дайындығын 

                                        тексеру, назарын сабаққа аудары

                                        

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасын қорыту:

Үй тапсырмасынан сұрақтар қою арқылы қорытамын.

 

Жаңа сабақ

 

Кез келген Рower Рoint құжаты слайд деп аталатын өзара байланысқан жекеленген кадрлар жиыны болып табылады. Файлдар презентацияда көп болуы мүмкін, бірақ олар маңызды болуы шарт, сіздің презентациядағы жүзінші слайд ешкімге қызықты болып көрінбейді.Сызықты пайдаланушы әрекетінде тәуелсіз Рower Рoint – те автоматты түрде сүйемелденеді. Слайдтарды жою, енгізу, алмастыру, көрінбеуі немесе көрсету құжаттың сызықтық құрылымын бұзбайды.  Слайдтарда әр түрлі типті объектілер бар, олардың  қиюласуы презентацияның берілген  кадрінің мазмұнын толығымен ашуға арналған. Слайтта кем дегенде  бір объект – кадр фоны болады. Толығымен бос слайд болуы мүмкін емес және «бос» деп «фон» типі объектісі бар слайд түсініледі.

Слайдта орналастырылатын объектілерге:

  • Фон
  • Мәтін
  • Гиперсілтемелер (мәтіннің ерекше түрі ретінде
  • Колонтитулар (мәтіннің ерекше түрі ретінде)
  • Кестелер
  • Графикалық бейнелер
  • Жазулар
  • Диаграммалар
  • Фильм
  • Дыбыс
  • Бағдарша (ярлык) жатады.

Слайдта орналастырылған барлық объектілер, Рower Рoint – тің ішкі құрылымдармен, сыртқы қосымшалармен немесе бір мезгілде осы және басқа құрамдармен жасалына немесе көркемделіне алады.

Презентацияның кез келген компонентін баспаға шығару үшін, оны ашып, ФАЙЛ – ПЕЧАТЬ командасын беріп, басылатын объектіні: слайдтар, берілулер, мақала беттерін немесе құрылымын көрсет қажет. Слайдтар басылатын түрде көріну үшін  слайдтар режимінде Видь – Черно – белый  командасын немесе оны контексті менюден таңдап, көркемдеудің қажетті вариантын орнату керек. Ақ – қара түсті режимдегі жұмыс кезінде енгізілген өзгертулер, экрандағы презентация түстеріне әсер етпейді. Сол себептен ең тиімді вариант – түрлі-  түсті презентация жасау және үлестірмелі материалдарды ақ-қара түсті принтерде басып шығару.

Power Point презентация түрлеріне үлкен таңдау жасауды және екі және үшөлшемді график құрастыруды барлық объектілерді басқаруды: өлшемдерді өзгерту, айналдыру, жоғары дәлдікті орын ауыстыру және т.б. Бұдан басқа да қосымшаға дыбыс пен бейне жат емес.

Power Point әр түрдегі презентацияны көруді қамтамасыз етеді. Мыналарға арналған.

  •  Компьютер экранда автономды көрсету үшін
  • Компьюнерлі проектор арқылы көрсетуге
  • Оптикалық құрал арқылы демонстрациялау мақсатында мөлдір қабықшаға басып шығаруға
  • Оптикалық слайд – проектор арқылы демонстрациялау мақсатында 35 мм диапозивті фотопленкаға басып шығаруға
  • Дәл сол шақта жортада көрсету үшін
  • Кейінен пайдаланушының автономды көріп шығаруына болатындай етіп желілік ортада жариялау үшін
  • Хат алушылардың автономды көріп шығаруына болатындай етіп электронды почта арқылы жіберу үшін

Қызыққандарға тарату мақсатында қағазға басып шығару үшін

Сабақты бекіту:  1. Слайдтардың орындалатын объектілері?

                          2.  Рower Рoint құжатының құрылымы ?

                              3. Power Point-та слайд құру ?

                        4. Power Point –та презентация құрып көру қамтамасыз 

                               етіледі ме?

Үй тапсырмасы: объектті-бағытталған программалау

Бағалау:

-75%
Курсы повышения квалификации

Организация и сопровождение олимпиадной деятельности учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Программалау жүйелері (23.62 КB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт