Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Планирование  /  1 класс  /  Конспект к уроку Шамалар.Көлем

Конспект к уроку Шамалар.Көлем

Математикалы? шама ж?не к?лем туралы жалпы т?сінік беру. О?ушыларды шапша? ойлау?а баулу.

12.04.2017

Содержимое разработки

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Математика

Сабақ тақырыбы:

Шамалар. Көлем

Мектеп: С.Шәкіров атындағы орта

Күні :27.12.16ж


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1А-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

ұзындық/(масса) көлем/(сыйымдылық)/уақыт ша-маларын ажыратады; оларды өлшеу үшін өл-шемдер мен құралдарды таңдайды, өлшемдер жүргізеді;

шамалар мәндерін: ұзындық (см, дм)/масса (кг)/ көлем (сыйымдылық (л)) өлшем бірліктерін са-лыстырады және амалдар орындайды.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

көлемі әртүрлі ыдыстар;

1 литрлік өлшеуіш ыдыс;

көлемі бірдей полиэтилен стақандар.;

дорба;

дақылдар, құм.

Тірек сөздер

Шамалар. Көлем

Сабақтың мақсаты:

Көлемнің өлшем бірлігі — литрді қолданып, өлшеу жұмыстарын жүргізу арқылы көлемді анықта-ту. Көлемнің зат сыйымдылығын сипаттайтын шама екенін түсіндіру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер




Сабақтың басы

.№1 Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша,

қандай қуаныш!

Әр бала өз есімдерінің бас әрпінен сөз құрайды,

сәттілік тілейді.




2 Өткен білімдерін еске түсіру


1.Толық ондықтарды атау

2.1-10 сандарды тура санау

3.10-1 сандарды кері санау

4.Жұп сандарды атау

5.Тақ сандарды атау

6.Бір таңбалы сандарды атау

7.Екі таңбалы сандарды атау


3 Өткен білімдерін бекіту


  • Үйдің нөмірін табу


- Әр топтағы артық санды табу

13 5 7 19 14

12 8 7 10 20










Оқушылар көлемнің шама екенін түсініп, оны өлшеуге, салыстыруға болатынын біледі.

Бүгінгі сабақта сұйық және сусымалы құрғақ заттардың көмегімен ыдыстардың көлемін анықтауды жал-ғастырады

. Заттың көлемін анықтау үшін өлшеулер жүргізіп жаттығады.

Сыйымдылығы 1 л ыдысты тани және таба білу дағдысын қалыптастыруға жаттығу жұмыстары жүргізіледі.

Оларға тұрмыста жиі кез-десетін ыдыстардың сыйымдылығын есте сақтауға мүмкіндік жасалады.

Оқушыларға көлемі 1 куб дм болатын кубқа 1 литр су сыятыны туралы қызықты мәлімет ұсынылады


Оқушыларға алдыңғы сабақта көлемді (суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құйып және текшелерді бір қораптан екінші қорапқа салып)

әртүрлі тәсілмен салыстырғанын естеріне түсіріңіз



4 Кіріспе тапсырма.

Бұл сабақта көлемді сусымалы заттар арқылы өлшеу мен салыстыру жүргізілетінін айтыңыз.

Мысалы, қант, құм, бұршақ, күріш, қарақұ-мық немесе басқа да дақылдар.

Жұмысты жұппен орындауды тапсырыңыз. Әр жұпқа 1 литрлік өлшеуіш ыдыс және күріштен басқа дәнді дақылдар беріңіз.

Әр топқа әртүрлі дақылдар беруге болады. “1 л” белгіге дейін 1 литрлік ыдысқа дақылдарды салып, сыныпқа көрсетуін тапсырыңыз

Оқушыларға қалайша сусымалы заттардың көмегімен көлемді салыстыруға және өлшеуге болатынын бақылауды ұсыныңыз.

3 литрлік шыны ыдыстың көлемін қалай білуге болатынын сұраңыз.

1 литрлік ыдысқа “1 л” деген белгіге дейін күрішті толтырыңыз.

Сол күрішті 3 литрлік ыдысқа салыңыз. Осылайша тағы да екі 1 литрлік ыдысты толтырыңыз.

Ыдысты толтырғаннан кейін оқушыларға ыдыстың көлемін айтуын талап етіңіз (3 литр).

Ыдыстардың көлемін сусымалы заттарды қолдану арқылы салыстырыңыз.

Күріш салынған 5 литрлік кастрөлді,

2 литрлік термосты және 3 литрлік шыны құтыны көрсетіңіз.

Күрішті шыны құтыдан кастрөлге салыңыз. Күріштің барлығын салғаныңызды және шыны құтының бос қалғанын көрсетіңіз.

Екі ыдыстың көлемі туралы сұраңыз.


Кастрөлдің көлемі шыны құтыдан артық,

ал шыны құтының көлемі кастрөлден кем екенін айтуға жетелеңіз.

Күрішті шыны құтыға салыңыз.

Енді шыны құтының көлемі мен термостың көлемін салыстыруды тапсырыңыз

. Оқушылардан не істеу керектігін сұраңыз. Олар күрішті шыны құтыдан термосқа салуды ұсынуы мүмкін.

Күрішті шыны құтыдан термосқа салуын тапсырыңыз

. Термос күрішке толы екенін және шыны құтыда әлі күріш қалғанын көрсетіңіз

. Оқушыларды кастрөлдің көлемі шыны құтының көлемінен артық екенін,

шыны құтының көлемі термостың көлемінен артық екені

туралы қорытынды жасауға жетелеңіз.








5Сергіту сәті








6 Раушангүлді отырғыз.

Тапсырманы орындау үшін жұмысты жұппен ұйымдастырыңыз.

Оқушыларға суретке қарап,

30 литрлік ыдысты толтыру үшін қанша шелек топырақ салу керектігін анықтатыңыз.

Ол үшін оқушылар ыдыстардың көлемдерін сәйкестендірy керек.

Олар өз жауаптарын ламинатталған қағаздарға жазып,





сыныптағы оқушыларға көрсетуіне болады.

Жауабы:

3 шелек.



7 Орындап көр.

Тапсырманы тәжірибе түрінде оқушылардың өздеріне жасатыңыз.

1 литрлік және 2 литрлік ыдыстарды пайдаланып,

4 литр суды өлшеп алуын жұппен ұйымдастырыңыз.

Олардың қажетті ыдыстарды дұрыс таңдау арқылы өлшей білу дағдысын қалыптастырыңыз.

Жауабы:

2 л, 2 л;

1 л, 1 л, 1 л, 1 л;

1 л, 1 л, 2 л.















8 Автокөлікке неше литр бензин құйылды?


Тапсырманы сурет мазмұнына сүйеніп, өз бетінше орындауын ұйымдастырыңыз.













Жауабы:


40 литр бензин.

9Сергіту сәті






10 Есепте.

Бұл тапсырма заттың массасын қосумен есептеу дағдысын бекітуге және атаулы сандар-ды (литрмен) азайтуға мүмкіндік береді.

Жұмысты жұппен орындауды ұсыныңыз.

Тексеруді жалпы сыныппен жүргізіңіз.


1л+2л=

6л-1л=

5л-3л=

8л+0л=

10л-4л=

7л+3л=


Жауабы:


3 л; 2 л; 6 л; 5 л; 8 л; 10 л.



11 Математикалық, логикалық есептер.



























12 Ойлан.

Оқушыларға стақандағы шырынға мұқият қарау керектігін ескертіңіз.

Cуреттегі стақанда қалған шырынның мөлшеріне қарап, Жанар Анардан гөрі көп ішті деп ойлауы мүмкін. Сондықтан бұл тапсырма байқампаздықты қажет ететінін айтыңыз.

Жауабы:

Анар көп шырын ішті.

Сен білесің бе? Қабырғасы 1 дм текшеге 1 литр су сыятынын айтыңыз

. Мүмкін болса, осындай ыдысты көрсетіңіз.

Сондай текшені көрсетуге мүмкіндік болса,

қажетті өлшеулерді жүргізіп,

оқушылардың көзін берілген ақпаратқа тәжірибе жүзінде жеткізіңіз.


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


13 Қосымша тапсырмалар

Дәптермен жұмыс.

Оқушыларға тақырыпқа байланысты тірек сөздерді қайталату үшін “Сөздер тақтасына” назар аудартып, бүгінгі сабаққа байланысты сөздерді табуды ұйымдастырыңыз. Негізгі тірек сөздер: “кө-лем”, “литр”, “өлшеу”. Оқушылармен мынадай ойын ұйымдастыруыңызға болады. Әрбір сөз жазылған парақшаларды таратыңыз. Oқушы алдында жатқан қағаздың біреуін ашып ондағы сөзді дауыстап айтады, сөздерді оқу қиындық туғызса, басқа, жақсы оқи алатын оқушы не мұғалімнің өзі көмектесуі керек.

Қай ыдыста сусын көп?

Ыдыстардағы сусынды салыстырып,

қай ыдыстағы сусын ыдыстың көп көлемін алып тұрса, сол ыдыстағы сусынның мөлшері көп екенін анықтап, оның суретін қоршап сызады.

Жауабы:

а) бірінші; ә) екінші;

б) бірде-біреуін қоршамайды, себебі олардағы сусын өзара тең.

Қатар тұрған екі шелекте неше литр су бар екенін есепте. Тапсырманы орындамас бұрын,

оқушылар “жұп” деген ұғымды естеріне түсіруі қажет. Бірнеше ыдыстағы судың көлемін табу үшін оларда көрсетілген сандарды қосу арқылы орындау керек.

Жауабы:

а) 20 л; ә) 10 л; б) 15 л.

Бағалау












































Оқушылар сабақ соңында:

әртүрлі өлшеу жұмыстарын жүргізе отырып, көлемді литрмен анықтауды меңгереді.

Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін

білу үшін сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдаңыз:

— Құмырада 5 литр сүт бар.

Құмыраның көлемі мен кастрөлдің көлемі бірдей.

Кастрөлдің көлемі қандай? (5 литр)


— Шыны құтыға 3 литр су сыяды

. Ненің көмегімен шыны құтыдан 1 литр суды алуға болады?

(өлшеуіш ыдыспен немесе көлемі 1 литр ыдыспен.)


— Екі ұл бір-бір бөтелкеден ауызсу сатып алды.

Бөтелкелер бірдей

. Олар біраз су ішіп, қанша су қалғанын салыстырды: біреуінде артық, біреуінде кем

. Қалай ойлайсыңдар, қайсысы суды көп, қайсысы аз ішті?


Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік бас-палдағымен” өзін-өзі бағалау жұмысын өткізіңіз.














-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Конспект к уроку Шамалар.Көлем (1.14 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт