Бекітемін: №249 мектеп-лицейдің бастауыш
Күні: сыныптар жөніндегі орынбасары
Ж.Жарылқаған.
Пәні: Бейнелеу. Мұғалім: Сералиева Г. Сыныбы: 4
| Сабақтың тақырыбы: Импрессионст-суретшілердің туындылары.
| ||
| Сабақтың мақсат-міндеттері: | А) білімділік: | Пейзаж жанрын бейнелеуші импрессионист-суретшілердің уындылары туралы мағұлмат беру. |
| Ә) дамытушылық: | Теориялық білімдерін іс-жүзінде көрсетуге ықпал ету. Сабаққа деген қызығушылығын арттыру. | |
| Б) тәрбиелік: | Эстетикалық талғамдарын арттыра отырып, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу. | |
| Сабақтың типі: | Аралас сабақ | |
| Сабақтың түрі: | Дәстүрлі | |
| Сабақтың әдістері: | Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, баяндау, практикалық әдіс. | |
| Сабақтың формасы: | Жеке, топтық. | |
| Сабақтың көрнекілігі: | Плакат, оқулық, суреттер, акварель, палитра, қылқалам. | |
| Сабақ барысы | ||
| І. Ұйымдастыру бөлімі | -амандасу; -түгелдеу; -оқушының назарын сабаққа аудару; -оқу құралдарының дайындығын; | |
| ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
| Оқушылардың үй жұмыстарын аукцион ойыны арқылы тексеру. Онда өткен тоқсаннан сұрақтар қойылады. | |
| IIІ. Мақсат қою кезеңі | Импрессионст-суретшілер туралы ой-қозғау. | |
| IҮ. Жаңа материалды түсіндіру
| Французша импрессион сөзі «әсер» деген мағынаны білдіреді. Суретшілердің өздеріне импрессионистер деп айдар тағылған алғашқы көрмесі 1874 жылы Париж қаласында фотосуретші Надардың Монмартр шеберханасында өтті. Көңілге қонымды біраз әсерлең- кірілген пейзаждардан кейін өнердегі жаңа ағым суретшілерінің жұмыстары өңделмеген сияқты өрескел болып көрінді.Көрермендердің көпшілігі көрмеге өздерін өнердің жаңа бағытын жасаушылармыз деп есептейтін «мансапқорлар мен надандарға» күлу үшін ғана келетін.Келушілердің кейбірі өздерін мазақ болғандай сезінді. Сыншылардың бірі Клод Моненің көрмеге қойылған жұмыстарының ішіндегі «Күннің шығуы. Әсер» картинасының атауына байланысты суретшілерге импрессионистер деп ат қойды. Содан бастап бейнелеу өнеріндегі жаңа тәсілді ұстанған суретшілердің бәрі осылай аталатын болды. | |
| Ү. Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі
| Оқушылар практикалық бөлімде 48-49-беттердегі картиналарға талдау жасап , Француз суретшісі Камиль Писсарроның «Егін ору» атты картинасын бейнелейді. | |
| ҮІ. Сабақты бекіту.
| Сабақты жаңа сабақтан сұрақтар қою арқылы бекіту. | |
| ҮІІ. Үйге тапсырма
| Оқушылар үйден өздерінің сүйікті жыл мезгілдеріне байланысты пейзаж салып келеді. | |
| YIII. Оқушы білімін бағалау
| Оқушылардың ойынға қатысымына ,суретті салуына, жаңа сабақтағы сұрақтарға жауап беруіне қарай бағалау. | |


Импрессионст-суретшілердің туындылары. (44 KB)

