Екінші сәбилер тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің . технологиялық картаcы.
Білім беру саласы;Қатынас.
Бөлімі: Тіл дамыту.
Тақырыбы:Ертегіде қонақта(ертегі бойынша әңгімелеуге дайындау).
Мақсаты; Балаларға ертегі мазмұнын айтуға,сахналауға үйрету.
Қ дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіру арқылы қ дыбысының айтылуын меңгерту.
Ертегі мазмұны арқылы адал достыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс:бауырсақ,қасқыр,аю,түлкі,қоян.
Керекті құралдар: демонстрациялық құрал.
| Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Мотивациялық қозғаушы:
Іздену – ұйымдастырушы:
Рефлексиялық-түзетушілік
| Ғажайып сәт: -Сәлеметсіңдер ме,балалар! -Балалар,үйлеріңде аналарың бауырсақ пісіре ме -Бауырсақтың дәмі қандай -Оның түсі қандай -Бүгін біз бауырсақ туралы ертегі тыңдаймыз. Демонстрациялық материал -Бүгінгі тыңдайтын ертегіміздің аты-Бауырсақ ертегінің мазмұнын мәнерлеп айтып беремін. Сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу.
Сергіту жаттығуы: Сұр қоян. Ұзын құлақ,сұр қоян Естіп қалып сыбдырды, Ойлы-қырлы жерлермер, Ытқып-ытқып жүгірді. Қарап еді артына , Қиығын сап көзінің, Келе жатқан томпаңдап, Көжегі екен өзінің. Т.Бердияров.
-Балалар көжек деген не?
Кө-кө-кө-көжек.
Кө-кө-кө-көже.
Кө-кө-кө-көкек. Кө-кө-кө-көрпе.
Бауырсақ ертегісін сахналауға жетекшілік ету, -Балалар бүгін біз қандай ертегі тыңдадық? -Ертегіде қандай жануарлар бар екен? -Түлкі қандай болып шықты? қорытындылап мадақтау.
| Балалар қызығушылық танытады. -пісіреді. -дәмді. -сары,қызғылт.
.
Балалар орындарынан тұрып жаттығуды орындайды.
-Көжек қоянның баласы.
Балалар сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.Бір-бірінің жауаптарын толықтырады. |
Күтілетін нәтиже: белсенділік таныту.
Орындайды: ертегіні диалог түрінде қалай әңгімелеу керектігін;
Түсінеді: ертегіні есте сақтап,әңгімелеп айтуды.
Қолданады:қ дыбысы келетін сөздерге мысалдар келтіріп,сол сөздерді дұрыс айта білу іскерліктерін.


"Ертегіде қонақта" (18.76 KB)

