«Бой түзелмей-әуелі ой түзеу»- жасөспірім қыздарға арналған тренинг
Күні: 12.10.2017 ж
Мақсаты: Қыз балалардың өзін-өзі тәрбиелеуге бағыт-бағдар беру, психоэмоциялық жағдайын жақсарту, психологиялық қолдау көрсету. Қыздарды адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу, өмірге деген көзқарастарын мағыналы түрде аша білуге және қоғамдық жұмыстарға араласуына ықпал ету.
Уақыты: 60 минут
Сыныбы: 8-10 сыныптарда оқитын қыз балалар.
1.Амандасу, тренинг ережесімен таныстыру.
«Сен кімсің? Мен кіммін?» жаттығуы
Мақсаты: Сыныпқа қатысуда қобалжушылық деңгейін білу.
Нұсқау: Оқушыларға мектепке келген жылдарын еске түсіруді ұсыну. Ұсынылған сұрақты талқылау.
Осы жыл сізге несімен байланысты? Алғашқы мектеп күніңіз қандай болды? Ол кезде қалай елестетіп едіңіз, қазір қалай?
«Температура» жаттығуы
Мақсат: Қатысушыға өзінің оқулық қиындығын айтуға және оған өзінің қатынасын анықтауға мүмкіндік беру. Қандай сәтте қобалжып, сол қобалжудан қалай шыға алатынын ұғындыру.
Нұсқау: Оқушылар! Адам ауырғанда міндетті түрде дене қызуын өлшейді. Ол әр кез жоғары болады. Егер адам бір нәрсе істегісі келмесе де дене қызуы көтерілуі мүмкін.
Сізде қандай себептерге байланысты дене қызуыңыз көтерілуі мүмкін?
Уақыт: 10 минут.
«Қуыршақтар әлемінде қонақта» жаттығуы
Уақыты: 30-45 минут
Мақсаты: Қыз баланың бойындағы мінез-құлқын, ойлап жүрген ішіндегі айта алмай жүрген ойын байқау,
Нұсқау: Оқушыларға қағаз майлықтар ұсынылады және осы майлықтардан қуыршақ жасау керек. Ол қуыршақты әсемдеп, әдемілеуге болады. Осы қуыршақ туралы ертегі құрау ұсынылады.
Талқылау. Уақыт 15 минут