Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Разное  /  Прочее  /  Ақпараттық технология

Ақпараттық технология

Білім ордасыны? негізгі ма?саты жас ?рпа??а сапалы білім беру.Білім ордасы жан – жа?ты дамы?ан жеке т?л?аны т?рбиелеп шы?арады.?азіргі та?ны? басты м?селесі болып отыр?ан да осы білім, т?рбие ісі.

17.02.2017

Содержимое разработки


Тақырыбы: «Мектепте математика пәнін оқытуда интерактивті тақтаны қолданудың тиімділігі »


Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында білім сапасына ерекше көңіл бөлді. Әлемдік бәсекелестікке төтеп беретін бірден – бір құрал – білімділік.

Сапалы білім - бәсекелестікке қабиліеттіліктің кепілі.

Білім ордасының негізгі мақсаты жас ұрпаққа сапалы білім беру.Білім ордасы жан – жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеп шығарады.Қазіргі таңның басты мәселесі болып отырған да осы білім, тәрбие ісі.

XXI ғасыр білімділер ғасыры деп аталады.Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне - өзі сенімді интелектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің аталатын орны ерекше.

Әрбір оқушының сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс – тәсілдерді еңгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру – мұғалімнің басты міндеті.

Білім беруді ақпараттандыру процесі пән мұғалімдеріне жәңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне жан – жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламаларының негізгі міндеттерінің бірі ретінде мамандардың осы сала бойынша біліктілігін көтеру және қайта даярлау қарастырылған.Ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесіне пайдалану оның келесі педагогикалық мүмкіндіктерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді:

  • оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа матеиалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану;

  • оқытудың жаңа әдістері мен формаларын /проблемалық, ұйымдастырушылық, іс-әрекеттік компьютерлік ойындар т.б./:

  • проблемалық, зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру;

  • жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану арқылы оқу процесін материалдық – техникалық базасын жетілдіру.

Мамандардың біліктілігін көтеру міндеттерін шешуде оқу процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланудың келесі мүмкіндіктері ұсынылады.

  • ақпараттық мәдениет элементтерін қалыптастыруда білім мекемелерінің мамандарының қажеттілігін қанағаттандыру; математика сабақтарында ақпараттық және желілік технологиялар саласы бойынша жаңа білімдер алу;

  • білім беру жүйесін басқару мамандарын және математика пән мұғалімдерін жаңа ақпараттық технологияларды өһз қызметтерінде еркін пайдалана білуге үйрету:

  • қашықтықтан оқыту формаларына мұғалімдердің қызметін бағыттау.

20 ғасыр ортасында атақты ғылым В.М.Глушков: «Эем жетілері мен оларға терминал арқылы байланысу жүйелерінің дамуы келесі ғасыр басында техникалық жағынан жетілген елдерге информацияның басым бөлігі, бірінші кезекте, ғылыми-техникалық, экономикалық, саяси әлеуметтік мәліметтер қағазсыз күйде – ЭЕМ жадында сақталады.Соның салдарынан 21 ғасыр басында осындай информацияны пайдалана алмайтын адам 20 ғасыр басындағы оқи да, жаза да алмайтын жанға ұқсас болады...»,-деген болатын.

Оқушылардың білім алу процесін жетілдіріп, оны игеруді жылдамдата алатын жаңа педагогикалық технологиялар балаларға ақпараттық тенхнологиялар жағынан терең білім алуға көмектесіп, кейіннен жоғары оқу орындарында да табысты оқуға кепілдік береді.Мұндай технологияларға Жобалар тәсілін, Модульдік оқытуды, бір мәселеге баса назар аударту /концентрированное обучение/ арқылы оқыту, әркімді деңгейіне қарай жетілдіру /дифференцированное обучение/ және жеке тұлғаға бағытталған оқыту эелементтері, ойын программалары мен тест арқылы тексеру істерін жатқызуға болады.Оқушылардың ынтасын арттыра алатын біріктірілген немесе бинарлық сабақтар жаңа материалдарды тиянақты ұғып, оларды бекіту жолында жақсы нәтижелер беріп келеді.

Керекті технологиялар мен әдістемелер оқушының дайындығына, жасына және қарастырылатын пән бағдарламасының бөлімініе қарай таңдап алынады.

Сабақтарда тестік тапсырмаларды пайдалану да жақсы нәтижелер беріп келеді.Жеке адамға және топтарға да бағытталған тәсілдерді, екі бала істейтін, консультантпен бірігіп атқаратын жұмыс түрлерін сабақта жиі пайдалану керек.Тапсырмаларды тексеру кезінде кәдімгі тексеруден басқа өзін-өзі бақылау, бірін-бірі тексеру істеріне көп көңіл бөлінеді.

Жоғарыда айтылған педагогикалық технологиялар мен тәсілдерді пайдалану оқу процесін жетілдіруге, балалардың оқуға деген ынтасын арттыруға, олардың өзін-өзі бақылауына, жауапкершілігін арттыруға, білімдерін жетілдіруіне көп көмегін тигізеді.Осындай кездерде мұғалім балалардың жеке кемшіліктеріне көңіл бөліп, олардың ой-өрісін дамытуға, белсенділігін арттыруға арналған шығармашылық жұмыстармен айналысуға мүмкіндік алады.Сабаққа дайындалуға да көп уақыт бөле алатын дәрежеге жетеді.

Қазіргі ақпараттық қоғам орта білім беретін мектеп мұғалімдері алдына төмендегідей міндеттер қояды:

  • өз бетінше білім алу, өмір жағдайларына тез бейімделу, сыни тұрғыдан ойлай білу;

  • жаңа технологияларды пайдалану, ақпаратпен сауатты жұмыс жасау, өзін - өзі дамыту.

Математика сабақтарында пән мақсатына байланысты практикалық

сабақта әр түрлі: рефераттар, баяндамалар, жаттықтырушы мысалдар, семинар және т.б. талқылау әдістері қолданылады. Практикалық сабақтарда уақыт үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау және аудиториямен кері байланыс жүргізу мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады.Сол режимдердің әр қайсысына тоқталайық.

Ақ тақта режимі – ең қарапайым режим, бұл режимді семинар сабақтарын жүргізгенде қолдануға болады.Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұқмыс жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу /сызу/ үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады.Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады.

Екінші режим – office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы.Сабаққа дайындық жұмыстары, қайталауды жүргізудің нұсқалары блиц – тесттер, стандартты есептерді шығару екені белгілі. Сонымен оқытушы оқушы тестілік тапсырмаға жазбаша жауап беруге тақтаға шығарып, студенттің жауабын дұрыс жауаптарымен салыстыра алады және дайындалған материалды шаблон ретінде келесі сабақтарды пайдалану үшін сақтап қоюға болады.

Үшінші режим – тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы. Семинар сабақтарын жүргізуде өткен материалды қайталау қажет, сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған компонентін қолдануға болады.

Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті тақтаны қолдану оқытушының жеке тәжірибесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті тақта оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер еңгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады. Ал жеке галерея жасау, ол оқытушының да сол сияқты оқушының шығармашылық жұмыс жасауын жігерлендіреді. Қорытындылай келе интерактивті тақтаны орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі.


-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Филолог

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 2760 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ақпараттық технология (36.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт