Тақырыбы: «Күзгі бақша»
Мақсаты: Балалардың күз мезгілі жайлы түсініктерін молайта
отырып, күз ерекшеліктері туралы толық мағлұмат беру.
Күз байлығы жайында айта отырып, есте сақтау
Қабілетін дамыту,жемітер көкеністерді ажырата білуге
үйрету. Жемістер туралы тақпақтар айтқызу. Тілідік
қорын молайту. Тапқырлыққа, жылдамдыққа, ұшқыр
ойлау қабілеттерін дамыту, қуанышқа бөлеу.
Көрнекілік : Күз мезгілінің кейіпкерлері,(жемістер,көкөністер) атрибуттары, себет, жапырақтар.Безендірілген зал. Марш екпінімен залға балалр кіреді.
Тәрбиеші : Қайырлы күн! Армысыздарм қонақтар мен балалар!
Құрметті қонақтар, балалар сіздерді бүгінгі «Күзгі бақша»
Мерекесімен құттықтаймыз. Күз баршаңызға молшылық, ырыс,
береке, қуаныш әкелсін. Күзді құрметтеп, қуаныш пен қарсы алайық. Бүгінгі «Күзгі бақша» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Уа халайық, халайық.
Мұнда назар салайық.
Алтын күзге арналған.
Кешімізді бастайық.
Жүргізуші : Жұмбақ жасыру:
Бұлттар төніп жерге шөгіп
Дымқыл туман басады
Шөп сарғайып,өңі тойып
Дала сұры қашады
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады.
Балалар : “Күз” мезгілі
Жүргізуші : Дұрыс айтасындар.Күз мезгілінің ерекшеліктерін айтындаршы балалардың жауабы: Күн суытады. Жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі.
Айша : Астық жеміс жиылды.
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс.
Күз мезгілі тамаша.
Мұстафа : Асханадан шықпаймын.
Атым пияз бұқпаймын.
Көзден жасты шығарам.
Тұмаудан сақтаймын.
Мұхаммед : Берекесін сыйлауға.
Өлкемізге күз келді.
Жемістерді жинауға.
Шақырады біздерді.
Асылжан : Жемісті мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген
Тәрбиеші : Балалар, күздің суық желі басталды. Желдің лебі бізге де келіп жеткен секілді. Ішке сары киім киген түрлі – түсті жапырақтар жамылған «Алтын күз» келді.
Алтын күз : Амансындар ма, балалар! Бүгін желдің лебі мені сендердің орталарыңа алып келді. Мерекелерің құтты болсын.
Тәрбиеші : Қош келдің, Алтын күз! Өзіңмен бірге береке, байлық, молшылық, тоқшылық ала келдіңіз. Оған біз өте қуаныштымыз. Балалар, неге күзді « Алтын күз» дейміз.
Балалар : Өйткені күзде жеміс-жидектер,көкеністер, астық піседі. Барлығы мол болады. Сондықтан « Алтын күз» дейміз.
Алтын күз : Балалар, мен сендерге әдемі түрлі-түсті жапырақтарымды ала келдім. Кәне, осы жапырақтармен қыздарымыз, би билесін.
Би : «Жапырақтар» биі орындалады.
Тәрбиеші : Алтын күздің құрметіне тақпақтар айтып берейік.
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерді жинауға.
Шақырады біздерді.
Айша : Күзім – ау күзім ау
Мінезін қызық ау
Жаңбырық сіркесін
Кигенің қызық ау
Ерасыл : Мен алмамын алмамын.
Таңдай татар бал дәмін.
Мына тәтті бал дәмді .
Дастарқанға арнадым.
Рамазан : Жүзім пісті бір-бірлеп.
Үзіп мәзбіз біз енді.
Қоқырауы күмбірлеп.
Қыркүйекте күз келді.
Айым : Алтын сары жасыл көк.
Алуан – алуан жапырақ.
Жемістерді жинауға.
Шақырады біздерді.
Алтын күз : Ой жарайсыңдар балалар! Өркендерің өссін! Балалар мен сендердің би, өлең, тақпақтарыңды тамашаладым. Ал, енді мен сендерге бір ойын алып келдім. Кәне, ойнағыларың келеме?
Балалар : Иә.
Тәрбиеші : Ойын жемістер мен көкөністер жинау. Екі топ болып, жемістер мен көкөністерді екі себетке бөліп жинау. Кәне, балалар жемістерді айтыңдаршы, ал енды көкөністерді айтыңдар. Олай болса ойынымызды бастайық.
Қор : “Қошақан”
Тәрбиеші : Өте тамаша, ал, енді балалар, жаңа айтып жатырсыңдар, жемістер мен көкөністер піседі деп. Олар қайда піседі? Оны кім қарайды?
Балалар : Бақшада, Бағбан ата.
Тәрбиеші : Сендер БАғбан атаны көрдіңдер ме?
Балалар : Жоқ.
Тәрбиеші : Көргілерің келе ме?
Балалар : Иә. (Осы кезде есік қағылып, Бағбан ата кіреді)
Бағбан ата : Сәлеметсіңдерме балалар!
Балалар : Сәлеметсізбе, Бағбан ата.
Бағбан ата : Балалар мен сендерге қонаққа келдім. Мен туралы әңгіме естіп келдім. Мен сендердің даусытарыңды, әндеріңді естідім. Балалар мен сендерге ойын ала келдім. Ойын ойнамас бұрын, сендереге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Кәне, жақсылап тыңдаңдар.
Жер бетінде шашы бар
Жер астында басы бар. (сәбіз)
Қалың кигенді ұнатады,
Шешіндірсен сены жылатады. (пияз)
Көкпеңбек еді көктемде
Қызарады күз жеткенде. (қызанақ)
Бағбан ата : Тамаша балалар, өте тапқыр екенсіңдер, енді ойын ойнап озайық.
Ойын : «Кім жылдам»
Ережесі : Егінді алқапта қалып қалған масақтарды 2 бала ортаға шығып, тез жинап алу керек.
Тәрбиеші : Бағбан ата отырып дем алыңыз, қоанқ болыңыз біздің балалр, сізге өлең айтып береміз деп жатыр, тыңдаңыз.
Қор : “Қарлығаш ”өлеңі
Алтын күз : Балалар өнерлерің өрге өссін! Келесі күзге дейін кездескенше.
Бағбан ата : Жарайсыңдар балалар, ал енді біз сендермен қоштасайық, әкелген сыйлығымды үлестірейін. (әр балаға алма таратып шығды)
Тәрбиеші : Балалар, бүгінгі күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталғалы отыр. Берекелі, мерекелі жомарт күздің сыйы әрбір отбасының ақ дастарханынан арылмасын. Еліміз аман, заманымыз тыныш болсын. Осымен біздің «Күзгі бақша» ертеңгілігіміз аяқталды.


"Золотая осень" (20.47 KB)

