Меню
Разработки

В мире животных

урок на тему животные
02.02.2023

Содержимое разработки

Білім беру салалары: Әлеумет

Бөлімі: Экология негіздері

Тақырыбы: Ғажайып жануарлар әлемі

Мақсаты: қанқыз, құмырсқа және бауырымен жорғалаушылардың бірі кесірткенің тіршілігі туралы білімдерін жетілдіру.

Міндеттері:

- қанқыз, құмырсқа және кесіртке туралы білім беру;

- ойлау қабілеттерін дамыту.

-жәндіктерге, табиғатқа деген қамқорлық сезімін ояту.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: қанқыз, құмырсқа туралы біледі..

түсінеді: жәндіктер мен бауырымен жорғалаушы жануарлардың айырмашылығын түсінеді.

қолданады: қанқыз, құмырсқа, кесірткені таниды, ажыратады, олардың тіршілігі туралы түсініп айта алады, ауылшаруашылығына әкелетін пайдасы туралы айтып бере алады.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қанқыз, көбелек, құмырсқа, кесірткенің суреті және құрастыруға арналған суреттер қиындысы.

Әдіс-тәсілдері: ойын, сөздік, көрнекілік, практикалық.

Сөздік жұмыс: қанқыз, құмырсқа, кесіртке бауырымен жорғалайды

Билингвалды компонент: қанқыз – божья коровка, құмырсқа – муравей, кесіртке – ящерица.

ҰОҚ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі


Педагог балаларды шаттық шеңберіне шақырады.

Музыка естіледі.

– Таң атты деп елестетіңдер. Сендер енді ғана оянып, көздеріңді аштыңдар да, бөлмеге түскен күннің шуағын көрдіңдер. Күн ақырын ғана күлімдеп, мейіріммен сендердің құлақтарыңа сыбырлады. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Сендерге күн не деп сыбырлады.

– Сендер күннің шуағынан жылылықты сезіндіңдер ме?

– Олай болса біз де күнге әдемі күлкімізді сыйлайық.

2.Негізгі бөлім

- Балалар, біз серуен кезінде қандай жәндіктерге бақылау жасадық? (ара шыбын, көбелек, құмырсқа)

– Қазір біз бір ойын ойнаймыз. Ол ойын «Кім жылдам, әрі тапқыр» деп аталады.

Педагог балаларды үш, төрт топқа бөліп отырғызады да ойын шартын түсіндіреді. Ойын шарты бойынша балалар музыка аяқталғанша алдыларында бірнеше бөлікке бөлінген қағаз қиындыларын құрастырады. Музыка аяқталған кезде ойынды аяқтайды.

Балалар қанқыз, көбелек, құмырсқа, кесірткенің бейнесін құрастырады.

– Енді, балалар, көздеріңді жұмып алақандарыңды көрсетіңдерші (балалар көздерін жұмып, қолдарын созып тұрады, педагог олардың қолына кішкентай қанқыз ойыншығын қояды).

Балалар көздерін ашқан кезде қанқызды көріп, таңғалады, қуанады, бір-біріне көрсетіп, қуаныштарын бөліседі.

–Балалар, көздеріңді ашыңдаршы, сендердің алақандарыңа қандай жәндік қонды. Сендер бұл жәндікті көрген жерлерің бар ма, қайдан көрдіңдер? (Қанқыз деп жауап беріп қайдан көргендері туралы айтып береді).

– Қанқызды бәрің де білесіңдер, ал олардың тіршілігі туралы көп білмеулерің мүмкін. Сол себепті мен сендерге бүгін қанқызы туралы айтып беремін. Қанқыз – қызыл түсті, үстінде жеті нүктелері бар кішкентай жәндік. Ол кішкентай болса да ештеңеден қорықпайды. Неліктен?

– Егер де оны қолыңа алып, басып қалсаң, олар сап-сары жағымсыз иісі бар уын шығарады. Сол себепті оған құстар тиіспейді. Тіпті қызыл түсті нүктелі зат көрсе болғаны олар жоламауға тырысады. Міне, қанқыз осылайша қорғанады екен. Қорғанудың тағы бір түрі, оларды ұстап алсаң, ол өлген сияқты болып қатып қалады да қауіп төнбегенін байқаған уақытта қайтадан өзінің ісімен айналыса береді. Қанқыз немен қоректенеді?

– Олар алма битін, өсімдік бітесі, жапырақ бүргесі, өрмекші, кене т.б. ұсақ жәндіктерді жейді. Демек, қанқызының пайдасы үлкен екен. Себебі олар өсімдіктер зиянкестерін жесе, өсімдіктерді дәрілеудің қажеттілігі болмайды. Сол үшін де адамдар қанқызды жақсы көреді.

– Олар қандай жерлерде қыстайды?

– Қанқыз алғашқы суық түскен күннен бастап олар таулы, орманды жерлерге ұшып кетеді де тастардың, ағаштардың т.б. қуыстарына тығылып көктем шыққанша жатады. Көктем шыққанда өздерінің үйреншікті жеріне ұшып келеді. Міне, біздің кішкентай қанқыз деген досымыздың тіршілігі осындай.

– Балалар, сендер ең күшті не деп ойлайсыңдар?

– Ең күшті ол – құмырсқа. Себебі ол өзінен он есе үлкен затты көтере алады.

Педагог бір баладан құмырсқаның суретін көрсетуін сұрайды. Бала көрсетеді.

Құмырсқа құрылысты да шебер салады. Олар қураған өсімдік сабақтары мен жапырақтарының қалдықтарынан илеу жасап, тіршілік етеді. Әрбір илеуде «жұмысшы» және «жауынгер» құмырсқалар болады. Құмырсқалардың кейбір әрекеттері адамдарға ұқсайды. Олар енді ғана туылған құмырсқаларды илеуден таза ауаға шығарып, педагогтері қадағалап жүреді. Ал ауруға шалдыққан құмырсқаларға дәрігерлері қарайды. Олар қажет болған жағдайда ауруларды алшақтатып, тіпті операциялар жасауға мүмкіндіктері бар. Мысалы, мертіккен аяқтарын кесіп тастау секілді. Құмырсқалардың түрі көп екен. Мысалы, фермер-құмырсқалар ағаш бұтақтарындағы жарықшаларын жерден топырақпен толтырып, жаңа егін “алаңдарында” әркелкі дақылдарды өсіретін көрінеді. Ал егісті құмырсқалар қауымдастығының барлық мүшелері жинайды. Егістен жиналған дақылдар азық болады да олардан қалған масақ құрылыс материалы ретінде пайдаланыла береді екен. Ал құмырсқалардың негізгі қорегі басқа жәндіктер, өсімдіктердің жапырақтары мен тұқымдары, шырындары. Міне, балалар, құмырсқалар да адам мен табиғатқа осындай пайдасын тигізеді екен. Енді өздерің құраған суреттің ішінен кесірткені тауып беріңдерші (балалар көрсетуге тырысады).

Өздерің құрастырған кесірткенің бейнесіне назар аударыңдаршы. Өзгешеліктері бар ма? Қандай?

– Балалар, біз кесіртке туралы көп біле бермейміз. Кесіртке жылы жердің бәрінде өмір сүреді екен. Кесірткелердің көптеген түрі жерде жүреді, ағашқа, бұтаға өрмелей алады, құмға батып кететін түрлері де бар (батбат – кесіртке). Денесі жалпақ, қысқа не ұзынша келеді. Аяғы кейбір түрінде өте жақсы жетілген. Тілінің құрылысы да әртүрлі. Көбінесе жалпақ, қалың етті, ұзын ұшы айырылған болып келеді. Көздерінің қабағы қозғалмалы ойнақшып тұрады. Қауіп төнгенде көбі құйрығын үзіп тастап қашады, бірақ көп кешікпей жаңадан құйрық пайда болып бұрыңғы қалпына келеді. Кесірткелердің көпшілігі жұмыртқалайды. Кесірткелердің арасында жемін күндіз де, түнде де аулайтын түрлері бар.

Сергіту сәті

Ал, балалар, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Үлкен шеңбер құрған соң,

Алақанды ұрайық

Оң жақтағы балаға,

Сол жақтағы балаға,

Шапалақта шапалақ.

Жоғары төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия.

Балалардан оқу қызметінен алған әсерлерін, көңіл күйлерін, не үйренгендерін айтқыза отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілету.



-80%
Курсы повышения квалификации

Подготовка детей дошкольного возраста к обучению в школе

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
В мире животных (15.76 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели