Меню
Разработки
Разработки  /  Физкультура  /  Уроки  /  8 класс  /  Ықшамдалған ережемен баскетбол ойнау

Ықшамдалған ережемен баскетбол ойнау

Ы?шамдал?ан ережемен баскетбол ойнау Казыбекова Айда Бектурсыновна
13.01.2017

Содержимое разработки

Сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы: Ықшамдалған ережемен баскетбол ойнау

Сабақ мақсаты:

1.Спорт ойыны ережелерін,баскетбол ойыны техникасын,техника қауіпсіздігін үйрету

арқылы оқушылардың іскерлігін арттырып, дағдысын қалыптастыру

2.Оқушылардың ептілігін шапшаңдығын дамыту

3.Оқушылардың дене тәрбиесіне деген белсенділігін,қызығушылығын арттырып,

оларды салауатты өмір салтына насихаттап,жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас

Сабақтың түрі:Ойын сабағы

Өтілетін орны: Спорт зал

Керекті құрал-жабдықтар:Ысқырық,секундомер,баскетбол доптары

Сабақ мазмұны

Уақыты реті

Әдістемелік нұсқаулар

I.Кіріспе дайындық бөлімі

Сапқа тұрғызу,амандасу,кезекшінің мәліметін қабылдау,

түгендеу.

Саптағы жаттығулар:Оңға,солға,артқа бұрылу.

Жүріп жасалатын жаттығулар:аяқтың ұшына,өкшеге,ішкі ж/е сыртқы қырымен,отырып,секіріп.

Жүгіріп жасалатын жаттығулар:тізені жоғары,өкшені артқа көтере оң ж/е сол жақ жанымен

Ж.Д.Ж. қозғалыста ж/е орнында.

А) Бастапқы қалып,қол белде,аяқ иық кеңдігінде

1.Басты оңға солға қисайту 2.Басты алға артқа қисайту

Б) Бастапқы қалып,қол белде,аяқ иық кеңдігінде

басты 1-2 онға айналдыру 3-4 солға айналдыру

В) Бастапқы қалып.Оң қол жоғарыда.

1-2 қолды алдыға сермеу 3-4 қолды артқа сермеу

Г) Бастапқы қалып екі қол иықта

1-2 алдыға айналдыру 3-4 артқа айналдыру

Д) Бастапқы қалып:Қол тізеде,аяқ иық кеңдігінде

1-2 тізені ішке айналдыру 3-4 тізені сыртқа айналдыру

Сабақ мақсатын түсіндіру.

12-15мин

1

1

1

3-4 рет

20-25 м


20-25 м


4-5 рет


3-4рет


4-5 рет



4-5 рет


4-5 рет

Оқушылардың спорт киімі оның тазалығына жалпы сабаққа даярлығына баса назар аудару

Берілген бұйрық бойынша орындау керек

Қатардан шықпау керек.

Жүгіргенде қолдың үйлсімді қимылдауын жіті қадағалау


Оқушылардың жаттығуды дұрыс орындалуын қадағалау



Көзді жұмбау


Шынтақты тізеге тигізбеу


Тізені бір-біріне тигізбеу

II.Негізгі бөлімі

Допты бір және екі қолмен себетке тастау

Тақырып бойынша оқушыларға түсінік беру,үйрету көрсетіп беру.

Допты торға лақтыру барысында бір қол доптың жанында екінші қол доптың астында тұрады.Доптың жанында тұрған қол допты торға бағыттаушы болады ,доптың астында тұрған қол доптың тездігі,алысқа лақтырушы болады .Баскетбол ойыны барысында орын ауыстыра білу,допты берумен қағып алу,допты ыршытып алып жүру,допты торға лақтыру. Допты екі қолды ауыстыра қозғалыста алып жүру. Ойын ережелерін түсіндіру.Допты қолға ұстап жүгіре жөнелуге болмайды.Допты өз әріптесіне беру әдістері.Допты кеуде тұсынан лақтыру және жерге ұру арқылы береді,екі қолмен бастан асыра береді,екі қолмен жоғары лақтырып береді.Допты бір қол және екі қолда баскетбол торына лақтыру.

Оқушыларға кезек-кезек жасату .

Оқушыларды топтарға бөліп баскетбол ойнату .

Үйге тапсырма беру.

20-25мин


1-2рет











1-2 рет


Техника қауіпсіздігін қатаң сақтау



Ойын барысында қарсыласыңды итеруге болмайды.






әр топқа жетекші тағайындау

III.Қорытынды бөлім

Сапқа тұрғызу. Дем алуға арналған жаттығулар жасау.

Сабақты қортындылау.

Оқушыларды бағалау.

Қоштасу.

5-7 мин

1

1

1

1

Сабақтың өтілгені туралы ескертулер жасау.

Оқушылардың бағаларын айту



-80%
Курсы повышения квалификации

Адаптивная физическая культура в условиях реализации ФГОС для лиц с ОВЗ

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ықшамдалған ережемен баскетбол ойнау (16.87 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт