19.12.2017
Білім беру саласы: Қатынас
Бағдарлама тараулары: Тіл дамыту
Тақырыбы: Асханадағы ыдыстар.
Мақсаты: Балаларға үй,үй жиһаздары,ыдыстар туралы түсінік беру.
Танымын кеңейту,тілін дамыту.Диалогты сөйлеуге жаттықтыру.Достарының,үлкеннің айтқанын аяғына дейін тыңдауға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: суреттер,ыдыстар
| Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Мотивациялық қозғаушы | Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Балаларды тыныштандыру ә) Құрал жабдықтарын даярлату б) Сабаққа назар аудату | Балалар тынышталып,құралдарын алып,сабаққа назар аударады. |
| Іздену-ұйымдастырушылық | ІІ.Жаңа сабақтың мазмұны: -Балалар,біз қайда тұрамыз? -Қандай үйде тұрамыз? -Сендер өздерің нешінші қабатта,нешінші пәтерде тұратындарыңды білесіңдер ме? -Үйде қандай бөлмелер бар? -Мына екі сурет бірі жер үй, екіншісі көп қабатты үй-қайсысында тұрғың келеді? Суреттердегі жиһаздарды, ыдыстарды көрсетіп аттарын сұраймын. Жұмбақ жасыру: *Қара сиырым қарап тұр, Қызыл сиырым жалап тұр. *Кішкене ұлым бар Кірген –шыққан сүйеді *Жүз мүйізі бар Үстінде киізі бар Д/ойын: «Ас бөлмеде қандай зат тұрады?» Шарты:заттарды атап, онда тұратын заттарды атау.
|
Балалар сұраққа жауап береді.
Бала өз қалауымен әңгімелеп береді.
Жұмбақты шешеді -қазан мен от -кесе -қасық Балалар ас бөлмедегі заттарды атап, ондағы заттарды орналастырады. |
| Рефлексивті түзетуші | ІІІ.Қорытындылау. -Әр бала ас бөлмедегі заттароды атайды | Балалар ыдыс түрлерін атап шығады. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Жиһаздардын аттарын білу керек және қай бөлмеде орналасатынын білу керек.
Істей біледі: Өз бөлмелерін суреттей біледі.

Ыдыс-аяқтар /технологиялық карта/ (14.09 KB)

