Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Планирование  /  Дошкольникам  /  «Төрлет,құтты Жаңа Жыл» атты Жаңа жыл мерекесіне арналған кештің сценарийі.

«Төрлет,құтты Жаңа Жыл» атты Жаңа жыл мерекесіне арналған кештің сценарийі.

Жаңа жыл мерекесі Зал мерекеге сай безендірілген. Музыка фонында ортаға екі жүргізуші шығады. 1-жүргізуші: -Армысыздар ардақты ағайын, балалар! 2- жүргізуші: Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабытты балалар. 1-жүргізуші: Бүгін сізге жырдан алқа тағайын, Шат күлкіге толы болсын маңайың. Көргендер де көрмегенде арманда. Жаңа жылың құтты болсын ағайын. 2-жүргізуші: Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын, Ай жүзіндей айшықтанып, арайың. Жанға шуақ, бойға қуат әкелген. Жаңа жылың құтты болсын ағайын. 1-жүргізуші: Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар. 2- жүргізуші; Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің алғашқы құттықтау сөзі ауыл әкімі Шәмшәт Оразымбетке беріледі! Ән________________ орындайтын “____________________ 1-жүргізуші: Құрметті жамағат “Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты мәдени,рухани тәрбиелеп жатқан музей директоры және мәдениет Үйінің директоры _______________________ береміз. 2- жүргізуші: - Келесі құттықтау сөз бүгінгі кешіміздің құрметті қонағы ___________________ беріледі. 1-жүргізуші: Армысың, аманбысың Жаңа жылың. Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым! Жылқы жылы келгенде, сый ғып тартып, Ақтарайық әнменен көңіл сырын. /ән ”______________________” орындайтын______________________./

2- жүргізуші: -Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.

1-жүргізуші: * Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар. * Сүйінішпен маңайға жар салыңдар. * Аяз ата келеді Ақшақармен, * Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар! /осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді./ Аяз ата: Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел, Нарына нарық заман мінгескен ел. Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел, Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел. 1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, Ата! Аяз ата: Уағалейкумассалаум, балам! 2-жүргізуші: Армысыз Ата! Армысың Ақша қар. Аяз ата: Бар бол, балам! Біз қай жерге келдік қарағым? 1-жүргізуші: - Әнімен елін жырлаған, қүйімен жырын толғаған Нартай музейіне келдіңіз. Аяз ата: - Бәрекелді, балам! Нартай әнмен жырдың мекені деп естуші едім. Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар? 2-жүргізуші: - Әрине, ата! Шығыстың шырайын кіргізер мың бұралған бишілеріміз дайын тұр. Сіз рұқсат берсеңіз болды. Аяз ата: -Рұқсат шырақтарым, рұқсат. /________________________ биі/________________________ 1-жүргізуші: -Құрметті халайық, Құрметті Аяз ата Ақша қар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап, кең байтақ Қазақстанымыздың түпкір –түпкірінен өнердің өрінде жүрген не бір саңлақтар келіп қалыпты. Ортаға шақырсақ қалай қарайсыздар? 2-жүргізуші: Олай болса, ортаға ауылымыздың өнерлі жастарын шақырамыз.

/ ән __________________________________/ 1-жүргізуші: Ал, Аяз ата, Ақша қар! Бағанадан бері алдарыңызда әдемі әзіл мен әдемілік сыйлаған әр жерден келген өнерпаздардың арасында табаны жерге тимей, шыр айнала билейтін шеберлер де бар көрінеді. Олай болса, осы азаматтардың арасынан бір-бір өнерпаз шығып, бидің құдіретін танытса дейміз. /ортаға бір биші бала шығып, “Лезгинка” және “Жорға” билерін билеп береді./ 2-жүргізуші: -Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар, “Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл - жарылқасын” демей ме?! Ортамызға тарихтан өтер “Жылан” жылы келе жатқан көрнеді. Ескі жылымызды есімізге түсіріп, еңсемізді көртеріп қарсы алсақ, қалай қарайсыздар?

Аяз ата: - Бәрекелді қарақтарым! Келсін, жылан келсін. /жылан жылы шығады./ Жылан жылы: Ассалаумагалейкум, ағайын! Армысыздар, Аяз ата Ақша қар!. Аяз ата: Иә, жылан қайда тарттың? Жылан жылы: - Тарих қойнауына. Осы жерде жылқы бауырыма жолығып кетейін деп келдім. /осы кезде кісінеп жылқы жылы келеді./ Жаңа жыл (жылқы): - Ассалаумагалейкум, ағайын! Ассалаумагалейкум Аяз ата! Ассалаумагалейкум, жылан бауырым! Армысың, Ақша қар. Аяз ата: - Бар бол балам. Жылан жылы: Уагалейкумассалам, сен құлыншақпысың ? Жаңа жыл (жылқы жылы): - Дәл өзімін. Жылан жылы: - Айналайын келші, жалыңнан бір иіскейін. Ал, құлыншақ! Кімдер даттап, кімдер мақтайды, өзі білсін. Жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем. Мына тұрған халық куә, содан сұрарсың. Әлі де болса атқарылар істер көп. Соның бәрін саған аманат қылып қалдырам, қарағым. Жаңа жыл (жылқы): - Аманатқа адал болуға, халыққа жайлы, ел тілегіне сайлы болуға ант етемін. Жылан жылы: - Ал, мен жылжиын, ағайын! Келген жылдарың құт береке сыйласын! 1-жүргізуші: Қош, өткен жыл! Қош келдің Жаңа жыл. 2-жүргізуші: Ал, Аяз ата, Ақша қар! Асығып тұрған секілдісіздер. Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік. 1-жүргізуші: -Иә, ата мына халқыңызға бата берер кезде келді ғой деймін. Аяз ата: Болар, болар. Уа! Мен батамды берейін, Үстем болсын мерейің Әрқашанда бұл елге, Қуанышқа келейін. Жақсылық елден кетпесін, Жамандық, келіп жетпесін. Қызыр болсын жолдасың. Әруақтар қолдасын! Қара ниет дұшпаның, Бұл жалғанда оңбасын. Аман болсын, мал басың, Адал болсын жолдасың. Бейбітшілік заман болсын. Ел іргесі аман болсын. Осы айтқаным қабыл болып, Батам менің тәммам болсын! Әумин! Жаңа жылдарың құтты болсын! 2-жүргізуші:Жаңа жыл құтты болсын! Құрметті ағайын және балалар! Осымен біздің «Төрлет,құтты Жаңа Жыл » атты мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Амандықпен жүздесейік! Хош сау болыңыздар!

16.02.2018

Содержимое разработки


«Төрлет,құтты Жаңа Жыл» атты Жаңа жыл мерекесіне арналған кештің сценарийі.

Жаңа жыл мерекесі
Зал мерекеге сай безендірілген. Музыка фонында ортаға екі жүргізуші шығады.
1-жүргізуші:
-Армысыздар ардақты ағайын, балалар!
2- жүргізуші:
Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабытты балалар. 
1-жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
2-жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
1-жүргізуші:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
2- жүргізуші;
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің алғашқы құттықтау сөзі ауыл әкімі Шәмшәт Оразымбетке беріледі! 
Ән________________ орындайтын “____________________
1-жүргізуші:
Құрметті жамағат “Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты мәдени,рухани тәрбиелеп жатқан музей директоры және мәдениет Үйінің директоры _______________________ береміз.
2- жүргізуші:
- Келесі құттықтау сөз бүгінгі кешіміздің құрметті қонағы ___________________ беріледі.
1-жүргізуші:
Армысың, аманбысың Жаңа жылың.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Жылқы жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
/ән ”______________________” орындайтын______________________./

2- жүргізуші:
-Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.

1-жүргізуші:
* Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
* Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
* Аяз ата келеді Ақшақармен,
* Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
/осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді./
Аяз ата:
Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,
Нарына нарық заман мінгескен ел.
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,
Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.
1-жүргізуші:
Ассалаумағалейкум, Ата!
Аяз ата:
Уағалейкумассалаум, балам!
2-жүргізуші:
Армысыз Ата! Армысың Ақша қар.
Аяз ата:
Бар бол, балам! Біз қай жерге келдік қарағым? 
1-жүргізуші:
- Әнімен елін жырлаған, қүйімен жырын толғаған Нартай музейіне келдіңіз.
Аяз ата:
- Бәрекелді, балам! Нартай әнмен жырдың мекені деп естуші едім. Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар?
2-жүргізуші:
- Әрине, ата! Шығыстың шырайын кіргізер мың бұралған бишілеріміз дайын тұр. Сіз рұқсат берсеңіз болды.
Аяз ата:
-Рұқсат шырақтарым, рұқсат.
/________________________ биі/________________________
1-жүргізуші:
-Құрметті халайық, Құрметті Аяз ата Ақша қар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап, кең байтақ Қазақстанымыздың түпкір –түпкірінен өнердің өрінде жүрген не бір саңлақтар келіп қалыпты. Ортаға шақырсақ қалай қарайсыздар?
2-жүргізуші:
Олай болса, ортаға ауылымыздың өнерлі жастарын шақырамыз.

/ ән __________________________________/
1-жүргізуші:
Ал, Аяз ата , Ақша қар! Бағанадан бері алдарыңызда әдемі әзіл мен әдемілік сыйлаған әр жерден келген өнерпаздардың арасында табаны жерге тимей, шыр айнала билейтін шеберлер де бар көрінеді. Олай болса, осы азаматтардың арасынан бір-бір өнерпаз шығып, бидің құдіретін танытса дейміз.
/ортаға бір биші бала шығып, “Лезгинка” және “Жорға” билерін билеп береді./
2-жүргізуші:
-Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар, “Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл - жарылқасын” демей ме?! Ортамызға тарихтан өтер “Жылан” жылы келе жатқан көрнеді. Ескі жылымызды есімізге түсіріп, еңсемізді көртеріп қарсы алсақ, қалай қарайсыздар?



Аяз ата:
- Бәрекелді қарақтарым! Келсін, жылан келсін...
/жылан жылы шығады./
Жылан жылы: Ассалаумагалейкум, ағайын! Армысыздар, Аяз ата Ақша қар!.
Аяз ата:
Иә, жылан қайда тарттың? 
Жылан жылы:
- Тарих қойнауына. Осы жерде жылқы бауырыма жолығып кетейін деп келдім. /осы кезде кісінеп жылқы жылы келеді./
Жаңа жыл (жылқы):
- Ассалаумагалейкум, ағайын! Ассалаумагалейкум Аяз ата! Ассалаумагалейкум, жылан бауырым! Армысың, Ақша қар.
Аяз ата:
- Бар бол балам.
Жылан жылы:
Уагалейкумассалам, сен құлыншақпысың ? 
Жаңа жыл (жылқы жылы):
- Дәл өзімін.
Жылан жылы:
- Айналайын келші, жалыңнан бір иіскейін. Ал, құлыншақ! Кімдер даттап, кімдер мақтайды, өзі білсін.
Жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем. Мына тұрған халық куә, содан сұрарсың. Әлі де болса атқарылар істер көп. Соның бәрін саған аманат қылып қалдырам, қарағым.
Жаңа жыл (жылқы):
- Аманатқа адал болуға, халыққа жайлы, ел тілегіне сайлы болуға ант етемін.
Жылан жылы:
- Ал, мен жылжиын, ағайын! Келген жылдарың құт береке сыйласын!
1-жүргізуші:
Қош, өткен жыл! 
Қош келдің Жаңа жыл.
2-жүргізуші:
Ал, Аяз ата, Ақша қар! Асығып тұрған секілдісіздер. Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік.
1-жүргізуші:
-Иә, ата мына халқыңызға бата берер кезде келді ғой деймін.
Аяз ата:
Болар, болар... 
Уа!!!
Мен батамды берейін,
Үстем болсын мерейің
Әрқашанда бұл елге,
Қуанышқа келейін.
Жақсылық елден кетпесін,
Жамандық, келіп жетпесін.
Қызыр болсын жолдасың.
Әруақтар қолдасын!
Қара ниет дұшпаның,
Бұл жалғанда оңбасын.
Аман болсын, мал басың,
Адал болсын жолдасың.
Бейбітшілік заман болсын.
Ел іргесі аман болсын.
Осы айтқаным қабыл болып,
Батам менің тәммам болсын!
Әумин!
Жаңа жылдарың құтты болсын!!!
2-жүргізуші:Жаңа жыл құтты болсын! Құрметті ағайын және балалар! Осымен біздің «Төрлет,құтты Жаңа Жыл » атты мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Амандықпен жүздесейік! Хош сау болыңыздар!








Сценарийді дайындаған: М.Аймаханов

Н.Нақыпов

Музыкалық көркемдеуші : Р.Смайлов






























Аяз ата:
Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,
Нарына нарық заман мінгескен ел.
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,
Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.
Аяз ата:
Уағалейкумассалаум, балам!

Аяз ата:
Бар бол, балам! Біз қай жерге келдік қарағым? .
Аяз ата:
- Бәрекелді, балам! Нартай әнмен жырдың мекені деп естуші едім. Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар?
Аяз ата:
-Рұқсат шырақтарым, рұқсат.

Аяз ата:
- Бәрекелді қарақтарым! Келсін, жылан келсін...
/жылан жылы шығады./
Жылан жылы: Ассалаумагалейкум, ағайын! Армысыздар, Аяз ата Ақша қар!.
Аяз ата:
Иә, жылан қайда тарттың? 
Аяз ата:
- Бар бол балам.
Жылан жылы:
Уагалейкумассалам, сен құлыншақпысың ? 
Аяз ата:
Болар, болар... 
Уа!!!
Мен батамды берейін,
Үстем болсын мерейің
Әрқашанда бұл елге,
Қуанышқа келейін.
Жақсылық елден кетпесін,
Жамандық, келіп жетпесін.
Қызыр болсын жолдасың.
Әруақтар қолдасын!
Қара ниет дұшпаның,
Бұл жалғанда оңбасын.
Аман болсын, мал басың,
Адал болсын жолдасың.
Бейбітшілік заман болсын.
Ел іргесі аман болсын.
Осы айтқаным қабыл болып,
Батам менің тәммам болсын!
Әумин!
Жаңа жылдарың құтты болсын!!!










































-80%
Курсы повышения квалификации

Профессиональные требования к няне (помощнику воспитателя) в условиях реализации ФГОС дошкольного образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
«Төрлет,құтты Жаңа Жыл» атты Жаңа жыл мерекесіне арналған кештің сценарийі. (50.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт