Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Мероприятия  /  5 класс  /  Тілім – менің тірегім

Тілім – менің тірегім

Роль языка в жизни человека, воспитывать любовь к языку.

06.12.2017

Содержимое разработки


№6 мектеп – гимназия









Ашық тәрбие сағаты

«Тілім – менің тірегім»





Дайындағандар: Иманбаева Д.Л.

Рысбекова Б.Д.


Алматы, 2017










Тілім - менің тірегім

Жарияланды 19-09-2015, 18:50 Категориясы: Сценарий 

Батыс Қазақстан облысы,
Қаратөбе ауданы, Үшағаш ауылы,
Үшағаш негізгі жалпы білім беретін мектебі
Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі
Жұмаева Нұрия Сапиоллақызы

Тақырыбы: «Тілім - менің тірегім»
Мақсаты: Оқушылардың «тіл», «Отан» құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту.
Міндеттері: - ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- ана тіліне деген құштарлықты арттыру;
- ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, қатты қағаздан жасалған «Таным», «Ғұламалар», «Қазына» атты үш үлкен қақпа.

Шаттық шеңбері
Оқушылар шеңбер құрып тұрады, бір - бірімен, мұғаліммен сәлемдеседі. Мұғалім сабақ тақырыбымен таныстырады және мына өлеңді бірге айтуды ұсынады:
Ана тілім - ұраным,
Ана тілім - құралым.
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр - әнім.
Ана тілім - елдігім,
Ана тілім - ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім...

Сахналау
Ана тілінің маңыздылығын түсіндіру мен оқушылардың туған тілін жете білуге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақ сахналау түрінде ұйымдастырылады.
С. Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі
Ортаға патша шығады:
ПАТША: - Тілдер патшалығына саяхат жасауды көптен көңіліме түйіп жүр едім. Соның сәті бүгін түскен сияқты. Мен қазақ тілі туралы білсем деймін.
МҰҒАЛІМ: - Сонау 5 - 6 ғасырдан бастап уақыт санына төтеп беріп, бүгінгі күнге дейін жеткен Орхон - Енесей, Талас сына жазулары қазақ тілінің кезінде өркендеп, гүлденген дәуренін айғақтайды.

ҒҰЛАМАЛАР ҚАҚПАСЫ.
МҰҒАЛІМ: - Қазақ тілі - Әйтеке, Төле, Қазыбек билер сынды шешендердің, Абай, Жамбыл, Ахмет, Мағжан, Сәкен, Мұхтар сияқты алып ақын - жазушылардың, Қажымұқан, Бауыржан батырларың тілі. Қазақ тілі - қазақтың жоғын жоқтап өткен Ш. Уәлиханов пен Т. Рысқұловтай арыстың тілі.
ПАТША: - Туған тілім туралы өлең тыңдасам деймін.
Оқушылар: Туған тілім
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім!
Туған тілім - анам тілі - өз тілім!
Туған тілім - далам тілі - өз тілім!
Туған тілім - адам тілі - өз тілім!

Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар.

Талдау:
Неліктен тілді анамен байланыстырамыз?
Қандай адам өз тілін құрметтейді?
Неліктен өз тілінде сөйлейтін адам сыйлы болады?
ҚАЗЫНА ҚАҚПАСЫ
ПАТША: ашуланып - Менің кім екенімді білмейді - ау, шамасы, - деп қақпаны өзі итереді.
Бәрібір ашылмайды. Ол қақпа есігін қағады, сонда арғы жағынан қағаз түседі. Нөкері ашып оқиды:
Дүниеде не ащы?
Дүниеде не тәтті?
ПАТША: - Мұның мәнісі неде? - деп оқушылардан сұрайды.
МҰҒАЛІМ: - Мұның жауабын білу үшін «Данышпан атаға» хат жазған болатынбыз. Бүгін сол хатымыздың жауабы келді. Балалардың жауабын салыстырып көрейік. Хатты ашып оқиық.

Хатта:
О, хан ием!
Дұрыс сөйлей білуде өнер, жүйесін тауып сөйлеген сөз жүрекке жетіп, жүйені босатады. Сондықтанда тіл - тәтті. Жебе салған жара жазылар, балтамен оталған орман қайта өсер, бірақ тілдің жарасы жазылмас. Сондықтан да тіл - ащы.
(Сол уақытта қақпа ашылып, жасанды гүлдермен безендіріп жасаған бұлақ басынан «Ана тілім - қазынам» деген кітапты патша қолына алып, парақтай бастайды).
ПАТША: - Маған көмек қажет болды, кім көмектесер екен? Мына кітапта берілген мақал - мәтелді аяқтау керек.
1. Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен болмаса,...
2. Өнер алды -...
3. Жіптің ұзыны, сөздің... жақсы.
4. Піл үшті,
Піл күшті емес,... күшті.
5. Отыз тістен шыққан сөз,
Отыз рулы... тарайды.
6. Жүйелі сөз - жүйесін табар,
Жүйесіз сөз -...

ПАТША: - Ойпырым - ай! Тілдің құдіреті осы де. Балалар, сіздерге үлкен рахмет. Мен барып үш ұлымды сынап көрейін.
(Мұғалім патша ұлдарын қалай сынағандығын айтып береді)
Әкесі 1 - ші ұлына қонаққа келеді. Тамақ салынып, ет асылады.
ӘКЕСІ: - Қарағым, ана етіңнен жақсы жерінен бір кесіп берші?
- Әрине, санның еті дәмді. Енді жаман жерінен кесіп берші, - деді
- Тіс өтпейтін сіңір ғой.
Әкесі 2 - ші ұлынан да осындай сый - сыяпат көреді.
Содан соң 3 - ші ұлына келгенде де:
- Балам еттің жақсы жерінен берші, - дейді. Тіл береді.
- Енді жаман жерінен берші, - дейді. Тағы да тілден кесіп береді.
ӘКЕСІ:
- Мұның қалай балам, жақсы жерінен десем де, жаман жерінен десем де тіл кесіп бердің?
БАЛАСЫ:
- Ой, әке - ай, жақсы да, жаман да ұрыс - керіс, өсек те осы тілден шығады.
- Екі елі ауызға төрт елі қақпақ дегендей, әр адам өз тіліне сақ болса, еш уақытта ұрыс - керіс болмас еді. «Басқа пәле – тілден».
ӘКЕСІ:
- Дұрыс екен, балам. Бүгін көп нәрсені ұққандаймын. Енді қайтайын. Айтарым ақылыңнан ажырама, - деген екен.

ДӘЙЕКСӨЗ:
- Сахналау арқылы және өзіміздің өмірден түйгенімізден ұққанымыздай тіл балаға ананың ақ сүтімен туылған сәтінен - ақ беріледі. Тіл адамды жақсы да, жағымсыз да көрсетеді. Тіл адамды өсіреді де, өшіреді де. Өйткені жанға жайлы жақсы сөздерді жиі айтсаң, адамдар арасында сыйлы боласың. Өз тіліңді жетік біліп, оны дамыта алсаң, сондай - ақ басқа елге барғанда туған тіліңде сөйлесең олар сондай халық бар екенін біледі. Демек халқыңды басқа ұлттарға танытасың, халқыңды өсіресің. Егер сенің ана тілің де ешкім сөйлемесе халқың өшеді - осы. Сондықтан да ақын С. Торайғыровтың:

«Сүйемін туған тілді, анам тілін,
Бесікте жатқаным да - ақ берген білім», деген өлең жолдарын ұмытпағандарың жөн.

ЖАҢА АҚПАРАТ
«ҚР мемлекеттік тілі - қаза тілі. Ана тілін сүю, құрметтеу, мақтаныш ету - әрбір азаматтың міндеті»
ТАПСЫРМА
«Ана тілің - арың бұл» деген сөзді түсіндіріп беріңдер.
ДӘПТЕРМЕН ЖҰМЫС
ТАПСЫРМА: Нақыл сөздерді оқып, мағынасын түсіндір
1. Тіл жер жерде ұлт жоқ
Ш. Айтматов
2. Әр халықтың ана тілі - білімнің кілті... Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын.
А. Жұбанов
3. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмыту.
Б. Момышұлы

ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ
Жүрегімнің бөлшегі
Қаның, жаның - тілінде,
Арың, нәрің тіліңде.
Ұмтыл оны білуге.
Тілден алып ғибрат,
Құлшынасың білімге.

Ана тілің - ертегің,
Ана тілің - өркенің,
Ана тілің - ертеңің.
Қадірле ана тіліңді -
Жүрегіңнің бөлшегін.















Тақырыбы: Тілім – менің тірегім 
Мақсаты: 
Білімділік: Жас ұрпақты ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ана тілінің өресін әлемнің бай тілдер сатысына көтеру арқылы білімдерін шыңдау және тіліне, халқына деген сүйіспеншілігін арттыру; 
Дамытушылық: Туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған аға ұрпақ өкілдерінің еңбектерін оқып үйрену, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушылардың тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйені айта алуға, еркін сөйлеуге баулу; 
Тәрбиелік: Егеменді еліміздің жас қырандарын өз ұлтымыздың мәртебесін биік, ана тілінде таза сөйлеуге және баба рухынан, тілінен нәр алып, сусындап өсуіне тәрбиелеу 
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап 
Сабақтың типі: аралас 
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеттік оқу, орыс тілі, ағылшын тілі, қытай тілі, математика, музыка 
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, үлестірме қағаздар 
Сабақтың барысы: 
Ұйымдастыру (психологиялық дайындық) 
Оқушылар орындарынан тұрып, көздерін жұмады. Мұғалімнің айтқан сөзін қайталайды: Мен сабақтамын. Қазір сабақ оқуды бастаймын. Есте сақтау қабілетім жоғары, миым анық ойлайды. Мен сабаққа белсене араласуға дайынмын 

Үй тапсырмасын тексеру 
«Құрметте ана-анаңды» тақырыбына шығарма жазып келу 

Жаңа сабақ 
Жаңа сабақтың тақырыбы«Миға шабуыл» ойыны арқылы анықтау 
Тақтадағы есепті дұрыс шешсе жаңа сабақтың тақырыбы шығады 
Т І Л І М – М Е Н І Ң Т І Р Е Г І М 
Жаңа сабағымыз 
 Бабадан қалған – асыл сөз 
 Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді 
 Мақал – сөздің мәйегі 
 Қазақ тілім – қазынам 
 Артық болмас білгенің 
 Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін деген бөлімдерден тұрады 

Күннің жадын, сабақтың тақырыбын жазу 
Қазанның 5-і 
Сынып жұмысы 
Тілім – менің тірегім 

Тілім – менің тірегім, 
Сен деп соғар жүрегім. 
Асқақтай бер – Ана тіл, 
Мақтан етіп жүремін. 

Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі – адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер – ана тілі. 
1989 жылы 22 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақстан Республикасында «Тілдер туралы» заңы қабылданып, қазақ тіліне «Мемлекеттік тіл» мәртебесі берілді. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Ата Заңы қабылданды. Заңда қазақ тілі – мемлекеттік тіл деп нақты атап көрсетілген. 
Қазіргі қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады. Қазақ тілінің сөздік құрамы өте бай, оған 67 мың тізімдік сөз, 24,5 мың фразеологиялық тіркес – барлығы 91,5 мың лексикалық бірлік кірген бір ғана он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» куә бола алады. Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына кіреді және ол әсіресе, ноғай, қарақалпақ тілдеріне жақын болып табылады. 
Қазақ тілі – өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Оған қысылып-қымтырылу, ерін ұшынан шүлдірлеп-былдырлау мүлде жат. Қазақ нені айтса да ауызды толтырып айтады. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңырау желіндей еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқақ әуенділігі шырқап салар әніндей. Шешендерден шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз келісім, іштей үйлескен ырғақ болады. Сөз бен сөз, дыбыс пен дыбыс өзара ұйқасып, жымдасып жатады. Тыңдаушысын бірден ұйытып әкететін осы үндестік пен әсем ырғақ құлақ түбіне хрустальдай сыңғырлап, қазақ тілін сұлу да сиқырлы етіп көрсетеді. Кейде қазақ болып туғаның үшін және әлемдегі ең бай, ең сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесің. 
Б. Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген – түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасірет емес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды етер қаруымыз – тіліміз. 
Тіл – ата-баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан, бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой. Ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз. 

«Тіл – ұлттың басты негізі» деректі фильм тамашалау 

«Бабадан қалған – асыл сөз» бөлімі 
(оқушыларға оқыту) 
 «Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам секілді» Ғ. Мұстафин 
 «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді» Ғ. Мүсірепов 
 «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» Б. Момышұлы 
 «Ана тілің – асылың, оны білмеген – масылың» Қадыр мырза Әли 
 «Тіл – жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт» Х. Досмұхамедұлы 

«Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді» бөлімі 
(Сөзжұмбақ шешу) 

1) Аманжолов 2) Әбілев 3) Әлімбаев 4) Жұмабаев 5) Мырза Әли 
6) Байтұрсынов 7) Жансүгіров 8) Торайғыров 9) Тәжібаев 

Осы аты аталған ақын-жазушылардың барлығы дерлік қазақ тіліне арнап өлеңдер мен нақыл сөздер жазған. Олай болса өлең шумақтарына кезек берейік 

Тақпақтар 
Нәзира: Ілияс Жансүгіров «Анам тілі» 

Жәнібек: Сұлтанмахмұт Торайғыров «Сүйемін туған тілді – анам тілін» 
Сүйемін туған тілді – анам тілін, 
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім. 
Шыр етіп жерге түскен минутымнан, 
Құлағыма сіңірген таныс үнім... 

Сол тілмен шешем мені әлдилеген, 
Еркелеткен, құлыным, жаным деген. 
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты, 
Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным. 

Жаннұр: Дихан Әбілев «Туған тілім» 
Туған тілім – бабам тілі – өз тілім! 
Туған тілім – анам тілі – өз тілім! 
Туған тілім – далам тілі – өз тілім! 
Туған тілім – адам тілі – өз тілім! 

Көк аспанда қанат қағып ұшқанда, 
Өз тілінде қиқулайды құстар да. 
Өз тілінде кісінейді құлыншақ, 
Деген кім бар «Өз тіліңді ұстанба!» 

Парасат: Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі» 
Күш кеміді, айбынды ту құлады, 
Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады. 
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде, 
Қан суынған, жүрек солғын соғады. 

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім, 
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім. 
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа 
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім! 

Салтанат: Әбділда Тәжібаев «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» 
Туған тілім – тірлігімнің айғағы, 
Тілім бар да айтылар сыр ойдағы. 
Өссе тілім, мен де бірге өсемін, 
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін. 

Ана тілім, дана тілі, бақ тілім, 
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім? 
Сенсің менің қасіретім, шаттығым, 
Сенсің менің тазалығым, пәктігім. 

«Мақал сөздің – мәйегі» бөлімі 
(Мақал-мәтелдің жалғасын табу) 
1. Тіл – адам ойының . . . (айнасы). 
2. Тіл қылыштан . . . (өткір). 
3. Өнер алды . . . (қызыл тіл). 
4. Бас кеспек болса да, . . . (тіл кеспек жоқ). 
5. Ана сүті бой өсіреді, . . . (ана тілі ой өсіреді). 
6. Тілмен байланған . . . ( тіспен шешілмес). 
7. Тіл – буынсыз, . . . (ой – түпсіз). 
8. Тіл тас жарады, . . . ( тас жармаса бас жарады). 
9. Шебердің қолы ортақ, . . . (шешеннің тілі ортақ). 
10. Басқа бәле . . . (тілден). 
11. Бал тамған тілден . . . (у тамар). 
12. Жеті жұрттың тілін біл, . . . (жеті түрлі ілім біл). 
13. Тіл жүйрік емес, . . . (шын жүйрік). 
14. Тіл жүйріктен де . . . (озады). 
Сергіту сәті 
Сүйсем өз тілімді, 
Боламын білімді. 
Өз тілім үйретер, 
Өнерді, ғылымды. 
Боламын білімді, 
Сүйемін тілімді! 

«Қазақ тілі – қазынам» бөлімі 
«Қазақ тілі» сөзіне дыбыстық талдау жасау 
Қазақ тілі – 9 әріп, 9 дыбыс 4 буын 
Қ – қатаң дауыссыз 
А – жуан дауысты 
З – ұяң дауыссыз 
А – жуан дауысты 
Қ – қатаң дауыссыз 
Т – қатаң дауыссыз 
І – жіңішке дауысты 
Л – үнді дауыссыз 
І – жіңішке дауысты 

«Артық болмас білгенің» бөлімі 
Өз ана тілімізде сөйлеу – біздің басты міндетіміз. Өз тілімізде сөйлей отырып өзге тілді де меңгеруіміз керек. 
Әлемде екінші ұстаз, ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби өмірінде 76 ұлттың тілін білсе, өр рухты дауылпаз ақын Махамбет пен қазақтың бір туар ұлы Шоқан да бірнеше тіл білсе керек. Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Қазақ тілі еш уақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүргендігі, өз сыбағасын ешкімге бермегендігі мыңдаған жыл тарихынан айқын. 
Көп тіл білу – заман талабы. Елбасы өзінің 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» атты жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемге үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі» деген болатын. 
Әлихан Бөкейханов сынды алаш арыстарымыздан бастап, кешегі Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтпаев, Әлкей Марғұлан сияқты талай тарландарымыз қанша жерден ресей топырағында білім алса да, сол империяның қысымында жүрсе де, ана тілінің идеологиясы мен мәртебесін ең жоғары орынға қойған. Тіл ана тілінде сайрап тұрғандықтан, ешкім оған балта шаба алмаған. Ана тілін жақсы біліп тұрып, өзге тілде жетік сөйлесе – бұл сүйініш, мақтаныш. Ал ана тілін білмей тұрып, өзге тілде сөйлесе – бұл күйініш, өкініш. «Өз тілің бірлік үшін, өзге тіл тірлік үшін» екенін ұмытпайық. 
Сондықтан «Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте» деп, ақын Қадыр Мырза Әли атамыз айтқандай, әуелі өз ана тілімізді құрметтеп, оны ардақтап, аялап үйренейік те, өзге тілдің бәрін білуге барынша құлшыныс жасайық. Өз тіліміз өзегіміз, халықтық қасиетімізді айғақтайтын алтын тұғырымыз болсын. 
Мейлі, сен көп тілді біл «қой» демес ем! 
Пушкин, Байрон, Шекспир, Гейнеге сен. 
Бірақ сені қазақ деп айта алмаймын, 
Туған ана тіліңде сөйлемесең, - дегім келеді. 
(орыс, ағылшын және қытай тілінде өлеңдер оқылады) 
Толғанай 
Ана тілің біліп қой, 
Еркіндігің, теңдігің. 
Ана тілің біліп қой, 
Мақтанышың, елдігің. 

Ана тілің – арың бұл, 
Ұятың боп тұр бетте. 
Өзге тілдің бәрін біл, 
Өз тіліңді құрметте. 

Нәзира 
Родной язык – это твоя честь, 
Твоя совесть. 
Знай язык всех народов, 
Уважай свой язык 

Парасат 
Нәтиф лангрудж ë онесть 
Ĕ трус 
Ĕ маст нау ол лангрудж 
Бат лав ë лангрудж бест оф ол 

Жаннұр 
Зай си муиу де иали, 
Зай иоулоу де оиатин. 
Нао шенжинг ии уиян, 
Шиаужинг ни уиян. 

Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалаңсаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады. Бұл тілден май тамады десе де болады. Халықтың тіліне жырына құлақ салсаң, небір алуа-шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың 

Нұржан 
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып, 
Ана тілін білмеу қандай заңдылық. 
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда. 
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік. 

Жаңылай 
Тілмен ғана қызық менің тірлігім 
Тату еткен ел мен елдің бірлігін. 
Туған тілмен асқақ шығып ізгі үнім, 
Туған тілде алып жүрміз біз білім. 

Айдын 
Ана тілім – бәрін айтар шежірем, 
Тілсіз нені білдіре алам, не білем? 
Тілім барда ғана мынау ғаламның 
Кілтін табар саналысы сезінем. 
О, адамдар, қадіріне жетіңдер! 
Ана тілің-анаң! 
Сыйлап өтіңдер! 

Балнұр 

Данияр 
Ана тілім – ұраным, 
Ана тілім – құралым. 
Ана тілім болмаса, 
Болмас еді жыр – әнім. 

Ана тілім – елдігім, 
Ана тілім – ерлігім. 
Ана тілім болмаса, 
Бүтінделмес кемдігім 

Азамат 
Қазағым тіліңменен жана берші, 
Әуендетіп, әніме сала берші. 
Мәңгі даңқың түспесін – қазақ тілі, 
Көкейімде жатталып қала берші. 

Айшолпан 
Қымбат маған анам тілім – бал тілім, 
Қымбат маған дана тілім – ар тілім. 
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма, 
Ана тілім ардақ тұтар алтыным. 

Ана тілін жырлап өткен талайлар, 
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар, 
Қасиетті менің ана тілімде, 
Өшпеш мәңгі алаулаған арай бар. 

Бекзат 
Тілсіз жұртым шөптей қурап азады-ау, 
Туған тілді қорғап бақшы қазақ-ау. 
Сарқылмайтын қуатпенен күш берген, 
Туған тілдің қасиеті ғажап-ау! 

Тілім, дінім, самғаған, шарықтасын, 
Самғаудан еш уақыт жалықпасын. 
Өз алдында өмірден теңдік алған, 
Ана тілім көгімде қалықтасын. 

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» бөлімі 
Ана тілім – ұраным, 
Ана тілім – құралым. 
___________________ 
___________________ 
өлең жолдарын пайдаланып, өлеңді аяқтау 
Қорытынды 
Құлақтан кіріп бойды алар, 
Әсем ән мен тәтті күй. 
Жүрекке түрлі ой салар, 
Әнді сүйсең менше сүй. 
♫ Хор «Анамның тілі – аяулы үні» 
Өмірге келдім, 
Анамды көрдім. 
Деді ол «жаным» 
Арайлы таңым. 
Самал боп желпіп, 
Жырымен ертіп. 
Үйретті тынбай 
Бал тілін әнін 

Қайырмасы: 
Анамның тілі – Айбыным менің, 
Анамның тілі – Ай, Күнім менің. 
Сүйемін байтақ елімді туған, 
Сүйемін мәңгі өмірді думан. 

Мектепке келдім, 
Ұстазды көрдім. 
Тыңдадым сөзін, 
Табынып, сүйіп. 
Анамның тілі – аяулы үні, 
Жүрекке нұрын, 
Жіберді құйып. 

Үйге тапсырма 
«Тілім – менің тірегім» сөзжұмбақ құрастыру 

Бағалау 
Сабаққа белсене араласып отырған оқушыларды кітапшамен бағалау Тәрбие.орг сайтынан Тілім – менің тірегім Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес













































































Тақырыбы  «Тілім – менің тірегім»

Мақсаты:           Оқушылардың «тіл», «Отан» құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту.
Міндеттері:

- ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- ана тіліне деген құштарлықты арттыру;
- ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу;
.

 Көрнекілігі:  1.  Үш бидің, бес арыстың портреттері.

                        2. Қанатты сөздер жазылған плакаттар: «Ана тілі жоқ жерде ұлт жоқ». «Тіл - ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы».

   3. Қазақтың ұлттық киімдері.

 

Мұғалім: 

Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел - өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір – қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады.Сондықтан кез келген мемлекет өзінің территориялық салт – дәстүрін, ана ті-лін айрықша қорғайды. Ал біздің Қазақстан Республикасында ана тілі – қазақ тіліне мемлекеттік статус берілген. Ал, Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн. Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз біз өз ана тілімізде таза сөйлеуіміз керек және оны жақсы біліп, туған анамыздай сүюіміз керек.

Бүгін сіздермен « Тілім – менің тірегім» атты сынып сағатын өткізгелі отырмыз.

 «Тіл - ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы».

Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл -халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы.

Адамдық мұратка жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз -ана тіліміз!

Қазақ тілі - дүние жүзіндегі ең бай, беделді де, бейнелі тілдердің бірі.

Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі,

Өрнегін сендей сала алмас, — деп ұлы Абай атамыз таңырқап тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз.

Ана тілі халық өсіп, өркендесе дамиды да, халық жоғалса құриды.

Қазақстан — ұлан-байтақ мемлекет. Өз бауырына 100-ден аса ұлттарды сыйғызып отыр. Олар Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша тең құқықты, тәуелсіз адамдар.

Әр халық өз тілінде сөйлеуге, оқуға құқығы бар. Сол халықтармен достықта, бірлікте өмір сүрейік.

Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі. Қазақ тілі - қазақ халқы үшін әдебиет, мәдениет, ғылым мен білім, оқу - ағарту тілі.

Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі қабылдаған Қазақстанның Тіл туралы заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе 1989 жылдың қазан айында берілді.

«Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы» жаңа заңын қабылдады. Қазіргі қазақ тілі — кез келген әдебиетті басқа тілден аударуға, түрлі стильдерде сөйлеп, жазуға мүмкіндігі мол, кемелденген тіл.

Ана тілі — туған тілім, бас тілім.

Сен арқылы дүние танып, талпындым.

Сен арқылы әлемге аян бар ісім.

Сен өмірімде таусылмайтын асылым.

Даяна:

 22 қыркүйек - Қазахстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.

Қазақстанда 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады.

Ана тілі - әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы.



Алина:

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халкына Жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» делінген. Тек қазақ жұрты ғана емес, барша қазақстандықтар осы үш тілді өзара ұштастырып, өз орнымен қолдана білулері қажет.

Соның ішінде, ен алдымен ел егемендігінің көрінісі, құндылығының бірі болып саналатын мемлекеттік тілді – қазақ тілін меңгеру - баршамыздың міндетіміз.

 





Аружан:

Тағдырыңды тамырсыздың індетінен қалқала!

Әр адамда өз анасынан басқа

Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада

Болуы керек құдіретті төрт ана:

Туған жері – түп қазығы, айбынды

Туған тілі – сатылмайтын байлығы

Туған дәстүр салт – санасы – тірегі,

Қадамыңа шуақ шашар үнемі.

Аяулым:

  Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты.Тіл халықтың жаны ,сәні . Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі.Өйткені халқымыз дәрежеге емес , дәстүрге бағынған.

Санжар:

Еліміз – Қазақстан  Республикасы Егеменді ел атанып , ана тілімізге Мемлекеттік статус берілді.  «Тіл туралы заң» қабылданды.



Дарын:

Қуан далам!

Қуанатын күн бүгін,

Серпіп таста

Мұңды жүрек түндігін

«Тіл туралы»

Заңым енді күшіне

Паш еткендей

Кескен жаңа кіндігін.

 

 Индира:

Қуан бабам!

Қуанатын жөнің бар.

Деген едің

Тіл бар жерде өмір бар.

Халық жауы атандық – ау

Сол үшін ғұмырыңды

Құрбан етіп жолында ар.

 

Мұғалім:  Балалар, бұл өлеңде айтылып отырған , ана тілі үшін құрбан болған жандар кімдер деп ойлайсыңдар?

 



Оқушылар хормен:

Аталарымыз Ахмет Байтұрсынов, Шәкәрім Құдайбердиев,

Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан  Жұмабаев, Міржақып Дулатов.

 Мұғалім:

Қазақ халқы ежелден – ақ, тіл қадірін біліп , ақылды дұрыс сөзге бағына білген. Шешендерден шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз үйлескен ырғақ болады. Сөз бен сөз ұйқасы

жатады;

     Үш кемеңгер дүлдүлім,

     Сақтаған ел бірлігін!

     Қазақта қара қылды қақ бөлген

     Төле, Әйтеке, Қазыбек билердің сөз үлгілеріне зер салайық.

 

Аман (Төле би) :

Уа, халқым!

Көсіле шабар жерің бар!

Тау көтерген елің бар,

Қол бастайтын ерің бар,

Атадан қалған сарс жолың бар.

Сөз қадірін біліңдер!

 

Витя (Қазыбек би):

  Біз қазақ деген мал баққан елміз. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз.Басымыздан сөзді асырмаған елміз!



Айбар (Әйтеке би):



Тамыры суда тұрса да,

Уақыты жеткенде,

Құрамайтын құрақ жоқ.

Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.

 

Бұдан соң қыздардың орындауында:

« Анамның тілі» әні орындалады.



Мұғалім:

Ана тілінде сөйлеу, оған деген көзқарас – ең  зор адамның , мәдениеттілік , тәрбиелік, әдептілік өлшемі болып табылады.

Оның мәні - әр адамның ана тілін отанындай, туған халқындай, өз ата- анасындай сүйіп ардақтауында.Міне, сондықтан бүгінгі ақын- жазушыларымыз былай дейді.

 

Гүлзат:

 

Ақыл – ойын дананың,

Ана тілден аламын.

Ана тілің ардақты

Ақ сүтіндей ананың.

     

Бекзат:



Өсірген ой – білімді,

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің ,

Мәнін терең білуді.

 

ЖеняҚадыр Мырзалиев.                            

                           «Ана тілі»

                           

Ана тілің біліп қой

Еркіндігің теңдігің,

Ана тілің біліп  қой

Мақтанышың , елдігің.

Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің- бәрін біл

Өз тіліңді құрметте.

 

Руслан

 Ана тілі – біздің туған анамыз.

Анамыздай – сыйлап бағып – қағамыз.

Ана тілін бағаласаң қалай біз.

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.

Ана тілін кім аялай білмесе .

Анасынан безген ұл – деп біліңіз.



 Ира

 Ана тілі – асыл күні бабамның

Қуатымның ақ сүтіндей анамның.

Сәби шақтан бесігімде жыр тыңдап ,

Туған тілді жаттап өскен балаңмын.



 Аслан: 

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін

Өшсе тілім менде бірге өшемін.

 

 

Ислам: 

Қасиетің , ана тілі , аз сенің

Өзің барда ескірмес , тозбас елім.

Сен болмасаң ұлы ақын Абай болып,

Мұқағали атты өлең жазбас еді.

 

 Мұғалім:  Дихан Әбілов «Туған тілім!»

 

Туған тілім – бабам тілі - өз тілім

Туған тілім – анам  тілі - өз тілім.

Туған тілім – заман тілі - өз тілім.

Туған тілім – адам тілі - өз тілім.

Туған тілде сыры терең жаным бар

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып – ақ алыңдар.

Өз тілімдей қайда екен еркін басар

Тілім барда еркіме кім таласар.

Туған тілім күрмеліп әлсіресе,

Ыстық қаным суынып, сиқым қашар.

 

Әнұран орындалады

Барлық оқушы төмендегі өлеңді хормен айтады:

Қуан анам!

Ұзағынан сүйініп.

Сәтің де көп

Кейде кеткен түңіліп.

Ақ сүтіңнен бойға біткен тілімді

Пір тұтамын

Мен де алдыңда иіліп.

 

Барлық оқушы бастарын иеді












№6 мектеп – гимназия








Иманбаева

Дана

Лияшовна

-75%
Курсы повышения квалификации

Современные педагогические технологии в образовательном процессе

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Тілім – менің тірегім (50.04 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт