Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мерзiмі: Мектеп: Үстірт орта мектебі
Тақырыбы: № 1 «Ізгілікке бастар жол»
Мұғалiм: К. Идирисова Сынып: 6 а,б,в
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: адамгершілік, ізгілік, мейірімділік.
Мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі танудың адам өміріндегі мәнділігі жөніндегі ұғымдарын дамыта отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
- Оқушыларға ізгілік ұғымы туралы түсінік беру;
- Оқушыларды ізгі істерге жетелейтін адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету;
- адамгершілікке, ізгілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) оқулық, дәптер, А-4 ақ қағаз, стикерлер өлеңнің аудиодискісі
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті. Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет. Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.
Әңгімелеу:
Өзін-өзі тану сабақтарынан қандай жақсы қасиеттерді,құндылықтарды,білімді үйрендіңдер? Осы қасиеттер іс жүзінде қандай көрініс табады?
Өзіңе және өзгеге жасаған ізгілік істерің сендерді қандай сезімге бөлейді?
Жазғы демалыста жасаған ізгі істерің туралы айтып беріңдер
Сабақ барысын талдау:
Жаңа ақпарат: «Адам өмірі мен іс-әрекетіндегі жағымды қарым-қатынас пен сүйіспеншілік ізгілік сезімін тудырады. Ізгілік адамның өзіне және өзгелерге жасаған жақсы, игі, адал істерін қамтиды. Ізгілікті іс игілікке жеткізеді» деген «Оқу ақпаратын» мұғалім өзі оқып таныстырады.
Дәйексөз
«Кімде кім өзін сүйсе, туысқандарын сүйсе, өз елін сүйсе, әсіресе, адам баласын бауырым деп білсе, сол адамды ізгі атаймыз»
М. Жұмабаев
Дәйексөзді хормен оқыту
Ұлдарға хормен оқыту
Қыздарға хормен оқыту
Дәйексөзді,дәптерлеріне жаздыра отырып, мағынасын аштыру.
Мәтінмен жұмыс: Мәтінмен жұмыс жүргізу үшін оқулықтың «Оқып үйренейік» айдарында ұсынылған оқу материалы оқушыларға сабақ тақырыбын кеңірек мергерту мақсатында жүргізіледі. Осы мақсатта Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білік» атты шығармасынан үзінді түрінде алынған «Ізгілік» өлеңін оқушыларға оқып талдауды ұсынады.
Ізгілік
(«Құтты білік» шығармасынан үзінді)
Жүсіп Баласағұни
Өлеңді оқушылар өз ойларын еркін ашық айтып талдайды.
Шығармашылық жұмыс
Оқу белсенділіктерін арттырып, ізгілік туралы түсініктерін бекіте түсу мақсатында оқулықта мынадай тапсырма берілген:
Мейірімді және ықыласты болуға жетелейтін игі істер мен жақсы әрекеттер топтамасын жасаңдар.
Түйіндеме - Аданың мейірімді, ықыласты болуы, елін, жерін сүюі, танып-білуге құштарлығы, еңбексүйгіштігі ізгі істер мен жақсы әрекеттерге жетелейді.
Оқушылар жаңа сабақтан алған білімдерін түйіндеп отырады
Оқушылардың тапсырманы топпен жұмыс түрінде орындайды.
Топпен ән айту. Жақсы адамдар
Соңғы тыныштық сәтi.
Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!
Үйге тапсырма : № 1 «Ізгілікке бастар жол» .
«Менің қызықты демалысым» оқушылар өздерінің жазғы демалыстары жайлы шығарма жазып келу.
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мерзiмі: Мектеп: Үстірт орта мектебі
Тақырыбы: № 2 «Ізгілікке бастар жол»
Мұғалiм: К. Идирисова Сынып: 6 а,б,в
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: адамгершілік, ізгілік, мейірімділік.
Мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі танудың адам өміріндегі мәнділігі жөніндегі ұғымдарын дамыта отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
- Оқушыларға ізгілік ұғымы туралы түсінік беру;
- Оқушыларды ізгі істерге жетелейтін адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету;
- адамгершілікке, ізгілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) оқулық, дәптер, А-4 ақ қағаз, стикерлер өлеңнің аудиодискісі
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, 5Т ережесін еске түсіру
Тыныштық сәті. Нұрға бөлену
Балалар көздерін жұмады. Мұғалім сөйлейді. Сендердің жүректерің — сендердің кішкене жарқыраған күндерің. Ол да күн сияқты жылытады. Сендердің күндерің сендерге жылулық береді. Өздеріңнің жақсылықтарыңмен адамдармен бөлісесіңдер. Ал, кәне жақсылық сезімдерімізді өздеріміздің ата-анамызға, аға-әпкелерімізге, өздеріміздің достарымызға, барлық адамзатқа, келген қонақтарға, маған және өзіміздің кішкене ғана әдемі жер шарымызға, бәріне-бәріне жіберейік, жақсылық тілейік.
-Ал, енді көздеріңді ашыңдар, жымиыңдар және осы сезімдеріңді, қуаныштарыңды күні бойы сақтауға тырысыңдар.
Дәйексөз
«Кімде кім өзін сүйсе, туысқандарын сүйсе, өз елін сүйсе, әсіресе, адам баласын бауырым деп білсе, сол адамды ізгі атаймыз»
Мағжан Жұмабаев
Оқушылардың дәйексөз мағынасын кеңірек түсінуі үшін «алдымен адам өзін сүйе білуі керек, өйткені өзін сүйе білген, өзгені де сүйе алады, адамның сүю сезімі өзінің жақындарын, туған-туыстарын, айналасындағы адамдарды елін, жерін сүюге, бүкіл адамзат баласын бауырындай сүюі үлкен сүйіспеншілікке ұласады. Міне, осындай адамды «ізгі жан» деп айта аламыз» деген ой түйіндейді.
Сабақ барысын талдау:
Мәтінмен жұмыс
Мәтінмен жұмыс жүргізу үшін оқулықтағы аңыз әңгімені оқып талдау ұсынылады. Аңыз әңгіме оқушыларға оқылып , содан соң балалар әңгімені бірігіп отырып мағынасын ашады. Оқушылар мәтін соңында берілген сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар әңгіме мазмұнын талдау барысында жаман ниет, қайырымсыздықтың залалы қандай жағдайға душар ететініне көз жеткізеді. «Жазықсыз жанға жауыздықпен жасаған әрекеті өз алдына келеді», - деп неліктен айтылғанын, яғни «жақсылыққа жамандық жасаудың» мәнісін ұғады.
Тапсырма Оқулықта оқушылардың ізгі іс туралы білімдерін бекіту үшін мынадай тапсырма беріледі:
Еліңе қызмет етудің ізгі іс ретіндегі мәнін мысалдармен дәлелдеңдер.
Оқушылар тапсырманы орындау жолдарын ойластырады. Оқушыларға елге қызмет етуді осы жас шамаларына лайықты немесе келешекте еліне қандай қызмет ететінін елестете отырып, тапсырманы орындауға бағыт беру. Сондай-ақ еліңе қызмет етудің ізгі іс екенін неден, қалай көруге болатынын оқушылардың сезініп, оны сипаттап айтып беруі қадағаланады.
Түйіндеме Оқушылардың назары «Ақ ниет, кеңпейілділік, адалдық пен қайырымдылық сияқты ізгі істер бақыт пен дәулетке жеткізеді» тұжырымына аударылады.
Ақ ниеті деп көнілі таза, пейілі ақ, адал пиғылды адамды айтамыз. Ниет ықылас-ынтаны білдіреді. Ол адамның мінезімен, ерік-жігерімен, мақсат мүддесімен сабақтасып жатады. Адалдық –шыншылдық, әділдік уәдесінде тұрушылық сияқты қасиеттердің жиынтығы. Адал адамның бойында таза ниет, имандылық, жауапкершілік молынан табылады. Адал адам іс-әрекетті беріктікпен, тазалықпен адал орындайды, басқаға қиянат жасамайды, шындықты қорғайды, Отанға беріле қызмет етеді. Кеңпейілділік – адам бойындағы жақсы қасиет. Кеңпейіл адам айналасына жайлы, қолы ашық, алды кең, пейілі жомарт болып келеді. Қайырымдылық – адамның асыл қасиеті. Қайырымды кісінің айналасындағы адамдарға ықыласы мен көмегі, адамгершілік қарым-қатынасы мол болады.
Дәптермен жұмыс
3-тапсырма «Ізгілік» сөзжұмбағын шешіңдер.
4-тапсырма мәтінді оқыңдар. Ата-ананы, үлкендерді қалай құрметтеу керектігі жөніндегі өз ойларыңды айтып беріңдер
Тапсырманы балалар жекелей немесе топпен орындауларына болады. Орындаған тапсырманы сынып алдында жария етеді
Топпен ән айту
Соңғы тыныштық сәтi. Баяу әуен қойылады.
Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!
Үйге тапсырма : «мейірімділік » сөзіне сөзжұмбақ дайындау
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: Үстірт орта мектебі Мерзiмі:
Мұғалiм:К. Идирисова
Сынып: 6 «а», «ә», «б» Оқушылар саны: Сабақ №3
Тақырып: Өз мүмкіндігімізді таниық
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: қабілеттілік, қанағаттылық, еңбекқорлық
Мақсаты: оқушыларға адам мүмкіндіктері туралы түсінік беру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділік: оқушыларға адам мүмкіндіктері туралы түсінік беру;
Дамытушылық: әр оқушының өз мүмкіндігін тану қабілетін дамыту;
Тәрбиелік:қабілеттілікке, қанағаттылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: аудиокассета. Қожа Ахмет Йассауи кесені. Астана Бәйтерек, Леонардо да Винчи «Мона Лиза », Г.Ысмайылова «Жұмбақ қыз», Гизедегі Хеопс Пирамидасы сияқты туындылар.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi: 5 «Т»- ұстанымын еске түсіру:
1.Тәртіп
2.Талап
3.Тазалық
4.Тыныштық
5.Татулық
Қайырлы күн балалар! Күніміз сәтті болсын! Әдеттегідей сендермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын. Қараңдаршы, бәрің сондай қуанышты, бір-біріңе күлкп қарап жайдары ақжарқын болып тұрсыңдар. Сендердің көздеріңнен мейрімділіктің, жақсылықтың, қамқорлықтың сүйіспеншіліктің белгісін көріп тұрмын.
Әңгімелесу Рахмет, ендеше барлығымыз орнымызға отырып мына бейне таспаға көңіл бөлсек осы бейне таспа төңірегінде өз пікірлеріңізді белдірсеңдер. Сендердің достарың армандап отыр енднше осы сұрақ арқылы соның арманын тарқатып көрейікү
Адам алдына қойған мақсатын жүзеге асыру үшін қандай әрекеттер жасайды?
Адамдардың кейде арманына жете алмауының себебі неде деп ойлайсыңдар?
Адамның мүмкіндігі мен мақсатының сәйкес келуі қажет деп ойлайсыңдар ма?
Дәйексөз
Сабақта берілген ақпараттар мен білімді т.йіндеу мақсатында Әл-Машанидің қанатты сөзін қолданнамын.
Адам,ғалам ғажайып жеке дана,
Жан құмары-ізденген мәңгі сана
Өзіңді-өзің танысаң-істің басы;
Түзеген өз ғаламын болған дана
Әр адам өзін- өзі, өзінің қажеттілігін, өмірдегі және қоғамдағы рөлін толық түсіну нәтижесінде өз мүмкіндіктерін таниды.
Адам өз бойындағы мүмкіндіктерін толық пайдаланғанда алдына қойған мақсатына жете алады. Мақсатқа апаратын ізгі жолдарды өздігінен іздестіру жақсы нәтижеге жеткізеді. Адам жағымды қасиеттерін, ізгі ниеттерін дамыту барысында өзін - өзі тәрбиелейді.
Ойын
Өз мүмкіндіктеріңізді ой елегінен өткізу мақсатында сіздерді ойын алаңына шақырамын Мұғалім оқушылармен «Кел жақынырақ танысайық» ойынын ұйымдастырады.
Ойынның шарты: балалар шеңбер жасап отырады. Мұғалім балаларға өздерін таныстыру үшін өз бойларындағы жақсы қасиеттерін, нені бағалайтындарын ойлап, ой елегінен өткізуді тапсырады. әр бала өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін іштерінен ойлайды. Сонан кейін әр бала өз атын атап, өзінің жаұсы қасиеттері туралы кезек-кезек айтып береді.
Мәтінмен жұмыс
Өз мүмкіндіктеріңізді танып оны пайдалана білу қажеттілігін түсіндіру мақсатында жылдам оқу әдісі арқылы төмендегі мәтінді оқимыз
Шығармашылық жұмыс
Ендеше адам мүмкіндігінің шексіздігін көрсету мақсатында отандық және әлемдік мұраларға назар аударсақ.
Г.Исмайылованың басты тақырыбына әйел бейнесі. әсіресе бас киім ұлыттық костюм ою- өрнек әшекейлейді. Қазақ - өнеріне қосқан үлесі зор. Ол «Жұмбақ қыз»
Бейнесінде сомдалған
Леорнадо да Винчи – ұлы кескіндемеші, мүсінші, сәулетші, инжер, математик.67 жасында дүние салған. «Мона Лиза» шығармасы таңғажайып дүние.Хеопс пирамидасы Египет елінің елтаңбасы іспетті биіктігі 150 метр. Астана Бәйтерек, Қожа Ахмет Иассауй сіздерге белгілі. Осы бейнелерге қарап төмендегі сұрақтарға жауап береміз.
Өнер туындыларын көргенде қандай сезімде болдыңдар ?
Өнер туындыларынан қандай ұқсастықтар мен қандай артықшылықтар байқадыңдар ?
Адам мүмкіндігінің шексіз екендігіне тағыда немен дәлелдер едіңдер ?
Адам мүмкіндігінің шексіздігіне қандай мысал келтіре аласыңдар ?
«Жан құмары», «Өзіңді-өзің танысаң-істің басы» деген сөз тіркестерінің мағынасын талқылатамын. Жан құмары – ой - өрісінің дамыуы сана , ақыл оймен еңбек етуі.
Өзіңді - өзің танысаң - істің басы. Өзіңнің икемің, бейімің бар жаның қалаған іске ұмтыл, сол жолда аянбай ет, мақвсат қоя біл, жетуге талпын сонда ғана бір нәтижеге жетесің дегенді білдіреді.
Топпен ән айту
Үйге тапсырма
Сабақтың соңғы қорытындылау сәті
Сабақты аяқтау үшін оқушылар бір-бірімен пікір алмасып, қоштасар алындатілек айтсақ. Оқушылар өз тілектерін былай бастауларына болады:
«Мен өзіме және өзімнің достарыма амандық тілеймін...».
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: Үстірт орта мектебі Мерзiмі:
Мұғалiм:К. Идирисова
Сынып: 6 «а», «ә», «б» Оқушылар саны: Сабақ №4
Тақырып: Өз мүмкіндігімізді таниық
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: қабілеттілік, қанағаттылық, еңбекқорлық
Мақсаты: оқушыларға адам мүмкіндіктері туралы түсінік беру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділік: оқушыларға адам мүмкіндіктері туралы түсінік беру;
Дамытушылық: әр оқушының өз мүмкіндігін тану қабілетін дамыту;
Тәрбиелік:қабілеттілікке, қанағаттылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi: 5 «Т»- ұстанымын еске түсіру:
1.Тәртіп
2.Талап
3.Тазалық
4.Тыныштық
5.Татулық
Тыныштық сәтi: «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге, немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
Оқушылар алған әсерлері туралы айтады.
Үй тапсырмасын тексеру: Р.Островскаяның ұлы – Н.Островскийдің балалық шағы туралы әңгімесін мазмұндау.
Сұрақтар:
1. Николайдың білімге құмарлығы туралы оның анасы не айтады?
2. «Құрыш қалай шынықты» атты қітабын қашан және қандай жағдайда жазды?
3. Адам өз мүмкіндіктерін қалай дамыта алады?
4. Қандай жағымды қасиеттер адам бойындағы мүмкіндіктердің, қабілеттердің шексіздігін дәлелдейді?
5. Адам мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуда ниет пен ерік-күштің мәні неде деп ойлайсыңдар?
Дәйексөз: «Жаның жай тапсын десең,еңбектен»
Ж.Ж.Руссо
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Оқушылар дәйексөздің мағынасы бойынша өз пайымдауларын жасайды.
Дәйексөзді оқушыларға 3 рет қайталатып оқыту.
Дәйексөзді дәптерлеріне жаздыру.
Оқиғаларды әңгiмелеу (сұхбат) «Құмырсқа мен шегіртке» ертегісі
Баласын жем іздеуге баулып жүрген Құмырсқа пісіп тұрған бидайдың басын иіп алып жеп тұрған шегірткеге кез болды. Онымен:
— Ассалаумағалейкум, Шегіртке, — деп амандасты да: — Оу, Адамның маңдай терімен еңбек етіп пісірген бидайын сен қалай рахаттанып жеп тұрсың? — деп сұрады.
— Осыншама жерді алып жатқан бидайдың бір түйірін жесем Адамның несібесі кеми қоймас. Жылдағы әдетім осы, жаһанды жалпағымнан басып келем де бидайды жей берем. Бұдан кедей болып қалған Адамды көрген емеспін, оның көйлегі де көп, көңілі де тоқ, — деп жауап берді Шегіртке.
Бастары жұлым-жұлым боп қалған бидайларға қарап тұрған Құмырсқаның көзіне анадайда бидайлардың парша-паршасын шығарып шашып ойнап келе жатқан Шегірткенің балалары түсті.
— Көрдің бе, балаларың да сен секілді өзгенің нәрсесін ұрлауға дағдыланып алыпты. Ертең олар да балаларын ұрлыққа үйрететін болады. Ал, бірақ ұрлықтың жақсылық әкелетіні шамалы, – деп күрсінді.
Құмырсқаның сөздеріне ашуы келген Шегіртке:
— Дайын астан аттап өтіп қайда барып жем іздеймін! — деп айқайлады да, шырт етіп ұшып кетті.
Құмырсқа одан әрі жүре берді.
Сонда Құмырсқаның баласы:
— Апа, біз алыс-алыс жерлерге шаршап барып әкелетініміз біреуден қалған қалдық. Неге соншама жанымызды қинап бейнеттенеміз. Ал Шегіртке болса таза, жаңа піскен дәмді бидайды таңдап жеп жүр. Ол дұрыс істейді. Тойып алады да, қыдырып жүре береді. Ал екеуміз таңның атысынан күннің батысына дейін азық іздеумен боламыз. Сондағы табатынымыз мардымсыз бірдеңелер. Біз де бидайдан бірнешеуін алып алайық, — деді.
— Балам, әлі-ақ Шегірткенің ісінің дұрыс еместігіне көзің жететін болады, — деді Құмырсқа.
Жүре-жүре жүгері алқабының шетіне шыққан олар шашылып қалған нанның қиқымын көрді. Шамасы осы жерде отырып біреу нан мен сусын ішкен секілді.
— Балам, мінекей, мынау нан. Ас патшасы, — деді, Құмырсқа қиқымдардың ішінен ең ірісін таңдап алып жатып, — бұл әлгі Шегіртке жеп тұрған бидайдан жасалады. Адамдар өте еңбекшіл халық. Олар бидайды сол күйінде жемей, оны өңдеп, осындай тәтті тағам жасайды.
Аң-таң қалған баласы қиқымның бір түйірін аузына салып көріп:
— Иә, шынымен де бал татиды, — деп тамсанды.
— Әлің жеткенше арқалап ал. Енді бұл қиқымдарды бізден басқа ешкім керек етпейді, сондықтан еш қысылмай ала беруге болады, — деген анасы алдыға түсіп жүріп кетті.
Бұлар бидайдың ортасымен жүріп отырып бағанағы Шегірткемен кездескен жерге де жетті. Бір кезде Құмырсқаның құлағы ыңырсыған әлсіз дауысты шалып қалды. Жалма-жан арқасындағы азығын тастай салып, дауыс шыққан жаққа қарай жүгіре жөнелді. Баласы да ілесе берді. Қараса, Шегіртке аяқтары әлсіз қимылдап, өлгелі жатыр екен. Құмырсқаның тер басып кеткен бет аузын көрген ол:
— Досым, сен дұрыс айтасың. Адамдар бидайларға у сеуіп тастапты. «Қиналмаймын, оңай олжа табамын»,деп жүріп міне ажалымнан бұрын өлейін деп жатырмын. Егер сен секілді еңбектенгенімде бұлай ерте өлмес пе едім кім білген, — деп көзіне жас алды. — Еңбектенейін десем осы еңбектің жемісін көретініме сенбедім ғой. Ауыр жұмыстан қашып осы кезге дейін өмір сүрдім. Енді анау балаларыма өсиетімді айта алмай бара жатырмын. Олар да мен секілді өмірлерін құр босқа өткізетін болды, — деп өкінген Шегіртке көз жұмды.
— Көрдің бе, балам, әлгінде сен де осы бидайдан ұрлап алмақшы болып едің. Ұрлық түбі - қорлық екеніне енді көзің жеткен болар, — деді анасы баласының жүзіне бағдарлай қарап, — Егер бойыңда сенім болса, ауыр бинеттің өзі бақыт болып көрінеді, — деді.
— Түсіндім, түсіндім, — деген бала анасының алдына түсіп, иығындағы ауыр жүгін мақтанышпен көтеріп, томпаңдап кетіп бара жатты.
Сұрақтар:
1. Құмырсқамен шегірткенің арасында қандай жағдай болды?
2. Құмырсқаның баласы анасына неге ренжіді?
3. Құмырсқаның баласының анасының айтқанының дұрыстығына қалай көзі жетті?
4. «Ұрлық - түбі қорлық » дегенді қалай түсінесіңдер?
5. «Анаға қарап,қыз өсер,әкеге қарап,ұл өсер» деген мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?
6. Адамның еңбекқор болуына көмектесетін қандай қасиеттер қажет?
7. Балалар өз өмірлеріңде еңбекқор адамдарды кездестірген кездерің болды ма?
8. Сіздер, олардың қандай қасиетттеріне сүйеніп оларды еңбекққор деп айта алар едіңдер?
Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.
Түрлі-түсті қағаздармен 4 (төрт) топқа бөлу.
І – топ: «Еңбекпен тапқан нан тәтті» тақырыбына әңгіме құрастыру.
ІІ – топ: Табандылыққа, төзімділікке байланысты мақал-мәтелдер құрастыру.
ІІІ – топ: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» тақырыбына сурет салу.
ІV – топ: «Талап» сөзіне сөзжұмбақ құрастырыңдар.
Топпен ән айту. «Жан досым» әні
Үй тапсырмасы: Г.Потаниннің «Шоқан» туралы әңгімесін мазмұндау.
Сабақтың соңғы тыныштық сәтi:
Бүгінгі алған білімдеріңізді жүректеріңізде сақтаңыздар.
Сабақ аяқталды, назарларыңызға рахмет!
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: Үстірт орта мектебі Мерзiмі:
Мұғалiм:К. Идирисова
Сынып: 6 «а», «ә», «б» Оқушылар саны: Сабақ №5
Тақырып: Өз мүмкіндігімізді таниық
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: қабілеттілік, қанағаттылық, еңбекқорлық
Мақсаты: оқушыларға адам мүмкіндіктері туралы түсінік беру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділік: оқушыларға адам мүмкіндіктері туралы түсінік беру;
Дамытушылық: әр оқушының өз мүмкіндігін тану қабілетін дамыту;
Тәрбиелік:қабілеттілікке, қанағаттылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. 5Т ережесін қайталау
Тыныштық сәті
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет!
Қандай сезімде болдыңыздар ?
Ескерту
«5-Т» ережесін еске түсіру
Оқушылар көздерін жұмып, тыныштық сәті орнайды
Үй тапсырмасы
Оқулықтың 14 –бетіндегі Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» әңгімесінен үзіндіні оқу
1. Қожаның өз қателіктерін түзетуге мүмкіндігі бар ма?
2. Қожа не себептен өзіне арнап қаулы қабылдады?
3. Осы жағдайда сіз Қожаның орнында болсаңыз не істер едіңіз ?
Оқушылар өз ойларын айта отырып, пікірлерін ортаға салады
Дәйексөз.
Адам, ғалам ғажайып жеке дара,
Жан құмары - ізденген мәңгі сана.
Өзіңді –өзің танысаң –істің басы,
Түзеген өз ғаламын болған дана.
Әл-Машани (1906-1997ж)
Ұлдар бір рет, қыздар бір рет, барлығы қосылып қайталайды, дәптерге жазады. Дәйексөздің мағынаасын ашады.
Әңгімелеу. Адам мүмкіндігін білеміз бе? Әр адамның бойында табиғат берген орасан зор мүмкіндіктер болады. Бүгінгі таңда ғалымдар ол мүмкіндіктер туралы ортақ пікірге келіп отыр. Онысыз кез келген іс – әрекетті елестетуге болмайды. Қалыпты адамның миы орасан зор мағлұматты қабылдай алады. Мысалға:
Ньютон мектеп бағдарламасындағы математика мен физикадан жоғары жетістікке жетпеген екен,бірақ ол тартылыс және оптика туралы ілімдерін 25 жасында, М. Әуезов өзінің “Еңлік-Кебек” пьесасын 21 жасында жазса, әйгілі жауынгер –жазушы Бауыржан Момышұлы 30 жасында дивизияны басқарған, қолбасшы А. Македонский өзінің отыз мыңдық әскерінің әрқайсысын түсінен тани білген, өткен ғасырда өмір кешкен Трояны ашқан ғалым Шлиман 22 тілді білген екен. Моцарт 5 жасында симфония жазған, тас керең Бетховен өлмес классикалық музыкалық шығармалар қалдырды. Ақылға сиымсыз осындай ғажайыптар жасаған адамдар тарихта аз болмаған. Олар бізге қарағанда ерекше жаратылған, менің қабілетім де, талантым да жоқ, қарапайым пендемін деп өзімізді өле өлгенше тар қапаста шектеумен ұстауымызға болады. Адамдардың көбі өкінішке орай дәл солай жасайды да. Келтірілген мысалдардан табиғат берген қарапайым мүмкіндікпен – ақ бойыңдағы қабілетіңді дамытуда үлкен жетістіктерге жетуге болатындығына көз жеткізуге болады. Бойыңызда бұғып жатқан буырқанған бұла күш пен арманыңыздың асқарына жеткізер мүмкіндіктеріңіз өте зор.
1.Ғалымдар адам бойындағы ғажайып мүмкіндіктерді мойындауына не себеп болды ?
2.Адам бойындағы зор мүмкіндіктің ашылуына не себепкер бола алады ?
3.Үлкен жетістіктерге жету үшін мүмкіндікті қалай пайдалану керек ?
4.Сіздің бойыныңызда ерекше қабілетіңіз бар ма ? 5. Сол қабілітті ашуға қалайша әрекет етуші едіңіз ?
Әңгімені тыңдап, сұрақтарға жауап беру арқылы мәтін талданады. Балалар өз бойларындағы мүмкіндіктері туралы айтады.
Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс Түрлі-түсті қағаздармен 4 (төрт) топқа топтастыру І – топ «Музыка» 5 жол өлең құрастыру ІІ – топ «Өнер» сахналау ІІІ – топ:«Сурет» сурет салу ІV – топ: «Талап» эссе жазу
Топтық жұмысты жасап, көрсетеді.
Топпен ән айту
Саржайлау
с. М.Мақатаев
ә. Н.Тілендиев
Жазира, жасыл кілем өрнектеген
Туған жерге, дариға, жер жетпеген!
Кең өлкем, әлдилей бер сен деп келем
Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем
Қайырмасы:
Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал - баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым
Армысың, ата-қоныс, жасыл мекен!
Ұланыңмын, мен сенің қасыңда өтем
Басқаның жерұйығын неғылайын
Жерұйығы өзімнің қасымда екен!
Жадырап, жұтайыншы тау самалын
Осы еді ғой сағынып аңсағаным
Гүлдерім, шыршаларым, аршаларым
Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын
Қайырмасы:
Жанымды жырға бөлеп таң атырған
Әкем едің ақ таңда жаратылған
Төліңнен айналайын жаңа туған!
Айналайын еліңнен дара тұрған!
Үй тапсырмасы:Оқулықтың 21-бетіндегі Р.Островскаяның әңгімесінен үзіндіні оқу
Сабақтың қорытынды сәті
Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге сақтап алыңыздар.Бүгінгі сабаққа қатынасқандарыңызға рахмет!Сау болыңыздар.
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектебі: Үстірт орта мектебі Мерзiмі:
Мұғалiмі: К. Идирисова Сабақ: № 6
Тақырыбы: Ізденген жетер мұратқа
Құндылығы: Дұрыс іс әрекет
Қасиеттері: еңбекқорлық, табандылық, адамгершілік
Сыныбы : 6 «а, ә, б» Оқушылар саны:
Мақсаты: оқушыларды өз бетінше танып - білуге, құштарлыққа, талпынысқа, ізденіске асқан сүйіспеншілікпен талпынысқа үйрете отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеті:
- Оқушыларға мақсатқа ұмтылушылық, мұратқа жету туралы түсінік беру;
- Оқушылардың ерік - күшін дамытуға ықпал ету;
- Оқушыларды еңбекқорлыққа, табандылыққа тәрбиелеу;
Ресурстар:
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару. 5Т
Тыныштық сәті:
Теңізге саяхат
Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).
Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
Үй тапсырмасын тексеру.
Тапсырма : Сырғанақта
Мазмұны бойынша сұрақ:
Әрі қарай не боды деп ойлайсыздар?
Ашуланған сәттегі мезгіл қандай?
Дәйексөз.
“Ақыл адам көрігі, ақылдың сабыр серігі.”
М.Әуезов
Бәрі қосылып айту.
1-рет ұлдарға, 1-рет қыздарға.
Сұрақ:Адал еңбек,ақыл,таза жүрек дегенді қалай түсінесіңдер?
Әңгімелеу. Бейнеролик.
1.Адам өмірінде ірі тастар не деп ойлайсыңдар?
2.Ал ұсақ тастар не деп ойлайсыңдар?
3.Өмірде не құнды?
Шығармашылық тапсырма /топтық жұмыс/
Жаңа-жаңа мен ...........................,
Өмір деген ...................................
Өмір-............................................,
Өмір-....................................................
Еңбек-,
Таза жүрек...........................................
............................,өз ортамнан үйреніп,
Жақсы адамға ........................ түбі мен!
Топпен ән айту.
Үй тапсырмасы.
Өмір туралы мақал-мәтелдер,нақыл сөздер жаттап келу.
«Елдің иесі сендерсіңдер,қарақтарым!» мәтінді оқып келу
Соңғы тыныштық сәті (музыка әуенімен)
- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.
-Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түпкіріне апарып орналастырайық.
-Енді көздерімізді аша ғойыңдар.Сабақ аяқталды.Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін.
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектебі: Үстірт орта мектебі Мерзiмі:
Мұғалiмі: К. Идирисова Сабақ: № 7
Тақырыбы: Ізденген жетер мұратқа
Құндылығы: Дұрыс іс әрекет
Қасиеттері: еңбекқорлық, табандылық, адамгершілік
Сыныбы : 6 «а, ә, б» Оқушылар саны:
Мақсаты: оқушыларды өз бетінше танып - білуге, құштарлыққа, талпынысқа, ізденіске асқан сүйіспеншілікпен талпынысқа үйрете отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеті:
- Оқушыларға мақсатқа ұмтылушылық, мұратқа жету туралы түсінік беру;
- Оқушылардың ерік - күшін дамытуға ықпал ету;
- Оқушыларды еңбекқорлыққа, табандылыққа тәрбиелеу;
Ресурстар:
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi 5 «Т» ұстанымын еске түсіру
1. Тәртіп
2. Талап
3. Тазалық
4. Татулық
5. Тыныштық
Тыныштық сәтi (3мин)
• Барлықтарыңыз көздеріңізді жұмыңыз.
• Сіз өзіңізді табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз.
• Сіз көл жағасында суда жалаң аяқ жалдап жүрсіз.
• Салқын су сіздің аяғыңызды сипап жатқан сезімде боласыз (тыныштық).
• Күннің көзі жер бетін қыздыруда (тыныштық).
• Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз (тыныштық).
• Сіз көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз..... (тыныштық).
• Тыныштықта тұрып, өзімізді тыңдайық, табиғат - анамызды тыңдайық. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз.
• Көк аспаннан және күзгі жердің суығы ағатын жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық).
• Қазір біз көзімді ақырын ашып, басқа жаққа қарай қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана - Табиғатқа «Рахмет» деп айтамыз.
Сөзжұмбақтар шешу арқылы өз топтарының атын ату. (1минут)
Мейірім Қасиет Ізденіс
Үй тапсырмасын тексеру Шоқан мен Ломоносов туралы
1 - топ Шоқан туралы
2 - топ Ломоносов туралы
3 – топ: Екі ғалымның ұқсастығын айту
- Адам баласы неліктен үнемі талпыныс, ізденісте болады?
- Ізденіс болмаған жағдайда не болады деп ойлайсыңдар?
- Мақсатқа ұмтылушылықтың мәні неде?
- Адамды қандай қасиеттер табысқа жетелейді?
Дәйексөз
Жаман әдеттен құтылуға,
Жақсы әдетті табуға шара бар
Ол шара - табандылық, қажырлылық Қажет қасиеттің бірі, өзіне - өзі сенімділік
Мать Тереза: «Ұлы нәрсе іздемеңдер, алайда кішкентай істі ұлы сүйіспеншілікпен қарау керек»
- Ұлы нәрсе дегенді қалай түсінесіңдер?
- Сүйіспеншілік дегеніміз не?
Әңгiмелеу Мұғалімнің сыйы: «Еңбек етпеген ішіп жемейді» Серб ертегісі
Король Матидың сұлу қызы бар еді. Бірақ ол жалқау болыпты: Әсте ештеңе істемепті, тіпті іске икемі де болмапты, күнде айна алдына отырып алып, сыланумен болыпты. Оны ұзататын шақта келеді. Король:
• Менің қызымды 3 жылда кім жұмысқа үйретсе, соған күйеуге беремін, - деп
жариялайды. Уақыт өте береді, өте береді, бірақ король қызына ешкім құда да түспейді. Король төңірегіндегі нөкерлерін қызына күйеу іздеуге жібереді. Олар жан – жаққа кетеді. Сөйтіп, оларға бірдей 8 өгізбен жер жыртып, жүрген жігіт кездеседі. Олар бірден корольге баруға бұйырады. Жігіт қорқып кетеді, бірақ бармасқа амал жоқ. Сонымен ол корольге келеді, оған қызын 3 жылда жұмысқа үйретуге уәдесін беріпті. Сөйтіп, ол король қызын үйіне ертіп келеді. Анасы алдарынан жүгіре шығып, сұлу қызға қайран қалады.
Келесі күні жігіт соқаға өгіздерін жегіп, далаға кетеді. Ол анасына келініңді жұмыс істеуге мәжбүр етпе деп тапсырады. Кешкі жұмыстан оралады да, анасы кешкі асын береді.
Мама, бүгін кім жұмыс істеді? – деп сұрапты ұлы.
Екеуіміз, - дейді анасы.
Сірә, кім еңбек етсе, сол ішіп жейтін болар.
Король қызына бұл ұнамайды, ол ашуланып, аш қалпында ұйықтап қалады. Келесі күні де нақ осындай болды. Үшінші күні король қызы қайын енесіне:
Мама, маған әлде қалай жұмыс берші, қол қусырып отырмайын, - депті. Қайын енесі «отын жар», - дейді.
Кеш болады. Асқа отырады. Ал ұлы тағы да сұрайды.
Мама, бүгін кім жұмыс істеді?
Біз үшеуіміз де: мен, сен және король қызы.
Сірә, еңбек еткен ішіп жейтін шығар.
Үшеуі де кешкі асты ішеді. Осылай король қызы ептеп жұмыс істеуге үйренеді.
Үш жылдан кейін король қызының қал – жайын білуге келеді. Қайын енесімен үйлесе жұмыс істеп жүргенін көреді.
Қалай, сенде жұмыс істеуге үйрендің бе? – деп қуана сұрайды король.
О, не дегенің, - деп жауап береді қызы, - біздегі тәртіп мынадай, еңбек етпеген –
ішіп жемейді. Әке, кешкі ас ішкің келсе барып отын жар. Король қызы мен күйеу баласына көп тарту таралғы әкеліп, қонақ болады, сдан соң үшеуінде өзінің сарайына алып барады. Ол жігітті туған ұлындай қабылдап, өзінің тірі кезінде бүкіл корольдігін табыс етуге уәде беріпті.
• Өсиет әңгіменің мәні неде?
• Корольдың қызы жігітінің айтылған бір ауыз сөзіне мән бере білді ме?
• Қороль қызы тамақ ішу үшін қандай әрекет жасады?
• Ол өз алдына мақсат қоя білді ме және мақсатына жетуге ұмтылды ма?
• Қандай мақал - мәтел айтуға болады?
Түйін: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»
шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
Қ. Толыбаевтың «Құштарлық» әңгімесін оқушылардың рөлге бөліп, сахналап көрсету тапсырылады. Әңгіме барысына қатысушылар:
Автор, Әбунасыр ғұлама, мүтәліп бала.
Түйіндеме:
1. Әрекет етуге, оны жоспарлай білуге үйретеді.
2. Мақсат қойа білуге, қойған мақсатыңа жетуге ұмтылдырады.
3. Жауапкершілік ала білуге бейімдейді, белсенділікті арттырады.
4. Болашаққа деген сеніміңді қалыптастырады, өз мүмкіндігіңді шыңдай түседі
Ойын – Сөз жұмбақ; ( ІЗДЕНГЕН ЖЕТЕР МҰРАТҚА) сөз құрау (3минут)
• І - ізденіс, із кесу, іс әрекет жасау
• З - зиялы қауым байланыс, зейінмен тыңдау
• Д - дүниені аралау
• Е - еңбектену
• Н - намыстану
• Г - гүлдей жайнап жүру
• Е - еріншектенбеу
• Н - надандық жолға бармау
• Ж - жұмысқа құлшыныс көрсету
• Е - ертемен тұру
• Т - тамақтануды ұмытпау,
• Е - елімізге пайдамызды тигізу
• Р - риясыз еңбек ету
• М - мақсат қоя білу, мүмкіндігімізді шыңдай түсу.
• Ұ - ұзақ ұмтылыс
• Р - ренжітіп алмау ешкімді
• А - айтылған ақыл сынды көтере білу
• Т - талаптану, табандылық көрсету, терң ойда болу
• Қ - қызығушылықты ояту
• А - армандар орындалады дегенге сену.
Суретке қарап мақал - мәтелдер тауып айту
Топпен ән айту
Жас дәуіірдің түлегіміз
Сөзі: Е. Өтетілеуовтікі
Әні; И. Нүсіпбаевтікі
Үй тапсырмасы: 8 - сабақ. Әсемдікке ұмтылайық! «Әдемі» жаттау дәптермен жұмыс
Қорытынды ревлекция: Стикер қағазына әр оқушы бүгінгі сабақтан алған өз ойын жазып адамгершілік ағашына жабыстырады.
Соңғы тыныштық сәтi (2 мин)
Тыныштық – жүректің әні,
Тыныштық – көңілдің сәні.
Тыныштық – бақыттың таңы,
Тыныштық – өмірдің мәні.
Тыныштық – ашуды жеңер,
Тыныштық – ол нағыз шебер.
“Тыныштық!”- ұраның болса,
Рухани байлығың артып,
Арманың сені іздеп келер,
Адамзат риза боп өтер.
Шаңырақ шаттыққа жетер.
Өзін – өзі тану сабағының жоспары
Мерзімі: № 8 Мектеп: Үстірт орта мектебі
Тақырып: Әсемдікке ұмтылайық
Мұғалім: К. Идирисова Сынып: 6 «а, ә, б» Оқушылар саны:
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: сыйласымдылық, адамгершілік, сүйіспеншілік
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дүниенің әсемдігін түйсіну сұлулық пен ұсқынсыздықты айыра алуға, бағалай білуге үйрете отырып, сүйіспеншілік құнддылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Оқушылардың «сұлулық», «әсемдік» туралы түсініктерін кеңейту;
Оқушыларға «Жан сұлулығының» мәнін түсіндіру;
Оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
Ресурстар: (белсенді тақта, кітап, дәптер, слайд, ғаламтор желісінен жаңа ақпараттар)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.
Жайлы баяу музыка қойылады.
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге ұоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”. Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Үй тапсырмасын тексеру.
«Мен өмірде неге қол жеткізуім керек ?» тақырыбына эссе жазу.
Дәйексөз.
Сырты сұлуға көз қызығады, іші сұлуға жүрек қызығады.
Ғ.Мұстафин
Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып, мағынасын ашып, өз ойларымен жеткізеді.
Әңгімелеу.
Наурызгүл
Ертеректе Қаратау өңірінде бағасы асып, дәулеті тасыған жылқылы бай өтіпті. Сол төрт құбыласы түгел мырзаның жалғыз қызы ұзатылуға санаулы күн қалғанда мұрттай ұшып, ұшына ауырады. Қолы ұзын, қалтасы терең, уәлі ауызды адамға не тұрады, ат тұяғы жететін жерден бақсы – балгер, емші – тәуіп, құшнаш – тамыршыларды тегіс алдырып, апталап, айлап қаратады. Бірақ ештеңеден тапшылық та, таршылық та көрмей бұла болып өскен қыздың дертіне дауа табылмайды.
Бір мезгілде қырын келген қыс қайтып, мұз бұзылып, қар еріп,көктем иісі бұрқырап біліне бастайды. Күннің осы жылт еткенін қапы жібермейтін байдың жылқышылары малды таудың еңіс етегіне түсіріп, өздері кір – қоңын жудыруға үйлеріне келеді. Жылқышылар арасында «бай болып көрмеген, кедей болып өлмеген» аса намысты, кеудесін ешкімге бастырмайтын еті тірі сері жігіт болыпты.Байдың ерке қызы « ерді кебенек ішінен танып», әкесінің осы жылқышысын көптен ұнатып жүреді. Бірақ «қызға қырық үйден тыюдың» дәуірлеген шағында әдептен озбай, іш құсадан дерті меңдей түседі. Дауасыз дерттің неден екенін қапысыз білетін жігіт таудан етекке түсерде кез келгеннің қолы жете бермейтін, мұзарт шыңда өсетін наурызгүлдің бір уысын алып келіп, есебін тауып, ардақ тұтқан аруына ұсынады. Жігіттің жүрек сәлемі дер кезінде, дәл мезгілінде тиеді. Еш нәрсеге зауқы соқпай, мең – зең күйде жатқан қыз қасат қарды жарып шыққан қайсар гүлді көріп, басын жастықтан жұлып алыпты. Ол ештеңеге елең етпей, дүниенің бәрін ұмытып, екі көзін гүлге қадап:
«О, айналайын сенен, қадірлім де қасиеттім, сарғайтып, сағындырған Наурызгүлім, жанымның шипасы» , - деп емірене иіскеп, кеудесіне құшырлана қыса беріпті.....
Сырқат қыздың сол күннен бастап беті бері қарайды. Тазалық пен пәктік, төзімділік пен қайсарлық тал бойына дарып, жинақталған осы асыл өсімдіктің емдік дәруінен бай қызы сауығып, әрі «ел мақтаған жігітке» көңілі толып, ауруынан айыққан екен дейді көнеден қалған аңыз.
1.Қызды Наурызгүл қалай сауықтырды ?
2.Осы гүлді табиғат сыйы деуге бола ма ? Неліктен ?
3.Наурыз гүлдің қандай қасиеттері адам бойынан табылады?
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Жағдаяттарды сахналап көрсетіңдер. Қандай жағдайда мақтанған дұрыс екенін, ал қандай жағдай мақтаншақтық болып көрінетінін айтып беріңдер.
1 – жағдаят.
Жадыра республикалық біріншілікке қатысып, жүлделі орынды жеңіп алды. Ертеңіне сыныпқа кіре салып, «Мен бірінші орын алдым», - деп айқайлады. Сыныптастары Жадыраның жетістігіне шаттана қуанды.
2 – жағдаят.
Шаңғы тебумен айналысқанына үш күн болған Айдос достарына: «Мен ертең биік таудан әкеммен бірге сырғанайтын болдым. Шаңғыны жаңа үйреніп жүрсем де, жаттықтырушым маған рұқсат етті», - деді. Балалар оған таңырқап, күмәнмен қарады.
Топпен ән айту.
Өмір өзен
Асып-тасып төгілетін
Алқынып ұшатын көңіл-ай
Өзгерместей көрінетін
Баянсыз бес күндік өмір-ай
Тасқын болып тасып тұрган
Жастық шақ алдардың аңдамай
Әлде ме екен асықтырған
Желігі басылмас жалған-ай
Өмір өзен ағады, әттең
Өкініштің алауы
Жанымды өртеп барады
Өмір өзен ағады, әттең
Менің жаным жаралы
Қай жағада қалады
Дүниеге алданады
Қомағай көзіміз тоймаған
Бірақ соның барма мәні
Тек оңаша үнсіз ойланам
Өткізермін өмірімді
Сағатты оздырып сағатқа
Жүректегі сезімімді
Сөндіре көрмеші жаратқан
Үй тапсырмасы.
«Жаның сұлу болсын» тақырыбына шағын әңгіме жазыңдар.
Соңғы тыныштық сәті.
Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз. Бәріңізге үлкен рахмет!!!
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мерзімі: № 9 Мектеп: Үстірт орта мектебі
Тақырып: Әсемдікке ұмтылайық
Мұғалім: К. Идирисова Сынып: 6 «а, ә, б» Оқушылар саны:
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: сыйласымдылық, адамгершілік, сүйіспеншілік
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дүниенің әсемдігін түйсіну сұлулық пен ұсқынсыздықты айыра алуға, бағалай білуге үйрете отырып, сүйіспеншілік құнддылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Оқушылардың «сұлулық», «әсемдік» туралы түсініктерін кеңейту;
Оқушыларға «Жан сұлулығының» мәнін түсіндіру;
Оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. 5Т ережесі
1. Тыныштық сәті. "Нұрға бөлену"
Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар да, терең тыныс алыңдар. Қолыңызды тізелеріңіздің немесе партаның үстіне қойсаңыз болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін, Алдымен еркін, жайлап мұрынмен тыныс алыңдар, ауаны жұтып, ауыз арқылы жіңішке лепті үрлеп шығарыңдар 2-3 рет қайталау. Көз алдыңа елестетіңдер.
Жер бетінде жанға жайлы бір жер бар деседі, оны көру әркімнің маңдайына жазылмаса керек.Ол жерде адамдар шат-шадымен, бір-бірін ренжітпей аялап, мейіріммен қарайды екен.
Адамдар сәл нәрсенің өзіне қуанып, кішкентай дүниеден жақсылық іздейді екен.
Барша табиғатқа қамқорлықпен қарағандары соншалықты айналада жайқалып қалың майса шөп өсіп, өзендер мөп-мөлдір, таптаза болып ағып, көгілдір көлдерде балықтар шоршып жүзеді.
Адамдар мұң мен жаулас дегенді білмейді, күнкөріс қамымен де бір-бірін ренжітпейді, бір-біріне бауырмал болып, өзара көмектеседі екен. Сол себепті ол жерде бәрі бақытты, бәрі тату, дос. Халықтар өзара соғыспайды, келісімге келіп үйлесімде өмір сүреді.
Өз тұрған жеріңді осындай рақат, жанға жайлы, бейбіт мекенге айналдыруға болады екен.Ол әркімнің өз қолында екендігі белгілі.
Онда сендер өз айналаңды осындай жайлы мекенге қалай айналдырар едіңдер?
Үй тапсырмасын тексеру
"Қыз Жібек" жырынан үзінді оқып, мазмұнымен танысу.
Қыз Жібектің тұлға ретіндегі әсемдігін неден байқадыңдар?
Сұлулықтан қандай әсер алдыңдар?
Дәйексөз
"Сырты сұлуға көз қызығады, ішкі сұлуға жүрек қызығады"
Ғ.Мұстафин
Хормен оқыту
Ұлдарға хормен оқыту
Қыздарға хормен оқыту
Дәйексөздің мағынасын ашып, түсіндіру, өз ойымен қорытындылау
Әңгімелесу
Адамды сұлу ететін не нәрсе?
Әсем, сұлу нәрсе көргенде қандай сезімде боласыңдар?
Жан сұлулығын қалай түсінесіңдер?
Мәтінмен жұмыс
Мағжан Жұмабаевтың "Сұлулық сезімдері" мәтіні
Жаңа ақпарат
Сұлулық адам жанын марқайтатын, көзін қуантатын, тамсантып тәнті ететін, таңырқатып, сүйсіндіретін көрініс.
Айналадағы дүниенің әсемдігін түйсіну сүлулық пен ұсқынсыздықты айыра алуға, бағалай білуге үйретеді.
Сұлулық адамның ізгі сезімдерін тербеп, көңіл мен жүрегін баурап алады.
Шығармашылық жұмыс
Топпен ән айту
Қыз сыны Сөзі Қ.Қазыбеков
Әні М.Омаров
Сабақтың соңғы тыныштық сәті.
Балалар,бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңе сақтап алыңдар. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!
Мерзімі: Мектеп: «Үстірт орта мектебі»
Мұғалім: К. Идирисова Сынып: 6 «а,ә, б»
Оқушылар саны:
Тақырып: № 10 Әдептіліктен озбайық
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: әдептілік, сыйластық
Мақсаты: оқушыларды қарым-қатынас мәдениетіне үйрету, олардың әдеп, әдеп сақтау ұғымдары туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу
Міндеті:
- оқушыларға әдеп, әдеп сақтау туралы түсініктерін тереңдету;
- оқушылардың этикалық қарым-қатынастарын дамытуға ықпал ету;
- оқушыларды ізетті, ілтипатты, сыпайы болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:
Суреттер, кітаптар, үлестірмелі қағаздар, интерактивті тақта, видео, колонкалар
Сабақ барысы Ұйымдастыру кезеңі 5Т ережесі
Тыныштық сәті.
Жайлы баяу музыка қойылады.
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге ұоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”. Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Үй тапсырмасын тексеру
І тоқсан бойынша алған білімдерін жинақтау.
Өткен сабақтармен байланыс орнату
-Өз бетімен танып-білуге құштарлық, талпыныс ізденіс адамның еркі мен мінезін шынықтырып, шыңдайды. Өмірдегі әр түрлі жағдайлардағы қиындықтарға қарамай, мақсатқа жетуге көмектеседі. Ізденіс алдыңа қойған мақсатқа жетуге ұмтылдырып, талпындырады
Сабақ тақырыбын ашу.
Тақтадағы сөздер жиынтығы.
Көмектесу, ата-ананы тыңдау, тәртіптілік, көмектесу, үлкенді сыйлау, өтірік айтпау, кешірім сұрау – сөздер арқылы сұрақ – жауап әдісі арқылы сабақ тақырыбын ашу.
Дәйексөз
«Әдептілік, ар – ұят – адамдықтың белгісі»
Халық мақалы
Талдау. Қорытындылау.
Әңгімелеу ӘДЕП
Бiр жүрттың бас әкiмi екiншi бiр байға жолығысып сөйлесiп тұрғанда, қасынан бiр жарлы мұжық өтiп бара жатып иiлiп, бас ұрып сәлем бердi дейдi. Оған қарсы әлгi үлкен әкiм төре онан да төменiрек бас ұрып сәлем алды. Қасындағы бай:
– Тақсыр, осынша жүрттың үстiнен қараған әкiмсiз, осы бiр мұжыққа неге сонша бас ұрасыз? – деп айтты дейдi.
Сонда әкiм:
– Ешбiр iлiм-бiлiм үйренбеген мұжық сонша иiлiп, әдептiлiгiн көрсеткенде, мен онан әдепсiз болып қала-йын ба? – дедi дейдi.
Талдау. Қорытынды жасау
Жағдаят шешу
Әдептілік пе, әдепсіздік пе?
Серік партада тамақ жеп отырды. Сыныпқа бір үлкен кісі кіріп, мұғалімнің қайда екенің сұрады. Ал Серік тамағын жеп отырып, кітабын ақтарып, әлгі кісіге білмеймін деп жауап берді.
Балалар, бұл әдептілік пе, әдепсіздік пе?
Қалай жауап беру керек еді?
Ия, бұл әдепсіздік. Үлкен кісі жөн сұрап тұрған кезде мұғалімнің қайда екенің анықтап, жауап беру керек. Сыныпқа кірген үлкен адаммен бірінші кезекте сәлемдесу керек.
«Әдепті бол, балам» атты диалог әңгімені оқушылардың өздері жүргізеді.
Мұндағы мақсат сөйлеу кезінде әдеп сақтауды, үлкен адамның алдында әдепті, кішіпейіл болуға үйрену.
Бейнебаянмен жұмыс.
Үлкендерге деген құрмет көрсету туралы әлеуметтік ролик көрсету.
Талқылау. Қорытынды
Шығармашылық жұмыс.
Оқушлыарға егер де біз біреуді өз әдепсіздігімізбен үлкен кісілерде ренжітіп алсақ, соларға хат жазайық.
Үйге тапсырма.
«Әдептілік» туралы өлең шығарып келу.
Тыныштық сәті.
Бұл әдістемелік тәсілді Динейк методикасы арқылы төмендегідей мазмұнмен ұйымдастыру.
Көздеріңді жұмып, манаураған қалыпқа келіңдер.
«Мен өз ағзамның қорғаныс күшіне сенемін».
«Мен жайдары, ақкөңіл бола бастадым».
«Мендебәрі де жақсы, бәрі өзімойлағандай – мен бақыттымын».
Әрбір фразаны көздерің жұмулы күйінде 10 рет қайталау керек. Санау ды саусақпеннемесе жіптегіт үйіндер бойынша жүргізу қажет. Оқушыларға тынысты жеңіл және ұнамдыболатындай етіп жайлап, еркін алу керектігін ескертіледі.
Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары
Мерзімі: Мектеп: Үстірт орта мектебі
Сабақ: № 11 Тақырып: Әдептен озбайық
Құндылық : дұрыс әрекет
Қасиеттер: әдептілік, сыйластық Мұғалiм: К. Идирисова Сынып: 6 «а,ә,б» Оқушылар саны: 20
Сабақтың мақсаты: оқушыларға әдептен озбауды түсіндіре отырып,дұрыс әрекет құндылығының маңыздылығын ашу.
Міндеттері:
- оқушыларға әдеп, әдеп сақтау туралы түсініктерін тереңдету;
- оқушылардың этикалық қарым-қатынастарын дамытуға ықпал ету;
- оқушыларды ізетті, ілтипатты, сыпайы болуға тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. 5Т ережесі
Тыныштық сәті. Нұрға бөлену
Балалар көздерін жұмады. Мұғалім сөйлейді. Сендердің жүректерің — сендердің кішкене жарқыраған күндерің. Ол да күн сияқты жылытады. Сендердің күндерің сендерге жылулық береді. Өздеріңнің жақсылықтарыңмен адамдармен бөлісесіңдер. Ал, кәне жақсылық сезімдерімізді өздеріміздің әке-шешемізге, аға-әпкелерімізге, өздеріміздің достарымызға, барлық адамзатқа, келген қонақтарға, маған және өзіміздің кішкене ғана әдемі жер шарымызға, бәріне-бәріне жіберейік, жақсылық тілейік.
-Ал, енді көздеріңді ашыңдар, жымиыңдар және осы сезімдеріңді, қуаныштарыңды күні бойы сақтауға тырысыңдар.
Ресурстар: үн таспа, жұмыс дәптері.
Үй тапсырмасын тексеру.
«М.Алтынсарин Әдеп ұғымына шағын ғана эссе жазып келу
Сабақ барысын талқылау:
Дәйексөз
Адамда жақсы қасиет болмаса
Оған бақ та,бақыт та, қонбайды.
Жүсіп Баласағұни
Мұғалімнің сыйы.
«Әдептен озбайық»
Әке мен бала Бейнероликті көру арқылы жана сабақты бастау.
Мәтінмен жұмыс
. “Тістелген алма” ертегісін оқу
Бақ иесінің жігітті ұнату себебі неде?
Жігіттің қылығын қалай бағалайсыздар?
Жігіт пен бақ иесінің қызының қандай ортақ қасиеттері бар ?
Шығармашылық жұмыс
Мұғалім оқушылардың болашаққа деген жоспарларын анықтау үшін әрі армандай білуге үйрету мақсатында тапсырма береді. Әр оқушы өздеріне берілген қағазды 3 бөлікке бөліп, «Менің арманым», «Менің бүгінім» және «Менің болашағым» тақырыптары бойынша коллаж жасайды
Топпен ән айту
Келші келші балашым
Айым болып тудыңба?
Күнім болып тудыңба?
Әке жолын қудынба?
Ата жолын қудыңба?
Бұл дүниеге келген соң,
Сұрауы бар судың да...
Қуанышым,арай жүз,
Сөйлесерміз талай біз.
Бар ағайын жиналып,
Мәз боп саған қараймыз.
Сендей бала ешкімде,
Болмаған деп санаймыз.
Не деп енді мақтайын,
Айтуға сөз таппаймын.
Мақтап кетсем көбірек,
Мен әжеңе жақпаймын.
Келші келші балашым,
Бір иіскемей жатпаймын.
Үйге тапсырма
“Бір атаның балалары” әңгімесін оқып келу
Сабақтың қорытынды сәті
Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде
Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде.
Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары
Мерзімі: Мектеп: Үстірт орта мектебі Сабақ № 12
Тақырып: Бауырмалдылық және кеңпейілділік
Құндылық : сүйіспеншілік
Қасиеттер: жағымды қарым-қатынас сыйластық,бауырмалдылық, татулық, кеңпейілділік
Мұғалiм: К. Идирисова Сынып: 6 «а,ә,б» Оқушылар саны:
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жалпыадамзаттық сүйіспеншілік құндылығы туралы түсінігін кеңейту.
Міндеттері:
Оқушылардың бір-бірін жақсы көру, бауырмалдылық татулық түсініктерін кеңейту;
Өзгенің қайғысын сезіну, бар нәрсемен бөлісе білу, өзгеге көмек көрсету қатынастарын дамыту;
Ізгілікке, аянбай қызмет етуге тәрбиелеу.
Ресурстар: слайд, үн таспа,стикерлер, ақ парақшалар, түрлі түсті қарындаштар,
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
5 «Т» ережесін еске түсіру:
Сабақ барысын талдау
2. Тыныштық сәті
Тыныс алуға зейін қою.
Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз.,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...
Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 6-8 рет)
Балалар осы табиғатқа, адамдарға деген сүйіспеншілік сезімдеріңізді, қуаныштарыңызды күні бойы сақтауға тырысыңыздар.
Үй тапсырмасын тексеру.
1.Әдептілік дегеніміз не ?
2.Әдепті бала арлы бала ,әдепсіз бала сорлы бала” мақалының мағынасын қалай түсінесің?
Балалар біз өткен сабақтарымызда әдептілік, сыпайылық және сонымен қатар адамдар арасындағы қарым-қатынас туралы қарастырған едік. Қазақ жерінде қазіргі таңда 136-дан астам ұлт өкілдері тұрады, олар елімізде тату – тәтті, достықта, бірлікте, бір аспан астында өмір сүруде - «Кең болсаң, кем болмайсың», «Кекшіл болма, көпшіл бол» деп бұл қазақ халқының бауырмал, басқа адамдарды жанына жақын қабылдай білетін жомарт халық екендігін сипаттайды. «Ағасы бардың – жағасы бар, інісі бардың – тынысы бар» дейді халқымыз.
Ал, бүгінгі сабағымызда сол тақырыптардың жалғасы ретінде «Бауырмалдық және кеңпейілділік» деген тақырыпты қарастырамыз.
тақтамен жұмыс
---Балалар бұл сабақта «Кеңпейілділік», «Бауырмалдық»сөздерінің мағыналарын ашып, жан - жақты тиянақтап түсінуге күш саламыз. «Кеңпейілділік»,»Бауырмалдылық» сөздерінің мағыналарын анықтауда синонимдік тәсіл тиімді болады. Яғни қарастырылып отырған сөздің синонимдерін табу немесе ұқсас сөздерді табу.
Мысалы: Бауырмалдық, кеңпейілділік, туысшылдық. Бұл әдіс алынып отырған құндылықты терең және жан - жақты түсінуге тиімді.
--Бүгінгі сабақта талқыланып отырған түсініктің мағыналарын үстемелей анықтап, аша түсу үшін - антонимдік тәсілді де пайдаланады. Яғни оқушыларға қарастырылып, отырған сөздің антонимдерін немесе қарама - қарсы сөздерді табуды тапсырады. Мысалы: Бауырмалдық, тасбауыр және т. б.
Мұғалім сыйы : Көк ту және достар
бұл көріністен байқағанымыздай қазақ халқының бар ұлттың өкілдерін бөліп жармай, бауырына басып бауырмалдылық, кеңпейілділік таңытқанын көруге болады. Риясыз таза сүйіспеншілікке жүректері толы адамдарға ғана басқаларды жатсынбай өз бауырындай көре алады. Ал бауыр дегеніміз қазақ үшін ең жақын, ең қатты жақсы көретін адамдары, туғандары.
1) Бейнебаянда не туралы баяндалған?
2) Бауырмалдылықты қалай түсінесіңдер?
3) Өздеріңнің бауырмалдылық, кеңпейілділік танытқан кездеріңді естеріңе түсіріп, мысалмен айтып беріңіздер.
Дәйексөз
Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп
Абай Құнанбаев
Хормен оқыту
Ұлдар хормен оқу
Қыздар хормен оқу
Дәйексөздің мағынасын аштыру, қорытындылау
Дәптерге жаздыру.
Балалар, адамзатты сүю үшін менің бойымда қандай қасиеттер болу керекДеген сұрақ төңірегінде ойланып көрейік. Әр балаға лото таратылады, онда адам бойында кездесетін жағымды және жағымсыз қасиеттер бейнеленген. Сенің бойында «бар » деп есептеген қасиеттің алдыңғы дөңгелекке қызыл нүкте қойып белгілейсің
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
Суретшілер тобы:
«Бауырмалдық, кеңпейілдік» тақырыбына сурет салу.
Әртістер тобы:
Бауырмалдық пен кеңпейілдік туралы көрініс.
Ақындар тобы:
бір шумақ өлең құрастыру Кең даланың.қазақ. салт .дәстүр
----------------- ежелгі,
---------- деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар -------мен ----------
Қорытынды: Ата-аналарыңызды, жақындарыңызды, достарыңызды, сыныптастарыңызды әрдайым бағалай, сыйлай, қадірлей және сүйіспеншілікке бөлей біліңіздер!
Мектеп_№64______________Мерзiм_____________________№12____
Тақырып__Бауырмалдық пен кеңпейілдік__________________________
Құндылық_Дұрыс іс-әрекет__Қасиеттер_сыйластық, жомарттық___________
Мұғалiм _Ж.Өтегенов___________ Класс_6 «А»_Оқушылар саны
Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары
Мерзімі: Мектеп: Үстірт орта мектебі Сабақ № 13
Тақырып: Бауырмалдылық және кеңпейілділік
Құндылық : сүйіспеншілік
Қасиеттер: жағымды қарым-қатынас сыйластық,бауырмалдылық, татулық, кеңпейілділік
Мұғалiм: К. Идирисова Сынып: 6 «а,ә,б» Оқушылар саны:
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп_№64______________Мерзiм_____________________№12____
Тақырып__Бауырмалдық пен кеңпейілдік__________________________
Құндылық_Дұрыс іс-әрекет__Қасиеттер_сыйластық, жомарттық___________
Мұғалiм _Ж.Өтегенов___________ Класс_6 «А»_Оқушылар с
Мектеп_№64______________Мерзiм_____________________№12____
Тақырып__Бауырмалдық пен кеңпейілдік__________________________
Құндылық_Дұрыс іс-әрекет__Қасиеттер_сыйластық, жомарттық___________
Мұғалiм _Ж.Өтегенов___________ Класс_6 «А»_Оқушылар саны___
Сабақ мақсаты:
Мақсаты: Оқушыларға бауырмалдық, кеңпейілділік ұғымы туралы түсініктерін кеңейте отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- оқушыларға адамгершілік, сыйластық, бауырмалдық туралы түсінік беру;
жомарттық қасиеттерін түсіндіріп;
- оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін және қабылдауларын дамыту;
дамыту;
- оқушыларды бауырмалдыққа, бір – бірін дұрыс қабылдай білуге сыйластыққа тәрбиелеу;
туыстарын, достарын сыйлауға және жағымды қарым – қатынасқа
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: Ой-қозғау, сұрақ-жауап.
Ресурстар
(материалдар,
дереккөздер)
Слайд,плакат,
маркер
Сабақ барысы:
Сабақ барысы Ұйымдастыру кезеңi. 5Т ережесі
Жағымды күйге келу Тыныс алуға зейін қою.
Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз.,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...
Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 6-8 рет)
Оқушылармен сәлемдесу.
Оқушыларды түгендеу.
Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Бір атаның балалары (М.Мағауин)
Проблемалық-бағыттаушы сұрақтар:
1. Шығарма кімнің сөзімен басталады, оның сөзінен нені байқауға болады?
2. Шуылдасып, таласып тұрған балалар неге тына қалды?
3. Ахмет ақсақал мен Дәуренбек арасындағы түсініспеушілік неден
туындады?
4. Ахмет ақсақалдың отбасына Зигфридтің бауыр басып кете алады деп
ойлайсыңдар ма?
Сабақты бекітуге арналған тест тапсырмасы.
Ал, ағайын, тегіс жиналсаң, сөзіме құлақ сал. – деген кімнің сөзі?
а) Дәуренбек б) Ахмет в) басқарма г) есепші
2) Қара галифе шалбар, әскери гимнастеркалы жігіт кім?
а) Берден б) Дәуренбек в) Тілеубай г) Бегімбетов
3) Ауылға неше жетім бала келді?
а) алты б) бес в) жеті г) төрт
4) «Жауды аяған жаралы» дегенді білмеуші ме едің? – деп Дәуренбек кімге
айтты?
а) басқармаға б) Ахметке в) елге г) өз-өзіне
5) Ертай мен Нартай неге ажырағысы келмеді?
а) үйренісіп қалғандықтан б) әр үйдің балалары в) еш себепсіз
6) Зигфридтің мінезі қандай?
а) кекшіл б) жайдары, пысық в) қорқақ г) бұзық
жылдарындағы жетім балаларды жатсынбай бауырына басып, тәрбиелеп,
азамат етіп өсірген пейілй кең қазақтың бауырмал халық екеніне тағы бір
көз жеткізгендейміз. Оның дәлелі бүгінде көп ұлтты мемлекетіміздің бірлік
пен татулықта өмір сүріп жатқандығын айтуға болады.
3. Дәйексөз.
Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық, ақ жүректен
шығады.
Ш.Құдайбердіұлы
Оқушылар дәйексөзге жеке өз көзқарастарын айтып, ой тұжырымдарын
жасайды.
«Теңге алу» ойыны арқылы түйіндеу
Викториналық сұрақтар
Сіздің ата–ананыздың ата-анасы сізге кім болады? (Ата-әже)
Сіздің туған ініңіздің немесе қарындасыңыздың анасы сізге кім
болады? (Анам)
Сізден үлкен ағаңызға немесе тәтеңізге сіз кім боласыз? (Інісі
немесе сіңілісі)
Бауырмалдыққа, татулыққа шақыратын “Хабар” арнасынан
көрсетілетін қандай бағдарламаны білесіңдер?(Бармысың,
бауырым!)
4.Әңгiмелеу (сұхбат)
Алма ағашы
Бала алма ағашының кеңпейілдігін бағалай алды ма?
Бала алма ағашының кеңпейілдігіне сай ниет танытса не болар еді?
Балаға қандай тілек айтар едіңдер?
Алма ағашы.
• Бала ағаштың кеңпейілділігін бағалай алды ма?
• Бала ағаштың кеңпейілділігіне сай ниет танытса, не болар еді?
• Балаға қандай тілек айтар едіңдер?
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Сурет бойынша шағын әңгіме құр
Дәптермен жұмыс
1-тапсырма. Өзіңнің бауырмалдық пен кеңпейілділік танытқан кездеріңді
есіңе түсір. Сол кезде қандай күйде болғаныңды сипаттап жаз.
3-тапсырма. «Бауырмалдық» шешу.
1. Басқаға тек жақсылық ойлау, игілік жасау. (Мейірбандық)
2. Әкенің әкесі. (Ата)
3. Бірге туған қандас, ағайындас, туыстас байланыс. (Бауыр)
4. Бір әкеден жаралған ағалы-інілер. (Ағайын)
5. Біреудің қамын ойлайтын, тірек болатын адам. (Қамқор)
6. Берегегендік, қолы ашықтық, дархандық, кеңдік қасиет.
(Жомарттық)
7. Адам мінезіндегі кеңпейілдік, байсалдылық. (Дархандық)
8. Адам бойындағы мәдениеттіліктің белгісі. (Әдептілік)
9. Ұрпақтан-ұрпаққа көшетін, әдетке айналған салт-сана, ғұрып.
(Дәстүр)
10. Адамдардың тату-тәттілік, ынтымақтастық, ұйымшылдық көрсетуі.
(Ауызбірлік)
11. Адамдардың берік бірлігі, сыйласымдылығы, бір-біріне
қамқорлығы. (Татулық)
6. Топпен ән айту.
«Ақ көгершін», «Алға , Қазақстан»
7. Үй тапсырмасы.
52 – беттегі мәтінді оқып келу.
8. Соңғы тыныштық сәтi. Бүгінгі өткен сабақтан алған жақсы әсерлерімізді жүрек түпкіріне сақтап алыңыздар! Сау болыңыздар!
түйген ойларыңды мына жүрекшелерге жазыңыздар!
Қазақ осы - айтатұғын елге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мерзiмі: Мектеп: Үстірт орта мектебі Сабақ № 14
Тақырып Жанашырлық жанға қуат
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттері: қамқорлық, мейірімділік, адамгершілік.
Мұғалiм: К. Идирисова Сынып: 6 «а,ә,б» Оқушылар саны:
Сабақ мақсаты: Жанашырлық қасиетін тереңінен аша отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
1. Білімділік: жанашырлық туралы білімдерін кеңейту.
2.Дамытушылық: сүйіспеншілік қасиетін дамыту.
3. Тәрбиелік: мейірімді, қамқор болуға тәрбиелеу.
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
слайд,өлеңнің аудиодискісі.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
Үй тапсырмасын тексеру.
Дәйексөз
«Қайырымды іс жаса, қайырлы болар әр ісің». (Халық нақылы)
Қайырымдылық дегенді қалай түсінесіңдер?
Неліктен жасалған қайырымдылық қайырлы болар делінген?
(оқушылар талдап болғасын 2 рет қыздарға айтқызу 2 рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге 4 рет айтып шығады)
Әңгiмелеу: Аңыз әңгіме (осы шығармаға қандай таұырып қояр едіңдер?)
Кішкене бір шахарда бір қария өмір сүріпті. Жар дегенде жалғыз баласы үшін барлық жиған тергенін сол баланың білім алып,ақылды,кеңпейіл,жанашыр болуына арнапты.Күндердің бір күнінде ақылды қария ұлының азамат болғанын көріп сынамақ болып,алыс жолға жібереді.Ұлы келісіп,әкесінің берген дорбасын арқалап кете барыпты.Жол ұзақ, арып-ашып, сусап келе жатса,алдынан бір ақ уй көрініпті. Жөн сұрасып сол үйден аз –маздап шөлін қандырып ары қарай жол тартып жүре беріпті.Ұзақ жүріп жолайырыққа келіп тоқтағанда, алдынан бір кішкене қыз шығып, жылай жөнеліпті. Мән-жайды сұраған жігіт,қаршадай қыздың не себепті жылағанын естігенде таң қалыпты. Әкесің еккен егіні қурап,еңбегі зая кетіп, жабыққанын көріп жанашыр жандарды іздеуге шығыпты. Жігіт асып-сасып не айтарын білмей үсті –басын сипалап дорбасына көзі түсіп,ашып қараса бір кішкене дорба бидайдың түрлері екен,ойланып тұрып,қызға дорбаны әкеңе алып бар, дейді. Қыз қуанып,жүгіріп кетеді. Бірақ ойынан әлгі дорба кететін емес,сонымен қой қой қайтайын әкемнен барып сұрайын,дорбаны не үшін берді екен деп келе жатқанда,жолда кездескен үйіне кайта кірсе бағанағы қыз бен су сұрап ішкен ата-анасы отыр Міне сәйкестік деп таң қалыпты. Сонда отағасы: «Өркенің өссін бізге үлкен көмек жасап, жанашырлық таныттың, сенің бір дорба бидайың болмағанда, күніміз не болар еді», депті. Бір алқап бидай болмаса да, бір қап бидайдан тарықтырмадың депті.Жігіт сол жүрген ізімен қайтып, үйіне келіп, әкесінен неге ол бидайды ғана салғанын сүрапты: сонда әкесі балам, саған жанашырлық танытқан адамға, сен де кішкене болса пайдаңды тигіздің, мен сені осындай білімді ғана емес, еліңе, туғаныңа тіпті жатыңа да жанашыр болғаныңды қаладым деген екен. Бұл «адамның азбас байлығы болады», деп соны түсін балам деп сөзін аяқтапты.
Сұрақтар:
1. Қария ұлын қалай сынады?
2. Ұлы жол - жөнекей кімдермен кездесті?
3. «Жанашырлық адамның азбас байлығы болады» дегенді қалай түсінесіңдер?
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Оқушыларды топқа бөлу. Постерлермен жұмыс:
1. Жанұялық көмек
2.Сыныптастық көмек
3. Өз-өзіме көмек
4. Табиғатқа көмек
5. Достық көмек
Топпен ән айту.
Мейірімді болайықшы бауырлар
Сөзі: Серік Қалиев
Әні:Құрмаш Маханов
Көктем етіп көркейтсе де маңайын,
Көріп жүрміз өкпешілдің талайын,
Өшігуді қояйықшы өзгеге,
Кешірімді болайықшы, ағайын!
Көк нөсерін көл етсе де жауындар,
Көк пен жерді сел етсе де дауылдар,
Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,
Мейірімді болайықшы, бауырлар!
Болашаққа қол ұстасып барайық,
Ақиқаттың ауылын іздеп табайық,
Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,
Кішіпейіл болайықшы, халайық!
Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,
Сонда дағы бөлінумен шаршап ек,
Өзімізге қалайтұғын нәрсені,
Тілейікші өзгеге де болса деп.
Ұлттың қамын жүректермен ұғынып,
Жұрттың жүгін көтерейік жұмылып,
Қаратайық Құбылаға жүздерді,
Таратайық адамзатқа жылылық!
Үй тапсырмасы. «Менің ата-анама көмектесемін» тақырыбында шығарма жазу.
Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу музыка қосылады.
- Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мерзiмі: Мектеп: Үстірт орта мектебі Сабақ № 15
Тақырып Жанашырлық жанға қуат
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттері: қамқорлық, мейірімділік, адамгершілік.
Мұғалiм: К. Идирисова Сынып: 6 «а,ә,б» Оқушылар саны:
Сабақ мақсаты: Жанашырлық қасиетін тереңінен аша отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
1. Білімділік: жанашырлық туралы білімдерін кеңейту.
2.Дамытушылық: сүйіспеншілік қасиетін дамыту.
3. Тәрбиелік: мейірімді, қамқор болуға тәрбиелеу.
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
слайд,өлеңнің аудиодискісі.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
Үй тапсырмасын тексеру.
«Оқып үйренейік айдарымен» берілген мәтінді оқып келу тапсырылған.
Талдау сұрақтары
- Арноның өз өміріне риза болмау себебі неде?
- Арноның жүрегін жылытып, өмірге басқа көзқараспен қарай бастады?
- Арно жан рақатын қалай тапты?
Дәйексөз
«Өзіңе де өзгеге де жақсылық тіле…»
(дәптерлеріне жаздырып, дауыстап оқу)
- Жақсылық дегеніміз не?
- Өзімізге жақсылықты қалай жасаймыз?
- Өзгеге жақсылықты қалай жасаймыз? 6 сыныптың «Өзін - өзі тану» оқулығы
Оқиғаларды әңгімелеу. Мұғалім сыйы.
Таза бұлақ
Ы. Алтынсарин
Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір - біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, айналасы қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп, суы мұздай, салқын, шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі, таза бұлақ екен. Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу ойып қорғаныш қылып, тастың суағар жеріне жазу жазыпты:
— Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол, — деп. Манағы үш жолаушы бұлақтан ішіп қанған соң жазуды оқып, біреуі саудагер екен, ол айтты:
— Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн - түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара - бара кеңейіп, үлкейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып, сөйте бара үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мұрат сол: сен де, адам, тынбай қызмет қыл, ешуақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақырында, сен де зорайып мұратыңа жетесің дегені ме деп білемін, — деді.
Екінші жолаушы мүсәпір молда екен, басын шайқап:
— Жоқ мен олай ойламаймын, бұл жазудың мағынасы сіздің ойлағаннан гөрі жоғарырақ соқса керек, бұл бұлақ: кім - кімге болса да даяр, ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, оның үшін ешкімнен ақы дәметпейді; бұлай болса адамға да әбірет сол: біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек, — деді.
Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен, бұл үндемей тұрды. Жолдастары: «Сен не ойлайсың?» — деп сұрады.
Жігіт айтты:
— Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді: бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп - шалам түсіп, лай - қоқым болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді; бұлақ күні - түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағынасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта, нешік бұлаққа қарасақ күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол ренішті сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін, — деді.
Талдау сұрақтары
-- Бірінші жігіт не деп жауап береді?
- Екінші жігіт не деп жауап береді?
- Үшінші жігіттің жауабы қандай болды?
- Осы әңгімеден өздерің қандай ой түйдіңдер?
Шығармашылық іс - әрекет, топтық жұмыс.
Оқушыларды екі топқа бөлу.
«Әдептілік» тақырыбында сөзжұмбақ құрастыру Ватман, түрлі түсті қалам
Топпен ән айту
Балдәурен
Балдәурен көктем асығып жеткен шағала күндер
Базарлы маусым шырқалған даусым тамсанып әсем
Балауса балғын шырқалған даусым барады көктем
Тербелеп билеп жайқалып билеп ән салып әсем
Қ - сы
Балдәурен балауса ән дәурен
Келеді қанатына самғаумен
Көңілдің ұшырып аққуын
Балауса бал бұлақ балдәурен
Жанына ыстың жүрекке жылу көңілі сұлу
Тояды көзің балдәурен кезің уақыт ау уақыт
Даламдай дархан тауымдай биік көңілі сұлу
Тояды көзің айтшы сен өзің уақыт ау уақыт
Үй тапсырмасы «Жанашырлық» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру
Сабақтың соңғы тыныштық сәті.
Балалар тыныштық күйінде бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жүректеріне түйіп алады.
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мерзімі: Мектеп: К. Идирисова
Сыныбы : 6 «а,ә,б» Сабақ: № 16 Оқушы саны:
Тақырыбы: Ынтымақ түбі- береке
Құндылығы: дұрыс әрекет
Қасиеттері:ұйымшылдық, бауырмалдық , ынтымақтастық
Сабақтың мақсаты : оқушылардың ұйымшылдық, береке-бірлік, татулық туралы түсініктерін кеңейту арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу
Міндеттері:
оқушыларға ынтымақ туралы түсінік беру;
өзара жағымды қарым-қатынастарын,сүйіспеншіліктерін дамытуға ықпал ету;
татулыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу .
Ресурстар : оқулық, үнтаспа.
Сабақтың барысы :
Ұйымдастыру 5Т ережесі Тыныштық сәті
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
Үй тапсырмасы Жанашырлық -жанға қуат тақырыбына эссе жазып келу
Дәйексөз
Игілік басы-ынтымақ , ынтымақты елде күншуақ .
Халық мақалы .
- Ынтымақ,бірлік бар жерде адамдар қандай жетістікке жетеді ?
Әңгімелеу
Оқушыларға «Ынтымақ» атты қазақ халық ертегісін айтып беру .
- Нығмет пен Үсеннің ынтымақты қонақ етуінің себебі не?
- Сендер болсаңдар қалай етер едіңдер ?
Дәптермен жұмыс . «Ынтымақ» сөзжұмбағын шешу
Шығармашылық жұмыс
Оқушылардың сабақта алған ойларын байқау мақсатында шығармашылық жұмыс ұйымдастыру .Бірінші топқа ынтымақта өмір сүріп жатқан ортаның жағдайын бейнелесе,екінші бөлігі ынтымағы жоқ ортаны бейнелеу керек
Плакатқа өз ойларын түсіріп болған соң оны түсіндіріп береді .
Ойын «Туысыңды тап» .Мұғалім оқушыларға әр түрлі ұлттың киімі бейнеленген суреті бар кеспе қағаз таратады .Әуен ойнатылып, бір -бірімен билей жүріп,өз туысын табады ,мұғалім «туысыңды тап!» деген кезде әр оқушы өз жұбын табу керек ,таба алмай қалған оқушы сұраққа жауап береді .Ойынның екінші шартында кеспе қағазда бейнеленген ту бойынша өз тобын табу керек болады ,мұғалім «туысыңды тап!» деген кезде барлығында Қазақстанның туы бейнеленгендіктен бір топқа жиналады .
Топпен ән айту
Армысыңдар ,адамдар
авторы : С Елеуов
Үй тапсырмасы
Дәптермен жұмыс .Кестеде берілген сөздер мен олрдың анықтамаларын салыстырып,әрбір терминнің өзіне сәйкес келетін анықтамасын белгілеу .
Тыныштық сәті
Балалар , көз алдарыңа болашақты елестетіп көріңдер, көк тіреген ғимараттар, күн шуағына бөленген бақытты балалар, балаларының қуанышына мәз болған ата-аналар, қазақ тілінде сөйлесіп тұрған басқа да халықтар....
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мерзімі: Мектеп: К. Идирисова
Сыныбы : 6 «а,ә,б» Сабақ: № 17 Оқушы саны:
Тақырыбы: Ынтымақ түбі- береке
Құндылығы: дұрыс әрекет
Қасиеттері:ұйымшылдық, бауырмалдық , ынтымақтастық
Сабақтың мақсаты : оқушылардың ұйымшылдық, береке-бірлік, татулық туралы түсініктерін кеңейту арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу
Міндеттері:
оқушыларға ынтымақ туралы түсінік беру;
өзара жағымды қарым-қатынастарын,сүйіспеншіліктерін дамытуға ықпал ету;
татулыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу .
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті:
Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар да, терең тыныс алыңдар.
Жер бетінде жанға жайлы бір жер бар деседі, оны көру әркімнің маңдайына жазылмаса керек. Ол жерде адамдар шат-шадыман, бір-бірін ренжітпей аялап, мейіріммен қарайды екен.
Адамдар сәл нәрсенің өзіне қуанып, кішкентай дүниеден жақсылық іздейді екен.
Барша табиғатқа қамқорлықпен қарағандары соншалықты, айналада жайқалып қалың майса шөп өсіп, өзендер мөп-мөлдір, тап-таза болып ағып, көгілдір көлдерде балықтар шоршып жүзеді.
Адамдардың мұң мен жауласу дегенді білмейді, күнкөріс қамымен де бір-бірін ренжітпейді, бір-біріне бауырмал болып, өзара көмектеседі екен. Сол себепті ол жерде бәрі бақытты, бәрі тату, дос. Халықтар өзара соғыспайды, келісімге келіп, үйлесімде өмір сүреді.
Ол аймақтың тыныштығы мен жайлылығы сондай-бозторғайлар қой үстіне ұя салып, қой үстіне жұмыртқалайды.
Бірақ оған қызыға қарауға болғанымен, ол елдің тұрғындары бөтен ешкімді елдеріне кіргізбейді екен деседі.
Бірақ өз тұрған жеріңді осындай жайлы мекенге қалай айналдырар едіңдер? Ойланып көріңдерші.
Енді көз алдыларыңа елестетіңдер.Өздерінің елестетіп,армандаған,ойлаған ойларын баяндап беру.
Жанға жайлы музыка қоюға болады.
Психологиялық дайындық
Бүгінгі сабағымызға бір-бірімізге сәттілік тілей отырып, жүректен шыққан сезімдерімізді білдірейік.
(топтастыру) • Топқа бөліну «Менің қалаған түсім»
Қобдишадан қалаған түстеріңді таңдап,әр түске сәйкес топқа бөлініңдер.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақты қорытындылау
Мақал: «Игілік-басы ынтымақ, ынтымақты елде күншуақ» Халық мақалы
Демекші,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ынтымақ түбі - береке» болмақ.
Қарастырып отырған «ынтымақ» ұғымына байланысты оқулықтағы «Ойланайық, пікірлесейік» айдарында берілген төмендегі сұрақтарға жауап берейік.
• Ынтымақты дегенді қалай түсінесіңдер?
• Ынтымақ түбі-береке деп айтуда қандай мән бар?
• Ынтымақтастық, татулық, ұйымшылдық ұғымдарының ұқсастығы неде?
Иә, адамдар арасындағы ұйымшылдық,береке-бірлік ынтымақ туғызады.Ынтымақ бар жерде адамдар өзара бірлікке келіп,бірлесіп әрекет етеді.Татулық орнайды.Ұжымдағы,ел ішіндегі ынтымақтастық татулыққа,достыққа жеткізіп,болашағымызды баянды етеді.
Әңгімелеу Ырыс алды – ынтымақ (аңыз әңгіме)
Баяғыда бір ақылды қария болыпты,оның тоғыз ұлы бар екен.Бірақ балалары әкесінің ақылын тыңдамай,әрқайсысы өз бетінше жүріп-тұрады.Олардың бұл қылығын былайғы жұрт күлкі етеді.Үлкен кішісін аямайды,кішісі үлкеніне ақшия қарайды.Бірлігі жоқ тоғыз баланы әркімдер-ақ ұрып кете береді,содан әкесі балаларының қылығы туралы терең ойға шомады.Айласы таусылған шал таудан бір құшақ тобылғы әкеліп,балаларын түгел шақырып алады.
Содан соң:
-Қане,балалалрым,күштеріңді сынап көрейік,мына тобылғыны тобымен сындырыңдар,-дейді.
Тоғыз ұл кезектесіп күштерін сынайды.Буылған бір құшақ тобылғыны ешқайсысы сындыра алмай,әбден шаршайды.
Қария тобылғының бауын шешіп:
-Енді бір-бірден сындырып көріңдер,-дейді.
Балалары тобылғыны сол заматта-ақ шарт-шарт бөліп:
-«Міне,сындырдық»,-деп мақтанысады.Шал балаларын отырғызып қойып,нұсқалы сөзін бастайды.
-Мен сендердің келешектеріңді ойлап қапа боламын.Дұшпандарың көп,ынтымағың жоқ болса,дұшпан сендерді жаңағы жалғыз тал тобылғыдай бырт-бырт сындырады.Ал буылған тобылғыдай бірлікте болсаңдар,сендерді ешкім сындырмақ түгел,майыстыра да алмайды.Менің айтарым сол,-дейді.
Көп ұзамай шал дүниеден өтеді.Балалары ақылға келіп,бірлесіп тіршілік етіп,кем-кетікке көмектесіп,ынтымақты өмір сүреді. «Ырыс алды - ынтымақ»деген сөз содан қалған екен.
Қария балаларына бірліктің мәнін қалай ұғындырды?
«Бірлік болмай,тірлік болмас»деген мақалды қалай түсінесіңдер?
• Үй иелерінің Ынтымақты қонақ қылуының себебі неде?
• Ынтымақ болған жерге Қызырдың, Бақ пен Дәулеттің келуінің себебін қалай түсіндірер едіңдер?
• Сендер кімді қонаққа шақырар едіңдер?
• «Ынтымақтан биік, ынтымақтан күшті ештеңе жоқ» дегенді қалай
түсінесіңдер?
Дәйексөз
Игілік – басы ынтымақ,ынтымақты елде күншуақ
Халық мақалы.
Бұл дәйексөзді көзқарас,себеп,мысал,жалпылау бірізділігін сақтай отырып талқылау тапсырылады.
Көзқарас – Оқушы өз көзқарасын айтады. «Ынтымақты елде береке,бірлік,молшылық болады».
Себебі – Оқушы өзінің бұлай ойлауын түсіндіреді. «Себебі ынтымақ бар жерде адамдар арасында ауызбірлік,татулық болып игілікке жетеді».
Мысал – Оқушы мысал келтіреді. «Ынтымақтастықтың нәтижесінде Қазақстанда әр түрлі ұлт пен ұлыстар бір атаның баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр».
Жалпылау- Оқушы өз дәлелін талдап,қорытады. «Ынтымақтан биік,ынтымақтан күшті ештеңе жоқ.Сондықтан,лайым,ынтымағымыздан айырылмайық».
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Ынтымақ, бірлік, татулық туралы мақал-мәтел айтып, гүл шоғын толтыру.
1 тапсырма Мақалды жалғастыр:
1.Алтау ала болса, ........................ (ауыздағы кетеді)
Төртеу түгел болса, .............................. (төбедегі келеді)
2. Ынтымақ түбі – ..........., (игілік)
Тірлік,тірлік түбі – .......... . (бірлік)
3.Бірлік,ынтымақ – байлық,... .(татулық).
4. ... – табылмас бақыт (бақ).
5. Ынтымақ істі ... (бітірер)
6. Ақылдассаң шешерсің, ақылдаспасаң,кем ....(кесерсің)
Топпен ән айту
Үй тапсырмасы.
«Ынтымақ түбі – береке» тақырыбына эссе жазу
Сабақты қорытындылау сәті
Адамдар арасындағы ұйымшылдық, береке-бірлік ынтымақ туғызады. Ынтымақ бар жерде адамдар өзара бірлікке келіп, бірлесіп әрекет етеді. Татулық орнайды. Ұжымдағы, ел ішіндегі ынтымақтастық татулыққа, достыққа жеткізіп, болашағымызды баянды етеді.
Қазақ осы — қарасың ба, ақсың ба
Қоң