Меню
Разработки
Разработки  /  Психологу  /  Планирование  /  5 класс  /  Психологиялық ойын "Біз 5 сыныпқа өтеміз"

Психологиялық ойын "Біз 5 сыныпқа өтеміз"

Уважаемые коллеги предлагаю вашему вниманию разработку занятия психолога средней школы села талдыбулак проведенное с учащимися 5 класса. Эта разработка рассчитана на мероприятие которое проводится в период адаптации учеников к среднему звену

29.01.2017

Содержимое разработки

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы

« Талдыбұлақ орта мектебі-мектепке

дейінгі шағын орталығымен »

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

психолог Молдахметова Эльмира Маратқызы



Психологиялық ойын: « Біз 5-сыныпқа өтеміз»


Мақсаты: Оқушыларды 5- сыныпта оқытылатын пәндермен және пән мұғалімдерімен

таныстыру , орта буында оқуларына дайындау.


Керекті құралдар: поездың иллюстрациясы, бекеттің атаулары, топтамалар, букет гүл.


Ойын барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі:


- Қымбатты 4-сынып оқушылары! Сендер міне, бастауыш буынды аяқтап, орта буынға аяқ бастыңдар. Сондықтан бүгін сендермен бірге 5-сыныпқа саяхат жасаймыз және осы сыныпта оқытылатын пәндермен, пән мұғалімдерімен танысамыз. Ол үшін « 5-сынып» деп аталатын поездбен сіздермен бірге саяхатқа шығамыз. Саяхат барысында станцияларға тоқтап, олармен танысамыз. Поездға отырмас бұрын әр оқушы өз есімін комплимент қосып айтсын. Мысалы: Анар- ақылды, Мұрат- мейірімді,


ІІ. Бірінші бекет - « Пәндермен танысу»

Бұл бекетте оқушылар бұрынғы оқыған және орта буында жалғастыратын пәндермен танысады.


ІІІ. Екінші бекет - « Жаңа пәндер»

Бұл бекетте оқушылар 5-сыныпта оқытылатын жаңа пәндермен танысады.


І\/. Үшінші бекет « болашақ пәндер»

Бұл бекетте оқушылар жоғарғы сыныпта оқылатын пәндермен танысады.


\/. Пән мұғалімдерімен танысу.

  • Оқушылар біз сендермен үш станциядан өттік. Енді дем алып, мұғалімдермен жеке танысайық. Столдың үстінде мұғалімдердің аты-жөні жазылған топтамалар жатыр. Мен сендерге пәндердің атын айтамын, ал сендер топтамалардан сол пәннен беретін мұғалімдердің аты-жөнін табасыңдар.

\/І. Енді келесі « Администрация » бекетіне аттанамыз.

Сендермен мектеп администрациясымен танысамыз:

Мектеп директоры- М.Д. Мажиков

Оқу ісінің меңгерушісі- Ж.Б. Иманбаева

Тәрбие ісінің меңгерушісі- А. Сабаншиева

Педагог ұйымдастырушы- Ж.Темірғалиева

Педагог-психолог- Э. Молдахметова


\/ІІ. Бесінші бекет « Сынып жетекші»

5-сыныпта сендерге басқа сынып жетекші болады. Ол сендер үшін мектептегі

ата-аналарың болады. Қай мұғалімнің сынып жетекші болатыны сендерге құпия,

ал мұғалімдер үшін ойландыратын мәселе.

Сөз кезегін сынып жетекшілеріңе береміз.

Жарнама « Мен 5-сыныптамын» Осы сәтті пайдаланып 4-сынып оқушылары болашақта 5-сыныпта қандай оқушы болатындарын жарнамалайды.

Психолог:- Мына алдарыңда тұрған гүлдердің жапырақтары жоқ. Сендер

жапырақтарға өздеріңнің 5-сыныпта не істей алатындарыңды, не

істейтіндеріңді жазып гүлдің сабағына жабыстырыңдар.


  • Осы гүлдерді болашақта 5-сыныпта болатын сынып жетекшісіне тапсырамыз, әзірге бұл гүлдерің қазіргі сынып жетекшілеріңде болады.

Осымен саяхатымыз аяқталды.


\/ІІІ. Сабақты қорытындылау. « Тілектер топтамасы» жаттығуы

Оқушылар , мұғалімдер бір-біріне жақсы тілектер айтады.


Психолог: Сіздермен бірге саяхаттау мен үшін өте көңілді болды. Сіздерге

денсаулық, бақыт тілеймін. Тек жақсылық іс жасаңыздар . Жасаған

жақсылықтарыңыз міндетті түрде алдарыңыздан шығады.











Тақырыбы: «Шыншылдық!»

Сынып: 1

Мақсаты: 1. Балаларға шыншылдық туралы түсінік беру .

2. Осы қасиетті күнделікті өмірде қолдануын үйрету, дағдыға

айналдыруын тәрбиелеу.

Өтілу түрі: пікір алмасу, ойталқы. Көрнекіліктер: Керекті құралдар: плакат, үлкен жүрек және жұлдызшалар қиындысы , жұмсақ күн ойыншығы, көбелек , балауыз. . Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психолог: Күлімдеп күн бүгін

Қарады маған да,

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады саған да.

Шуақпен нұр төгіп,

Көңілді кетті көтеріп – дей келе мына менің қолымдағы күнді бір-бірімізге беру арқылы жақсы тілектер айтайық.

Тренингті бастамас бұрын тақтаға ережені іліп, барлығымыз бірге оқиық:

1. Өзіме пайдалы нәрселер алу

2. Достарыммен жақсы қарым-қатынаста болу

3. Өзімді еркін ұстауға үйрену

4. Өз ойымды ашық айтуға үйрену

Балалар бізге қонаққа сиқырлы әріптер алаңынан көбелек ұшып келіпті. Жай келген жоқ , сендерге әріптерге байланысты жұмбақтарын ала келіпті. Егер сендер жұмбақты дұрыс шешсеңдер бүгінгі тренинг сабағымыздың тақырыбын білеміз.

Жұмбақтар:

1. Үш аша айыр басындай ,

Айтайықшы ,бұл қай әріп жасырмай (Ш)


2.Мысықта бар күшікте жоқ,

Ыдыста бар алмада жоқ.

Бұл қай әріп ? (Ы)


3.Екі тіреу, басқыш біреу

Бұл қай әріп ? (Н)


4. Тұрғаны үш таяқ,

Жатқаны бір таяқ

Бұл қай әріп, табайық ? (Ш)


5. « Ыдыс» десе-бірінші,

« Қамыс» десе- төртінші ,

Бұл қайсы әріп екенін

Біреу айтып берсінші. (Ы)


6. Мынау -доға қарайық

Ұқсайды оған қай әріп (Л)


7. « Қалада» жоқ, « далада » бар

« Қорада » жоқ, « дорбада » бар

Қане ойланып көрейік,

Бұл әріпті кім табар ? (Д)


8. « Ыдыста »- сөздің басында

« Сыбыста »- « с-ның» қасында.

Бұл қай әріп, көріңдер,

Енді айтып беріңдер. (Ы)

9. « Аяқ» десе, соңында,

« Таяқ» десе соңында

Тұратығын қайқайып,

Айтыңдаршы, қайсы әріп ? (Қ)


Психолог: Балалар, қалай ойлайсыңдар, шыншыл болу деген не?, не үшін шыншыл болу керек?, шыншылдық неден білінеді?

Шыншылдық – сөздің ақиқаттығы және сөз бен істің бір жерден шығуы, ешқандай жағдайда жалған сөйлемеу.

Шыншылдық , адалдық- бұл шындық пен жалғандықты айыра білу қабілеті, жалған сөзге ілесіп кетпеу, адамдар алдында және өз арының алдында шыншыл болу.

Психолог: Балалар , мектебіміздің сенім жәшігінен құпия хаттар алдым . Осы хаттарға жауап берейік.


1-хат. « Құрметті достар! Көршіміздің бір баласы бар. Өзі өтірікші, көзбе-көз өтірік айта қояды. Менімен күнде ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба, әлде ?... »


2-хат. «Құрметті достар! Менің бір досым бар. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып , нәрселерін , қылығын айтып, бөсіп мақтанады. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы ?»


3-хат. «Құрметті достар! Партада менімен бірге бір бала отырады. Үйінде ойнап-ойнап, үй тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сабақ сұрағанда қысылады. Тапсырманы менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем , « сен сараңсың » дейді. Мен не істеуім керек?»


« Менің сыныптасым » ойыны.

Нұсқау: Әр бала қораптан сыныптасының есімін оқып сол бала туралы өз ойын айтады.


Психолог: Балалар, білесіңдер ме, пайдасы бар өтірік те болады екен (Балаларға өтірік өлең туралы мағлұмат беру және өздеріне өтірік өлең айтқызу)


-Балалар өздеріңмен әңгімелесу барысында сендердің шыншыл , әдепті оқушылар екендіктеріңе көзім жетті. Сол себепті сендердің шыншылдықтарың үшін кеуделеріңе төс белгі қадасам деймін.


« Кел ойнайық » сергіту сәті

1. Өтірік айту жаман қасиет дегендерің қол соғайық

2. Жақсы адам болғыларың келсе орнымыздан тұрайық

3. Жалқаулық жаман қасиет дегендерің орнымызға отырайық

4. Бүгінгі сабақ ұнаса аяғымызды еденге соғайық


Қорытынды :

Психолог қолына балауызды ұстап тұрып тренинге қатысқан оқушылар мен көрермендерге өзінің жылы лебізін білдіріп , сабағын аяқтайды.





















Зейін кемшіліктерін түзету мен дамытуға арналған жаттығулар.

І. « Шатаспақ » ойыны.

Мақсаты: Баланың зейінін тез бөліп ауыстыруға, жылдам шоғырландыруға, бір мезгілде бірнеше объектіге бөлуге және зейінділіктерін дамыту

Ойынның шарты: Балаға естіртіп бірнеше сөз тіркестері айтылады. Психологтың айтқан сөзін зер салып тыңдап отырады. Мысалы: Жануарларды білдіретін болса, жануарлардың атын естіген сәтте алақанын шапалақтау керек. Ал өсімдікті айтқан кезде аяқтарымен еденді ұру керек. Баланы шатастыру үшін тапсырманы жылдам орындату керек.


ІІ. « Бейнелерді салыстыру» жаттығуы.


Мақсаты: Балада зейін қоюды дамыту.

Сабақ өткізу үшін екі жұп суреттер жинағы бір-бірінен 10-15 айырмашылықтары бар және бірнеше анықталмаған суреттермен мазмұны қисынсыз бейнелерді, жартылай боялған суреттер дайындалады.

1- тапсырмада суреттегі бйнелерді бір-бірімен салыстыру, өзара айырмашылықтарын тауып беруі талап етіледі.

2- тасырмада суреттегі бейнелерді көрсетіп, не жетіспейді, суреттің қай бөлігі жетіспейді немесе суреттегі қисынсыздықты көрсетуі талап етіледі.

3- тапсырмада жартылай боялған суреттерді алып, екінші жартысын тура солай етіп бояу талап етіледі.

Осы үш тапсырманың нәтижесін бағалағанда қанша айырмашылық тапты, суреттегі заттардың жетіспеген бөліктерінің жалпы саны қанша , қисынсыз сурет бар немесе дұрыс боялмаған суреттің жалпы саны да есептелінеді.


ІІІ. « Әріптер арасынан сөзді тап » жаттығуы. ( «Мюнстерберг» әдістемесі)


Мақсаты: зейіннің таңдамалылығын және кедергілерге көңіл аудармай іс-әрекетін тиянақты орындауын бағалау.

Орындау ережесі: әріптерден тұратын текстің ішінен мағанасы бар сөздер кездеседі. Тексті мүмкіндігінше тезірек қарап шығып, әріптер арасындағы « жасырынып» тұрған сөздерді тауып, олардың астын сызып отыру керек. Нәтижесін қортындылау сөзді табу жылдамдығына және табылған сөздің санына қарай бағаланады.


І\/. « Керекті әріптерді сызып таста» жаттығуы


Бала зейінініңтұрақтылығын дамыту үшін газет- журналдан қысқаша жеңіл, балаға түсінікті бір шумақ үзінді алып, әр жолды оқып отырып щсы сөйлемдегі « а» әріпін сызып тастап, «б» әрпінің астын сыз немесе «а» әрпінің алдында «н» әріпі тұрса «а» -ны сызып таста, «а» әріпінің алдында « л» әріпі тұрса « ә» әріпінің астын сыз. Мұнда да жіберген қателігі мен уақыттың ұзақтығы есепке алынады. ( Мұндай дамытушы жаттығуларды жарыс түрінде өткізуге болады)


« Кері санау» жаттығуы


Мақсаты: Зейіннің бөлінуін дамыту


Орындау ережесі: Бала сандарды кері санай отырып (10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1) , жалпы дамыту жаттығулары еңкею, отырып тұру, бұрылу сияқты қарапайым жаттығуларды орындайды. Қателік санын, уақытты есептеуге болады.




« Тор көздегі жоқ санды тап» жаттығуы


Мақсаты: Балада зейіннің бөлінуін жаттықтыру.


Орындау ережесі: 25 тор көзге ретсіз 1 ден 35-ке дейінгі сандар жазылған, соның ішінде бір сан жоқ. Бала қарап тұрып, қай санның жоқ екенін тез ауызша айтуы керек. Егер бала үщін тапсырма күрделі болса жеңілдетуге болады. Психолог айтылған сандарды және жұмсаған уақытын жазып отырады.




3


30

9

18

28


10

35

16

27

4


3

13

9

24


21

11

31

7

24

3

7

34

14

15


34

1

22

12

1

31

21

5

32

8

1

6

6

19

25

16

35

9

17

6

22

13

11

15

4

13

27

10

33


4

19

25

28

11

30

























-75%
Курсы повышения квалификации

Моделирование единого образовательного пространства для детей с ограниченными возможностями здоровья

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Психологиялық ойын "Біз 5 сыныпқа өтеміз" (79.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт