Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Презентации  /  7 класс  /  Презентация "Имя прилагательное"

Презентация "Имя прилагательное"

Урок по казахскому языку для русских школ.

08.11.2016

Содержимое разработки

Синоним сөздер

7- сынып (орыс мектебі)

Батыс Қазақстан облысы

Тасқала ауданы

С.Жақсығұлов атындағы ЖББОМ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ибатова Бибигуль Гарифуллаевна

Ұялы тел:8777706766

Мақсаты:

А) білімділік – алдыңғы сабақтарда өткендерді еске түсіріп, қайталау арқылы, жаңа сабақты меңгерту. Синоним туралы түсінік беру.

Ә) дамытушылық- жеке тұлғаның ой – қабілетіне әсер ету арқылы оқушылардың жекелей, топпен жұмыс жасау әрекеттерін дамыту.

Б) тәрбиелік- мәдениетті сөйлеуге, инабаттылыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар синонимдерді меңгереді

Синоним сөздерді пайдалана отырып сөйлем құрастырады.

Сабақтың өту барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру.

  • Деген не, қай тілден шыққан?

  • Сөздің мағыналарына нелр жатады?

  • Антоним дегеніміз не?

  • Антоним қай сөз таптарынан болады?

Жаңа сабақтың шартымен түсіндіру

-Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз жеті бөлімнен тұрады. Мына жерде жеті тор бар. Әрбір бөлімді өткен сайын бір тордан ашып отырамыз. Тапсырмалардың барлығын орындасақ, сабақ соңында тақырыбымыз шығады

с

и

н

о

н

и

м

1-тапсырма: мәтелдерді оқып, мағынасы жақын сөздерді табу.

  1. Жалқаудың жаны тәтті.

  2. Еріншектің ертеңі бітпес.

  3. Өз елің – алтын бесік.

  4. Отан – оттан да ыстық.

  5. Ерлік пен бірлік егіз.

  6. Ырыс алды ынтымақ.

  1. тапсырма:сөйлемдердің ішінен мағыналас сөздерді теріп жазу.

  1. Орман аңдары да қысқы азықтарын жинайды. Адамдар үй жануарларын қысқы тамақты жазда жинайды (азық, тамақ)

  2. Мұрат адал, шыншыл бала (адал, шыншыл)

  3. Бұлақтың суы мөп – мөлдір.Қыста ауа тұп- тұнық болады (мөлдір, тұп – тұнық).

  4. «Наурыз мейрамы» мұсыылмандардың Жаңа жылы. 8 Наурыз – аналар мерекесі (мейрам, мереке)

3-тапсырма. Суретке қарап, мағыналас сөздерді қолданып , сөз тіркестерін құрастыру.









дарынды, қабілетті

әдемі, сұлу, көркем





  1. тапсырма. «Ғажайып алма ағашы» ойыны.

Алмада жазылған сөздерге мағыналас сөздерді тауып жазу (қалың, мол, биік, дәмді, жылдам, аспан).

  1. тапсырма. «Кім тапқыр?» ойыны. Берілген сұрақтарға жауап беріп, сөйлемдегі асты сызылған сөзге мағыналас сөз табу.

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын атаңдар? (рәміздер)

  2. Елбасы деген сөздің орнына тағы қандай сөзді қолдануға болады? (президент)

  3. Сендерге ең жақын адам кімдер? (ата- ана, әке- шеше)

6-тапсырма. Жұмбақ шешу.

  1. Бір ағашта бес тармақ, бес тармақұта бес жаңғақ (саусақ, бармақ)

  2. Ерте тұрады, жар шақырады (әтеш).

7-тапсырма. Мақалды оқу және асты сызылған сөзге мағыналас сөздер табу.

  1. Жалқаудың екі досы бар, бірі – ұйқы, бірі – күлкі.

  2. Әдепті бала – арлы бала.

Әдепсіз бала – сорлы бала.

Балалар тордың барлық көздері ашылды. Енді бетіндегі суреттердің бірінші әріптерінен сөз құрастырып, сабағымыздың тақырыбын білеміз. Жазылуы әртүрлі, мағыналары жақын сөздерді синоним сөздер дейміз.

Оқулықпен жұмыс.2- тапсырма.

8- тапсырма. Шағын тест.

  1. Синонимдерді анықтаңыз.

А) жаман – нашар В) үлкен – кіші С) қайратты - әлсіз.

2) «Әдемі» сөзінің синонимін анықтаңыз.

А) жаман в) үлкен с) сұлу

3) Синонимнің анықтамасын көрсетіңіз.

А) мағыналары бір – біріне жақын сөздер В) мағыналары бір – біріне қарама- қарсы сөздер. С) Жазылуы бірдей, мағыналары әртүрлі.

4) «Сұлу, көркем, әдемі» қандай сөздер?

А) антоним В) омоним С) синоним

5) Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

А) мұғалім – ұстаз В) биік – аласа С) ерте – кеш

6) Мағыналары жақын сөздер қалай аталады.

А) антоним В) синоним С) омоним

Бағалау.

Үйге тапсырма: ереже жаттау, мәтін оқу.

-80%
Курсы дополнительного образования

Искусство фотосъёмки в журналистике

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Презентация "Имя прилагательное" (1.66 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт