Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Уроки  /  8 класс  /  План урока "Фалес теоремасы"

План урока "Фалес теоремасы"

Фалес теоремасыны? т?жырымдамасын біледі, д?лелдей алады, ал?ан білімді есеп шы?аруда ?олдана алады. Кесіндіні циркуль мен сыз?ышты? к?мегімен те? кесінділерге б?леді.

07.05.2017

Содержимое разработки

Бекітемін: Директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары

Г.Дөңесова

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Мұғалімнің аты-жөні:

Ибраимова Раушан Талғатқызы

Күні:

17.10.16

Сынып:

8 «Г»

Пәні:

Геометрия

Тақырыбы:

Фалес теоремасы

Негізгі түйінді идея:

Фалес теоремасының тұжырымдамасын біледі, дәлелдей алады, алған білімді есеп шығаруда қолдана алады. Кесіндіні циркуль мен сызғыштың көмегімен тең кесінділерге бөледі.

Оқу мақсаты:

Фалес теоремасының тұжырымдамасын білу, дәлелдей алу, алған білімді есеп шығаруда қолдана білу. Кесіндіні циркуль мен сызғыштың көмегімен тең кесінділерге бөле білу.

Табыс критерийлері

Барлық оқушылар:

Фалес теоремасының тұжырымдамасын біледі

Көпшілік оқушылар:

Фалес теоремасының тұжырымдамасын біледі, дәлелдей алады

Жекелеген оқушылар:

Кесіндіні циркуль мен сызғыштың көмегімен тең кесінділерге бөледі, алған білімді есеп шығаруда қолдана алады.


Кезеңдер

уақыт

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақты бастау.


1 мин

Психологиялық дайындық

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Бүгінгі күндеріне сәттілік тілеу.

Оқушылардың сабаққа дайын болу


стикер

Кіріспе


20 мин


Тарихына тоқталу

Фалес Милетский грек ғалымдарының тұңғышы б.э.д. 625-547 жылдар шамасында өмір сүрген. Бүгінгі өтетін теоремамыз кесіндіні циркуль мен сызғыштың көмегімен тең бөліктерге бөлуге қолданылады. Фалес диаметр дөңгелекті қақ бөлетінін, тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштары тең болатынын, вертикаль бұрыштардың теңдігін, үшбұрыштардың теңдігінің бірінші белгісін алғаш дәлелдеген. Б.ж.с. бұрын 585 жылғы 28 майда болған күн тұтылу құбылысын алдын ала, алты ай бұрын айтқан. Гректер дүниеде жеті-ақ адам данышпан болып туады депойлаған, Фалес солардың біріншісі деп есептеген.

Негізгі бөлім




22 мин

Фалес теоремасы.

Егер бұрыштың қабырғаларын қиятын параллель түзулер оның бір қабырғасында тең кесінділер қиса, онда олар екінші қабырғасында да тең кесінділер қияды.

Фалес теоремасы.

Берілгені:

а1 ІІ а2 ІІ а3 ІІ а4 ІІ а5 ІІ ...

а1 ОА=A1, а2 ОА=A2

а1ОB=B12ОB=B2… OA1=A1A2=A2A3=…

Д/к: ОВ1=B1B2=B2B3=…

Фалес теоремасын практикада қолдануға есеп.

Есеп берілген АВ кесіндісін тең n белгілерге болу керек.

Шешуі:

1) АВ кесіндісін қамтитын түзуде жатпайтын А нүктесінен бастап а сәулесін салам.

2) а сәулесінің бойына өзара тең АА1, А1А2, А2А3, …, Аn-1Anкесінділерін өлшеп саламыз.

3) АnBқосамыз

4) А1В1 ІІ А2В2 ІІ А3В3 ІІ AnВnтүзулерін жүргіземіз

Фалес теоремасы бойынша АB1=B1B2=B2B3=…=Bn-1

Қадағалау


оқу дәптері, қима қағаздар



№62.

Берілгені:

ОА1=A1A2=A2A3=1 см

ОВ11В22В3=3 см

Д/к: А1В1 ІІ А2В2 ІІ А3В3

Дәлелдеуі: Бұрыштың бір қабырғасынан тең кесінділер қиған түзулер екінші қабырғасынан да тең кесінділер қиып тұр, онда Фалес теоремасы бойынша А1В1 ІІ А2В2 ІІ А3В3


№63.

Берілгені:

OC=CD=1.5 дм

ОЕ=2дм

СЕ ІІ DF, F € OM

Т/к: OF-?

Шешуі: Фалес теоремасы бойынша ОК қабырғасында CE II DF түзулері ұзындықтары тең кесінділер қиып тұрғандықтан екінші қабырғасынан тең кесінділер қияды. Яғни OE=EF болады. OF=OE+EF=2+2=4 дм.

Жауабы: 4 дм.



Қорытынды бөлім

1 мин

Үйге

№64 (1) Үшбұрыштың бір қабырғасы тең 6 бөлікке бөлінген. Осы үшбұрыштың қалған екі қабырғасын тең екі бөлікке бөліңдер.

Берілгені: ΔАВС

АА11А2= А2А3= А4А5= А6А7

AC1=C1C

BB1=B1C1 болатындай етіп бөлу керек.

Шешуі: А3- нүкте АВ қабырғасын тең екі бөлікке бөліп тұр. Осы А3 нүктесі арқылы ВС-ға параллель түзу жүргіземіз. Ол АС қабырғасын С1 нүктесінде қияды. АС1=C1C, ал ВС қабырғасын тең екі бөлікке бөлу үшін А3 нүктесінен АС-ға параллель түзу жүргіземіз. Ол ВС қабырғасын В1 нүктесінде қияды. ВВ1=B1C


Жиынтық баға қою

оқу дәптері, оқулық

1 мин

Рефлексия. Қол көтеру арқылы







-80%
Курсы повышения квалификации

Геометрия в школе. Технологии активизации познавательной деятельности в условиях реализации ФГОС ООО (СОО)

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
План урока "Фалес теоремасы" (69.86 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт