Сабақ құрлысы
Пән: Интерьерді жобалау. Курс: о.б. Мамандығы: Дизайн(интерьер). Уақыты: Сабақтың түрі: практикалық. Пән аралық байланыс: композиция, дизайн теориясы, перспектива. Тақырып: «Интерьер перспективасы» - Перспектива түрлерімен танысу; - Интерьер перспективасын құрастыру; оларға қойылатын талаптар. Қолданылатын көрнекіліктер: иллюстрациялық материалдар.
Дидактикалық міндеттері:
Білім беру: жобалау әдістерін білуді үйрену. Тәрбиелеу: Интерьер жобалауда әсемдікке, эстетикалық тәрбиеге бағыттау. Дамыту: Жобалау тәсілдерін жетілдіру. Өздеріеің ойлау қабілеттерін арттыру.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: - дәрісхананың, оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру; - жоқ оқушыларды тексеру, журналға белгілеу. Сабақтың мақсаты мен міндеті: Дизайнның негізгі ережелерін, әдістерін, қажетті материалдарымен танысу, оларды пайдалана білу және жобалау кезеңдерімен процестерін оқу. Оқу – практикалық жобалау кезеңінде шығармашылық концепцияны қалыптастырудың теориялық негіздерін, нормативті – техникалық реттеулерді сондай – ақ жобалау материалдарын көрнекі көрсету тәсілдерінің мазмұнынан тұратын, қатар оқытылатын лекциялық курстардан алынған білімді бекіту болып табылады. Жаңа білімді қабылдауға даярлық жұмысы: дизайн – концепцияны, эскизді жетілдіру, эскиз жасау. Жаңа білімді хабарлау: Бөлменің фронтальды перспективасын құрастыру. Дұрыс ракурс табу, оның жалпы көрініске әсері. Жобаның негізгі элементтерін құрастыру. Горизонт сызығын, проекция нүктесін бекіту. Бекіту: Өткен тақырып бойынша оқушыларға әр түрлі сұрақтар қойып, білімдерін шыңдау. Сабақтың өту барысында әр оқушыға жеке барып, қателері болса айтып, түзетіп, дұрыс бағыт беру. Қорытындылау: бүгіңгі өткен тақырып бойынша жұмыстарын қорытындылап, тексеріп, бағалау. Үй тапсырмасы: Сабақ үстінде алған мәліметтерге сүйене отырып, практикалық сабақтың тапсырмасын жалғастыру. Әдебиетпен жұмыс істеу.
СҚӨ және дизайн бөлімі «интерьерді жобалау» пәнәнің оқытушысы: Жақсымбетов Б.М.


Перспектива в интерьере (13.56 KB)

