Меню
Разработки
Разработки  /  Химия  /  Уроки  /  9 класс  /  Открытый урок на тему "Фосфор"

Открытый урок на тему "Фосфор"

Фосфорды? химиялы? ?асиетін жаза білу. Фосфорды? ?олданылуы мен физикалы? ?асиетін т?сіну.

16.12.2016

Содержимое разработки

9-сынып

9-сынып

Мақсаты:  Фосфор, оның периодтық жүйедегі орнына сипаттама беру,  ашылу тарихымен таныстыру, физикалық, химиялық қасиеттері,  қолданылуы жайлы білім алуға жағдай туғызу.   Күтілетін нәтиже : 1.Фосфордың периодтық жүйедегі орнына сипаттама бере  алады.  2. Фосфордың ашылу тарихы мен таралуы туралы танысады.  3. Қасиеттері мен қолданылуы жайында біледі.  4. Фосфордың адам ағзасы үшін маңызын айта алады.  5. Тақырыпқа сәйкес тапсырмалар, есептер орындай алады. Көрнекілігі:  Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, сызба−суреттер. Сабақтың түрі:  конференция сабақ Сабақтың әдісі:  сұрақ-жауап, ізденіс, есеп шығару, ой-қозғау, ойтүрткі. Пәнаралық байланыс:  медицина, биология, тарих, география, математика,  физика

Мақсаты: Фосфор, оның периодтық жүйедегі орнына сипаттама беру,

ашылу тарихымен таныстыру, физикалық, химиялық қасиеттері,

қолданылуы жайлы білім алуға жағдай туғызу.

  Күтілетін нәтиже : 1.Фосфордың периодтық жүйедегі орнына сипаттама бере

алады.

2. Фосфордың ашылу тарихы мен таралуы туралы танысады.

3. Қасиеттері мен қолданылуы жайында біледі.

4. Фосфордың адам ағзасы үшін маңызын айта алады.

5. Тақырыпқа сәйкес тапсырмалар, есептер орындай алады.

Көрнекілігі: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, сызба−суреттер.

Сабақтың түрі: конференция сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ізденіс, есеп шығару, ой-қозғау, ойтүрткі.

Пәнаралық байланыс: медицина, биология, тарих, география, математика,

физика

І Қызығушылықты ояту  Тренинг ойнату « Көршілер » .  Конференцияға  қатысушылармен таныстыру.  Өткен білімді тексеру үшін «Сенесің бе, сенбейсің бе?» ойынын ойнату.

І Қызығушылықты ояту

Тренинг ойнату

« Көршілер » .

Конференцияға

қатысушылармен

таныстыру.

Өткен білімді

тексеру үшін

«Сенесің бе,

сенбейсің бе?»

ойынын ойнату.

Конференцияға қатысушылар:  Химик, физик, биолог, дәрігер, агроном, тарихшы, геграф,ізденуші

Конференцияға қатысушылар:

Химик, физик, биолог, дәрігер, агроном, тарихшы, геграф,ізденуші

Гамбург алхимигі Бранд «философиялық тас» алу жолында көп жұмыс істеді. Брандтың ойынша бұл тас кәріні жасартатын, ауруды тез сауықтыратын, адамның өмірін ұзартатын тас болды. Бранд бұдан басқа барлық металдарды алтынға айналдырғысы келді. Бірде ол жаңа рецепті бойынша зертханада жұмыс істеді. Адам зәрін суалтып, оған көмір мен құмды араластырып ауа қатыстырмай қыздырды. Құтының ішінде жылтыраған бір нәрсенің бар екенін көрді. Сөйтіп, 1669жылы осы зат кездейсоқ ашылды. Алынған зат жарық шығарады, осыны пайдаланып, Бранд байларға сатып ақшаға кенелді. Бұл қандай зат деп ойлайсыңдар?  

Фосфор химиялық элементтердің Д.И.Менделеевтің ашқан периодтық жүйесінің элементі. Ол үшінші период пен бесінші топтың қиылысқан жеріндегі он бесінші тор көзге орналасқан және реттік нөмірі он бес, атомдық масса салмағы 31. Фосфор – бейметалл. Оның ядросында 15протон, 16нейтрон бар. Электрондардың жалпы саны да 15-ке тең. Электрондық құрылысы:  Р 1s 2 2s2 2p 6 3s 2 3p 3 Фосфор қосылыстарында ІІІ, Ү – валенттілік көрсетеді, тотығу дәрежелері -3,0,+3,+5. Алынуы: Са 3 (РО4) 3 + SіО 2 + 5С → 3СаSіО 3 + 5СО↑ + 2Р

Фосфор химиялық элементтердің Д.И.Менделеевтің ашқан периодтық жүйесінің элементі. Ол үшінші период пен бесінші топтың қиылысқан жеріндегі он бесінші тор көзге орналасқан және реттік нөмірі он бес, атомдық масса салмағы 31. Фосфор – бейметалл.

Оның ядросында 15протон, 16нейтрон бар. Электрондардың жалпы саны да 15-ке тең. Электрондық құрылысы:

Р 1s 2 2s2 2p 6 3s 2 3p 3

Фосфор қосылыстарында ІІІ, Ү – валенттілік көрсетеді, тотығу дәрежелері -3,0,+3,+5.

Алынуы: Са 3 (РО4) 3 + SіО 2 + 5С → 3СаSіО 3 + 5СО↑ + 2Р

Фосфордың жер қыртысындағы массалық үлесі 0,12%. Фосфор табиғатта тек қосылыс күйінде 190-дай минералдардың құрамында кездеседі.Қазақстанда фосфорға жбай кен орындары бар.ХХғ 30жылдарында Ақтөбе облысында фосфорит кені табылған. Ақтөбе кен орындарының негізгі артықшылығы – олардың қабаттары жер бетіне жақын орналасқан және пайдалы қазбаны ешқандай кедергісіз өндіруге болады. Мұнда жалпы қоры жүздеген миллион тоннаға жететін ондаған ірі кен орындары бар.  30-жылдардың аяғында (1938-1940) Қаратау бассейні ашылды. Бассейнде 26кен орны бар. Бассейннің ең бай шикізатында 28-34% Р 2 О 5  бар. Фосфордың табиғи қосылыстары фосфорит Са 3 (РО4) 2 пен апатит Са 5 (РО 4 ) 3 ОН Қаратауда кездеседі. Оңтүстік Қазақстанда, Аят және Лисаковск кен орындарындағы қоңыр тас көмірдің құрамында фосфордың едәуір қоры бар. Жаңатас, Шымкент пен Таразда фосфор зауытары жұмыс  істейді. Фосфор сіріңке және улы химикаттар өндірісінде пайдаланылады.

Фосфордың жер қыртысындағы массалық үлесі 0,12%. Фосфор табиғатта тек қосылыс күйінде 190-дай минералдардың құрамында кездеседі.Қазақстанда фосфорға жбай кен орындары бар.ХХғ 30жылдарында Ақтөбе облысында фосфорит кені табылған. Ақтөбе кен орындарының негізгі артықшылығы – олардың қабаттары жер бетіне жақын орналасқан және пайдалы қазбаны ешқандай кедергісіз өндіруге болады. Мұнда жалпы қоры жүздеген миллион тоннаға жететін ондаған ірі кен орындары бар.

30-жылдардың аяғында (1938-1940) Қаратау бассейні ашылды. Бассейнде 26кен орны бар. Бассейннің ең бай шикізатында 28-34% Р 2 О 5 бар. Фосфордың табиғи қосылыстары фосфорит Са 3 (РО4) 2 пен апатит Са 5 (РО 4 ) 3 ОН Қаратауда кездеседі. Оңтүстік Қазақстанда, Аят және Лисаковск кен орындарындағы қоңыр тас көмірдің құрамында фосфордың едәуір қоры бар. Жаңатас, Шымкент пен Таразда фосфор зауытары жұмыс

істейді. Фосфор сіріңке және улы химикаттар өндірісінде пайдаланылады.

       ФОСФОРДЫҢ АЛЛОТРОПИЯЛЫҚ ТҮР ӨЗГЕРІСІ

ФОСФОРДЫҢ АЛЛОТРОПИЯЛЫҚ ТҮР ӨЗГЕРІСІ

Фосфор Ақ фосфор -өте белсенді, улы зат, түнде жарықырап сәуле шығарады. Суда ерімейді, сондықтан оны су астында сақтайды. Ауасыз ортада қыздырғанда ақ фосфор қызыл фосфорға айналады, ал жоғарғы қысымда қара фосфорға айналады. Қызыл фосфор –түсі қоңыр-қызыл, улы емес, суда нашар ериді, ұшпайды, 2500°С-де от алады.  Қара фосфор -2000°С өте жоғары қысымда қыздырғанда түзіледі. Түсі графитке ұқсас, қолға майдай сезіледі. Активтігі нашар,жартылай өткізгіш, улы емес, 5000°С-де от алады.

Фосфор

Ақ фосфор -өте белсенді, улы зат, түнде жарықырап сәуле шығарады. Суда ерімейді, сондықтан оны су астында сақтайды.

Ауасыз ортада қыздырғанда ақ фосфор қызыл фосфорға айналады, ал жоғарғы қысымда қара фосфорға айналады.

Қызыл фосфор –түсі қоңыр-қызыл, улы емес, суда нашар ериді, ұшпайды, 2500°С-де от алады.

Қара фосфор -2000°С өте жоғары қысымда қыздырғанда түзіледі. Түсі графитке ұқсас, қолға майдай сезіледі. Активтігі нашар,жартылай өткізгіш, улы емес, 5000°С-де от алады.

Дәрі- дәрмек жасау Тыңайт- қыш алу Фосфор дың қолданылуы  Сіріңке жасау Улы хи- микаттар алу

Дәрі-

дәрмек

жасау

Тыңайт-

қыш алу

Фосфор

дың қолданылуы

Сіріңке

жасау

Улы хи-

микаттар

алу

Сіріңкені 1831жылы 19жасар Шарл Сориа алғаш ойлап тапқан. Бірақ ол сіріңкеге патент ала алмады, себебі ол қымбат болатын. 1832 жылы неміс мұғалімі Камерер сіріңкеге патент алып, оны өндіре бастады. Бірақ оның сіріңкесі ақ фосфордан жасалғандықтан өте қауіпті болды. Қауіпсіз сіріңкені 1848 жылы швед химигі Бетгер алды. Бұл өзіміздің кәдімгі сіріңкеміз, ол қызыл фосфордан жасалады.

Фосфор адам және басқа тірі ағзалар тіршілігі үшін қажет элемент. Кальций ортофосфаты қаңқаға беріктік қасиет береді. Ол бұлшықет, жүйке, кемік ұлпаларының құрамына кіреді. Ол туралы атақты геохимик, ақадемик А.Е.Ферсман «фосфор-тіршілік пен ақыл-ой элементі» деген болатын. Себебі, мидың қызмет, бұлшықеттің қимылы фосфор қосылыстарының химиялық өзгерістеріне байланысты. Фосфор ет ұлпасында 56грамм кездеседі. Адам сүйегінде 600грамм фосфор бар.Адам мен жануарлар фосфорды өсімдіктен алады.

Фосфор тыңайтқыштары егіс дақылдарында зерттелінді. Қаратау фосфоритінен жасалған поли және ортофосфаттар тұзды топырақтарға қолданғанда, тұздылық әсерін азайтатын және ауыр металдардың қозғалысын тежеп, өсімдік тамырына зиянсыз жағдайға жеткізетін механизмдерінің бары және олардың тиімді тыңайтқыштар екені дәлелденді. Фосфор элементі азоттан кейін керекті екінші элемент болғанымен, тұзды топырақта өсімдікке қорек ретінде жетіспесе, биохимиялық реакцияларға қуат беру көзі кеміп, қиындықтар туындайды. Яғни, өсу, даму процестерін жеделдету үшін жүретін реакцияларға қуат жетіспейді де, даму жағдайы күйзеліске ұшырап, өнімге өнім сапасына кері әсерін тигізеді.

Фосфор жай және күрделі заттармен әрекеттеседі. Оттегімен оксид түзеді: 4Р+5О 2 → 2Р 2 О 5  Галогендермен галогенидтер береді: 2Р+3СІ 2 → 2РСІ 3  Күкіртпен сульфид түзеді: 2Р+3S → Р 2 S 3  Металмен фосфид түзеді: 3Са + 2Р →Са 3 Р 2

Фосфор жай және күрделі заттармен әрекеттеседі.

Оттегімен оксид түзеді: 4Р+5О 2 → 2Р 2 О 5

Галогендермен галогенидтер береді: 2Р+3СІ 2 → 2РСІ 3

Күкіртпен сульфид түзеді: 2Р+3S → Р 2 S 3

Металмен фосфид түзеді: 3Са + 2Р →Са 3 Р 2

Фосфор жануар мен адам сүйегінде, бұлшықетте, ми ұлпаларында болатыны анықталды. Фосфор адамның жадын жақсартады, оны біз наннан, ас бұршақтан, балықтан, ірімшіктен аламыз. Массасы 70кг адамның денесінде шамамен 800г фосфор болады. Сондықан балық пен сүт тағамдарын ас мәзіріне күнделікті кіргізіп отыру керек.

 Сүт тағам- дарында    Қырық- қабат  Нанда   Асбұр- шақта  Балықта  Фосфор кездеседі  Қара нан   Қара құмық  Ірімшікте  Лобия   Ет

Сүт тағам-

дарында

Қырық-

қабат

Нанда

Асбұр-

шақта

Балықта

Фосфор

кездеседі

Қара нан

Қара

құмық

Ірімшікте

Лобия

Ет

 № 1-есеп. Массасы 7,1г фосфор (V) оксиді судың артық мөлшері-мен әрекеттескенде түзілген фосфор қышқы-лының массасын есепте.

1-есеп. Массасы 7,1г фосфор (V) оксиді судың артық мөлшері-мен әрекеттескенде түзілген фосфор қышқы-лының массасын есепте.

№ 2-есеп. 15,5г Са 3 (РО4) 2  ыды-рағанда түзілетін фосфор (V) оксидінің массасын есепте.

2-есеп. 15,5г Са 3 (РО4) 2 ыды-рағанда түзілетін фосфор (V) оксидінің массасын есепте.

Химиялық диктант 1. Фосфорды ............жылы .................. ашты. 2. Фосфор қосылыстарда ............................ тотығу дәрежелерін көрсетеді. 3. Фосфор ядросында ....... протон, .......нейтрон болады. 4. Фосордың металдармен қосылысы ........................... деп аталады. 5. Фосфор элементі жай зат ретінде бірнеше аллотропия түзеді: ......................... , ........................... және ......................... . 6. Фосфордың жер қыртысындағы массалық үлесі ..........% 7. Фосфор ......................... ......................................... .....................................................................кездеседі.  8. Ауасыз ортада қыздырғанда ақ фосфор ......................... айналады, ал жоғарғы  қысымда .................... айналады.

Химиялық диктант

1. Фосфорды ............жылы .................. ашты.

2. Фосфор қосылыстарда ............................ тотығу дәрежелерін көрсетеді.

3. Фосфор ядросында ....... протон, .......нейтрон болады.

4. Фосордың металдармен қосылысы ........................... деп аталады.

5. Фосфор элементі жай зат ретінде бірнеше аллотропия түзеді: ......................... , ........................... және ......................... .

6. Фосфордың жер қыртысындағы массалық үлесі ..........%

7. Фосфор ......................... .........................................

.....................................................................кездеседі.

8. Ауасыз ортада қыздырғанда ақ фосфор ......................... айналады, ал жоғарғы

қысымда .................... айналады.

Химиялық диктант 1. Фосфорды 1669 жылы Бранд ашты. 2. Фосфор қосылыстарда -3, 0, +3, +5 тотығу дәрежелерін көрсетеді. 3. Фосфор ядросында 15 протон, 16 нейтрон болады. 4. Фосордың металдармен қосылысы фосфидтер деп аталады. 5. Фосфор элементі жай зат ретінде бірнеше аллотропия түзеді: ақ фосфор, қызыл фосфор және қара фосфор. 6. Фосфордың жер қыртысындағы массалық үлесі 0,12 % 7. Фосфор нанда, сүт тағамдарында, ірімшікте, балықта, асбұршақта кездеседі.  8. Ауасыз ортада қыздырғанда ақ фосфор қызыл фосфорға айналады, ал жоғарғы  қысымда қара фосфорға айналады.

Химиялық диктант

1. Фосфорды 1669 жылы Бранд ашты.

2. Фосфор қосылыстарда -3, 0, +3, +5 тотығу дәрежелерін көрсетеді.

3. Фосфор ядросында 15 протон, 16 нейтрон болады.

4. Фосордың металдармен қосылысы фосфидтер деп аталады.

5. Фосфор элементі жай зат ретінде бірнеше аллотропия түзеді: ақ фосфор, қызыл фосфор және қара фосфор.

6. Фосфордың жер қыртысындағы массалық үлесі 0,12 %

7. Фосфор нанда, сүт тағамдарында, ірімшікте, балықта, асбұршақта кездеседі.

8. Ауасыз ортада қыздырғанда ақ фосфор қызыл фосфорға айналады, ал жоғарғы

қысымда қара фосфорға айналады.

Мен туралы аңыз көп. Ақша жасайды, алтын деген түк емес дейді, талайды ақшамен жарылқайды дейді, сенбейсіңіздер. Мен – Ақбаймын, Қарабай және Қазбек деген сынарларым бар. Үшеуміз егіз болғанымызбен түріміз де, мінезіміз де ұқсамайды.Мәселен, менің мінезім нашар, қызбалаумын, тез тұтанып шыға келем. Өзім улы заттар қоймасында жұмыс істеймін. Екі ағам маған қарағанда момындау. Қарабай- әскереи адам, түтінін бұрқыратып темекі шегеді де жүреді. Қазыбек сіріңке зауытының директоры. Сап- салмақты апамыз бір тұрлаусыз жігітке тұрмысқа шығып еді, ажырасып кетті. Менің басқа ағайындарым ауыл шаруашылығында маңызды жұмыстар атқарады. Қабек Ольга деген орыс қызына үйленді, бала шаға өте көп. Мен және менің туыстарым кім?

 §18 1-8 жаттығу   «Фосфор» сөзіне бес-  жолды өлең құру.

§18 1-8 жаттығу

«Фосфор» сөзіне бес-

жолды өлең құру.

-80%
Курсы дополнительного образования

Ландшафтный дизайн

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Открытый урок на тему "Фосфор" (1.74 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт