Қош келдіңіздер!
«Мамандығым-болашағым»
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.
Әл-Фараби
Психологиялық сәт
«Психогеометрия»
Пікірлесу
Маман иесі дегенді қалай
түсінуге болады?
Ата-аналарың отбасында
сендер жақсы мамандық
таңдауда үлкен азамат болып
өсу үшін,өздеріне қандай
мақсаттар қоюы мүмкін?
Алдағы уақытта қандай
мамандықты таңдайсың?
Өзіңнің болашақ
мамандығыңды
таңдай отырып,сен
тіршілік ететін аймаққа
қандай мамандықтар қажет?
Мамандық дегеніміз не?
«Мамандық» сөзіне анықтама беру
Профессия-латын сөзінен шыққан,
«professio»-анықталған іс,мамандық
дегенді білдіреді.
Мамандық-қарапайым өмір сүру көзі
болып табылатын және қандай да
бір дайындықты,жауапкершілікті талап
ететін еңбек қызметінің маңызды
бөлігі.
Мамандық таңдау-тағдырыңды таңдау деген сөз.
Кейінгі өмірде өкінбейтіндей,өз қабілеті мен бейімділігіне
сай кәсіп түрін таңдау.Бұл өте жауапкершілікті және
маңызды іс.Мамандық таңдауда әр адам өзінің
қызығушылығына,қабілетіне,бейімділігіне,қалауына
сүйену керек.Сондай-ақ өз мамандығының 10-20 жылға
дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі.
Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс
деп аталады.Өзінің сұранысын,қызығушылығын жоймаған
кең тараған мамандықтарға дәрігер,мұғалім және
құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады.
Ал,өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология,
байланыс, коммуникация,әлеуметтік орта,экономиканы
басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті
жаңа мамандықтары жатады.
Қоғамның дамуында біздің өңірде,қазба байлықтарын
игеретін мамандық иелері қажет.
«Әріпті мамандық»
«Ең жақсы» ойыны
Ең жасыл-
Ең тәтті-
Ең ақшалы-
Ең жауапты-
Ең салмақты-
Екі бағанадағы сөздерді мағынасына қарай жұптастырыңыз
Жүрегінің қалауы бойынша
армандадым
Жауапкершілікпен
ән айтады
Мен бала күнімнен
бала оқытады
Дәрігер
үй салады
Оқытушы
адам емдейді
Құрылысшы
атқарады
Әнші
таңдайды
«Тізбекті үзбе»
полиглот ойыны
Дәрігер-
Мұғалім-
Заңгерлер-
Суретшілер-
Құрылысшылар-
Өзің келіспейтін тұжырымдарды
таңдап алып,ойыңды дәлелде
Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады
Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына
байланысты
Отбасы және достарынның ақылына сүйеніп
мамандық таңдауға болады
Қартайғанда да мамандық таңдауға болады
Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына
түсу керек
Ақша болса, мамандық керек емес
Мамандық таңдауда психологтің көмегі қажет
Мамандық таңдау-күн көріс қамы
Мына мамандықтардың қайсысы
1.Қазіргі уақытта жоқ,жойылған
2.ХХ ғасырда пайда болды
3.соңғы 10 жылдықта пайда болды
Жағдаяттық сұрақтар


«Мамандығым-болашағым» апталық (397.18 KB)

