Күні:30.11.2016
Сынып:7 «А»
Сабақтың тақырыбы: Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік | Жаңа білім | • Көпмүшені көпмүшеге көбейтуді еске түсіре отырып, Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу тәсілдері арқылы есептер шығаруды үйренеді. |
Жаңа түсінік | • Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу тәсілдері арқылы есептер шығару(ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару, топтау тәсілі, жаңа қосымша енгізу) | |
Құзырлылық | Қолданым әрекеті | • Көбейткіштерге жіктеу тәсілдерін қолдана алу. |
Талдау әрекеті | • Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару, топтау тәсілі, жаңа қосымша енгізу көмегімен тексере алады. | |
Шығармашылық әрекет | • Негізгі ұғымдарды пайдаланып, мысалдар құрастырып, жіктеу тәсілдерін қолдана отырып есеп шығарады. | |
Құндылық | Бағамдау әрекеті | • Жаңа сабақтың маңыздылығын, яғни терең жүйелі меңгеруде есептер шығарудың маңыздылығын бағалайды. |
Сабақ құрылымы: | |
| І. Ақпарат алмасу (10 мин.). ІІ. Алғашқы бекіту (7 мин.). ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (20 мин.). ІV. Шығармашылық қалыптастыру (5 мин.). V. Бағамдау - бағалау (3 мин.). |
Сабақ типі: | |
| • Бекіту сабағы. |
Оқыту әдісі: | |
| • Репродуктивті, ізденушілік. |
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі: | |
| • Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды. |
Негізгі ұғымдар мен терминдер: | |
Көпмүше, ортақ көбейткіш, жіктеу ұғымы. Оқушыда дағды қалыптастыру: | |
| • Тақырып бойынша логикасы әртүрлі есептерді шығара білу, өзін-өзі дамыту, өзінің деңгейін бағалау, берілген мақсатқа жету, бүкіл топ жұмысының нәтижесін көре білу, өз ойын сынып алдында қорғай алу. |
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру;
2.Үй жұмысын сұрау;
3. Оқушылар назарын сабаққа аудару;
4. Сабақтың мақсатымен таныстыру;
Үй жұмысын сұрау:
Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығар:
ax+ay+az
8k2+8kL
Теңдеуді шешіңдер:
x2-5x=0; 2) 2x2-3x=0
Топтау тәсілі арқылы шығарыңыз:
x2+xy+ax+ay; 2) 5x2-5ax-7a+7x
Сабақтың өтілуі:
Математикалық диктант.
Теңдікті дұрыс теңдікке айналдыратын етіп жұлдызшаның орнына қажетті көбейткішті қойыңдар:
9x2+3*=3x(3x+1) 4) 4a2+2a=2a(*+*)
3a5-*=3(a5-2) 5) 7ab-49*=7a(b-7)
**-3y5=y5(x2-3) 6) 3b2a3-ab3=ab2(*a2-*)
ІІ. Топтық жұмыс:
І топ
1.Ортақ көбейткішті жақша сыртына қалай шығарамыз?
2.Есептеңдер:
1. Көбейтуді орындаңдар: 4.(x+3);
2. Теңдеуді шешіңдер: 6(x-3)-2(x-3)=12
3. Өрнекті ықшамдаңдар: -2b(a3-2b)-b(a3+4b2)
ІІ топ
1.Көпмүшені көпмүшеге қалай көбейтеміз?
2.Есептеңдер:
1. Көбейтуді орындаңдар: 5ab.(c+3b);
2. Теңдеуді шешіңдер: 8(x-7)-2(x-7)=42
3. Өрнекті ықшамдаңдар: -2b(a3+2c)-b(a3+3b2)
ІІІ топ
1.Көпмүшенің бірмүшеден айырмашылығы неде?
2.Есептеңдер:
1. Көбейтуді орындаңдар: 4y.(xy+8xz);
2. Өрнектің мәнін тап: ау-a2, мұндағы а=1,5 , b= - 8,5;
3. Көпмүшенің көбейтіндісі түріне келтіріңдер: 3c(x-y) -2d(x-y)
ІІІ. Деңгейлік тапсырма:
1-деңгей:
a3+5a2+a
8b2-4b3+10b4
3c-9
2-деңгей:
a3+5ba2+a+5b
8b2-4b3+10b4
4abc-36b
3-деңгей:
Теңдеуді шеш: (t2+8t-9)-(t2-11t+10)=18t-20
Көпмүшені көбейткіштерге жікте: 3a+3a2-b-ab
Стандарт түрде жаз: (n2-n-1)(n2-n+1)
ІV. Қорытындылау:
1. 3x(x-2)-(3x-1)(x-4)≥8(2-x)
V. Бағалау. Бағалау парағы арқылы оқушылардың деңгейі бағаланады.
VI. Үй жұмысы: Көпмүшелерге жікктеу тәсілдерін қолдана отырып, есептер құрастыру.