Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  Құрастыру сабағы "Жүк машинасы"

Құрастыру сабағы "Жүк машинасы"

саба?та ?олданылатын ??растыру саба?ынан техкарта

23.12.2016

Содержимое разработки

Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

МДС

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Құрастыру

Тақырыбы:Жүк машиналары.

Мақсаты:Құрастыру материалдарымен таныстыру және жүк машинасын құрастыруды үйрету; құрастыруға арналған материалдарды дұрыс пайдалана білуге жаттықтыру; сүт таситын машинаны өз беттерінше құрастырту арқылы шығармашылық жұмысқа баулу.

Қостілді құрам: жүк машина- грузовой машина,

Іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Дидактикалық көрнекіліктер

Баланың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық кезең









Балалар қане шаттық шеңберіне тұрамыз.

Балалар машина туралы өлең айтамыз.

«Бип-бип-бип», - дейді

«Жолдан былай кет!» - дейді.

«Жол шетінде күт!» - дейді.

Көшеде жүруге асыға,

Күшікті басуға, басуға,

Болмайды, болмайды, машина!

«Бип-бип-бип», - дейді,

Болмайды, болмайды, машина.

Бип-бип-бип!


Шаттық шеңберңне тұрады.

Өлеңді қайталап айтады.






Ұйымдастыру, іздену кезеңі

Әңгімелесу.








































Сергіту сәті.









Балалар , көлік түрлерінің суретіне қараңдаршы, әртүрлі машиналар не үшін пайдаланады екен? Солардың ішінде жүк машинасына ерекше тоқталып, жеке бөліктеріне талдау жасаймыз.

-Қандай бөліктері бар?

-Қорабы, кабинасы, дөңгелегі қандай?


Сызба үлгі арқылы суретті сипаттап айтқызып, әліппе-дәптердегі суретті реті бойынша қалай құрастыру қажеттігіне тоқталады. Ұсынылған тапсырмаларды орындауға бағыт беріледі. Құрастыру материалдарын пішініне, көлеміне қарай таңдап алып, жүк машинасының бөліктеріне сәйкес орналастыруға ұсыныс жасайды. Әліппе-дәптердегі суреттерге талдау жасалады:

-алдымен екі дөңгелек қойылады (цилиндр пішінді бөлшектер);

-дөңгелектің үстіне пластина орналастырылады (жұқа тақтайша);

-кабинасының тұмсығы үшін төрт бірдей кірпіш тәрізді бөлшек қатар қойылады;

-ол кірпіштердің үстіне шетін ала тігінен екі кірпіш, олардың үстіне көлденең екі кірпіш орналастырылады;

-төрт кірпіштің үстінен көлденеңінен екі кірпіш қойылады;

-жүк таситын қорабы екі ұзын бөлшек, бір қысқа бөлшектен құралады;

-балалар іс-әрекетіне басшылық жасалып, кейбір балаларға көмек көрсетіледі;

-балалардың өздігінен дербес шғармашылықпен әрекет етуіне бағыт беріледі;

-өз ойларынан қосып, бөліктерді толықтырып, жүк машинасын талапқа сай құрастырған еңбектер мадақталып, ерекше аталып өтіледі.


Отырмын рөлде,

Моторым, гүрілде.

Ойыншығым-машинам,

Тарт алға асыға.

Сенімен тасимын,

Көмір мен тасыңды.

Таудай ғып артамын,

Бидай мен арпаңды.



Машиналар суреттері, ойыншықтар, конструктор-

лар.

Жүк машиналары-на талдау жасайды.





Тәрбиешіні мұқият тыңдап, тапсырманы орындайды.






























Қимылмен көрсетеді.




Рефлексивті түзету

Балалар қандай көліктер түрлері бар екен?


Көліктердің қандай пайдасы бар?




Балаларды мадақтау.


Өздері білетін көліктерді атайды.

Заттарды, тағамдарды, ағаштарды тасиды.

Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді: жүк машиналардың құрамын

Қолданады: машналарды конструктормен жасауды

Түсінеді: машина жолдарында абай болуды








-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Методист образовательной организации: работа в системе среднего профессионального и дополнительного образования

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 2760 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Құрастыру сабағы "Жүк машинасы" (17.48 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт