Меню
Разработки
Разработки  /  Внеурочка  /  Уроки  /  6 класс  /  Қазақ биі «Сұлу қыз»

Қазақ биі «Сұлу қыз»

Урок проведен в 6 классе по дисциплине хореография. На уроке описывается создание казахского народного танца, элементы движений и полностью рассказана постановка танца.

10.04.2017

Содержимое разработки

Сабақ тақырыбы: Қазақ биі «Сұлу қыз»

Мақсаты:

Білімділік:

«Сұлу қыз» қазақ биінің сипаты мен мазмұнын түсіндіру. Би қимылының таза орындалуының «Сұлу қыз» әнінің сөзін дұрыстыңдап музыкаға еріп отыру би қимылын қалыптастыру

Тәрбиелік:

Оқушы бойына музыкалық тәрбие мен қатар би ерекшеліктерін өнер тілімен жеткізу

Дамытушылық:

Жаңа би қимылдарын есте сақтай отырып, жүріс тактілері арқылы би қимылдарын үйрету

Тип: Аралас сабақ

Көрнекі құралдар: магнитофон, буклеттер, тірек схема, шартты белгілер

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру. Сапқа тұрып би қимылымен амандасу. Саптық жаттығулар жасау. Өткен сабақтағы би қимылдарын қайталау

Негізгі бөлім:

1. Оқушыларға шартты белгілерді, тірек схеманы көрсетіп түсіндіремін. Ең алдымен би қимылын музыкасыз және музыкамен бірнеше рет көрсетемін де бидің негізгі қимылдарын үйрете бастаймын.

2. Халық биі «Сұлу қыз» (музыкалық мөлшері 2/4)



Қазақ биі «СҰЛУ ҚЫЗ»

Бидің негізгі қимылдары:

І. Ырғақты жүріс.

1-такт. «Бір» дегенде- оң аяқпен алға шағын бір қадам жасалып, «екі» дегенде-қадамдаған оң аяқ серпіліңкіремей, сәл бүгіледі.

2-такт. «Бір» дегенде- сол аяқпен алға қадам жасалады: осы кездебүгілген оң аяқтың тізесі серпіле жазылады. «Екі» дегенде-қадам жасалған сол аяқтың тізесі серпіліңкіремей, аздап бүгіледі. Келесі тактіде оң аяқпен қадам жасалып, бүгілген соң аяқтың тізесі серпіле жазылады. Сөйтіп, ырғақты жүріс екі аяқпен кезек орындалады; тізені серпіңкіремей бүгіп-жазу арқылы, бос тұрған денен іаздап сілкілдіңкіреп, ырғақты қадаммен жүріп отыру керек. Ырғақты жүріс қимылын алға, артқа, екі жаққа, айналып жүріп те орындауға болады.

ІІ. Сырғанай, секірмеліжүріс.

1-такт. «Бір» дегенде-тізеніаздапбүгіп., алғаоңаяқпенқадамжасалады.

2-такт.«Екі» дегенде- қадам жасалған аяқпен сәл алға қарай сырғанай (екпінді) секіреді.

3-такт. Қимыл сол аяқпен орындалады. Секірмелі жүріс бір орында тұрып та, екпіндей алға жүріп те, бір орында оңға немесе солға айналып та орындалады.

ІІІ. Ауыспалы жүріс.

1-такт. «Бір» дегенде- оң аяқпен шағын бір қадам алға басылады, «Және» дегенде сол аяқтың ұшымен басып оң аяқтың жанына қойылады.

«Екі» дегенде-оң аяқпен алға тағы да шағын қадам жасалады, «Және» дегенде –кідіріс жасалады.

Келесі тактіде қимыл сол аяқтан бастап орындалады.

Аяқтардың қимылымен бірге қолдардың буындарын айналдыра қимыл жасалады.

Әр тактіге бір рет қол шалақтау

Қолдың білегін айналдыру

Алғашқы қалпы: екі қолды екі жаққа жая, иықтың тұсына көтере ұстау

1-такт. «Бір» дегенде –оң қолдың алақанын жоғары қаратып, басынан асыра иығының үстіне көтереді, «және» дегенде-қолдың білегін өзіне қарай бүгіп, шынашақ саусағына қарай айналдырып, «екі» дегенде-алақанды жоғары қаратып, қолдың білегін айналдырумен бітіреді.

Келесі, 2-тактіде «қолдың білегін айналдыру» сол қолмен орындалады. Оң қол иықтың тұсына түсіріледі. Биге 8,10,12 қыздар жұбы қатысады.

Бидің құрылысы:

Қыздар қол ұстасып, қаз –қатар тұрады.

І-бөлшек.

8-такт. Қатысушылар шеңбер жасап, бірінші қимылмен оңға қарай 8 қадам (серпінді, ырғақты жүріс) жасады ( 1-сурет)

ІІ-бөлшек.

8-такт. Бірінші қатар да ырғақты жүріспен шеңбер жасап, солға қарай жүреді ( 2-сурет)

ІІІ-бөлшек.

8-такт. Қыздар ауыспалы жүрісті 8 рет орындап, ұлдарды айналып шығады. Әр ауыспалы жүрісте қолдарымен кезекпен-кезек бесінш іқимылды жасайды.

Екінші қолдарымен қолынан ұстап, бір орында тұрып, екінші (секірмелі) жүрісті 8 рет орындайды ( 3-сурет)

ІV- бөлшек

4-такт. Балалардың әрқайсысы екі реет қолдарымен шапалақ жасап, екі жағында тұрғандармен екі рет алақан соғыстырады.

5-такт. Жұп болып тұрған жерлерінде 4 рет ауыспалы жүріспен оңға қарай бір шеңбер жасап шығады да, қайтадан қол ұстасып, үлкен шеңбер құрып тұрады. Одан әрі би толығымен, солға қарай жүріп орындалады. Тек ІІІ бөлшекте бірінші қатар секіртпелі жүріспен қыздарды айналып шығады. 2 қатар Қыздар бір орнында тұрып, 4 ауыспалы жүріспен шеңберді айналып, 4 рет қолдарын жоғары көтеріп, білектерін айналдырады. Жетекшілер балалардың қабылдау мүмкіншіліктеріне қарай биді ары қарай дамытуы мүмкін.



3.Қорытынды :

Сұрақтар:

1. Бүгін қандай би қимылымен таныстық?

2. Қандай жүрістүрлері болады?

3. Би құрылысында неше бөлшек болады?

Соңы: Биді музыкамен қайталатып, мадақтап бағалау және ынталандыру.



Қазақтың ұлттық би өнері

-80%
Курсы повышения квалификации

Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қазақ биі «Сұлу қыз» (21.16 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт