Техналогиялық карта Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі: Сауат ашу Тақырыбы:Е дыбысы мен әрпі Мақсаты:
1. Балаларды Е дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру.
2.Балалардың Е дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару. Олардың сөздік қорына мән беріп байланыстырып сөйлеуге үйрету.
3. Балаларды ұғымталдыққа тәрбиелеу. Әдіс тәсілі: Сұрақ- жауап, түсіндіру, ойын. Көрнекілігі:Кеспе әріптер, суреттер , текшелер.
| Іс- әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Себепті қызығушылығын ояту Кезеңі.
Ұйымдастырушылық Ізденіс кезеңі. | 1.Шаттық шеңбері: Мен кішкентай баламын Мен мектепке барамын Оқу оқып, білім ап, Кілең бестік аламын Сәлемдесіп достармен Қуанып мен қаламын. 2.Топпен жұмыс: әр топтың топ басшысын сайлап, оларды шақырып үлестірмедегі сұрақтарға жауап бергізу. - Балалар біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? - Дыбыс дегеніміз не? - Дыбыстар нешеге бөлінеді? - Дауысты дыбыстар қалай айтылады? - Дауысыз дыбыстар қалай айтылады? 3. Жаңа сабақ: Жаңа сабақты жұмбақ шешуден бастау. Егер мен К-ден бастасам, Тісі жоқтың бірімін К-ні алып тастасам Аяқ киімнің бірімін (Кетік-етік) -Мына суреттерден не көріп тұрмыз? -Етік,елік,еден,ерін Осы сөздерде бірінші қандай тыбыс естіліп тұр? - Ендеше бүгін біз Е дыбысымен танысамыз. Қане бәріміз хормен айтайық -ЕЕЕ Е әрпінің баспа, жазба түрімен таныстыру. Сөздерді буынға бөлгізу. Е әрпін ауада жазу. Кеспе әріптермен Е дыбысы бар сөздерді тақтаға жазғызу. Сергіту сәті. Ойын: Суретке қарап сөйлем құрау. Ойын: Сөздерге дыбыстық талдау жаса. Топ мүшелерін мақтау, мадақтау Қортынды:Венндиаграмма арқылы Ң,Е дыбыстарының қандай айырмашылықтары мен ұқсастықтары барын тапқызу. | Бір- бірінің жүздеріне тура қарап, жымиып күледі
Сұраққа жауап береді.
Жұмбақты шешеді
Дәптермен жұмыс
Тақтамен жұмыс
Сандар арқылы сөздерді табады |
Күтілетін нәтиже: Білім:Е дыбысымен танысты, сөз, сөйлем құрауға дағдыланды. Білік:Дұрыс сөйлеу грамматикалық құзіреттіліктерін дамытты. Дағды:Е әрпін таза, әдемі сауатты жазуды үйренді.

Е дыбысы мен әрпі (13.64 KB)

