Қайырымды жандар айнала,
Шеңберге келсін жайлана.
Жалықпастан қайта бiз,
Махаббат сөзін айтамыз.
Сүйеміз барлық әлемді,
Әлемдегі бар елді.
Бақыттымыз осы біз
Қасымызда досымыз!
Махаббат, махаббат,
Махаббат барлық жерде (қолды алға созып, жаю )
Махаббат менде, (қолды төске қою)
Махаббат сенде! (қолды алға созу)
Балабақшам, армысың,
Сені қатты сүйемін!
Достарым, аман бармысың,
Сендерді қатты сүйемін!
Махаббатқа толып жүректер,
Орындала берсін тілектер!
Махаббат оты жалынды,
Жылытсын бәрін, бәріңді!
Адал жақсы ниетпен
Бар адамға бақ тiлеп.
Жарып шыққан жүректен,
Сөздiң бәрi – Ақ тiлек!
А.Асылбек
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
«Қайырлы таң!» деп айтамыз,
Бір болып, кеште қайтамыз.
Досың сені қалдырмайды қиынға,
Сұрамайды сенен артық бұйым да.
Нағыз дос деп осыны айт,
Көңілдердің хошын айт!
Көк аспанда күн күлсiн,
Бiрге күлсiн бүлдiршiн.
Көк аспанда күн күлсiн,
Жерге ұдайы нұр құйсын.
Көк аспанда күн күлсiн,
Ұл қолында ту жүрсiн.
Қыз қолында гүл жүрсiн,
Көк аспанда күн күлсiн,
Бiрге күлсiн бүлдiршiн.
Бiздiң топта ұл-қыздар,
Тату-тәттi ойнаймыз.
Сыйластықпен өмiр сүрiп,
Тек жақсылық ойлаймыз.
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба көк аспан!
Амансың ба достарым!
Сендердi көрсем қуанам!
Ғаламшар, қарсы ал сәлемді,
Самғаймыз кезіп әлемді.
Қабыл ал шын жүректен
Балалар менен қыздардың
Махаббатына толы сәлемдi!
Бақыт – біздің сиқырлы шеңберіміз,
Бақыт – біздің достарға сенгеніміз.
Бақыт – таңнан біреумен достасуың,
Бақыт – кеште достармен қоштасуың.
Бақытты дәйім армандап,
Досқа да бақыт тіледің.
Күтеді сені алдан бақ,
Жақсылық етсең үнемі.
Күн, мен сені сүйемін,
Саған бас иемін.
Жылу бер, бақыт бер,
Мейірiм мен шабыт бер.
Шын жүректен,
Үлкен махаббатпен,
Бәріне денсаулық тілейміз!
Қоңырау біздің сиқырлы,
Сыңғырлап тағы ән салды.
Шақырды түріп ұйқыңды,
Шеңберге тұр, – деп баршаңды!
Қайырлы таң, құсқа , аңға да,
Қайырлы таң, жайдары жанға да.
Қайырлы таң алға ассын,
Кешке дейін жалғассын!
Бейбітшілік барлық жерде,
Мына менде және сенде!
Бейбітшілік – адамдарда,
Біздің әсем ғаламшарда!
Үлкен-кiшi бәрiне,
Тыныштық керек әрине!
Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап...
Балалар: Сәлем!
Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап...
Балалар: Сәлем!
Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла...
Балалар: Сәлем!
Кел,қосылып айтайық бір-бірімізге...
Балалар: Сәлем!
Достарменен бiр жолда
Иықтасып жүремiз.
Қиындықта қол ұшын
Берерiне сенемiз.
Әдеп сақтап әманда,
Әрбiр адал адамға.
Жасасаң бiр қамқорлық,
Қайтарады саған да.
Шеңбер бойлап жүремiз,
Әр гүлге көңiл бөлемiз.
Сұлулық пеп махаббатты
Сезiнiп өмiр сүремiз.
Қоршаған өмір әлемі,
Не деген көркем, әдемі!
Сол сұлулықты сақтайық,
Мадақтайық, мақтайық!
Жер-Ана, саған мың алғыс,
Сыйлайсың бізге қуаныш.
Жазда, күзде, қыста да,
Көркемсің көктем тұста да!
Бiз кішкентай баламыз,
Қазақстанда тұрамыз.
Отанды бiз сүйемiз,
Мақтаныш оны қыламыз
Қазақстан – туған жер,
Сені қатты сүйемін.
Көлдер, таулар, даламды,
Отаным деп білемін!
Шеңберге мен шақырамын,
Мейіріммен бас қосуға.
«Өзін-өзі тану» пәні
Көмектесер достасуға.
Қайырымды жандар айнала,
Шеңберге келсін жайлана.
Жалықпастан қайта бiз,
Махаббат сөзін айтамыз.
Сүйеміз барлық әлемді,
Әлемдегі бар елді.
Бақыттымыз осы біз
Қасымызда досымыз!
Балабақшам, армысың,
Сені қатты сүйемін!
Достарым, аман бармысың,
Сендерді қатты сүйемін.
Адал жақсы ниетпен
Бар адамға бақ тiлеп.
Жарып шыққан жүректен,
Сөздiң бәрi – Ақ тiлек!
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
«Қайырлы таң!» деп айтамыз,
Бір болып, кеште қайтамыз.
Досың сені қалдырмайды қиынға,
Сұрамайды сенен артық бұйым да.
Нағыз дос деп осыны айт,
Көңілдердің хошын айт!
Көк аспанда күн күлсiн,
Бiрге күлсiн бүлдiршiн.
Көк аспанда күн күлсiн,
Жерге ұдайы нұр құйсын.
Көк аспанда күн күлсiн,
Ұл қолында ту жүрсiн.
Қыз қолында гүл жүрсiн,
Көк аспанда күн күлсiн,
Бiрге күлсiн бүлдiршiн.
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба көк аспан!
Амансың ба достарым!
Сендердi көрсем қуанам!
Бақыт – біздің сиқырлы шеңберіміз,
Бақыт – біздің достарға сенгеніміз.
Бақыт – таңнан біреумен достасуың,
Бақыт – кеште достармен қоштасуың.
Бақытты дәйім армандап,
Досқа да бақыт тіледің.
Күтеді сені алдан бақ,
Жақсылық етсең үнемі.
Шын жүректен,
Үлкен махаббатпен,
Бәріне денсаулық тілейміз!
Қоңырау біздің сиқырлы,
Сыңғырлап тағы ән салды.
Шақырды түріп ұйқыңды,
Шеңберге тұр, – деп баршаңды!
Қайырлы таң, құсқа , аңға да,
Қайырлы таң, жайдары жанға да.
Қайырлы таң алға ассын,
Кешке дейін жалғассын!
Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап...
Балалар: Сәлем!
Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап...
Балалар: Сәлем!
Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла...
Балалар: Сәлем!
Кел,қосылып айтайық бір-бірімізге...
Балалар: Сәлем!
Достарменен бiр жолда
Иықтасып жүремiз.
Қиындықта қол ұшын
Берерiне сенемiз.
Шеңбер бойлап жүремiз,
Әр гүлге көңiл бөлемiз.
Сұлулық пеп махаббатты
Сезiнiп өмiр сүремiз.
Қоршаған өмір әлемі,
Не деген көркем, әдемі!
Сол сұлулықты сақтайық,
Мадақтайық, мақтайық!
Жер-Ана, саған мың алғыс,
Сыйлайсың бізге қуаныш.
Жазда, күзде, қыста да,
Көркемсің көктем тұста да!
Бiз кішкентай баламыз,
Қазақстанда тұрамыз.
Отанды бiз сүйемiз,
Мақтаныш оны қыламыз
Қазақстан – туған жер,
Сені қатты сүйемін.
Көлдер, таулар, даламды,
Отаным деп білемін!


Физминутки в детском саду (721.93 KB)

