Меню
Разработки
Разработки  /  Внеурочка  /  Уроки  /  1 класс  /  "Біздің ұжым керемет"

"Біздің ұжым керемет"

Біздің ұжым (тренинг)

Мақсаты: Педагогтар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, ынта-жігерін, қабілетін, шығармашылығын, біліктілік дағдыларын арттыру. Міндеті: Қатысушылардың өз ойларын ашық жеткізіп, бір-бірінің пікірін құрметтеуге, сеніммен қарауға бейімдеу.

Кіріспе сөз. Сәлеметсіздер ме? Құрметті тренингке қатысушы әріптестестерім, сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Көңіл-күйлеріңіз қалай? Адамдардың әлеуметтік қауымдастығының жоғарғы формасы- ұжым. Ұжым – ол қоғамға пайдалы қызметте ортақ мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыда топтасқан адамдар тобы. Ұжымның белгілерін А.С. Макаренко анық та толық айтып берді. «Ұжым дегеніміз- жеке адамдардың өз алдына мақсат қоя ұйымдасқан ұжымдық органдары бар кешен».

22.11.2017

Содержимое разработки

Біздің ұжым (тренинг)

Мақсаты: 
Педагогтар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, ынта-жігерін, қабілетін, шығармашылығын, біліктілік дағдыларын арттыру. 
Міндеті: Қатысушылардың өз ойларын ашық жеткізіп, бір-бірінің пікірін құрметтеуге, сеніммен қарауға бейімдеу.

Кіріспе сөз.
Сәлеметсіздер ме? Құрметті тренингке қатысушы әріптестестерім, сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Көңіл-күйлеріңіз қалай? 
Адамдардың әлеуметтік қауымдастығының жоғарғы формасы- ұжым. Ұжым – ол қоғамға пайдалы қызметте ортақ мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыда топтасқан адамдар тобы. Ұжымның белгілерін 
А.С. Макаренко анық та толық айтып берді. «Ұжым дегеніміз- жеке адамдардың өз алдына мақсат қоя ұйымдасқан ұжымдық органдары бар кешен».

Тренинг құрылымы:

Кіріспе сөз
І. «Сәлемдесу» жаттығуы
ІІ. «Топтық жұмыс»

ІІІ. «Зейінді зерттеп зерделе» жаттығуы

IV. « Ситуациядан шығу»

V. «Хи – ха – хо» жаттығуы

VІ. «Тілек тілеу»

V ІІ. Қорытынды



І. «Сәлемдесу» жаттығуы.
Мақсаты: Әрбір қатысушы сол топтың бір мүшесі екендігін сезініп, бір-біріне жылулық сыйлау.

Шарты: Оң және сол жақ көршілеріңізбен амандасу арқаларыңызды тигізу арқылы. Оң жақтағы көршіңе оң көзіңді, сол жақтағы көршіңе сол көзіңді қысып.Оң жақтағы көршіңе бір жымиып, сол жақтағы көршіңе бір жымиып.

Талдау:

Көңіл күйлеріңіз қалай өзгерді?

ІІ. «Топтық жұмыс» (қатысушылар екі топқа бөлінеді)

Мақсаты: ұйымшылдыққа, біртұтастыққа тәрбиелеп, мәселені бірлесе шешуге көмектесу.

1-топ – «Жаңашыл мұғалім» тақырыбы

2-топ – «Шығармашыл мұғалім» тақырыбы

Шарты:

1.Берілген тақырыпты ғылыми тұрғыда қорғайды, мағынасын ашуы керек.Әр топ өздеріне берілген тапсырманы қорғап, таныстырады.

2.Практикада қолдану түрлерін көрсету.

3.Өлең шығару немесе сурет салу.

Талдау:

Берілген міндетті шешуге не көмектесті?

Тез орындауға не кедергі болды?

ІІІ. «Зейінді зерттеп зерделе» жаттығуы.
Бұл әдістеме зейінді анықтауға бағытталады. Уақыты-2 минут.
Шарты: 
Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздің міндетіңіз: тез оқып отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек. 
Табылып астын сызған сөздердің саны мен байқалмай қалған сөздер саны, қатеге байланысты бағаланады. 

Талдау:

Кімге қиын болды?

IV. « Ситуациядан шығу»

Мақсаты: логикалық ойлау арқылы кез - келген жағдайдан шыға білу.

Шарты: Бұл ойынға өз еркімен маған 3 адам керек. Қалғандары бақылаушылар болады.

Ойынның мәні : үш дос бір жерде кездесу туралы келісу керек. Бірақ олардың бірі-сақау, бірі-соқыр, енді бірі –саңырау. Кездесетін жерді тек сақау ғана біледі. Ол өзінің достарына қайда қашан бару керектігін түсіндіруі керек. Уақыты : 10 минут

Талдау:

Ситуациядан шығу оңай болды ма? 
Өздеріңізге қандай жаңалық аштыңыздар?

V. «Хи – ха – хо» жаттығуы.

Мақсаты: бойдағы жағымсыз эмоциядан арылу.

Шарты: шеңбер бойы бір-бірінің белдерінен ұстап тұрады. «ХИ» дегенде алға еңкейіп, «ХА»дегенде артқа шалқайып, «ХО»дегенде алға қарай еңкею керек.

Талдау:

Айқайлаған кезде не сезіндіңіз?

Өзіңізді еркін ұстап айқайлай алдыңыз ба?

VІ. «Тілек тілеу» 
Шарты:
 күннің бөлшектерін қолдарына алып, тілектерін айтып, тақтаға жапсырып, күннің суретін құрау.

V ІІ. Қорытынды:

Алған әсерлеріңіз қандай?

Қай жаттығу сізге ұнады? Неге?

Өз қуанышыңызды ұжыммен бөлісіңіз



-75%
Курсы повышения квалификации

Организация и сопровождение олимпиадной деятельности учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Біздің ұжым керемет" (16.36 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт