Жиб - Жица күресі. Қалмақан Әбдіқадыров
Жарияланды 19-11-2013, 10:57 Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Жиб - Жица күресі. Қалмақан Әбдіқадыров.
Мақсаты: Оқушыларға Қалмақан Әбдіқадыровтың «Жиб - Жица» әңгімесі бойынша қазақтың әлемге әйгілі палуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірімен таныстыру, күрес түрі жайлы мәлімет беру; дұрыс оқып, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеуге, ойын тұжырымдай білу қасиетін дамыту.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Оқыту әдісі: Ақпараттық коммуникативтік оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту әдістері
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, слайд, кестелер, үлестірме материалдар
Сабақтың барысы: І. Қызығушылықты ояту:
Психологиялық дайындық:
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, әңгімеге зер салыңдар.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- Жетім мәтіні мазмұнын сұрау
ІІІ. Ой қозғау сұрақтары:
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Үйге М. Әуезовтің «Жетім» Мәтінін оқып түсініп келуге берілді,
- Олай болса, үй тапсырмасы бойынша мына сұрақтарға жауап берейік.
№1 Жападан жалғыз келе жатқан бала кім?
№2 Қасымның жетімдік көрген басынан өткен қиыншылығы туралы не айтасыңдар?
№3Қараңғыдағы қорқыныш елесі сіздерге қалай әсер етті?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: «Сөзжұмбақ» шешейік:
1. Жетім мәтінің кейіпкері 1. Қасым
2. Қасиетті жан 2. Ана
3. Ағаштың көркі 3. Жапырақ
4. Ынта сөзінің баламасы 4. Ықылас
5. Тышқанның жауы 5. Мысық
6. Құстың панасы 6. Ұя
7. Дала және үй құсы 7. Қаз
8. Тәтті жеміс 8. Алма
9. Бір өркешті түйе 9. Нар
Сөзжұмбақ шешімі «Қажымұқан»
1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
- Қажымұқан кім? Ол туралы не білеміз?
Қажымұқан Мұңайтпасұлы – қазақтың әлемге әйгілі палуаны. Жер шарының жиырма төрт елін аралап, талай - талай атақты палуандармен белдескен. Алтыны, күмісі бар – барлығы 48 медаль алған.
Ү. Мағынаны тану: Қалмақан Әбдіқадыровтың «Жиб - жица» әңгімесі:
- Автор туралы мәлімет:
Әбдіқадыров Қалмақан (15. 4. 1901, қазіргі Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кенті — 30. 4. 1964, сонда) — ақын, жазушы, аудармашы. Алғашқы “Сырдария” деген өлеңі “Еңбекші қазақ” газетінде жарияланған (1925). Тұңғыш өлеңдер жинағы “Жалшы” деген атпен 1928 ж. жарық көрді[
Әбдіқадыров аударма саласында да жемісті еңбек етті. Ол Шығыс әдебиетінің классиктері Әбілқасым Фердоуси, Әлішер Науаи өлеңдерін (1948), қырғыз А. Тоқомбаев, орыс жазушысы В. М. Кожевников шығармаларын аударған. Ол тікелей парсы тілінен тәржімалаған “Мың бір түннің” 4 кітабы үш рет — 1949, 1955, 1962 ж. қайта басылды. Әбдіқадыров аудармасы әлемдік әдебиеттің алтын қазынасына жататын осы шығарманың ең үздік нұсқаларының бірі болып табылады. Жазушы жауынгерлік Қызыл Жұлдыз орденімен, марапатталған
Қажымұқан Мұңайтпасұлы (1886 - 1948 жж.) — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан.
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы. Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды.
Тарихи деректерге сүйенсек, ол 1886 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Қараөткел ауылында дүниеге келген.
Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы — 1906 жыл. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады.
Ол 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, Ленин туы колхозында қайтыс болды. Темірлан деген ауылда, қабырының басына ескерткіш орнатылған.
Мәтінмен жұмыс:
Мұғалім: Мәтіннің басын баяндайды.
- Әр топ оқушылары қалған бөлігін жалғастырады.
1 бөлім: Қажымұқанның Жапон палуаны Сар - Кек – Ки - мен кездесуі.
Мәтінде ары қарай қандай қызық болды екен, мәтінді оқып мазмұнын баяндайық:
Оқулықпен жұмыс:
2 бөлім: Палуандар арасындағы сайыс
3 бөлім: Қажымұқанның жеңісі
Мәтін мазмұнына талдау жасау:
Топ арасында өзара сұрақ - тапсырмалар:
1. Сайыс қай қалада өтеді? (Харбин).
2. Жапон палуаны Сар - Кек Ки қандай шарт қойды? (Жапон күресі «Жиб - Жицамен» күресем деді.)
3. Көрушілер арасында неліктен қобалжу болды? Жиб - Жица күресінің тіртібі қандай екен? 4. Қажымұқан бұл күрестен жеңді ме? Дядя Иван мектебінен қалыптасып шыққан сұлу әдемі жігіттің келбетіне қандай таңбалар түсті деп ойлайсың?
ҮІ. Әңгіме кестесі
Мәтін кейіпкерлері
Кейіпкерлерге мінездеме
Сар - Кек - Ки -------- Күйгелек, ызақор, кек сақтағыш мінезі бар, көп сөз, күлкіні жек көретін палуан.
Қажымұқан ---------- Алып денелі, байсалды, шыдамды, қайсар мінезді, намысшыл, Қажымұқанның басы - көзін қан басып, жосадай боп сорғалап жүре берді
ҮІІ. Қорыту.
Венн диаграммасы:
● Қажымұқан
● Сар - Кек - Ки
● Екеуі де палуан
Бүгін кім жайлы білдік?
Қажымұқан сияқты тағы қандай палуандарды білесің?
Әңгіме мазмұнына сәйкес келетін мына мақалдың екінші бөлігін тауып, мәнін түсіндір.
Қоянды қамыс өлтіреді, Жігітті намыс өлтіреді.
- Қазір қандай палуан сайыстары өтіп жүр?
- Барыс палуандар сайысы өтеді.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
1. түсініп оқу,
2. Қ. Мұңайтпасұлы туралы реферат жазу.
Балалар, «Балуан» деген сөзді айтқанда ойларыңызға не түседі, оның мағынасын қалай түсінер едіңдер?
Ықтимал жауаптар немесе сөздер:
1. заңғар күш иесі
2. Батылдық, алғырлық,
3. Қайратты, күшті
4. Отанын, жерін қорғаушы
5. Мықты, қайсар
6. Өжет, табанды
7. Ер, батыр
8. Алып күш
9. Күш атасыСуретке назар аудар. Есіңе түсір. Бұл суретті қайдан көрдіңдер? Суреттегі кім деп ойлайсыңдар?
Суреттегі адамның күштілігін неден аңғардың?
Қалмақан Әбдіқадыровтың «Алып бала» шығармасын еске түсіру.
Қажымұқан Мұңайтпасов туралы не білеміз?
Бүгін Мұратқан Тәнекеевтың Қажымұқан шығармасымен танысамыз.
Дәптерді ашып бүгінгі күнді жазып қойыңдар.
Қажымұқан
Қ. Мұңайтпасов – тұңғыш қазақ балуаны, кәсіби күрескер, әлем чемпионы. Ақмола облысы Қараөткел аймағы Қоспа аулында дүниеге келген. Бала кезінен ол қайратты, алып болып өседі. Ол 28 мемлекетте күресіп, 48 алтын, күміс, қола медальдарын әйгілі сигизмунд белбеуін алған. Ұлы Отан соғысы жылдарында көшпелі циркпен өнер көрсетіп, өзі жинаған 100 мың сом қаражатын қорғаныс қорына жіберді.
1978 жылы «Қажымұқан» атты екі бөлімді көркем фильм түсірілді. Қ. Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» кітаптары бар. «Қазақ даласының батыры» атағы берілді. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1948 жылы Шымкент облысының Арыс ауданы Ленин туы колхозында қайтыс болды.
Оқулықпен жұмыс:
Мұғалімнің оқуы
Оқушыларға тізбектей оқыту
Тауып оқу
- Түрік балуына Нұрлының күшті екені қай жерде айтылған?
- Балуандардың киімін сипаттаған жерді тауып оқы
Қажымұқанның айла, әдісін тауып оқы.
- Қазіргі өмірде балуандар күреске қандай киіммен шығады?
Сөздік жұмыс
Ипподром - ат жарысы өтетін жер.
Бұрын бұл жерлерде балуандар күресі өткен екен.
Казір балуандар күресі қайда өтеді?
- Спорт сарайларында
Сұрақтар, тапсырмалар
- Мәтінде кім туралы әңгімелейді?
- Мұқанның бұл жолғы қарсыласы кім болды?
- Жекпе - жек немен аяқталды?
- «Осының бәрін ол фотосуретке түсіріп алуға болатындай етіп орындады» деген сөйлемді қалай түсінесің?
3. Мәтіннің әр бөлігіне ат қою
а) Күрес алаңында
ә) Батыл шабуыл
Дәптерге жазып қоямыз.
6. Суретпен жұмыс: Сурет бойынша әңгіме жазу.
- Суретте кімдер бейнеленген?
- Осы сурет мәтіндегі қандай оқиғаға сәйкес келеді?
7. Сергіту сәті: Спорт туралы өз ойларын ортаға салу.
Денсаулық, өнер, ептілік, сұлулық, батырлық, шымырлық күштілік, шапшаңдық
Қажымұқанның жетістігі
1905 – Қытайдың Харбит қаласында жапондық Саракикимен джиу - джитсу әдісімен күресіп, қарсыласын ажал құштырады.
1913 – Тройцк қаласында 18 рет белдесуге шығып, 18 рет жеңіске жетіп, бас бәйгені алады.
1927 – “Қазақ даласының батыры” атағы беріледі.
1944 - өз қаржысына ұшақ жасатады. Палуанға Сталин алғыс хат жолдайды.
1945 - “Құрмет белгісі” орденін алады.
1948 – 12 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы Темірлан ауылында қайтыс болады.
Қажымұқанның ескерткіші
Шымкент қаласында
Қажымұқан атындағы стадион, көше, спорт сарайлары бар.
Лақап аттары
«Ямагата Мухунури», «Иван Чёрный», «Қара Мұстафа».
Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы — 1906 жыл. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады. Бірақ орыс әкімшілігіне бұратана халықтың атын шығарған палуан онша ұнай қоймайды. Сол үшін де Қажымұқан орыс палуандарының атымен күресуге мәжбүр болды. Қажымұқанға неше түрлі лақап аттар беріледі. Сол кездегі саясат бойынша, бізде тек орыстар ғана емес, жапондықтар да күреседі деген жарнамалар жасалып, Қажымұқанды «Ямагата Мухунури» деген лақап атпен күрестіреді. Сонымен қатар, Мухан, «Иван Чёрный» сияқты лақап есімдері болған. Революцияға дейін ол қатысқан чемпионаттарды ұйымдастырушылар, сол замандағы жағымпаз баспасөз өкілдері, біресе «жапон» деп, біресе «маньчжур» деп, мүмкіндігінше «қазақ» екенін айтпауға тырысты.
Шығармашылық тапсырма:
Егер ол өз заманында тәуелсіз елдің азаматы болса,....
Бүгінгі таңда Қажымұқанның ізін жалғап жүрген қандай спортшыларымыз бар?
Өмірмен байланыс
Қазір елімізде балуандарға байланысты не өтіп жатыр?
«Қазақстан барысы - 2012» турнирі аяқталды. Биыл Бейбіт Ыстыбаев «Қазақстан барысы» атанды. Жеңімпазға «Қазақстан барысы» алтын белбеуі мен 150 мың АҚШ доллары, алтын тайтұяқ және темір тұлпар табыс етілді. Ал, бапкері Елдос Далабайға 50 мың АҚШ доллары берілді. Жеңімпаз өз сөзінде бүгінгі жеңісін Жамбыл облысы мен ата - анасына арнайтынын жеткізді.
Бейбіт Ыстыбаев
Лақап аты: Тараз Арланы
Туған жылы: 1985
Бойы: 193, салмағы: 135
Туған жері: Жамбыл облысы, Талас ауданы, Көшек батыр ауданы
Спорттық атағы: Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері
Спорттық жетістіктері: Қазақ күресінен Әлем және Азия чемпионы, 2011 жылғы республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінің күміс жүлдегері
Бапкері: Елдос Далабай
Сабақты бекіту: Қажымұқан туралы не білдік?
Топтастыру
Қажымұқан
↓
ірі денелі, балуан, дәу, қайратты, төзімді, күрескер
Кім?
Қандай?
Не істеді?
10. Ерлік

Ашық сабақ Сабақ тақырыбы: (44.38 KB)

