Сабақтың реті: Күні
Сабақтың тақырыбы: Зертханалық тәжірибе №3. Глицериннің суда еруі және мыс (ІІ) гидроксидімен әрекеттесуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Лабораториялық құралдар және химиялық заттармен жұмыс істей білуді одан әрі жалғастыру мақсатында болып жатқан құбылыстар мен заттардың қасиеттеріне көңіл аудару. Дәптерге істеген жұмысты қорытындылап жаза білу дағдысын қалыптастыру. Тәжірибе жасау кезінде оқушылар бақылағанын қорытындылап жазу үшін өткен практикалық жұмысты еске түсіреді.
Дамытушылығы: есте сақтау, бақылау, қайта айтып беру дағдырысын қалыптастыру.
Тәрбиелігі: ауаның тазалығын сақтау туралы экологиялық проблемалар.
Сабақтың көрнекілігі: құралдар мен реактивтер: сынауық, глицерин, су, мыс (ІІ) сульфатының 2%-қ ерітіндісі, натрий гидроксидінің 10 %-қ ерітіндісі
Сабақтың барысы:
ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар мен мұғалімнің сәлемдесуі. Балаларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа деген дайындығын /жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері/ тексеру.
мақсат қою кезеңі.
Оқытушының баяндауы мен оқулықтағы мазмұн бойынша ондағы басты мәселеге көңіл аудару одан әрі жалғасады және есте сақтау, бақылау, қайта айтып беру дағдылары қалыптастырылады.
Жұмыстың орындалуы.
Сынауыққа 3-4 мл су құйып, үстіне 0,5-1мл глицерин қосыңдар.қоспаны араластырыңдар. Глицериннің судан ауыр тығыз сұйықтық екеніне көңіл аударыңдар.
Сынауыққа 3-4 мл мыс (ІІ) сульфатының ерітіндісін құйып, тұнбатүзілгенше натрий гидроксиді ерітіндісін қосыңдар. Тәжірибе жақсы шығуы үшін сілтінің артық мөлшерін алған жөн. Алынған қоспаны екі сынауыққа бөліп, біреуіне бірнеше тамшы глицерин құйып, екінші сынауықпен салыстырыңдар. Глицерині бар сынауықтағы тұнба еріп, ашық көк түсті ерітінді түзілетініне көңіл аударыңдар.
Байқалған құбылыстарды түсіндіріп, реакция теңдеуін жазыңдар.
Үйге тапсырма: қайталау