8 сынып
1-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі ойды айтыңыз. Мәтінге ат қойыңыз.
Мәтіннен бір сөйлемді таңдап алып, септік жалғаулар талдау жасаңыз.
Ертеде бір жас жігіт өзінің кедейлігін айтып, әрдайым мұңын шағудан жалықпайды екен.
- Шіркін-ай, егер менің байлығым көп болса, жақсы өмір сүрер едім, — деп зарлауын қоймапты.
Бір күні жігіттің лашығының алдынан қарт тас қашаушы өтіп бара жатып, зарлап отырған жігіттің қасына келеді.
- Саған не болды сонша жыланып? Сен нағыз бай адам емессің бе? – дейді.
- Мен баймын ба? – деп жігіт таң қалады. – Ол қандай байлық?
- Сенің көздерің ше? Бір көзіңді біреуге қаншаға сатып берер едің? – деп сұрайды қарт.
- Оның не?! – деп шошып кетеді жігіт, — көзімді ешқандай байлыққа айырбастамаймын.
- Ал енді екі қолың мен аяғыңның біреуін алтынға айырбастар ма едің?
- Жоқ, ешқайсысын да алтынға айырбастамаймын, — дейді жігіт.
- Міне, көрдің бе, сен өте бай адамсың. Адамның ең үлкен байлығы — күш-қуаты мен денсаулығы, — дейді қарт. – Оны ақшаға сатып ала алмайсың.
Қарт осыны айтады да, жөніне кетеді.
Тест
1. «Жарық» сөзінің антонимін көрсетіңіз.
А) Биік
В) Қараңғы
С) Жаман
D) Қара
Е) Таза
2. Жіңішке буынды қатарды көрсетіңіз.
А) Жақты
В) Сұраулы сөйлем.
С) Лепті сөйлем.
Д) Хабарлы сөйлем.
Е) Атаулы
3. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. ... көріп келдім.
A) өзіне
B) өзінге
C) өзім
D) өзінің
E) өзі
4. Қай сөз тіркесі дұрыс?
A) жіңішке алма
B) жіңішке бөлме
C) жіңішке тіс
D) жіңішке орман
E) жіңішке дауыс
5. Кім? Не? деген сұрақтарға жауап беретін сөйлем мүшесін көрсетіңіз.
А) Баяндауыш.
В) Бастауыш.
С) Пысықтауыш.
Д) Анықтауыш.
Е) Толықтауыш
6. Тұйық етістікті табыңыз
А) Жүр
В) Шегеле
C) Сұлу
D) Көру
E) Айт
7. Сапалық сын есімді табыңыз
А) сүтті сиыр
Б) түнгі аспан
В) малды ауыл
Г) армансыз адам
Д) үлкен үй
8. Туынды сөзді табыңыз
A) шекара
B) оқушы
C) қара көк
D) Қос құдық
E) әдемі
9. Дарын... бала болмайды.
A) -ды
B) –дылық
C) – сыз
D) - нан
E) – мен
10. Синонимдер қатарын табыңыз.
А) Түбіне-басына.
В) Бірінші-алғашқы.
С) Пікір-саяхат.
Д)Баянды-сіңірген.
Е)Белгілі-белгісіз.
9 сынып
1-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі ойды айтыңыз. Мәтінге ат қойыңыз.
Мәтіннен бір сөйлемді таңдап алып, септік жалғаулар талдау жасаңыз.
Баяғыда бір ақылды қарияның жалғыз қызы болыпты. Қария бірнеше бөлмелі, жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйінің айналасы бау-бақша екен. Қарияның кішкене қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды. Қыз кірмеген жалғыз ғана бөлме қалады. Ол бөлме жабық тұрады екен.
Бір күні қыз қарияға:
- Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда, жақсырақ қой деп ойлаймын, - дейді.
Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі
жассың. Өскенде бұл бөлмені саған беремін. Сен оған өмір бойы риза боласың, - деп жауап қайтарады әкесі.
Ай өтеді, жыл өтеді, қыз есейіп бой жетеді. Қария қызына жабық
бөлменің кілтін ұсынады. Қыз қуанып есікті ашып жібереді. Сонда оның көргені – ұршық пен өрмек және кітап. Олардан өзге түк жоқ. Қыз әкесіне жылап келіп:
Әке, сен жабық бөлмеде жақсылардың ең жақсысы бар деген едің. Мен
одан ұршық, өрмек, кітаптан басқа еш нәрсе таппадым, - дейді.
Міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар, қызым! Ұршық пен
өрмек болса, еңбегің жанады. Ал кітап оқысаң, білімің артады. Дүниеде бұдан артық жақсы жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, біліммен табылады, - деп түсіндіреді қария.
Тест
1. Синоним сөздерді табыңыз.
A) таза, лас
B) кең, тар
C) үлкен, кіші
D) ақылды, ойлы
E) қалың, жіңішке
2. Мақалдың тақырыбын анықтаңыз: Білімді өлмес,қағазда аты қалар, Ұста өлмес, істеген заты қалар.
А) Денсаулық
В) Өнер-білім
С) Адамгершілік
D) Достық
Е) Ерлік
3. Антоним қайсы?
А) Жолақ, тура
В) Жіңішке, ұзын
С) Аштық, аш
D) Арамтамақ, жалқау
Е) Қисық, түзу
4. Антонимі бар мақал-мәтелді табыңыз.
А) Еңбек түбі береке.
В) Ерлік білекте емес, жүректе.
С) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Д) Көз-қорқақ , қол-батыр.
Е) Балықшы балықшыны алыстан көреді.
5. Қазақ тілі қашан мемлекеттік мәртебе алды?
A) 1985 жылы
B) 1991 жылы
C) 1989 жылы
D) 2001 жылы
E) 1987 жылы
6. Айтылуы бойынша дұрыс жазылған сөзді табыңыз.
A) Айтбек
B) құлұн
C) басшы
D) көзқарас
E) шекара
7. Ң - әріпі жазылатын сөзді көрсетіңіз.
А) мұ...ай
В) әй...ек
С) қа...ат
D) ма...дай
Е) жұр...ақ
8. Антонимді табыңыз.
А) Үйір-табын.
В) Арсыз-әдепсіз.
С) Жина-шаш.
Д) Жүрдім-бардым.
Е) Шұғыл-жедел
9. Жұрнақсыз сөзді табыңыз.
А) жерлес
В) әнші
С) оқу
D) кітабы
Е) орындық
10. «Кел, сұлуым, су алуға таңертең». Үтірдің қойылу себебі анықтаңыз
А) Бірыңғай мүше
В) Оқшау сөз
С) Одағай сөз
D) Қаратпа сөз
Е) Қыстырма сөз
10 сынып
1-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі ойды айтыңыз. Мәтінге ат қойыңыз.
Мәтіннен бір сөйлемді таңдап алып, септік жалғаулар талдау жасаңыз.
Ертеде жалғыз басты бір бай өмір сүрді. Оның туысқаны да, баласы да жинаған мал мүлкі мен ақшасы еді. Соларды баладай мәпелеп күтетін. Бір күні ол жалшысының көңілді күлкісін естіп, оның үйін айналшықтап тың тыңдады. Бірақ мардымды ештеңе ести алмады. Ол ертесіне жалшыны түннің ортасына дейін босатпай әбден жұмысқа салды. Бірақ кешегі күлкі тағы қайталанды. Дегбірі қашып шыдамсызданған бай енді “Мынау менің қазынамнан ұрлап жүр, сол үшін үйіне барып мәз болып жатыр” деген жаман ойға кетті. Ол жалшысының есігін бір теуіп кіріп барды. Сөйтсе жалшысы екі баласын арқасына мінгізіп алып, өзі ат болып ойнап жүр екен.
— Ақымақ, бүгін қиралаңдап дұрыс жұмыс істемедің! Түнімен мына мұрынбоқтарыңды ойнатамын деп шаршайды екенсің ғой! - деп ақырды.
— Қожайын, осы екі балапанымды көргенде шаршау, уайым дегенді ұмытып, демалып, сергіп қалам, - деп малайы байыпты қалпында жауап берді.
— Нағыз ақымақ екен! - деп үйден атып шыққан бай енді: “Мен кеш кіріп қалдым ба екен, ол ұрлаған ақшасын тығып үлгерді де, маған сыр бермей отыр сұмпайы”,- деп күдігінен арыла алмай-ақ қойды.
Екінші күні жалшы таң атқанша жұмыс жасады. Бірақ ол еш реніш білдірмей үйіне қайтты. Бай соңынан бұқпантайлап барып тағы тың тыңдады. Құлағына шықырлаған ақша мен сылдырлаған күміс теңгені жалшысы санап жатқандай естіліп кетті. Ол тағы да есікті бір теуіп кіріп барды. Екі баласын екі жағына алып қаннен-қаперсіз рахаттанып ұйықтап жатқан жалшысын көргенде не істерін білмей қалды. Үн-түнсіз білдіртпей үйден шығып кетті. Сонда да күдігі сейілер емес.
Ертесіне жалшысының көңілді, сергек қалпы байға өзін мазақ қылып тұрғандай көрініп кетті. Бай ақыры:
— Менің қазынамнан біраз қаражат жоғалды. Соны сенен басқа ешкім алған жоқ. Себебі сен үнемі көңілді жүресің, тыққан ақшаң болған соң көңілің тоқ боп жүр, - деді. Сонда жалшысы:
— Қожайын, жағдайың сорлы құлдан да жаман-ау. Күнде кешке үйімді торауылдайсың. Менің байлығым екі балам мен жан жарым және денсаулығым мен қара күшім. Таң атқаннан кеш батқанша тәңірімнен осы байлығымнан айыра көрме деп тілеймін. Сондықтан мен бақыттымын, көңілдімін, - деп жауап берді.
Не дерін білмеген бай үн-түнсіз қалды. “Япырмай, шынында да мына қара құл бақытты. Мен сияқты қызғанатын байлығы да жоқ. Байлық маған бақытсыздық үшін біткен бе? Басым ауырып кетті”.
Осы күні жалшы үйіне ерте қайтты. Оның сыртынан қарап тұрған бай алдынан жүгіріп шыққан екі баласына қызыға қарап қалды…
Тест
1. Ашық буынды көрсетіңіз.
А) ой
В) жас
С) бас
Д) ал
Е) қа
2. «Серт» сөзі буынның қандай түріне жататынын табыңыз.
А) Төрт дыбысты ашық буын
В) Екі дыбысты бітеу буын
С) Төрт дыбысты тұйық буын
Д) Үш дыбысты ашық буын
Е) Төрт дыбысты бітеу буын
3. Құрамында төрт дауыссыз дыбысы бар сөзді табыңыз.
А) Азан.
В) Тау.
С) Қарақат.
Д) Қарт.
Е) Сахара.
4. Тек ұяң дыбысты сөзді көрсетіңіз.
А) Халық.
В) Ұшқыш.
С) Жазғы.
Д) Айқын.
Е) Көпір.
5. Үнді дыбыстары бар сөзді табыңыз.
А) Наным.
В) Жаға.
С) Отбасы.
Д) Көкжиек.
Е) Бастық.
6. Ашық дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
А) а, ұ,ү
В) у, и, і
С) у, і, ы
Д) а, о, е
Е) е, ө, й
7. «Ы» дыбысы қойылатын сөзді көрсетіңіз.
А) Жазғ... .
В) Кәр... .
С) Бөр...к.
Д) М...нез.
Е) Д...мді.
8. Бірыңғай жіңішке дауыстылардан тұратын сөздерді көрсетіңіз.
А) Қиық.
В) Береке.
С) Сынып.
Д) Қиғызу.
Е) Кітап.
9. Жіңішке буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.
А) сынып, парта
В) дәптер, қалам
С) мереке, білім
Д) қыркүйек, қоңырау
Е) кітап, оқушы
10. Тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді белгілеңіз.
A) Бөлтірік шешен былай деген екен„Дүниеде азбайтын байлық біреу, ол ақыл“.
B) Бөлтірік шешен былай деген екен:„Дүниеде азбайтын байлық біреу, ол – ақыл“.
C) Бөлтірік шешен былай деген: екен„Дүниеде азбайтын байлық біреу, ол ақыл“.
D) Бөлтірік шешен былай деген екен:Дүниеде азбайтын байлық біреу, ол– ақыл.
E) Бөлтірік шешен былай деген екен:„Дүниеде азбайтын байлық біреу, – ол ақыл“.


Внутришкольная олимпиада для 8,9 и 10 классах (72.09 KB)

